
- •Мазмұны
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары .......................................................... 68
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу ............................................................. 80
- •1 Тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Ұлттық экономика. Қр экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымы
- •2. Нарықтың мәні. Нарық тетігі
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы
- •4. Нарықтық экономикада шағын кәсіпкерліктің ролі
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Тарау. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
- •2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
- •3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
- •4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару
- •3 Тарау. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •1. Өндірістің және өндірістік құрылымның түсінігі
- •2. Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру тәсілдері
- •3. Өндіріс факторлары және олардың қатынасы.
- •4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі қорлардың тозуы
- •3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері
- •4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері
- •5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •1. Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
- •2. Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
- •3 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
- •4. Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тарау. Айналым қорлары және кәсіпорынның айналым қаражаттары
- •1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы
- •2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау
- •3. Кәсіпорынның айналым қаражаттары және олардың құрамы
- •4. Айналым қаражаттарын нормалау. Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары
- •1. Еңбек ресурстары және жұмыс бастылық мәселесі
- •2. Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері
- •3. Кәсіпорынның қызметкерлерін жоспарлау
- •4. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу
- •1. Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі
- •2. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері
- •3. Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі
- •4. Еңбекақы төлеу қорын жоспарлау
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тарау. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •1. Инвестиция түсінігі және оның экономикадағы ролі
- •2. Инвестиция түрлері мен нақты инвестиция құрамы
- •3. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялауды таңдау және бағыттарын дәйектеу
- •4. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
- •5. Инновация ұғымы және түрлері
- •6. Инновациялық процесс кезеңдерінің жалпы сипаттары
- •7. Инновациялық процессті стратегиялық басқару
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тарау. Өнім өткізу және Өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі
- •2. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі
- •3. Өнімнің өзіндік құнын анықтаудың шетел тәжірибесі
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тарау. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Маркетинг түсiнiгi
- •2. Маркетингтің негізгі функциясы мен қағидалары
- •3. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
- •4. Өндірістік бағдарлама дайындау
- •5. Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Тарау. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1. Өнімнің бәсекелестігі: түсінігі, қажеттілігі мен оны арттыру жолдары
- •2. Өнімнің бәсеке қабілеттілік факторы
- •1. Кәсіпорын пайдасы мен кірісі
- •2. Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері
- •3. Рентабельділік көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тарау. Кәсіпорынның қаржысы
- •1. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •2. Кәсіпорындардың қаржы қорлары
- •3. Кәсіпорындардың қаржы менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Автор түп нұсқаларынан басылған
3 Тарау. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
Өндірістің және өндірістік құрылымның түсінігі
Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру тәсілдері
Өндіріс факторлары олардың қатынасы. Өндірістік функция
Экономикалық және әлеуметтік тиімділік және оның көрсеткіштері
1. Өндірістің және өндірістік құрылымның түсінігі
Өндіріс дегеніміз қоғамның дамуына және өмір сүруіне қажет материалдық және материалдық емес игілікті өндіру процессі. Өндіріс бұл пайдалыны өндіру. Өндірістің құрамы еңбек қызметін анықтайды. Еңбек қызметі үш сәтті анықтайды:
еңбек және мақсатты қызмет;
еңбек заты мақсатты қызмет бағытталған зат;
еңбек құралы- еңбек заты осы заттың көмегімен құрылады.
Кәсіпорын өндірістік және өндірістік емес бөлімдерден тұрады: цехтар, участоктар, қызмет ету шаруашылықтары, басқару органдары, жұмыскерлердің олардың жанұя мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын ұйымдар мен мекемелер.
Жалпы және өндірістік құрылымы айырады.
Жалпы құрылым - өндірісті басқаратын және қызмет ететін өндірістік бөлім.
Өндірістік құрылым - өнім, қосалқы бөлшектер, материалдар өндірілетін, тексерілетін сыналатын, энергия өндірілетін лабараториялар, участкалар, цехтар. өндірістік құрылым кәсіпорын экономикасына, еңбек өнімділігінің деңгейін, ресурстарды қолданудың тиімділігін анықтай отырып тікелей әсер етеді.
Кәсіпорынның басты құрылымдық бөлімі болып цех табылады. Бұл әкімшілік және территориялды дәйектелген бөлім, онда өнім өндіріледі (н/е оның бір бөлігі) немесе өндіріс процессінің нақты бөлімі орындалады. Кейбір кәсіпорындар цехсыз құрылымы бар, олар кішкене бөлімшелерден тұрады.
Цехтарды бірнеше топтарға бөлуге болады:
Негізгі, сатуға арналған өнімді дайындау операцияларымен айналысады (дайындау, өңдеу, жинау, сынау);
Қосымша, негізгі цехқа қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, техникалық қызмет көрсетеді және құрылғыларды жөндейді;
Жанама, негізгі өндірістің қалдықтары қайта өңделеді және қолданылады;
Қосалқы, өнімді орауға ыдыс дайындайды, оны орайды және жөнелтеді.
Цехтардың ішкі өндірістік құрылымы бар, олар жұмыс орны, участкелер.
Жұмыс орны – жұмыскер немесе жұмысшы тобы өнім өндіру бойынша жеке операциялар жасайтын немесе өндіріске қызмет ететін қажетті құрылғылары бар өндіріс алаңының бір бөлігі. Жұмыс орнының саны және тізімі өндірістің технологиялық көлемімен, еңбек сыйымдылықпен анықталады. Жұмыс орны қарапайым, ұжымдық және көп станокты болады.
Участок - өндіріс процессінің дәйектелген бөлімі жүзеге асырылатын жұмыс орнының жинақталған жері.
Өндірістік кәсіпорын өнімдерінің құрылымының 3 типі бар.
Заттай - қолданған кезде кәсіпорынның негізгі цехтары мен учаскелері белгілі бір өнімді не болмаса, белгілі бір бөлшекті өндіруге мамандандырылады.
Технологиялық - қолданған жұмыс техникалық процестің ретіне байланысты болады. Цехтар мен учаскелерде басқару оңайлатылады және өндірістің бір наменклатуралы өнім шығаруы, келесі номенклатуралы өнім шығаруға ықпал етеді. Кемшіліктері: цехтардың арасындағы өндірістік қарым-қатынастың күрделенуі жоғары сапалы өнімді құрал-жабдықтармен құралдар құрудың мүмкіншілігінің жоқтығы.
Аралас – оған заттай және технологиялық құрылымның ең тиімді элементтерін кіргізеді. Басты артықшылығы: цехаралық тасымалдаудың азаюына, өнім өндірудің өндірістік цикілінің қысқаруына, еңбек жағдайын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және өзіндік құнды қысқартуға өз әсерін тигізеді.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасының өзгерістер динамикасын сай жетілдіріп отыруы керек.