
- •Мазмұны
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары .......................................................... 68
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу ............................................................. 80
- •1 Тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Ұлттық экономика. Қр экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымы
- •2. Нарықтың мәні. Нарық тетігі
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы
- •4. Нарықтық экономикада шағын кәсіпкерліктің ролі
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Тарау. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
- •2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
- •3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
- •4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару
- •3 Тарау. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •1. Өндірістің және өндірістік құрылымның түсінігі
- •2. Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру тәсілдері
- •3. Өндіріс факторлары және олардың қатынасы.
- •4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі қорлардың тозуы
- •3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері
- •4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері
- •5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •1. Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
- •2. Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
- •3 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
- •4. Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тарау. Айналым қорлары және кәсіпорынның айналым қаражаттары
- •1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы
- •2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау
- •3. Кәсіпорынның айналым қаражаттары және олардың құрамы
- •4. Айналым қаражаттарын нормалау. Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары
- •1. Еңбек ресурстары және жұмыс бастылық мәселесі
- •2. Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері
- •3. Кәсіпорынның қызметкерлерін жоспарлау
- •4. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу
- •1. Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі
- •2. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері
- •3. Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі
- •4. Еңбекақы төлеу қорын жоспарлау
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тарау. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •1. Инвестиция түсінігі және оның экономикадағы ролі
- •2. Инвестиция түрлері мен нақты инвестиция құрамы
- •3. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялауды таңдау және бағыттарын дәйектеу
- •4. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
- •5. Инновация ұғымы және түрлері
- •6. Инновациялық процесс кезеңдерінің жалпы сипаттары
- •7. Инновациялық процессті стратегиялық басқару
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тарау. Өнім өткізу және Өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі
- •2. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі
- •3. Өнімнің өзіндік құнын анықтаудың шетел тәжірибесі
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тарау. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Маркетинг түсiнiгi
- •2. Маркетингтің негізгі функциясы мен қағидалары
- •3. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
- •4. Өндірістік бағдарлама дайындау
- •5. Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Тарау. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1. Өнімнің бәсекелестігі: түсінігі, қажеттілігі мен оны арттыру жолдары
- •2. Өнімнің бәсеке қабілеттілік факторы
- •1. Кәсіпорын пайдасы мен кірісі
- •2. Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері
- •3. Рентабельділік көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тарау. Кәсіпорынның қаржысы
- •1. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •2. Кәсіпорындардың қаржы қорлары
- •3. Кәсіпорындардың қаржы менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Автор түп нұсқаларынан басылған
3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
Кәсіпорындардың бірігуі шаруашылық бірлестіктер мен одақтар (ассоциациялар) түрінде болады. Бірлестік келесілер үшін құрылады:
бірлестіктер белгілі бір міндеттерді ортақ шешу үшін немесе нақты мақсаттарға жету үшін құрылады;
жаңа білім және ноу-хау алу үшін;
партнерлардың ресурстары қосылып өздерінің ресурстарын сақтау;
жаңа ресурстар алуға мүмкіндік.
Одаққа кіретін кәсіпорындар өздерінің заңды тұлғалығын және өз еріктігін сақтайды.
Кәсіпорындарды біріктіру қағидалары:
жарғы бойынша кіру мен шығудың еріктілігі;
антимонопольдық заңдардың сақталуы;
бірігудің ұйымдастыру формаларын таңдау еркіндігі;
қатысушылар арасындағы қарым-қатынастар шартқа сәйкес жасалады.
Шаруашылық бірлестіктер өндірістік, ғылыми-техникалық және әлеуметтік даму мүмкіндіктерін кеңейту үшін құрылады.
Шаруашылық бірлестіктердің кейбір түрлерін қарастырайық.
Шаруашылық ассоциациялар – бір түрлі қызмет атқарау және жалпы қызметті координациялау үшін құрылатын кәсіпорындардың келісілген бірлестігі. Бүл бірлестіктің ең жақсы түрі, өйткені оған кіретін кәсіпорындардың қызметін минималды шектейді. Кәсіпорындар ешкімнің келісімінсіз басқа шаруашылық ассоциацияларға кіре алады және қатысушылардың қызметін бақылай алады, мамандануды тереңдетуге және кооперацияны дамытады, орталықтар, қызметтер, фирмалар құрады.
