
- •Мазмұны
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары .......................................................... 68
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу ............................................................. 80
- •1 Тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Ұлттық экономика. Қр экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымы
- •2. Нарықтың мәні. Нарық тетігі
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы
- •4. Нарықтық экономикада шағын кәсіпкерліктің ролі
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Тарау. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
- •2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
- •3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
- •4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару
- •3 Тарау. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •1. Өндірістің және өндірістік құрылымның түсінігі
- •2. Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру тәсілдері
- •3. Өндіріс факторлары және олардың қатынасы.
- •4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі қорлардың тозуы
- •3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері
- •4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері
- •5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •1. Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
- •2. Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
- •3 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
- •4. Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тарау. Айналым қорлары және кәсіпорынның айналым қаражаттары
- •1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы
- •2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау
- •3. Кәсіпорынның айналым қаражаттары және олардың құрамы
- •4. Айналым қаражаттарын нормалау. Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары
- •1. Еңбек ресурстары және жұмыс бастылық мәселесі
- •2. Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері
- •3. Кәсіпорынның қызметкерлерін жоспарлау
- •4. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу
- •1. Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі
- •2. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері
- •3. Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі
- •4. Еңбекақы төлеу қорын жоспарлау
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тарау. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •1. Инвестиция түсінігі және оның экономикадағы ролі
- •2. Инвестиция түрлері мен нақты инвестиция құрамы
- •3. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялауды таңдау және бағыттарын дәйектеу
- •4. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
- •5. Инновация ұғымы және түрлері
- •6. Инновациялық процесс кезеңдерінің жалпы сипаттары
- •7. Инновациялық процессті стратегиялық басқару
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тарау. Өнім өткізу және Өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі
- •2. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі
- •3. Өнімнің өзіндік құнын анықтаудың шетел тәжірибесі
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тарау. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Маркетинг түсiнiгi
- •2. Маркетингтің негізгі функциясы мен қағидалары
- •3. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
- •4. Өндірістік бағдарлама дайындау
- •5. Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Тарау. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1. Өнімнің бәсекелестігі: түсінігі, қажеттілігі мен оны арттыру жолдары
- •2. Өнімнің бәсеке қабілеттілік факторы
- •1. Кәсіпорын пайдасы мен кірісі
- •2. Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері
- •3. Рентабельділік көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тарау. Кәсіпорынның қаржысы
- •1. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •2. Кәсіпорындардың қаржы қорлары
- •3. Кәсіпорындардың қаржы менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Автор түп нұсқаларынан басылған
Бақылау сұрақтары
ҚР экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымдарын атаңыздар?
Нарыққа мемлекеттік араласудың объективті қажеттілігі қандай? «Нарық; сәтсіздігі» дегеніміз нені білдіреді?
ЭМР-дің объектісін және оның құралдарын атап көрсетіңіздер?
ЭМР-дің мақсаттары мен экономикалық қызметтері қандай ?
«Кәсіпкерлік» дегеніміз не?
«Кәсіпкер» дегеніміз кім?
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің мәселелерін атаңыздар?
Кәсіпкерлікті қолдауда қандай шаралар жүзеге асырылп жатыр?
2 Тарау. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
Кәсіпорындардың бірігуінің ұйымдастырушылық формалары.
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару.
1. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
Кәсіпорында қоғамға қажетті өнім шығарылады және қызмет көрсетіледі. Бұл жерде ресурстарды үнемдеу, алдыңғы қатарлы техника мен технологияларды қолдану сұрақтары шешіледі, шығындар азайтылады, жоспарлар құрылады, маркетинг қолданылады және менеджмент жүзеге асырылады.
Бұлардың барлығын іске асыру үшін терең экономикалық білім қажет. Бұндай бәсекелестік күресте кім нарық талабын жетік анықтаған болса, кім өндірісті дұрыс ұйымдастырады және құрады, табыс табады сол жеңеді.
Бұл міндеттер орындалады, егер кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік негізін жақсы игерген болсаңыз.
Кәсіпорын экономикасы – бұл өндіріс факторларының (меншік және жалға алынған), айналым қорларының, дайын өнімнің, кәсіпорын банкінің шотында жатқан ақша қаражаттарының, бағалы қағаздардың, материалды емес активтердің, пайда немесе табыстардың жиынтық факторлары.
Кәсіпорынның қызмет етуі өзінің даму жолдарын іздеу болып табылады, яғни кәсіпорын осы нарықта тұрақты болып қана қоймай сонымен қатар өз экономикасын дамытуы керек:
өндіріс қорытындысы мен шығындар арасында оңтайлы қатынастары болуы керек;
капиталдың жаңа түрлерін іздестіру;
өнімді сатып алушыға жеткізудің жаңа тиімді жолдарын іздестіру керек.
Кәсіпорын экономикасының оқу пәні үй шаруашылығы мен кәсіпорындағы шаруашылық қызмет болып табылады, ол шектеулі ресурстарды қолдану жайлы шешім қабылдау ретінде анықталады.
