Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кєсіпорын экономикасы учеб пос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

3. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері

Кәсіпорынның қызметінің тиімділігі кәсіпорынның дамуының жақынарадағы және болашақтағы күйін көре алудың сенімділігіне байланысты болады. Кәсіпорында жоспарлау процесі оның саясатын қалыптастырудан, қызметінің күтілетін нәтижелерін нақтылаудан, негізгі техникалық зкономикалық көрсеткіштерін есептеуден тұрады.

Жоспарлау әдістемесі деп кәсіпорын жоспарын дайындаудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын айтады. Жоспарлау әдістемесін жетілдіру жоспардың дәйектігін жоғарлатуды, прогресивті нормалармен нормативтерді, баланстық есептеулерді қолдануды, көрсеткіштер жүйесін жақсартуды білдіреді.

Жоспарларды дәйектеу прогресивті нормалармен нормативтер жүйесінің негізінде жүргізіледі.

Норма ‑ өнім немесе жұмыс бірлігіне шикізаттың, материалдардың, жанар маймен энергияның, еңбектің және т.б. абсолюттік шығындардың максималдық рұқсат етілетін шамасы.

Норматив - еңбек қаруларын, еңбек заттарын қолдану дәрежесін, оларды бөлме, көлем, салмақ бірлігіне шығындау дәрежесіне сипаттайтын салыстырмалы шама.

Нормалар мен нормативтер келесі топтарға бөлінеді:

- Тірі еңбек шығындарының нормалары мен нормативтері (бір өнім бірлігіне жұмыс уақыты, уақыт бірлігіне өнім нормасы, қызмет ету нормасы, сан нормативі;

- Материалдық шығындардың нормалары мен нормативтері;

- Еңбек құралдарын пайдалану нормативтері;

- Өндіріс процесін ұйымдастыру нормативтері (өндіріс циклінің ұзақтығы, аяқталмаған өндіріс көлемі, шикізат қоры).

Жоспардың көрсеткіштерінің жүйесіне келесі көрсеткіштер кіреді: саңдық (абсолютті өлшегіш – тауар өнімі, жұмыскерлер саны, еңбек ақы қоры, пайда т.б.), сапалық (салыстырмалы шама өндіріс тиімділігін және оның факторлары еңбек өнімділігі, қор қайтару, материал сыйымдылық, рентабельділікті көрсетеді), көлемдік үлестік. Көрсеткіштерді санау үшін натуралдық және шартты натуралдық, еңбектік, құндық. өлшегіштер қолданылады.

Стратегиялық жоспарлау - кәсіпорын қызметін оның ұзақ мерзімдегі перспективасының негізінде дайындауды білдіреді. Жоспарлау мерзімі кәсіпорын көлеміне байланысты шағын кәсіпорын үшін 3-5 жыл, ірі кәсіпорындарға 20 жыл.

Стратегияның маңызды элементтері болып:

- Кәсіпорын дамуының мақсаттарын қалыптастыру;

- Мақсатқа жетудің ережелері мен әдістерінің жиынтығын дайындау.

- Мақсатқа жетудегі ережелер мен әдістерді іске асыру үшін ресурстардың бар-жоғын анықтау

Кәсіпорынның стратегиялық мақсаттары глобалдық және локолдық болады. Жаһанды мақсат кәсіпорын профильіна байланысты, яғни кәсіпорын өндірістік па, делдалма және т.б. кәсіпорынның глобалдық мақсаты – пайданы көбейту. Локальды мақсат глобальды мақсатқа бағынады, локальдық мақсатқа жету глобальдық мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік беру керек.

Экономикалық стратегияның жаһанды және локалды мақсаты стратегияның ережелері мен әдістерін анықтайды. Олар келесілер:

- Фирманың экономикалық іс әрекетіне байланысты, яғни сыртқы ортамен қарым-қатынасы, және ол келесі сұрақты шешеді: неменені және қанша өндіру, қалай және қандай қаржымен, кімге қайда сату;

- Кәсіпорынның ішкі қатынасына байланысты, яғни кәсіпорынның бөлімдерінің деңгейіндегі функционалдық стратегия.

Экономикалық стратегияда салыстырушы болып келесілер табылады:

а) сыртқы ортада:

- тауар стратегиясы;

- баға қалыптастыру стратегиясы;

- кәсіпорынның ресурстар нарығымен қарым-қатынас стратегиясы;

- бағалы қағаздар және ақша нарығындағы стратегия;

- сыртқы эконмикалық стратегия.

б) ішкі ортада:

- шығындарды азайту стратегиясы;

- инвестициялық қызмет стратегиясы;

- кәсіпорын жұмыскерлерінің стратегиясы.

Кәсіпорынның функционалдық стратегиясының түсініктері бар, оларға:

- маркетинг стратегиясы;

- қаржы стратегиясы;

- инновация стратегиясы;

- өндіріс стратегиясы;

- ұйымдастырушы өзгерістерінің стратегиясы;

- экологиялық стратегиясы.

Функционалдық стратегия арнаулы бөлімдермен, қызметтермен құрылады. Процесс көп сатылы сипатта болады және келісу координация кезеңдерін қосады.

Кәсіпорын дамуының ағымдық жоспары бір жылға жасалады және келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Өнім өндіру және сату;

  2. Өндірістің техникалық дамуы мен ұйымдастырылуы;

  3. Өндірістің экономикалық тиімділігі;

  4. Капиталдық құрылыс;

  5. Материалдық-техникалық қамсыздандыру;

  6. Еңбек және кадрлар;

  7. Өндірістің өзіндік құны, табысы, рентабельділігі;

  8. Қаржылық жоспар;

  9. Әлеуметтік даму;

  10. Қоршаған ортаны қорғау.

Ағымдық жоспарлаудың аяқтаушы сатысы болып жедел-өндірістік жоспарлау саналады, оның шеңберінде өндірістік бағдарлама нақтыланады, бөлімшелерге жоспарлық тапсырыстардың уақтылы жеткізілуі қамтамасыз етіледі.

Жедел - өндірістік жоспарлау екі сатыда жүргізіледі:

  1. Өндірістік бағдарлама негізінде біршама қысқа мерзімге жоспарлар жасалады (1 айдан 1 сағатқа дейін);

  2. Берілген режимнен ауытқуларды анықтап, жою арқылы жоспардың орындалуын үздіксіз есептеу және бақылау. Оны диспетчерлеу деп атайды.