Концерн – ірімасштабты өндіріс мүмкіндіктерін қолдану мүмкіндіктері бар монополистік түрдегі әр-түрлі саланың кәсіпорындарының бірігуінің түрі. Концернге кіретін кәсіпорындар өндірістік, ғылыми-техникалық даму, инвестициялық, қаржылық, сыртқы экономикалық қызметінің, коммерциялық қызмет ету қызметтерін өз ерікті орталықтандырады. Концерн құрудың мақсаты болып нақты нарықта пайданың максималды үлесін алу болып табылады. Олар слалық және сала аралық болуы мүмкін. Концерн фирма, орталық, қызмет құра алады.
Капиталға қатысу жүйесі бойынша екі түрлі концерн бар:
Бағыну концерні – аналық және еншілес компания түрінде құрылған концерн.
Координация концерні – қарындастық бірлестіктен (сестринских) тұратын концерн, яғни оған кіретін кейбір компаниялар акция айырбасын жүргізеді. Сонымен концерн мүшелері концернмен жүргізетін саясатқа әсер жүргізеді, бірақта олар бір басқарудың астында болады.
Конгломерат - әр-түрлі саладағы технологиялық бір-бірімен байланысты емес кәсіпорындарды біріктіретін концерннің ерекше түрі.
Қаржылық-өндірістік топ – басында банк тұратын кәсіпорындардың бірігуі. Банк кәсіпорындарды қаржыландырады және несие үшін пайыз емес кәсіпорын жұмысының тиімділігі өсуіне байланысты дивидент алады.
Холдингтік бірігу (холдинг-компания) – бір компания басқа компанияларды, олардың акцияларына және ақша капиталдарына ие болу арқылы, немесе бақылаудағы компанияларға директор қою хұқы арқылы басқарады.
Холдингтің екі түрі бар:
Таза холдинг басқа фирмалардың акционерлік капиталында қатысу арқылы пайда алу. Таза холдингті ірі банктер басқарады;
Аралас холдинг – холдингтік компания кәсіпкерлік қызметпен айналысады және ықпал ету ортасын кеңейту мақсатында жаңа тәуелді фирмалар филиалдар ашады. Аралас холдингті өндіріспен байланысты ірі бірлестік басқарады.
Ірі холдингтер бірнеше АҚ қаржылық қызметін басқара алады, ірі концерндерді және банктерді қоса. Олардың өздерінің активтері мен меншікті капиталы еншілес фирмалар капиталынан аз болуы мүмкін.
Консорциум – кешендік бағдарламаны, инвестициялық, ғылыми-техникалық, экологиялық үлгілерді, мемлекеттік тапсырыстарды бірігіп жүзеге асыру үшін пай негізінде өз еріктерімен уақытша біріккен кәсіпорындар.
Әлемдік тәжірибеде консорциумдардың келесі түрлері кездеседі, олардың көбісін қаржылық түрдегі консорциумға жатқызуға болады:
Банктік консорциум – несиелік, кепілдік немесе басқада банктік операцияларды орындау, жаңа нарыққа шығу немесе қызмет ортасын кеңейту үшін ірі банкпен уақытша ұйымдастырылған банктер тобы.
Консорциум-гарант – несие алуға кепілдік беретін, жетекші банк басқаратын банктік топ.
Кепілдік консорциум - әр-түрлі қызметтегі бірнеше компаниялардың бірігуі. Олар өздері алған тәуекелді бөледі және оның қайтарылуын қанағаттандырады.
Қол қойылған консорциум – қарызды жүзеге асыруды немесе жаңа бағалы қағаздарды орналастыруы кепіл беретін консорциум.
Қаржылық консорциум – ірі қаржылық операциялар жүргізу үшін бірнеше банктердің уақытша бірлестігі.
Экспортты консорциум – бірлестікке кіретін компанияларға экспорттық операцияларда көмектесетін бірнеше елде құрылған сыртқы сауда бірлестігі.
