
- •Мазмұны
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары .......................................................... 68
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу ............................................................. 80
- •1 Тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Ұлттық экономика. Қр экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымы
- •2. Нарықтың мәні. Нарық тетігі
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы
- •4. Нарықтық экономикада шағын кәсіпкерліктің ролі
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Тарау. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
- •2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
- •3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
- •4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару
- •3 Тарау. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •1. Өндірістің және өндірістік құрылымның түсінігі
- •2. Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру тәсілдері
- •3. Өндіріс факторлары және олардың қатынасы.
- •4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі қорлардың тозуы
- •3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері
- •4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері
- •5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •1. Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
- •2. Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
- •3 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
- •4. Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тарау. Айналым қорлары және кәсіпорынның айналым қаражаттары
- •1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы
- •2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау
- •3. Кәсіпорынның айналым қаражаттары және олардың құрамы
- •4. Айналым қаражаттарын нормалау. Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары
- •1. Еңбек ресурстары және жұмыс бастылық мәселесі
- •2. Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері
- •3. Кәсіпорынның қызметкерлерін жоспарлау
- •4. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу
- •1. Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі
- •2. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері
- •3. Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі
- •4. Еңбекақы төлеу қорын жоспарлау
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тарау. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •1. Инвестиция түсінігі және оның экономикадағы ролі
- •2. Инвестиция түрлері мен нақты инвестиция құрамы
- •3. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялауды таңдау және бағыттарын дәйектеу
- •4. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
- •5. Инновация ұғымы және түрлері
- •6. Инновациялық процесс кезеңдерінің жалпы сипаттары
- •7. Инновациялық процессті стратегиялық басқару
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тарау. Өнім өткізу және Өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі
- •2. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі
- •3. Өнімнің өзіндік құнын анықтаудың шетел тәжірибесі
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тарау. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Маркетинг түсiнiгi
- •2. Маркетингтің негізгі функциясы мен қағидалары
- •3. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
- •4. Өндірістік бағдарлама дайындау
- •5. Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Тарау. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1. Өнімнің бәсекелестігі: түсінігі, қажеттілігі мен оны арттыру жолдары
- •2. Өнімнің бәсеке қабілеттілік факторы
- •1. Кәсіпорын пайдасы мен кірісі
- •2. Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері
- •3. Рентабельділік көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тарау. Кәсіпорынның қаржысы
- •1. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •2. Кәсіпорындардың қаржы қорлары
- •3. Кәсіпорындардың қаржы менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Автор түп нұсқаларынан басылған
2. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі
Отандық тәжірибеде шығындарды жіктеудің келесті түрлері бар:
өндіріс түрі бойынша – негізгі және қосалқы;
өнім түрі бойынша – жеке өнімдер, бір келкі өнім түрлерінің топтары, жұмысқа, қызметке тапсырыстар;
шығындар түрі бойынша – калькуляция баптары (өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және аналитикалық есепті ұйымдастыру үшін) және шығындар элементтері (өндіріске шығындардың жобалық сметасын және шығындар есеп беруін құру үшін);
шығындардың пайда болу орны бойынша - өндіріс, участок, цех.
Калькуляция баптары және шығындардың элементтері бойынша шығындардың жіктелуін қарастырайық.
Калькуляция баптарының тізбесі, олардың құрамы және өнім, жұмыс, қызмет түрлері бойынша бөлінуі салалар бойынша анықталады. Мысал ретінде, машинақұру саласының калькуляциялық баптарын қарастырайық:
Шикізаттар мен материалдар (қалдықтарды алып тастағанда)
Сатып алынған өнімдер, жартылай фабрикаттар және біріккен кәсіпорындардың қызметтері.
Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақысы.
Қосымша өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақысы.
Өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақысынан сақтандыруға аударымдар.
Өндірісті дайындауға және игеруге кеткен шығындар.
Құрылғыны ұстауға және қолдануға кеткен шығындар.
Цехтық шығындар.
Жалпы зауыттық шығындар.
Ақаудан жоғалтулар.
Өндірістен тыс шығындар.
Бірінші 8 бабы цехтық өзіндік құнды құрайды, 10 бап - өндірістік өзіндік құн, барлық баптар өнімнің толық өзіндік құнын құрайды.
Қазіргі заманда көптеген шағын және орта кәсіпорындарда калкуляциялық баптардың қысқартылған номенклатурасын қолданады:
Тікелей есептеудегі материалдық шығындар (технологиялық мақсаттағы шикізаттар, материалдар, отын, энергия).
Еңбек ақы шығындары (тікелей есептеудегі).
Басқада тікелей шығындар.
Өндірісті басқару және қызмет ету бойынша шығындар (жанама шығындар).
