
- •Мазмұны
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары .......................................................... 68
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу ............................................................. 80
- •1 Тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Ұлттық экономика. Қр экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымы
- •2. Нарықтың мәні. Нарық тетігі
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы
- •4. Нарықтық экономикада шағын кәсіпкерліктің ролі
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Тарау. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
- •2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
- •3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
- •4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару
- •3 Тарау. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •1. Өндірістің және өндірістік құрылымның түсінігі
- •2. Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру тәсілдері
- •3. Өндіріс факторлары және олардың қатынасы.
- •4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі қорлардың тозуы
- •3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері
- •4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері
- •5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •1. Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
- •2. Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
- •3 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
- •4. Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тарау. Айналым қорлары және кәсіпорынның айналым қаражаттары
- •1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы
- •2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау
- •3. Кәсіпорынның айналым қаражаттары және олардың құрамы
- •4. Айналым қаражаттарын нормалау. Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары
- •1. Еңбек ресурстары және жұмыс бастылық мәселесі
- •2. Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері
- •3. Кәсіпорынның қызметкерлерін жоспарлау
- •4. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу
- •1. Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі
- •2. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері
- •3. Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі
- •4. Еңбекақы төлеу қорын жоспарлау
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тарау. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •1. Инвестиция түсінігі және оның экономикадағы ролі
- •2. Инвестиция түрлері мен нақты инвестиция құрамы
- •3. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялауды таңдау және бағыттарын дәйектеу
- •4. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
- •5. Инновация ұғымы және түрлері
- •6. Инновациялық процесс кезеңдерінің жалпы сипаттары
- •7. Инновациялық процессті стратегиялық басқару
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тарау. Өнім өткізу және Өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі
- •2. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі
- •3. Өнімнің өзіндік құнын анықтаудың шетел тәжірибесі
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тарау. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Маркетинг түсiнiгi
- •2. Маркетингтің негізгі функциясы мен қағидалары
- •3. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
- •4. Өндірістік бағдарлама дайындау
- •5. Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Тарау. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1. Өнімнің бәсекелестігі: түсінігі, қажеттілігі мен оны арттыру жолдары
- •2. Өнімнің бәсеке қабілеттілік факторы
- •1. Кәсіпорын пайдасы мен кірісі
- •2. Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері
- •3. Рентабельділік көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тарау. Кәсіпорынның қаржысы
- •1. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •2. Кәсіпорындардың қаржы қорлары
- •3. Кәсіпорындардың қаржы менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Автор түп нұсқаларынан басылған
6. Инновациялық процесс кезеңдерінің жалпы сипаттары
Инновациялық процесс – циклдік сипатқа ие және жеке-жеке кезеңдерге бөлінген. Бұндай ерекшілік инновациялық процестің экономикалық айналымға қатысу ұзақтығын және инновациялық өнімнің өмірлік цикілімен байланысты. Осыған орай инновациялық процесте келесі негізгі кезеңдерді немесе сатыларды қарастыруға болады.
1 – кезең. Іргелі зерттеулердің жетістіктерін экономикалық айналымға шығады
2 – кезең. Қолданбалы зерттеулер.
3 – кезең. Тәжірибелік конструкторлық жұмыстар.
4 – кезең. Алғашқы енгізулер немесе инновацияның жалпы таралуы.
5 – кезең. Кең енгізілу немесе инновацияның жалпы таралуы.
6 – кезең. Технологияны пайдалану.
7 – кезең. Инновацияның ескіруі.
Іргелі зерттеулер жаңа ғылыми білімдерді алу ірі заңдылықтарды айқындау. Іргелі зерттеулердің міндеті - әртүрлі құбылыстар арасындағы жаңа байланыстарды ашып зерттеу нысандарының даму заңдылықтарын тану.
Қолданбалы зерттеулер – алдында ашылған құбылыстар мен процестердің және іргелі зерттеулердің нәтижелерін қолдану жөніндегі мақсатты зерттеулер. Қолданбалы зерттеулер барысында ғылыми жаңалықтың техникалық мәселелерін шешу, айқындалмаған теориялық сұрақтарды қарастыру және нақты ғылыми жаңалықтарды алу болып табылады.
Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар дегеніміз – қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін жаңа техника, материал және технологияны алу, оны жетілдіру үшін жасалады. Техникалық конструкторлық жұмыстар ғылыми зерттеулердің ақырғы кезеңі. Яғни, онда лабороториялық және эксперименттік жағдайлардан өндірістік процеске көшу жүзеге асырады.
Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар кезінде: бірінші – инженерлік объект немесе техникалық жүйенің белгілі бір конструкциясы жасалады.
Екінші: жаңа объектінің идеясы мен әртүрлі нұсқаулары жасалады.
Үшінші: технологиялық процестер жасалады. Яғни, физикалық, химиялық, технологиялық және басқа да процестерді еңбек процестермен біріктіреді. Тәжерибелік конструкторлық жұмыстардың мақсаты – жаңа өнімнің үлгісін жасау және оны өндіріске немесе тұтынушыға беру үшін тиісті сараптамаларды жүргізу болып табылады. Бұл кезеңде негізгі теориялық зерттеулердің нәтижелері нақты тексеріліп, тиісті техникалық құжаттама жасалып, жаңа өнім құрастырып, сараптамадан өтеді.
Төртінші: жаңа инновациялық өнімнің өнеркәсіптік өндіру процесі қалған кезеңдері өзіне біріктіреді. Оның ішінде алғашқы енгізілу процесі, өнімнің ғылыми және өндірістік енгізілуін қамтамасыз етеді. Бұл кезеңде тәжірибелік және эксперименталдық жұмыстар жалғасады. Бірақ, олардың ауқымы өсіп, пайдалану деңгейі нақты деңгейлерге жақындайды.
Бесінші: өнеркәсіптік өндіріске енгізілу процесінің келесі кезеңі нақты өнеркәсіптік өндіріспен жаңа өнімді шығару және оны тұтынушыларға сатумен жалғасады. Яғни, алынған ғылыми нәтижелер материалдық күйге иеніп, зерттеулер өзінің логикалық қорытындысын қабылдайды.
Алтыншы: технологияны пайдалану кезеңі – алынған ғылыми нәтижелерді тиісті құжаттық безендіру арқылы басқа да өндірушілерге ноу – хау түрінде сатумен сипатталады.
Соңғы инновациялардың ескеруіне байланысты кезең инновациялардың экономикалық айналымнан шығуымен байланысты. Бұл кезең инновацияларды жалғастырудың қажеттілігін қамтамасыз етсе де, кейбір инновациялардың жойылуына алып келеді. Инновациялардың жойылуы олардың мүлдем тоқталуы емес, олардың қарапайым өнімдер қатарына ауысуын көрсетеді. Аталған инновациялық процестің өмірлік циклі шартты, обстрактілі схема болғанымен, оның практикалық интерплитациясы және созылу уақыты жүзеге асырылатын инновациялық процестерінің жеке ерекшіліктеріне байланысты болады. Бірақ та инновациялық процестің өмірлік цикліне байланысты қаржылық шығындар ара-қатынасы белгілі бір заңдылыққа тәуелді. Шығындардың көлемі кезеңнен кезеңге өткен сайын келесі тәуелділік бойынша өзгереді:
Ірг.зерт. → Қолд. ҒЗ → Тәж.-констр.жұм. → Технол.пайд. және енгізу
20 → 22 → 24 → 28