Картель – бір салалық моно өнімдік кәсіпорындардың бірігуі (қағаз, қант, темір, цемент, мұнай) басты мақсаты әр қатысушыға тауар сатуда, өткізу нарығында, шикізат дайындауда және алуда бірдей жағдай жасау. Кәсіпорындар заңды және ұйымдастыруда байланыспаған, келісім шартын орындайтын арнаулы атқарушы орган құра алады.
Әлемдік тәжірибеде картельдің келесі түрлері бар:
Ақшалай картель – жабдықтаудың және төлемнің шарттарына тең етіп бағаны біріздендіретін картель.
Калькуляциялық картель – қатысушылары есеп айырысудың бірдей құрылымы мен сипатын туралы келісетін картель.
Кондициялық картель – тауар өткізу шартын анықтайтын картель.
Контингенттеленген картель - өз қатысушыларына нақты квота құратын картель.
Кризистік картель – бәсекелестікті шектеу үшін сатуды уақытша қысқарғанда немесе сұраныс төмендегенде құрылатын картель.
Патентті картель – қандайда бір техникалық өнертапқышты бірігіп қолдануға бағытталған картель.
Өндірістік картель - әр қатысушы үшін өндіріс көлемін бекітетін картель.
Аймақтық картель – сату облысын анықтайтын картель.
Бағалы картель – тауардың сату бағасын бекітетін картель.
Синдикат – жалпы сату конторасы бойынша өнім сату үшін, арнайы сауда қоғамы немесе серіктестік түрінде ұйымдастырылған бір түрлі өндірістік кәсіпорындардың бірігуі.
Пул дегеніміз (ағылшынан аударғанда рool жалпы қазан деп аударылады) – барлық қатысушыларының пайдасы бір қорға (қазанға) түседі және содан кейін алдын ала бекітілген үйлесім бойынша қатысушыларының арасында бөлінумен ерекшелентін компаниялардың бірігуінің бір түрі
Әлемдік тәжірибеде пулдың келесі түрлері кездесуі мүмкін:
Биржалық пул – қор биржасында және бағам бойынша айырмашылықтағы алып сатарлық ойында акция бағамын көтеру немесе төмендету үшін қаржылық қаражаттарды біріктіру.
«Нақты пул» - өздерінің инвестицияларын нақты объектіге бағдарлайтын инвесторлардың бірігуі.
Патенттік пул – патенні өзара пайдалану туралы екі немесе оданда көп компаниялардың келісімі. Патенттік пулдың қатысушылары, патенні пайдаланғаннан алынатын пайдадан пулға кірген кездегі тағайындалған квотаның мөлшерінде табыс алады.
Саудалық пул – қолдан жасалған тапшылықтың қорытындысында көтерілген баға бойынша сату үшін, қандайда бір тауарды қоймада сақтау және тоқтата тұру туралы қатысушылардың арасындағы келісімі бар бірігу.
Тресттер. Меншік иелерінің табыстарын арттыру үшін және табыстың ауытқуынан сақтандыру үшін құрылатын бір саланың келісілген өндірістік және сауда қызметі бар кәсіпорындарының бірлестігі.
Ерекшеліктері:
Кәсіпорындардың бірігуінің ең қатаң формасы, өйткені кісіпорындардың шаруашылық қызметінің бүкіл тараптары қосылады;
Кәсіпорындар заң жағынан өзара байланыста болмағанымен дербес емес;
Акциялар сенімді адамдарға беріледі(трастарға);
Қосылатын кәсіпорындар трест меншігіне беріледі, ал олрадың иелері қарапайым акционерлерге айналады.
Мақсаты: өндіріс және айналым шығындарын төмендету.Трест комбинирленген өндірісті ұйымдастыру үшін қолайлы, яғни бір компанияда шикізат өндеудің ізбесіз сатылара болатын әртүрлі өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарының бірігуі.
Шаруашылық емес бірлестіктерге одақтар жатады. Олар салалық немесе басқа бір белгісіне қарай құқықтарын қорғау және сәйкес органдарда мүдделерін қорғау үшін құрылатын кәсіпорындардың шаруашылық емес бірлестігі.
Кластер – бұл қызметіне байланысты нақты ортадағы компаниялардың географиялық концентрациялары: тауарлар мен қызметтердің арнаулы жабдықтаушылары, осындай салада жұмыс істейтін фирмалар.