Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кєсіпорын экономикасы учеб пос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

4. Нарықтық экономикада шағын кәсіпкерліктің ролі

Әркім бақытты және табысты болғысы келеді. Әрекетшіл, осы өмірде әлдебір нәрсеге қол жеткізуді қалайтын адамдар үшін бұл ұғымдар бір-ақ нәрсені білдіреді. Себебі алға қойылған мақсаттарға қол жеткізіп, өзге адамдардың құрметіне бөленген кезде (табысқа жету), өз-өзіңді қанағаттанған, өз-өзіңе сенімді, қанаттанған күйде сезінесің (бақыт).

Қазақстанның қазіргі кезеңдегі дамуы өзінің кәсіпкерлік қабілетін байқап көргісі келетін кез келген адамға көптеген мүмкіндіктер береді. Кәсіпкерлік қабілеті бар адам мұндай қасиеттерге ие болмайтын адамнан несімен өзгешеленеді?

Көбінеки «кәсіпкер» ретінде «іскер» адам меңзеледі. Ал шындығына келгенде алғашқы ұғым екіншісіне қарағанда анағұрлым кеңірек болып келеді. Пайда әкелетін қызметпен айналысатын кәсіпкер іскер болып табылады. Егер ол пайда әкелмейтін қызметпен (мысалы, қайырымдылықпен) айналысатын болса, онда ол жай ғана кәсіпкер болып табылады.

«Кәсіпкерлік» (ағыл. business) ұғымын алғаш рет XVIII ғасырда ағылшын банкирі әрі экономисі Ричард Кантильон (1680 – 1734) қолданған болатын. Кантильон бойынша, кәсіпкерлік дегеніміз - бұл өзінде үнемі түрдегі тәуекел жағдайларында тауарлық ұсыныс пен сұраныс өзара сәйкес келтіріліп отыратын экономикалық қызмет. Кәсіпкер ретінде Кантильон өндіріс құралдарын базардан сатып алып, оларды капиталға айналдырып отыратын адамды түсінетін.

Тегі австриялық, америкалық экономист Иозеф Шумпетер (1883 – 1950) былай деп тұжырымдайтын: кәсіпкерлік дегеніміз – бұл ең алдымен өзінің нәтижесінде жаңа тауарлар жасалып отыратын жаңашылдық қызмет. Менің кәсіпкер бола алатын не бола алмайтынымды экономика деп аталатын үлкен кеңістікте қызмет ете бастаған кезде ғана білуге болады.

Кәсіпкер – өз ісін құрумен тәуекелге бас тігуге және эксперимент жасауға әзір, өз өмірін өзгерткісі келетін және көп және қажырлы түрде еңбек етуге даяр адам

Ол үшін белгілі түрдегі білімі мен дағдылары болып, жеке сипаттамалар мен жоғары мотивацияға ие болу қажет.

  • Бұл тізімдегі ең қарапайым нәрсе - білім, оны өмір сүру мен еңбек ету барысында әдебиеттерден, оқулықтардан және өзге де ақпарат көздерінен алуға болады. Білімнің көлемін арттырып отыруға болады және арттырып отыру қажет те. Оқы, оқы және оқы!

  • Дағдылар – бұл алған біліміңді практикада қолдана біру. Сіз қайсыбір іспен неғұрлым жиі айналысып отыратын болсаңыз, сол істі Сіз барған сайын жақсы атқара беретін боласыз. Дағдылар практикалық қызмет барысында қалыптасады.

  • Жеке сипаттамалар – бұл адамға индивидуум ретінде тән болып келетін, оны өзге адамнан ерекше етіп тұратын қасиеттер. Бұл бізге бизнесте себін тигізіп немесе керісінше, табысты болуға кедергі болатын нәрсе.

  • Алайда кәсіпкер үшін ең маңыздысы - мотивация. Өз өмірін өзгерткісі келу, өз ісімен айналысқысы келу, өз күші мен мүмкіншіліктеріне деген ішкі сенімі. Сіз тәуелсіз болуды қалайсыз. Сіз ақша табуды қалайсыз. Сіз отбасыңыз бен жақындарыңызды осыған сендіре аласыз. Сіз өзіңіздің табысқа жететініңізге шын сенімдісіз.

Нарықтық жағдайларда тек ірі кәсіпкерлікпен қана айналысуға болады, шағын кәсіпкерлік өмір сүруге қабілетсіз деген пікір бар. Тарих көрсетіп отырғандай, шындығына келгенде шағын бизнес ірі бизнеспен табысты түрде бәсекелесуде, себебі ол дағдарыс жағдайларында анағұрлым икемді, анағұрлым ұтқыр, анағұрлым тұрақты болып келеді және үнемі түрде дамып отыруға қабілетті.

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің шетелдік тәжірибесі кәсіпкерліктің экономикада аса маңызды міндеттерді орындап отырғанын көрсетіп отыр.

