
- •Мазмұны
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары .......................................................... 68
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу ............................................................. 80
- •1 Тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Ұлттық экономика. Қр экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымы
- •2. Нарықтың мәні. Нарық тетігі
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы
- •4. Нарықтық экономикада шағын кәсіпкерліктің ролі
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Тарау. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
- •2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
- •3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
- •4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару
- •3 Тарау. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •1. Өндірістің және өндірістік құрылымның түсінігі
- •2. Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру тәсілдері
- •3. Өндіріс факторлары және олардың қатынасы.
- •4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі қорлардың тозуы
- •3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері
- •4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері
- •5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •1. Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
- •2. Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
- •3 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
- •4. Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тарау. Айналым қорлары және кәсіпорынның айналым қаражаттары
- •1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы
- •2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау
- •3. Кәсіпорынның айналым қаражаттары және олардың құрамы
- •4. Айналым қаражаттарын нормалау. Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары
- •1. Еңбек ресурстары және жұмыс бастылық мәселесі
- •2. Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері
- •3. Кәсіпорынның қызметкерлерін жоспарлау
- •4. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу
- •1. Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі
- •2. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері
- •3. Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі
- •4. Еңбекақы төлеу қорын жоспарлау
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тарау. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •1. Инвестиция түсінігі және оның экономикадағы ролі
- •2. Инвестиция түрлері мен нақты инвестиция құрамы
- •3. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялауды таңдау және бағыттарын дәйектеу
- •4. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
- •5. Инновация ұғымы және түрлері
- •6. Инновациялық процесс кезеңдерінің жалпы сипаттары
- •7. Инновациялық процессті стратегиялық басқару
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тарау. Өнім өткізу және Өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі
- •2. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі
- •3. Өнімнің өзіндік құнын анықтаудың шетел тәжірибесі
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тарау. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Маркетинг түсiнiгi
- •2. Маркетингтің негізгі функциясы мен қағидалары
- •3. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
- •4. Өндірістік бағдарлама дайындау
- •5. Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Тарау. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1. Өнімнің бәсекелестігі: түсінігі, қажеттілігі мен оны арттыру жолдары
- •2. Өнімнің бәсеке қабілеттілік факторы
- •1. Кәсіпорын пайдасы мен кірісі
- •2. Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері
- •3. Рентабельділік көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тарау. Кәсіпорынның қаржысы
- •1. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •2. Кәсіпорындардың қаржы қорлары
- •3. Кәсіпорындардың қаржы менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Автор түп нұсқаларынан басылған
5. Инновация ұғымы және түрлері
Қазіргі кәсіпорынның тиімділігі бәсеке қабілеттілігі және даму қарқындары, оның инновациялық белсенділігімен және нарықтық жаңалығы бар тауарды шығару мүмкіндігімен байланысты. Нарықтық жаңалығы бар тауарды шығару жаңа қажеттілікті қанағаттандыру үшін немесе белгілі қажеттілікті жаңа денгейде қанағаттандыруға және сол арқылы тұтынушыларға елеулі түрде арттыруға мүмкіндік береді. Осыған орай инновациялық менеджменттің негізін құрайтын инновациялық қызметке байланысты келесі ұғымдар мен терминдерді қарастыруға болады.
«Инновация» – нарықта жаңа немесе жетілдірген өнім түрінде өткізілетін немесе жаңа әрі жетілдірген техникалық процесс түрінде өндірісте қолданылатын инновациялық іс - әрекеттің ақырғы нәтижесі.
«Инновациялық іс - әрекет» - жаңашылдықтың жасалуына және практикалық жүзеге асыруына бағытталған процесс.
«Жаңашылдық» – ғылыми жаңашылдығы бар және экономикалық айналымға қатысу, сұранысқа ие, аяқталған ғылыми зерттеулер мен арнайы зияткерлік іс - әрекеттің нәтижесі.
