Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты Кон право каз 23.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
589.31 Кб
Скачать

Е) орта білімді, мемлекеттік тілді еркін меңгермеген адам

Жауап: Е

Сайлауды қаржыландыру

239. Сайлауды мемлекеттiк емес қаржыландыру - бұл:

А) республикалық бюджет есебінен қаржыландыру

В) жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру

С) халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктердің қаржыландыруы

Д) зейнатақы қорлары қаражатынан қаржыландыру

Е) сайлау қорлары қаражатынан қаржыландыру

Жауап: Е

240. Сайлау қорлары мынадай көздерден құралмайды:

А) сайлау округтерi бойынша депутаттыққа кандидаттардың жеке қаражатынан

В) кандидатқа оны ұсынған Республиканың қоғамдық бiрлестiгi бөлген қаражаттан

С) Республика азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан

Д) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қаражатынан

Е) саяси партиялардың қаражатынан

Жауап: Д

241. Сайлау қорының сайлау науқаны мақсаттарына жұмсалмай қалған ақшалай қаражаты қайда жіберіледі:

А) толығымен республикалық бюджетке жiберiледi

В) толығымен кандидатқа қайтарылады

С) жартысы жергілікті бюджетке жіберіледі, жартысы кандидатқа қайтарылады

Д) үштен екiсi республикалық бюджетке жiберiледi, ал үштен бiрi кандидатқа, саяси партияға қайтарылады

Е) кандидаттың зейнетақы қорына аударылады

Жауап: Д

242. Сайлау қорлары қаражатының жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады:

А) тиiстi сайлау комиссиялары және банк мекемелерi

В) қаржы министрлігі С) Үкімет Д) жергілікті әкімияттың қаржы бөлімі Е) прокуратура

Жауап: А

Дауыс беру, бюллетень, дауыс санау

243. Президенттi, Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттар депутаттарын,  өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау кезінде дауыс беру уақыты:

А) жергiлiктi уақытпен сағат жетiден жиырмаға дейiн

В) жергiлiктi уақытпен сағат алтыдан жиырма екіге дейiн

С) жергiлiктi уақытпен сағат жетiден жиырма екіге дейiн

Д) жергiлiктi уақытпен сағат сегізден жиырмаға дейiн

Е) жергiлiктi уақытпен сағат жетiден соңғы сайлаушының дауыс бергеніне дейін

Жауап: А

244. Төмендегі сайлау бюллетеньінің қайсысы жарамсыз бюллетень деп танылмайды:

А) белгiленбеген үлгiдегi бюллетень

В) тиiстi сайлау комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған бюллетень С) белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау iздерi бар бюллетень Д) сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн емес бюллетень Е) ) мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін  сайлау кезiнде бiр кандидаттан артық кандидат белгiленген бюллетень Жауап: Е

245. Сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауысын қайта санауға мына жағдай негіз болмайды:

А) учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларында қателер анықталуы

В) тиісті сайлау комиссияларының хаттамаларында сәйкессiздiктер анықталуы

С) дауысты есептеудiң дұрыстығына күмән тууы

Д) жарамсыз бюллетеньдердің болуы

Е) Сенат депутаттарын, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын  сайлаған кезде аумақтық тиісті сайлау комиссияларының хаттамаларында қателер, сәйкессiздiктер анықталуы

Жауап: Д

246. Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтайды:

А) учаскелік сайлау комиссиясы

В) округтік сайлау комиссиясы

С) орталық сайлау комиссиясы

Д) жергілікті сайлау комиссиясы

Е) аудандық сайлау комиссиясы

Жауап: В

247. Мәслихат депутаттарын, сондай-ақ  өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерiн сайлау қорытындыларын анықтайды.

А) орталық сайлау комиссиясы

В) аудандық сайлау комиссиясы

С) аумақтық сайлау комиссиялары

Д) жергілікті сайлау комиссиясы

Е) республикалық сайлау комиссиясы

Жауап: С

ТҰЛҒАЛАРДЫ САЙЛАУ

248. Президенттікке кандитаттың сайлау алдындағы бағдарламасында қандай ережелер болмауы керек:

А) еңбек ақыны көтеру туралы уәде

В) Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу туралы идеялар

С) ҚР халықтарының достығын нығайту туралы идеялар

Д) плюрализм және көппартиялықты дамыту туралы идеялар

Е) пара алмауға уәде

Жауап: В

249. Президенттікке кандидатты сайлаушылардың нешесі қолдауға тиіс:

А) сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде 2 проценті;

В) сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде 1 проценті;

С) Республиканың облыстарының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының кем дегенде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде бiр процентi

Д) Республиканың облыстарының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының сайлаушыларының жалпы санының кем дегенде 3 проценті

Е) Республиканың облыстарының үштен бірінің (1/3) атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде 3 проценті

Жауап: С

250. ҚР Президенттігіне кандидаттар ұсыну құқығы мыналарда болады:

А) белгiленген тәртiппен тiркелген республикалық қоғамдық бiрлестiктерде, сондай-ақ өзiн-өзi ұсыну жолымен - азаматтарда