Курстың міндеттері:
Кәсіпорынды нарықтық ортада қарастыру;
Кәсіпорынның өндірістік мен өндірістегі құрылымын қарастыру;
Кәсіпорынның кадрлар құрылымын, еңбектін мөлшерленуі мен өнімділігін және еңбек ақының төленуін қарастыру;
Кәсіпорынның қызметінің жоспарлауын зерделеу;
Кәсіпорынның мүлігін анықтау, яғни негізгі және айналым қорларын, айналым қаражатын, оның түрлері мен тиімді пайдалану бағытын қарастыру;
Кәсіпорынның шығыны мен оларды төмендету бағыттарын зерделеу.
2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
Елдің қоғамдық өндірісінің мақсаты - азаматтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру. Оған жету үшін өндіріс жүзеге асырылады. Бұл жағдайда маңызды ролді кәсіпкерлік атқарады, ол адамдардың пайда алу үшін өз ерікті, инициативалық қызметі. Кәсіпкерліктің мақсаты пайданы максималдандыру.
Қоғамдық өндіріс пен кәсіпкерліктің мақсаттары әр-түрлі, бірақ мақсаттарына жету құралдары бір – ол кәсіпорындарда тауар өндіру мен қызмет көрсету. Тұтынушылардың талаптарына сай өнім өндіре отырып кәсіпкер өзінің және қоғамның мақсатына жетеді.
Кәсіпорын - заңды тұлға құқығы бар, өз мүліктік қолдана отырып өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстар атқаратын, қызметтер көрсететін - ерікті шаруашылық субъект. Кәсіпорын құрамында басқа заңды тұлғалар болмайды.
Кәсіпорынның сипатталуы:
ұйымдастырушылық бірлік;
өндіріс құралдарының нақты кешені;
дәйектелген мүлік;
әкімшілік басқару түріне негізделген;
өз атынан шығады;
оперативті-шаруашылық және экономикалық өз еріктік.
Адам санына қарай кіші кәсіпорын (100 адамға дейін), орташа (500 адамға дейін), ірі кәсіпорындар (500 адамнан жоғары).
Кіші кәсіпорындар (кіші бизнес) барлық дамыған елдердің экономикасында үлкен роль ойнайды және жұмыс істейтін халықтың жартысынан көбі жұмыс істейді.
Эконмика әр-түрлі меншіктегі кәсіпорындар қызметін көрсетеді.
Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар, республикалық және комуналдық болып бөлінеді.
Жеке кәсіпорындар өзіндік, жанұялық және ұжымдық меншік болып болады.
Ұжымдық меншікті кәсіпорындар шаруашылық бірлестіктер, кооперативтер, шаруашылық қоғам, халықтық және жалға алынған кәсіпорындар.
Аралас меншікті кәсіпорындар – бірлескен кәсіпорындар.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС). Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктін қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының саны отыздан аспауға тиіс. Басқаша жағдайда — ол бір жыл ішінде акционерлік қоғам етіп қайта құрылуға, ал бұл мерзім өткеннен кейін. егер оған қатысушылардың саны отызға дейін кемімесе, сот тәртібімен таратылуға тиіс.
Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк. Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен, оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн серiктестiк қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп танылады.
Қатысушылар жауапкершiлiгiнiң шектi мөлшерi жарғыда көзделедi.
Қатысушылардың бiрi банкрот болған жағдайда, оның серiктестiк мiндеттемелерi жөнiндегi жауапкершiлiгi, егер құрылтай құжаттарында жауапкершiлiктi бөлудiң өзгеше тәртiбi көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлiнедi.
Толық серiктестiк. Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп танылады.
Толық серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшылары белгiлейдi, бiрақ ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек.
Сенiм (коммандиттiк) серiктестiгi. Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк сенiм серiктестiгi деп танылады.
Сенiм серiктестiгiне қатысатын толық серiктердiң құқықтық ережесi және олардың серiктестiк мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi толық серiктестiктiң қатысушылары туралы ережемен белгiленедi.
Акционерлік қоғам (корпорация). Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік АҚ деп аталады. АҚ қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өздеріне тиесілі акциялар құны шегінде қоғамның қызметіне байланысты болатын залалдар шегуге тәуекел етеді.
Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады.
Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы.
Ашық акционерлік қоғам жалпыға бірдей мәлімет беру үшін жыл сайын жылдық есеп, бухгалтерлік баланс, пайда мен шығындардың есебін жариялап отыруға міндетті.
Акциялары тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар арасында таратылатын акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық акционерлік қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрді жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.
Акция дегеніміз АҚ жарғылық капиталына салымын көрсететін бағалы қағаз. Акциялар екі түрлі болады: қарапайым және артықшылығы бар. Қарапайым акциялар пай ретінде ол қайтарылмайды. Артықшылығы бар акциялар жарғылық капиталдың 10% құрайды және алдын-ала бекітілген мөлшерде дивиденд беріледі. Мүлкін бөлгенде бірінші ретте қатысады, олар АҚ басқаруға және дауыс беруге қатыспайды.
Өндiрiстiк кооператив. Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады.
Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелерi кооператив мiндеттемелерi бойынша Өндiрiстiк кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады.
Өндiрiстiк кооперативтiң және оның мүшелерiнiң құқықтық жағдайы заң құжаттарына сәйкес белгiленедi.