Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кєсіпорын экономикасы учеб пос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

1. Кәсіпорын пайдасы мен кірісі

Кәсіпорын өз өнімін шығара отырып, ол үшін ақшалай түсім алып отырады. Бірақта бұл пайда табуды білдірмейді. Қаржылық нәтижелерді шығару шін түсімді өнімді өндіру мен оны әрі қарай сатуға кеткен шығындармен, яғни өнімнің өзіндік құнымен сәйкестендіріліп қою қажет. Кәсіпорын пайда табады: егер түсім өзіндік құннан жоғары болса; егер түсім өзіндік құнға тең болса, тек өнім өндіру мен оны әрі қарай сатуға кеткен шығындарды өтесе; ал, егер шығындар түсімнен жоғары болса, кәсіпорын шығынға ұшырайды, яғни қиын қаржылық жағдайға, банкротқа әкелетін жағымсыз қаржылық нәтижелерді көрсетеді.

Пайда - дегеніміз кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің қорытынды қаржылық нәтижесі, жалпылай түрде, өнім бағасы мен өнімнің өзіндік құны арасындағы өзгешілікті көрсетсе, кәсіпорын тұрғысынан өнімді өткізуден түскен түсім мен өнімді өткізудің өзіндік құны арасындағы өзгешелікті көрсетті.

Экономикалық категория ретіндегі пайда кәсіпкерлік қызметі процесіндегі материалды өндіріс аясында құрылған таза табысты көрсетеді. Кәсіпорын деңгейіндегі таза табысты пайда формасында болады. Кәсіпкерлік қызметтің басты нәтижесі ретіндегі пайда кәсіпорынның, жұмыскерлерінің және толықтай мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Пайда нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде бірқатар маңызды функцияларды атқарады:

  • Кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіші болып пайда табылады, осыдан тиімді қызметтің пайдалылық факторларын көруге болады.

  • Пайда ынталандырушы қызмет атқарады, ол меншік капиталдың өсуінің басты көзі болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайындағы капитал иелері мен менеджлерлер пайда көлеміне бағыттала отырып, кәсіпорынның болашақ дамуына жүргізілетін дивиденттік және инвестициялық саясаты жөніндегі шешімдер қабылдай алады. Нарықтық экономикадағы пайда – шығарылатын өнім мен өндірістік қорлардың жаңару көзі мен қозғаушы күші болып табылады.

  • Ұжым мүшелері үшін пайда әлеуметтік игіліктің көзі болып табылады. Дивиденттерге төленетін төлемдер, салықтар, сонымен қатар, басқада төлемдерден кейінгі кәсіпорындарда қалдық ретінде қалатын пайданың есебінен материалды сыйақылау жүргізіледі, жұмыскерлерге әлеуметтік жеңілдіктер және т.с.с. беріледі.

  • Пайда түрлі деңгейлі бюждеттік кірістердің құрылуының көзі. Ол бюджетке салық түрінде, сонымен қатар, экономикалық санкция түрінде түсуі мүмкін және бюджеттен шығатын нақты түрлі мақсаттарға қолданылады.

Осындай сипаттағы кәсіпорын пайдасы - оның әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі факторы. Сондықтанда кәсіпорынға пайда әкелетін механизмді анықтау аса маңызды.

Жалпы пайда – сатылған өнімінң толық өндірістік өзіндік құны және тауарларды (қызметтер мен жұмыстар) сатудан түскен түсімдері арасындағы айырмашылығы ретінде анықталады.

Таза пайда (бөлінбеген пайда) – кәсіпорынның иелігінде болатын төтенше шығыстар мен кірістердің сальдосы есебімен анықталады.

Еңбек ұжымы еңбекақының жоғарылауына, пайданың өсуіне, қазіргі бәсекелік жағдайда өндірістің кеңеюіне, кәсіпорын жұмыскерлерінің өмірлік деңгейлерінің, жағдайларының жақсаруына әрқашан қызығушылықтарын танытады. Осыдан пайда мен жалпы табыстың массасы кәсіпорының өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынатын тиімділік көлемі ретінде сипатталады.

Нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпорын максималды пайда табуға, тауралар сату мен қызметтер көрсету нарығында өзінің позициясын ұстап тұруға тырысуы керек, сонымен қатар, бәсеке жағдайында өндірістік тұрақты дамуды қамтамасыз етуі керек.

Әлемдік тәжірибе көрсетуі бойынша нарықтық қатынастар жағдайында пайда табудың үш негізгі көзі бар:

Бірінші, кәсіпорынның монопольды жағдайы есебінде құрылады. Осы пайда табу көзін ұстану әрқашан тауарлардың тұрақты жаңаруын талап етеді. Бұл кезде келесі қарсы әрекет етуші күштерді ескерген жөн: мемлекеттік антимонополиялық саясаты мен басқа кәсіпорындар жағынан өсуші бәсеке.