Топтастыруы ұсыныстық сипатта болатын калькуляция баптарына қарағанда, өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын құратын шығындар олардың экономикалық мазмұны бойынша келесі элементтер бойынша топталады:
Материалдық шығындар (қайтарылатын қалдықтардың құнын алып тастағанда).
Еңбек ақы шығындары.
Әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар.
Негізгі қорлардың амортизациясы.
Басқада шығындар
Сонымен, шығындарды калькуляция баптары бойынша топтастыру олардың шығу орнын көрсетеді және өндірісте шығындарды калькуляциялау және есептеу, жоспарлау үшін және бір өнім бірлігін, барлық өнімдерді жүзеге асыру үшін қолданылады. Оның құрамында шығындардың кешендік баптары бар.
Шығындарды шығындардың элементтері бойынша топтастыру өз құрамына олардың пайда болу орнына тәуелсіз шығындалған экономикалық элеметтерді қосады. Бұл тікелей шығындар болып табылады.
3. Өнімнің өзіндік құнын анықтаудың шетел тәжірибесі
Дамыған елдерде соңғы 35-40 жылда калькуляциялық баптардың шектелген, қысқартылған номенклатурасы бойынша өнім өндіру шығынын есептеудің әдісі кең қолданылады. Шығынға тек ауыспалы шығындар ғана кіреді: шикізат пен материал, еңбекақы төлеу, жанама шығынның ауыспалы бөлігі. Бұл шығын өндірістік іс-әрекет көлемінің қызметі ретінде қаралады.
Тұрақты шығын дегеніміз аталмыш кезеңде сомасы өнімді өндіру мен өткізу көлемі мен құрылымына тәуелді болмайтын шығындар танылады.
Тұрақты шығын екі топқа бөлінеді: қалдықтық және бастапқы. Қалдықтыққа - өнімді өндіру мен өткізу, белгілі бір мерзімге тоқтатылуына қарамастан кәсіпорында болатын тұрақты шығын бөлігі жатады. Бастапқыға - өнімді өндіру мен өткізуді жаңартумен байланысты тұрақты шығын бөлігі жатады.
Екінші түрі – ауыспалы шығындар. Ауыспалы шығын дегеніміз – бұл жалпы көлемі аталмыш кезеңде өнімді өндіру мен өткізу көлемінен, сондай-ақ бірнеше өнім түрін шығару мен сату барысындағы шығындар құрылымына тікелей тәуелді болатын шығындар. Бұған шикізат, материал, жанармай, энергия сатып алу (өнім өндіру үшін қажетті), еңбекақы төлеу шығындары кіреді.
Сондай-ақ шекті шығындар болады. Шекті шығын дегеніміз өндіру мен сату көлемінің бірден артық өнім бірлігіне өзгеру нәтижесінде туындаған өсім шығынының немесе қысқару шығынының бір өнім бірлігіне өзгергендегі орташа шамасы болып табылады. Шетел кәсіпорындары мен фирмаларында отандық тәжірибеге ұқсас экономикалық элементі мен шығын баптары бойынша өндіріс шығынының топтастырылуы қолданылады. Экономикалық элементтер бойынша шығын тобына шикізат, материал, жанармай, энергияны сатып алу шығыны, жұмыскерге еңбеакақы төлеу шығыны, негізгі капитал амортизациясы (негізгі қор), пайызды төлеу бойынша шығын және өзге де шығындар (ғимаратты жалға алу, сақтандыру жарналары, көлік шығындары, басқа ұйым қызметтері, жарнама) кіреді.
Шығын құрамы келесі баптарға топтастырылады:
«Материалдар». Бұл бап шығынның маңызды бабын құрайды. Оларға шикізатты, материалды, негізгі және қосымша материалды, жартылай фабрикатты сатып алуға кеткен шығындар жатады.
«Еңбекақы төлеу». Бұған жұмыскер мен әкімшілік персоналдың еңбекақы қоры кіреді. Мерзімдік еңбекақы төлеу – жұмыскер өндірген өнім саны жеке күш салулардан тәуелді болмаған (мысалы, конвейірлі линияларда); шығарылған өнім сапасын анықтау мен орындалған жұмыс көлемін есептеу мүмкін емес болған жағдайда қолданылады. Кесімді еңбекақы жұмыскерді жоғары өнімділікке қол жеткізуіне ынталандырады, бұл жұмыскерге де, сондай-ақ кәсіпорынға да тиімді.