«Технология» – материалды тасымалдаушыда жүзеге асырылған өнімді өндіру, тарату және пайдалану негізінде жатқан ғылыми – техникалық жаңашылдықтардың жиынтығы.
«Ғылыми сыйымды технология» – іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің салыстырмалы жоғары шығымдалуы негізінде жасалған маңызды және ұзақ мерзімді экономикалық даму міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған технология.
«Критикалық маңызды технология» – мемлекеттің бәсеке қабілеттілігін арттыруға бағытталған және жалпы ұлттық стратегиялық мақсаттарға сай технология.
«Инновациялық ұстану» – шаруашылық субъектісінің үздіксіз жаңашылдықтарды іздеу және өндірісті диверфикациялауға бағытталған және сол үшін қаржылық және зияткерлік потенциялдарды белсенді тарту процесі.
Негізінен иновациялық іс - әрекет өндірістік процестің құрамдас бөлігі болса да, одан ерекшеленеді. Оның ерекшеліктері келесідей:
Мақсатқа жету жолының алуан түрлілігі және анықтамағандығы нәтижесіндегі жоғарғы тәуелділік.
Нақты жоспарлау мен болжамды параметрлерге сүйену мүмкінсіздігі.
Экономикалық қатынастарда да және инновациялық процесске қатысушылардың мүдделеріне байланысты туындайтын қарсылықты жеңу қажеттілігі.
Жалпы классификациялық жүйеде инновациялардың негізгі қасиеттері мен бағыттарын келесі түрлеріне байланысты айқындауға болады.
Инновациялардың деңгейіне байланысты:
Базистік инновациялар – сала үшін принципиалды жаңа болып табылатын өнімдер мен технологиялар. Олар отандық және әлемдік тәжірибеде осыған дейін пайдаланылмаған ірі ғылыми техникалық зерттеулермен технологиялардың арқасында жаңа ұрпақтың пайда болуына негізделген.
Жетілдіру инновациялар – белгілі тауардың жасалу технологиясын немесе техникалық сипаттарын жетілдіруге бағытталған шағын және орташа өнер табыстар.
Псевдоинновациялар – ескірген техника мен технологияларды елеусіз өзгерту, көбінесе дикоративті сипатта жасалып және техникалық процесті тежейтін инновациялар.
Сипатына байланысты: 1) Өнімдік - өнімге өзгерістер енгізу немесе жаңа өнімдер шығаруға байланысты.
2) Технологиялық - өндіріс әдістерін жетілдірумен байланысты. Яғни, жаңаша өндіру немесе жаңа техника қолдану.
3) Технологиялық емес – ұйымдастырушылық – басқарушылық, қаржылық – экономикалық өзгерістер енгізу.
Нарыққа шығуына байланысты: 1) Лидер инновациялар – нарыққа жаңа өнімді шығарып, соған байланысты жоғары тәуекелдерді жеңу арқылы бәсекелестерінен басымдылық алуға бағытталған инновациялар.
2) Жалғастырушы инновациялар – инновация лидердің артынан жетілдірген өніммен шығу арқылы инновациялық іс - әрекетті жүзеге асыру.
Аталған инновациялардың бөлінуі олардың жасаушы кәсіпорындарда:
1) Пионер; 2) Қуғыншы болып келуіне бөлінеді.
Бәсеке қабілеттілігіне байланысты: 1) Стратегиялық инновациялар (преактивті) – нарықтағы басымдылыққа және жоғары пайдаларға алып келу мүмкін және “ алғашқы жүріс ” басымдылығын беретін алдын – алу сипатына ие жаңашылдықтар.
2) Бейімделуші инновациялар (реактивті) – нарықта пайда болған жаңа өнімге жауапты реакция ретінде бәсекелес лидердің артынан енгізілетін жаңашылдық. Реактивті иновациялар кәсіпорын үшін технологиялық қалыспаушылықты және бәсеке қабілеттілікті жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мәжбүрлейді.