Екінші пайда табу көзі өндірістік және кәсіпкерлік қызметпен байланысты, оның барлық кәсіпорындарға қатысы бар. Оны пайдалану тиімділігі тұрақты өзгеруші конъюнктура кезіндегі өндірісті дамытуға бағытталуы мен нарық конъюнктурасын білуге тәуелді болады. Бұл жерде барлығы жүргізілген маркетингке сәйкесті жасалынады. Берілген жағдайда, пайда көлемі , біріншіден, кәсіпорынның өнімді шығару бойынша бағыт таңдауының дұрыстығына (тұрақты және жоғары сұранысқа ие өнімді таңдау); екіншіден, көрсетілетін қызмет пен сатылатын тауарлар бәсекеге қабілетті жағдай жасау (баға, жеткізу мерзімі, сатып алушыларға қызмет көрсету, сатудан кейінгі қызметтер және т.б) үшіншіден, өндіріс көлемінен қаншалықты өндіріс көлемі жоғары болса, соншалықты пайда жоғары); ал төртіншіден, өндіріс шығындарын төмендету қүрылымынан тәуелді.

Үшінші пайда табу көзі кәсіпорынның инновациялық қызметінен шығады, оны қолдану әрқашан шығарылатын өнім жаңартылып отырылуын, бәсеке қабілеттілігі қамтамасыздандырылуын, пайда массасын жоғарылату мен сату көлемінің өсуін болжамдайды.

Кәсіпорын шаруашылық қызметінің қорытынды қаржылық нәтижесі болып баланстық пайда табылады. Баланстық пайда – бұл кәсіпорын пайдаларының (шығындарының) соммасы. Қорытынды қаржылық нәтижесі ретіндегі баланстық пайда балансты бағалау мен кәсіпорынның барлық шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебі негізінде айқындалады. «Баланстық пайда» терминін қолдану, жылдық және кварталдық қорытындылар бойынша құралған кәсіпорын жұмысы балансында көрсетілген қорытынды қаржылық нәтижелерімен байланысты.

Баланстық пайда нақты 3 элементті қосады: көрсетілген қызметтерден, орындалған жұмыстардан, өнімді өткізуден түскен пайда (шығын); негізгі құралдарды өткізуден, тағыда басқадай шығыстарынан, кәсіпорынның басқадай мүлігін өткізуден түскен пайда (шығын); орындалған операциялардан тыс қаржылық нәтижелер.

Ұйымның табысы деп активтердің келіп түсуі нәтижесіндегі экономикалық пайданың жоғарылауы (ақша қаражаттары, басқада мүліктер) немесе салымшы қатысушыларынан басқа, ұйымның капиталының өсуіне әкелетін міндеттерді жабу.

Сурет 1 - Пайда көлеміне әсер ететін факторларының жіктелуі

Сыртқы факторларға жататындар: табиғи жағдайлар, мемлекеттік бағаны реттеу, тарифтер, пайыздық мөлшерлемелер, салық мөлшерлемесі мен жеңілдіктер, айыппұлдық санкциялар мен т.б. Бұл факторлар кәсіпорын қызметінен тәуелді емес, бірақ пайда көлеміне маңызды ықпал етеді.

Ішкі фактрлар өндірістік және өндірістен тыс деп екіге бөлінеді. Өндірістік факторлар еңбек заттары мен құралдарын, еңбек және қаржылық ресурстарды пайдалану мен іске асыру арқылы сипаталынады, өз кезегінде экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді. Экстенсивті факторлар – пайда табу процесіне сандық өзгерулер арқылы әрекет етеді: еңбек заттары мен құралдарының көлемі, қаржылық ресурстар, жабдықтар жұмыс уақыты, персонал саны, жұмыс уақыты қоры мен оның сапасы т.б. Интенсивті факторлар – пайда табу процесіне «сапалық» өзгерулер арқылы әрекет етеді: жабдықтардың өнімділігін жоғарылату мен оның сапасы, материалдардың прогрессивті түрлерін пайдалану мен технологияларды жүзеге асыру, айналым құралдарының айналымдылығын жылдамдату, персонал еңбегінің өнімділігі мен біліктілігін жоғарылату, өнімнің материалдық сыйымдылығы мен еңбек сыйымдылығын төмендету, ұйым еңбегін жүзеге асыру, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану және т.б.

Өндірістен тыс факторларға қаруландыру - өткізу және табиғатты қорғау қызметі, еңбектің әлеуметтік жағдайы мен т.б.