«Ғимаратты жалға алғаны үшін төленетін ақы». Бұл шығынның салыстырмалы маңызды бабы. Егер кәсіпорын немесе фирма ғимаратты жалға алса, онда осы бап бойынша шығын көлемі жалгерлік ақының жалпы көлеміне тең. Егер де ғимарат кәсіпорынның (фирманың) өзінікі болса, онда оның пайдалану үшін төлем бірқатар баптардан тұрады: ипотекалы, берешек бойынша төлем, қозғалмайтын мүлік салығы, сақтандыру, пайдалану шығыны, сондай-ақ жоғалтқан мүмкіндіктер тұрғысынан – аталмыш қозғалмайтын мүлікке салынған меншік капиталынан түсетін пайыздар.
«Амортизация». Шетел кәсіпорындарында (фирмада) амортизация деп негізгі капиталды бірнеше рет пайдалану мерзіміне, сатып алудың бір уақыттық шығындарын бөлу жолымен қалыптасатын тұрақты шығындар бөлігі түсіндіріледі. Мұнда амортизация көлемін есептеудің бірнеше әдістері қолданылады: сызықтық амортизация, қалдық құн бойынша амортизация, өндіріс көлемі бойынша амортизация.
Амортизацияны есептеудің отандық тәжірибесіне сызықтық амортизация анағұрлым жақын. Осы әдіске сәйкес А капиталының жыл сайынғы амортизациясының көлемі мына формула бойынша есептеледі:
A = НКа.қ. ЛҚ / ҚМ
Мұнда НКа.қ. – негізгі капиталдың аталмыш элементінің бастапқы құны. Бұған негізгі капиталды сатып алу, жеткізу мен монтаждау шығыны жатады;
ЛҚ – жою құны (қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейінгі аталмыш элеметті жою құны);
ҚМ – негізгі капиталдың осы элементінің қызмет ету мерзімі (аталмыш элементті қолдану кезеңі жоспарланған уақыт).
«Өзге де шығындар». Мұнда көлікті пайдалану және жөндеу шығындары, негізгі капиталдың басқа да элементі, әртүрлі энерготасымалдағыш шығындар, өнімді сатып алушыға жеткізу шығыны, телекоммуникациялық шығындар, пошталық жиын шығындары жатқызылады. Шетел кәсіпорындарында (фирма) шығын құрылымы деп кәсіпорынның жалпы шығыны шегіндегі ауыспалы және тұрақты шығынның пайыздық арақатынасы түсіндіріледі. Осындай арақатынас бойынша белгілі қорытындылар жасалады.
Шетел кәсіпорындарында ауыспалы шығынға қатысты өнімнің өзіндік құнын жоспарлау мен есепке алу стандарт – кост әдісі бойынша жүзеге асырылады. Осы әдіс барысында негізгі қаржылық көрсеткіш болып маржиналдық пайда мен пайда танылады.
«Стандарт – кост» әдісі өндіріс көлемі мен оның шығыны арасындағы байланыс пен пропорцияларды орналастыру көлеміне байланысты өндірістің пайдасы немесе шығыны туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді, өндіріс көлемі жоғарылағанда немесе төмендегенде өнімнің өзіндік құнының өзгеруін болжамдауға мүмкіндік туады. Калькуляциялаудың осы әдісі тұрақты шығын көлемін анықтауға, оның мөлшерінің пайда сомасына ықпалын көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда маржиналдық табыс көлемінің өзгеруі неғұрлым рентабелді өнімді анықтап, шығарылатын өнім ассортиментіне уақытылы өзгеріс енгізуге жағдай жасайды. Нәтижесінде «стандарт–кост» жүйесі пайда мөлшері мен ауыспалы шығынның өзгеру ықпалынан оның ауытқу шамасын, өткізу бағасын, шығарылатын өнім құрылымын анықтауға және аталмыш талдау негізінде кәсіпорын шығынын басқару бойынша шаралар кешенін қабылдауға мүмкіндік береді.
Мұндай жүйені нарықтық экономикадағы Қазақстан жағдайында қолданған жөн. Бүгінгі күні пайданы бағаны жоғарылату арқылы емес, өнімді бәсекеге қабілетті ете отырып, оның бағасын төмендету арқылы ұлғайту керек. Өткізу нарығын жаулап алу – пайда нормасын төмендету мен жоғары пайда алу негізінде әрі арзан, әрі сапалы өнім шығару барысында ғана мүмкін болады.
Шығынсыздық нүктесі басқарушылық шешімді қабылдау үшін маңызды көрсеткіш болып табылады. Ол пайда мен шығынға ие болмайтын өндіріс немесе кәсіпорын көлемін сипаттайды.
Шетел кәсіпорындары мен фирмаларында бәсекелестер өндірісінің шығынына салыстырмалы талдау жасалады. Мұндай талдау өзінің өндіріс шығынының құрылымын бәсекелестерінің шығын құрылымымен салыстыруға, олардың басымдылығын анықтауға және осы талдау негізінде өндіріс шығынының құрылымын жақсарту мен осы шығынды төмендетуге бағытталған қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.