Жапон экономикасы екінші дүниежүзілік соғысынан кейін шағын және орта кәсіпорындардың арқасында жылдам қалпына келді, сөйтіп «жапондық экономикалық ғажайып» орын алды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мәліметтері бойынша әлемдік экономикада шағын кәсіпорындардың саны барлық кәсіпорындардың жалпы санының 95%-нан асады. Олардың үлесі әрекеттегілерінің 60%-нан астам бөлігін құрайды, ал олардың ЖІӨ-дегі үлесі 50% дейін жетеді. Бұл орташа әлемдік көрсеткіштер.

Ал Жапонияда мысалы, шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі компаниялардың жалпы санының 99,6%-ын, ЖІӨ-нің 55% және өнеркәсіпте қызмет ететіндер санының 80%-ын құрайды.

АҚШ-та - ЖІӨ-нің 50%-дан артық бөлігін, инновациялардың жартысынан астам бөлігін, ұлттық жұмыс күшінің 2/3 артық бөлігі шағын кәсіпкерлікте еңбек етеді.

Біздің еліміз үшін шағын бизнесті дамыту – алғашқы кезектегі міндеттердің бірі. Шағын бизнес жұмыссыздықтың азаюына, нарықтың отандық тауарлар мен қызметтерге толығуына ықпал етеді, бәсекелестік ортаны қалыптастырады, еліміздің ЖІӨ мен бюджетіне әсерін тигізеді. Ең бастысы, шағын бизнес қоғамның тұрақтылығының негізі ретінде орта тапты қалыптастырудың платформасы болып табылады.

Бүгінде Қазақстанда еңбекке жарамды белсенді тұрғындардың әрбір бесіншісі шағын және орта бизнесте еңбек етуде. Олардың шамамен алғанда тең жартысы – жеке кәсіпкерлер. Ал барлық тіркелген кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің 90% артық бөлігі шағын және орта бизнес секторына тиесілі болып келеді. Бұл тұрғыда біз орташа әлемдік көрсеткіштермен бір деңгейде келеміз. Сонымен қатар, егер шағын және орта бизнестің ЖІӨ-де алатын үлесін салыстырар болсақ, Қазақстанда – бұл шамамен 16%. Ал, мысалы, Ұлыбританияда – 52%, Италияда – 55%, Германияда – 57%. Яғни, кейін қалу еседен артық шаманы құрайды.

Егер қазақстандық шағын және орта бизнестің өнімділігін салыстырар болсақ, ол Еуропаның шағын және орта бизнесінің өнімділігінен шамамен алғанда 2 есе және анағұрлым дамыған елдердің көрсеткіштерінен 3-4 есе төмен болуда.

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің жағдайы мен мәселелері:

  • Шағын кәсіпкерліктің дамуын реттеп отыратын заңдардың кемшілігі.

  • Кәсіпкерліктің толыққанды инфрақұрылымының жоқтығы

  • Әкімшіліктік тосқауылдардың ауыртпалығы

  • Шағын және орта кәсіпкерліктегі көлеңкелі айналым

  • Сыбайлас жемқорлық

  • Кәсіпкерлікті оқыту курстарының жоқтығы

Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бағдарламалары.

Қазақстанда кәсіпкерліктің құрылу мен даму негіздері Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламаларында көрсетілген болатын. Тұңғыш рет бұл мәселелер 1990 жылдың желтоқсанында қабылданған ҚР «Қазақ КСР-дағы шаруашылық қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерлікті дамыту туралы» заңында көрінісін тапқан болатын. Кейінірек, 1992 жылдың шілде айында «Жекеменшік кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» заңы қабылданған болатын. Шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін келесі түрдегі шаралар қабылданған болатын:

  1. несие алуға арнап жеңілдік жағдайлар жасалды;

  2. өндірістік нысандар мен алаңдарды, кеңселік панажайларды ақшасын мерзімдерге бөліп төлеумен сатып алуға арнап заңды мүмкіншіліктер жасалды, сондай-ақ оларды жалға алу және сенімгерлік басқару;

  3. қызметтің басымдылықтары белгіленді;

  4. жекеменшік кәсіпкерлер мен жекеменшік кәсіпорындарды құру мен тіркеу, сондай-ақ олардың екінші деңгейдегі банктерде есепшоттар ашу рәсімі жеңілдетілді.

ҚР Экономика және сауда министрлігінің жанынан құрылған Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету департаменті үлкен рөл атқаруда, оның жанынан 2 кеңес құрылған, біріншісі нормативтік және заңнамалық актілердің жобаларын зерттеуге арнап кәсіпкерлік құрылымдардан құрылған шағын бизнесті қолдау жөніндегі кеңес, екіншісі ведомствоаралық – мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдерінен құрылған, ол Президенттің кәсіпкерлік қызметті жандандыру жөніндегі Жарлығын жүзеге асырумен айналысады.

