Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кєсіпорын экономикасы учеб пос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары

  1. Инвестиция, капиталдық салым, күрделі құрлыс дегеніміз не?

  2. Заттық құрамына қарай, әр-түрлі бағалықтарды жүзеге асыру түріне қарай, инвестициялық қызметтің объектісіне және субъектісіне қарай инвестицияның қандай түрлерін білесіздер?

  3. Капиталдық салымның ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық құрылымы дегеніміз не және олардың динамикасы қандай?

  4. Күрделі құрлыс жоспары қалай құрылады?

  5. Капиталдық салымның экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері қандай?

  6. Инновациялық іс-әрекетке байланысты ұғымдардың анықтамасын білесіз бе?

  7. Инновациялық іс-әрекеттің қандай ерекшеліктері бар?

  8. Инновациялық іс-әрекеттің инновациялардың деңгейіне байланысты қандай түрлері бар?

  9. Инновациялық іс-әрекеттің сипатына байланысты қандай түрлері бар?

  10. Инновациялық іс-әрекеттің нарыққа шығуына байланысты қандай түрлері бар?

  11. Инновациялық іс-әрекеттің бәсеке қабілеттілігіне байланысты қандай түрлері бар?

  12. Инновациялық іс-әрекеттің қандай кезеңдері бар?

  13. Инновациялық іс-әрекеттің кезеңдері бойынша қаржыландыру ерекшелігі қандай?

  14. Кәсіпорынның инновациялық стратегиясы және оның негізгі түрлері қандай?

  15. Капитал салымдарын бағалаудың қандай дисконтталмаған әдістерін білесіз

  16. Капитал салымдарын бағалаудың қандай дисконтталған әдістерін білесіз

  17. Таза келтірілген құн әдісінің мәні неде

  18. Таза келтірілген құн әдісі мен табыстылықтың ішкі ставкасы әдісін салыстырыңыз

10 Тарау. Өнім өткізу және Өндіріс шығындары

      1. Шығындар түсінігі

      2. Өнім өндіруге шығындардың жіктелуі

      3. Өндіріс шығындарын анықтаудың шетел тәжірибесі

1. Шығындар түсінігі

Шығын – белгілі-бір уақыт кезеңіндегі өнімді өндіру және сатуға кеткен материалдың, еңбек, қаржы, табиғи, ақпараттық және басқа да ресурс түрінің құндылығының ақшалай бағасы. Осы анықтамадан көрініп тұрғандай шығындар былайша сипатталады:

  1. әртүрлі ресурстарды өлшеу принципін қамтамасыз ететін ресурстың ақшалай бағасын;

  2. мақсатты қойылымы (жалпы өнімнің өндірісі мен оны сатумен немесе осы процестің қандай-да бір кезеңімен байланысты);

  3. белгілі бір уақыт кезеңімен, яғни белгілі бір уақыт кезеңіндегі өнімге бөлінген кезең. Шығынның тағы да бір негізгі қасиеті: егерде шығын өндіріске қатыстырылмаса және сол өнімге жұмсалмаса, онда шығын шикізат, материал және басқа да қорға, аяқталмаған өндіріс қорына, дайын өнім және т.б. қорына айналады. Сондықтан да шығынның қорсыйымдылық қасиеті болады және мұндай жағдайда ол кәсіпорынның активіне жатқызылады.

«Шығыс» ұғымының анықтамасы «Ұйымның бухгалтерлік есебі жөніндегі жағдайда» және ҚР Салық кодексінде қарастырылған. ҚР Салық кодексіне сәйкес шығысқа салық төлеушілермен жүзеге асырылған негізделген және құжатпен бекітілген шығындар жатады. Негізделген шығыстар дегеніміз – құны ақшалай формада көрсетілген, экономикалық мойындалған шығындар. Құжатпен бекітілген шығындар дегеніміз – ҚР заңнамасына сәйкес толтырылған, құжатпен бекітілген шығындар. Жалпы «шығыс» ұғымына – табыс табуға бағытталған қызметті жүзеге асыру үшін өндірілген, кез-келген шығын жатады.

Шығыс – берілген кезеңдегі өнімнің сатылуына өз құнын толық аударатын экономикалық негізделген, құжатпен бекітілген белгілі бір уақыт кезеңінің шығыны. Шығынға қарағанда шығыстың ерекшелігі – кәсіпорын активіне жатпайды және қорсыйымдылығы күйінде бола алмайды. Шығыстар тек кәсіпорын пайдасын есептеу кезінде пайда мен шығын есебінде көрініс табады.

Шығын – жалпы өнімнің өндірісі мен оның жеке элементтерін немесе өзін сатуға кеткен әртүрлі шығынның жиынтығы. Мәселен, өндіріс шығыны бұл - өндірістің материалдық, еңбек, қаржылық және басқа да ресурс түрлерінің, сондай-ақ өнімді сату шығындары. Бұдан басқа «шығын» ұғымына мамандандырылған шығын түрлері де жатады: әлеуметтік салық, ақаулық шығын, кепілдемелік жөндеулер және т.б.

Кәсіпорын шығысының жіктелуі:

  1. Шығындар жеке және қоғамдық болып бөлінеді.

Жеке – бұл нақты кәсіпорынның өнім өндіруге кеткен шығындары.

Қоғамдық – бұл барлық қоғамның өндіріске жұмсаған шығыны. Оның құрамына жеке шығындар, сонымен қатар сыртқы шығындар да кіреді.

Сыртқы шығындар деп тауар-ақшалай қатынасқа қатыспайтын өндірістік қорытындының бір бөлігі, бірақ ол адамдардың өмір сүруіне тікелей қатынасы бар (мысалы, металлургия комбинатынан шыққан түтін).

  1. Өндіріс шығындары және қолдан жіберген мүмкіндіктер шығыны (альтернативті шығындар). Бұл ресурстарды басқаша қолданғанда алынатын ұтыстармен немесе шығындармен сипатталады. Бірақ кақытты үнемдеуге, көп шығындауға болмайды. Бір қызметтегі уақыт бағалығы оның басқа қызметтегі шығынымен анықталады.

  2. Айқын және айқын емес шығындар.

Айқын (қалта) кәсіпорынға жатпайтын ресурстарды сатып алу (жұмысшылар еңбек ақысы, материалдарды жабдықтау).

Айқын емескәсіпорынға жататын ресурстарды қолданумен байланысты шығындар (шер иесіне жер, кәсіпкерге еңбек ақы, кәсіпкер капиалына пайыз).

  1. Тұрақты және өзгермелі шығындар тек қысқа уақытта қолдануға қарастырылады.