
- •Мазмұны
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары .......................................................... 68
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу ............................................................. 80
- •1 Тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Ұлттық экономика. Қр экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымы
- •2. Нарықтың мәні. Нарық тетігі
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы
- •4. Нарықтық экономикада шағын кәсіпкерліктің ролі
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Тарау. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
- •2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
- •3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
- •4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару
- •3 Тарау. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •1. Өндірістің және өндірістік құрылымның түсінігі
- •2. Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру тәсілдері
- •3. Өндіріс факторлары және олардың қатынасы.
- •4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі қорлардың тозуы
- •3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері
- •4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері
- •5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •1. Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
- •2. Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
- •3 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
- •4. Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тарау. Айналым қорлары және кәсіпорынның айналым қаражаттары
- •1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы
- •2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау
- •3. Кәсіпорынның айналым қаражаттары және олардың құрамы
- •4. Айналым қаражаттарын нормалау. Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары
- •1. Еңбек ресурстары және жұмыс бастылық мәселесі
- •2. Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері
- •3. Кәсіпорынның қызметкерлерін жоспарлау
- •4. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу
- •1. Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі
- •2. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері
- •3. Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі
- •4. Еңбекақы төлеу қорын жоспарлау
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тарау. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •1. Инвестиция түсінігі және оның экономикадағы ролі
- •2. Инвестиция түрлері мен нақты инвестиция құрамы
- •3. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялауды таңдау және бағыттарын дәйектеу
- •4. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
- •5. Инновация ұғымы және түрлері
- •6. Инновациялық процесс кезеңдерінің жалпы сипаттары
- •7. Инновациялық процессті стратегиялық басқару
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тарау. Өнім өткізу және Өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі
- •2. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі
- •3. Өнімнің өзіндік құнын анықтаудың шетел тәжірибесі
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тарау. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Маркетинг түсiнiгi
- •2. Маркетингтің негізгі функциясы мен қағидалары
- •3. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
- •4. Өндірістік бағдарлама дайындау
- •5. Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Тарау. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1. Өнімнің бәсекелестігі: түсінігі, қажеттілігі мен оны арттыру жолдары
- •2. Өнімнің бәсеке қабілеттілік факторы
- •1. Кәсіпорын пайдасы мен кірісі
- •2. Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері
- •3. Рентабельділік көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тарау. Кәсіпорынның қаржысы
- •1. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •2. Кәсіпорындардың қаржы қорлары
- •3. Кәсіпорындардың қаржы менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Автор түп нұсқаларынан басылған
4. Өндірістік бағдарлама дайындау
Өндірістік бағдарлама - кәсіпорын жоспарының маңызды бөлімі. Оның мазмұнын кәсіпорынның стратегиялық мақсаттары анықтайды. Бастапқысында өндірістік бағдарлама натуралдық көрінісінде жасалады, артынан құндылық күйінде, сонымен бір уақытта оның еңбек көлемі, қор көлемі және тағы басқа анықталады. Салалық ерешеліктерін ескере отырып ағымдағы стандарттарға сай келетін және өнім көлемі мен оның тұтынымдық қасиеттерін неғұрлым дәл өлшем бірліктері пайдалануы керек.
Өндірістік бағдарламаның құндылық көрсеткіштері мыналар: тауарлық, сатылатын, жалпы және таза өнім көлемдері.
Тауарлық өнім көлемі сатуға арналған дайын өнімдердің, өзінде өндірілген жартылай фабрикаттардың, сыртқа жіберуге арналған қосалқы және көмекші өндіріс өнімдерінің, сырттан тапсырыстар бойынша орындалатын өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстардың немесе кәсіпорынның өндірістік емес бөлімдерінің құнын қамтиды.
Сатылатын өнім көлемі жоспарлық кезеңде жіберуге арналған және төленуге тиіс: дайын өнімдер, өзінде өндірілген жартылай фабрикаттар; басқа жаққа көрсетілген өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар, оның құрамына барлық көлік құралдары мен құрылғыларды жөндеу кіреді; өнімді сату және өзіндің күрделі құрысына және кәсіпорын балансында тұрған басқада өнеркәсіптік шаруашылықтарғы істелген жұмыстың құны ретінде анықталады.
СӨ = ТӨ+ ДӨҚб - ДӨҚа,
ДӨҚб, ДӨҚа - жыл басындағы және жыл аяғындағы дайын өнім қалдықтары.
Жалпы өнім көлемі белгіленгін мерзімде орындалуға тиіс жұмыстардың бүкіл көлемін қамтиды
ЖӨ = ТӨ - АӨҚб + АӨҚа,
АӨҚб, АӨҚа - жыл басындағы және жыл аяғындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтары.
Таза өнім көлемі тауарлық өнімнен материалдық шығындар мен амортизацияны алып тастаумен анықталады.
Таза өнім көлемі = ТӨ - МШ - А
МШ - материалдық шығындар
А – амортизация.
5. Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны
Бизнес-жоспар келесі жағдайларда жасалады:
жаңа өндірісті ұйымдастырғанда;
Кәсіпорын тұрақсыздығының себептерін талдағанда;
Сыртқы қаржылық ресурстарды қамту қажет болғанда.
Бизнес-жоспар ‑ бұл кәсіпкерлік қызметтің негізгі аспекттері суреттелетін, кәсіпкерге кездесетін басты мәселелер талданатын және оларды шешудің негізгі әдістері анықталатын құжат.
Бизнес-жоспар еркін формада жасалады, оның құрылымы мен мазмұны қатаң реттелмеген, ол 6,7,12,18 және басқа да бөлімдерден тұруы мүмкін. Ол біріншіден қаржылық-экономикалық қызметте жеңіске жетуге бағытталған. Бірақ бизнес-жоспар құрған кезде келесі шарттарға көңіл бөлу керек:
Бизнес-жоспар кәсіпқой болу керек. Оның құрамына қарап кәсіпкердің құзыретін көруге болады. Бұл құжат тұтынушыға қарапайым, түсінікті және қол жетерлік болу керек.
Бизнес-жоспар бөлімдерге (тарауларға) бөліну керек. Бірінші бөлім – кәсіпкерлік қызметтің мақсаттары мен міндеттері. Адамдарды қызықтыратын бөлімдер тез табылу керек. Ақпарат қабылдану үшін кестелерді, диаграммаларды, сызбаларды қолдану керек.
Бизнес-жоспар объективті бағалануы керек. Бұл оны еңбек ұжымының барлық мүшелерімен таныстыру, барлық есептеулерді бас бухгалтер мұқият тексеру және бизнес-жоспар бойынша тәуелсіз аудитордың қорытындысы.
Бизнес-жоспардың тартылуын бақылау керек, өйткені онда бизнес туралы құпия ақпарат бар, әр данасын нөмерлеу керек.
Біздің ойымызша құрамы және мазмұны бойынша оңтайлы бизнес-жоспар 7 бөлімнен тұру керек:
Кәсіпкерлік шартының мақсаттары мен міндеттері.
Бизнес-жоспардың негізгі параметрлері және көрсеткіштері, толықтырылған резюме.
Тұтынушыға ұсынылатын өнімнің, қызметтің, тауардың сипаттамасы.
Сату, нарығының, сұраныстың, сату көлемінің конъюктурасын бағалау және талдау.
Қызмет жоспары (бағдарламасы) және ұйымдастырушылық шаралар.
Келісім шартты ресурстық қамтамасыз ету.
Келісім шарттың (жобаның) тиімділігі.