Шағын және орта бизнесті нығайтудың қажеттігі туралы елбасы Н.Ә.Назарбаев үнемі айтуда. Мысалы, Президенттің Қазақстан халқына арналған Жолдауларының бірінде келесідегідей басты міндеттер белгіленген:

  1. Салықтық аурытпалықты азайту;

  2. Меншік мүлкі мен активтерді заңдастыру;

  3. Несиелік ресурстарға қол жеткізуді жеңілдету;

  4. Әкімшіліктік рәсімдер мен рұқсат алуды жеңілдету;

  5. Бюрократтық бассыздық пен бақылау-тексеру органдарынан қорғау;

  6. Шағын және орта бизнесті қолдаудың аймақтық орталықтарын құру, маркетингілік зерттеулерді жүргізуде көмек көрсету, біліктілігін көтеру, орталықтандырылған бухгалтерияны құру.

Шағын бизнесті қолдау мен дамыту жөніндегі агенттігі қызметінің бағыттарының біріне кәсіпкерлік бірлестіктердің өз-өзін ұйымдастыру мен кәсіби шеберлігінің деңгейін арттыру жатады. Бүгінде Қазақстанда өздерінің негізгі қызметі кәсіпкерлікті қолдау болып табылатын 200 астам қоғамдық ұйым қызмет етеді. Алайда айта кететін нәрсе, олардың қызметі әрекеттегі шағын бизнес субъектілерінің жалпы санының небәрі 4%-ын ғана қамтиды.

1992 жылдың маусым айынан бастап жыл сайын Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы өткізіліп келеді, ол экономиканың барлық саласындағы кәсіпкерлердің, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік, министрліктер мен ведомстволардың басшыларының ірі ауқымды бас қосуы болып табылады. Кәсіпкерлердің I Форумы 1992 жылдың маусым айында Қазақстан Жастар одағының қолдауымен болып өтті. Форумдарда кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының орындалуы жандандырылған түрде талқыланып отырады, кәсіпкерлерді қолдаудың нақты шаралары ұсынылып отырады.

Сонымен қатар ҚР Үкіметінің 2002 жылдың тамыз айындағы Қаулысымен ҚР Үкіметінің жанындағы Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия құрылған, ол мемлекеттік органдардың өкілдерінен (мәртебесі бірінші басшылардың орынбасарларынан төмен болмайтын), сондай-ақ өздерінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны кем дегенде үштен бір бөлігін құрайтын республикалық қоғамдық ұйымдардан құралады. Комиссияны ҚР Премьер–Министрінің орынбасары басқарады. Комиссияның негізгі мақсатына Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы» заңын жүзеге асыруға көмек көрсету жатады.

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың сараптамалық кеңестері құрылған, оларға орталық мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының жанынан құрылған жекеменшік кәсіпкерлік субъектілерінің, коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың аккредиттелген бірлестіктерінің өкілдері кіреді.

Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді күшейту мен оны дамытуды жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті 1997 жылдың наурыз айында жарлық шығарған болатын, ол «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның құрылуына негіз болды. Президенттің жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулы шығарды.

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өзінің қызметіне 1997 жылдың 18 тамызында кірісті. Қорды құрудағы негізгі мақсат: Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсіп-өркендеуіне ықпал ету, шағын бизнесті қолдауға жіберіліп отырған мемлекеттік қаржыны пайдаланудың тиімділігін арттыру. 2007 жылдың қараша айына дейін Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры өзінің негізгі мақсатына келесідегідей қызметтері мен міндеттерінің арқасында қол жеткізіп отырды:

  • жобалық қаржыландыруды дамыту: шағын бизнесті әртараптандыру мақсатында және жекелеген аудандардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшелігіне негізделумен экономиканың басымдылыққа ие салаларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін тікелей несиелендіру;

  • қаржылық лизингіні дамыту;

  • шағын несиелік ұйымдар желісін дамыту;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілерінің екінші деңгейдегі банктердің алдында кепілдік ету, міндеттемелер жүйесін дамыту;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне Қордың жүзеге асырып отырған бағдарламалары шеңберінде кеңес беру қызметтерін ұсыну.

2007 жылдың басынан бастап «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ «Қазына» тұрақты даму қорының құрамында жұмыс істей бастады. Басқару мен коммуникациялардағы бірлескен түрдегі жұмыстың жаңа принциптері мен басымдылықтары айқындылық, кәсіби шеберлік және әріптестік қағидаларына негізделумен құрылып отырды. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның мәртебесі «Даму» шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ деген атауға өзгертілді және, соның нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің тиісті уәкілеттіктердің ауқымы кеңейді. Қаржылық институттан Қор мемлекеттің бөліп отырған қаражаттарының активтерін басқару операторына айналды: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау мен ақпараттық-аналитикалық және консалтингілік қолдау жөніндегі қызметтің жаңа бағыттары әзірленіп жүзеге асырылуда.