Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты Кон право каз 23.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
589.31 Кб
Скачать

Сайлау жүйесі

205. Сайлау жүйелерінің түрлері:

А) мажоритарлық, бара-бар өкілдік (пропорционалдық)

В) аумақтық, округтік

С) кезекті, кезектен тыс

Д) белсенді, бәсең

Е) бірмандатты, көпмандатты

Жауап: А

206. Төмендегілердің келесісі салыстырмалы көпшілік мажоритарлық жүйесі бойынша жеңген кандидат болып табылады:

А) 50% артық дауыс жинаған кандидат

В) 25% артық, бірақ 50% кем дауыс жинаған кандидат

С) басқа кандидатқа қарағанда көп дауыс жинаған кандидат

Д) 40% артық дауыс жинаған кандидат

Е) бірінші турда 50% кем емес дауыс жинаған кандидат

Жауап: С

207. Төмендегілердің келесісі басым (абсолютті) көпшілік мажоритарлық жүйесі бойынша жеңген кандидат болып табылады:

А) 50% астам дауыс жинаған кандидат

В) кемінде 50% дауыс жинаған кандидат

С) басқа кандидатқа қарағанда көп дауыс жинаған кандидат

Д) 40% артық дауыс жинаған кандидат

Е) бірінші турда 50% кем емес дауыс жинаған кандидат

Жауап: А

208. Бара-бар өкілдік жүйесі бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланатын Мәжіліс депутаттарының сайлауы кезінде неше сайлау округтері құрылады:

А) бір мандатты 10 сайлау округтері

В) бір мандатты 67 сайлау округтері

С) Республиканың бүкіл аумағы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі болып табылады

Д) көп мандатты 10 сайлау округтері

Е) біртұтас жалпыұлттық 2 сайлау округтері

Жауап: С

САЙЛАУ ОКРУГТЕРІ, УЧАСКЕЛЕРІ

209. Сайлау округтерінің түрлері:

А) бірмандатты, екі мандатты,

В) бірмандатты, үш мандатты, бiртұтас сайлау округi

С) бірмандатты, бес мандатты, республикалық сайлау округi

Д) бірмандатты, көп мандатты, бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi Е) республикалық, аумақтық, жергілікті сайлау округі

Жауап: Д

210. Келесілерді сайлаған кезде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi болып табылады:

А) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн

В) Республика Президентiн және бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжiлiс депутаттарын

С) мәслихаттардың депутаттарын

Д) Сенат депутаттарын

Е) Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарын

Жауап: В

211. Көп мандатты аумақтық сайлау округтерi құрылады:

А) ҚР Президентін сайлау кезінде

В) мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде

С) Сенат депутаттарын сайлау кезінде

Д) Республика Президентiн және бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжiлiс депутаттарын сайлау кезінде

Е) маслихаттан өзге де  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде

Жауап: Е

212. ҚР Президенті сайлауы кезінде төмендегідей сайлау округі құрылады:

А) бір мандатты 67 сайлау округтері

В) Республиканың бүкіл аумағы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі болып табылады

С) көп мандатты 67 сайлау округтері

Д) сайлау округтері тіптен құрылмайды

Е) біртұтас жалпы ұлттық 2 сайлау округтері

Жауап: В

213. Сенат депутаттарын сайлау кезінде:

А) бірмандатты сайлау округі құрылады

В) көп мандатты сайлау округі құрылады

С) сайлау округтері құрылмайды

Д) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi болып табылады

Е) екі мандатты сайлау округтері құрылады

Жауап: С

214. Келесілерді сайлаған кезде бірмандатты сайлау округтері құрылып пайдаланады:

А) Сенат депутаттарын сайлау кезінде

В) мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде

С) ҚР Президентін сайлау кезінде

Д) бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжiлiс депутаттарын сайлау кезінде

Е) маслихаттан өзге де  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде