Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кєсіпорын экономикасы учеб пос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

2. Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері

Пайда тек кәсіпорын үшін ғана емес, сонымен қатар, мемлекет экономикасы үшін де экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы болып табылады. Сол үшін пайданы экономикалық негізде жоспарлау кәсіпорын үшін өте маңызды. Пайданы түрлері бойынша жоспарлауға болады:

    1. Тауарлар мен өнімдерді сатудан;

    2. Тауарлық емес сипаттағы түрлі қызметтер мен өнімдерді өткізуден;

    3. Негізгі құралдарды өткізуден;

    4. Басқа мүлік пен мүліктік құқықтарды өткізуден;

    5. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және т.б. үшін төлемдер;

    6. өткізуден тыс операциялардан.

    7. Пайданы жоспарлаудың негізгіәдістері болып табылатындар:

  • тікелей есептеу әдісі;

  • талдамалық әдіс;

  • аралас есеп айырысу әдісі.

Тікелей есептеу әдісі қазіргі жағдайда шаруашылық жүргізудің кәсіпорындарда аса кең тараған түрі. Ол аса үлкен емес ассортиментте шығарылатын өнімдер үшін қолданылады. Оның мәні пайда өнімдерді өткізуден (ҚҚС пен акциздерді есептегендегі бағаларға сәйкесті) және толықтай оның өзіндік құнынан арасынан түскен түсімнен есептеледі.

Жоспарлы пайданың есебі мына формула арқылы есептеледі:

П = ( K * Б) – (К * Ө)

Мұндағы, К – табиғи көрсетілімдегі жоспарлы кезеңде шығарылған өнім көлемі;

Б - өнім бірлігіне шаққандағы баға (ҚҚС пен акциздерді есептегендегі);

Ө - өнім бірлігінің толық өзіндік құны.

Тауарлық шығарылым бойынша пайда жоспарлы кезеңде тауарлық шығарылымның өзіндік құны анықталатын өнімдерді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар сметасы негізінде жоспарланады:

Птп = Бтп - Өтп

Мұндағы, Бтп - әрекет етуші бағадағы өткізілген жоспарлы кезеңдегі тауарлық шығарылымның құны (ҚҚС-ті, акциздерді, саудалық және т.б.жеңілдіктерді есепке алмағанда);

Өтп – жоспарлы кезеңдегі тауарлық өнімнің толық өзіндік құны (өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар сметасынан есептеледі).

Тауарлық шығарылымның есебіндегі жоспарлы көлемді пайданы өнімді өткізу көлемінен жоспарланатын пайдадан айыра білу керек. Өнімді өткізуден түскен пайданы жалпы түрде келесі формуламен есептелінеді:

Пөө = Төө - Өөө

Мұндағы, Төө - әрекет етуші бағада өнімді өткізуден түскен жоспарлы түсім (ҚҚС-ті, акциздерді, саудалық және т.б.жеңілдіктерді есепке алмағанда);

Өөө - келер кезеңде өнімдерді өткізудің толық өзіндік құны.

Жоспарлы кезеңде өнімді өткізу көлемінен түскен пайда жоспарлы кезеңнің басындағы өткізілмеген өнімнің пайда қалдықтар соммасына жоспарлы кезеңдегі тауарлық өнімді шығару көлемінің пайдасын қосып, жоспарлы кезеңнің соңындағы өткізілмеген өнімнің пайда қалдықтарын алғанға тең. Оны келесі формула арқылы есептеуге болады:

Пөө =Пөө + Птө - Пақ

Пайданы жоспарлаудың талдамалық әдісі тікелей есептеу әдісіне қосымша ол жоспарлы пайдаға әсер ететін әр түрлі факторларды айқындауға көмектесетін қосымша ретінде және үлкен көлемді ассортиментте шығарылатын өнімге қолданады. Бұл әдісте пайда жылда шығарылатын өнімнің әрбір түріне емес, өнімнің толықтай барлығына есептелінеді. Салыстырмалы өнім бойынша пайда бөлек анықталады.

Аралас есеп айырысу әдісі. Бұл әдісте бірінші және екінші әдістің элементтері қолданылады. Жоспарлы жыл бағасындағы тауарлық өнімнің құны және есепті жылдағы құны тікелей есептеу әдісімен анықталса, баға, ассортименттің өзгеруі, сапаны жоғарылату, өзіндік құнның өзгеруі және т.б. сол сияқты факторлардың жоспарлы пайдаға әсері талдамалық әдістің көмегімен анықталады.