Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кєсіпорын экономикасы учеб пос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

4. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау

Күрделі қаржылық салымдар жөнінде шешім қабылдау- бұл жобаларға инвестиция салу жөнінде ұзақ мерзімді шешімдер қабылдау.

Бұл шешімдер күрделі қаржылық салымдар сметасын жасау және олардың қайтарылу мерзімін бағалаумен байланысты. Бұл процесс келесі бағыттарды қолданылады: 1) компанияның қандай инвестициялық жобаны таңап алу керектігін анықтау үшін; 2) жобаны жүзеге асыруда компанияның жұмсауы тиіс күрделі қаржылық салымдарының жалпы сомасын анықтау; 3) жобалар қоржыны қалай қаржыландырылуы керектігін анықтау.

Күрделі қаржылық салымдарды бағалау процесі келесілер-ден тұрады: кәсіпорынның сәйкес стратегиясын, қаржыландыру-дың мүмкін бағыттарын іздеу, әрі қарай жетілдіру үшін эскиз жобаларды дайындау, бастапқы бағалау мен жүзеге асыратын варианттар негізінде жобаларды нақты жасау, варианттарды бағалау, варианттарды қабылдау немесе одан бас тарту жөнінде шешім қабылдау.

Инвестиция салуды бағалаудың дисконтталған және дисконтталмаған әдістері бар.

Дисконтталмаған әдістерге қайтару мен қайтарудың есептік коэфициенті әдістері жатады.

Қайтару әдісі салынған капиталдан алынатын ақшаның түсуі үшін қажетті уақытты анықтайды.

Егер салынған капиталдан алынатын ақшаның таза түсуі әр жыл сайын бірдей болса, онда қайтару кезеңі алғашқы инвестицияны күтілетін жыл сайынға ақшаның таза түсу сомасына бөлу арқылы анықталады.

Егер салынған капиталдан алынатын ақшаның таза түсуі әр жыл сайын бірдей болмаса, онда қайтару кезеңін анықтау үшін ақшаның таза түсуін алғашқы инвестиция қайтарылғанға дейін жинақтау керек.

Бұл әдістің кемшілігі: 1) ол ақшаның уақытша құнын керек қылмайды, 2) қайтару кезеңінен кейінгі ақшаның түсуін елемейді

Қайтарудың есептік коэфициенті әдісі есептік пайдаға негізделген және жоба бойынша орташа жылдық пайданы алғашқы инвестициялық салыимдарға бөлу арқылы анықталады Бұл әдістің кемшілігі ақшаның уақытша құнын керек қылмауы.

Инвестицияны бағалаудың дисконтталған әдістеріне таза келтірілген құн, ақша қаражатының ағынын дисконттау әдісі және табыстылықтың ішкі ставкасы әдістері жатады.

Ақша қаражатының ағынын дисконттау әдісі дегеніміз бұл ақшаның уақыт өтуіне байланысты құнының өзгеруін есепке алатын бағалау әдісі.

Ақша мен уақыттың өзара байланысы:

  • ақша пайда табу үшін жұмсалады;

  • қаржылық салымдар қайтарылатын болуы керек, және де алынатын табыс шамасы мейлінше жоғары болуы керек;

  • бүгінгі ақша әрдайым ертеңгі ақшадан қымбат тұрады.

Пайыздар дегеніміз бұл капиталды әр түрлі нысанда қарызға беруден немесе өндірістік не қаржылық сипаттағы инвестициядан алынатын табыс.

Барлық кезең ішінде әр кез бастапқы, алғашқы ақшалай сомаға қолданылатын пайызды қарапайым пайыз деп атайды.

Күрделі пайыз дегеніміз бұл негізгі сома мен откен кезеңдердің төленбеген пайызына да есептелінетін пайыз, яғни төленетін пайыз негізгі сомаға қосылып отырады.

Пайыздар әдетте жылдық ставкада көрсетіледі, бірақ есептеу кезеңі бір жылдан кем болған кезде пайыздық ставкі осы кезеңге анықталады.

Ақша қаражатының дисконтталған ағынын есептеу кезінде күрделі пайыздар принципі қолданылады.

Болашақ құн - бұл бүгін салынған ақшаның болашақта болатын құны, яғни процентке салынған солманың құны. Мысалы, инвестиция ретінде салынған қаражаттың бірнеше жылдан кейінгі болашақ құнын күрделі пайыздар процедурасын қолдана отырып анықтау үшін келесі формула қолданылады:

FV=PV (1+r)п

мұндағы: FV - n жылдан кейінгі инвестицияның болашақ құны;

PV- осы кезде салынатын сома мөлшері;

r – пайыз ставкасы, ондық бөлік түріндегі;

n – есептік кезеңдегі жыл саны.

Ағымдағы құн – бұл белгілі бір уақыттан кейін, болашақта қандай да бір соманы алу үшін бүгін инвестиция ретінде салынуға тиісті сома

Ағымдағы құнды анықтау үшін келесі формула қолданылады:

PV= FV/ (1+r) n

мұндағы: PV –осы уақыт кезеңінде салынуы тиісті сома;

FV – белгілі бір n жылдан кейінгі инвестицияның болашақ құны;

r - пайыз ставкасы, ондық бөлік түріндегі;

n - есептік кезеңдегі жыл саны.

Аннуитет - бұл белгілі бір жыл ішінде реттік төлемі арасындағы бірдей аралықтағы бірыңғай бағытталған төлемдер ағыны. Аннуитет постнумерандо (әрбір төлем кезең соңында жасалады) және аннуитет пренумерандо (әрбір төлем кезең басында жасалады) болып бөлінеді. Әдетте аннуитеттің болашақ және ағымдағы құнын анықтайды.

Аннуитеттің болашақ құны бұл аннуитетке қосылған әрбір жеке берілетін немесе алынатын төлемнің болашақ құндарының сомасы.

Аннуитеттің ағымдағы құны бұл аннуитетке қосылған әрбір жеке берілетін немесе алынатын төлемнің ағымдағы құндарының сомасы.

Ақшаның ағымдағы және болашақтағы құндарын анықтау үшін тәжірибеде дискоттау факторлары келтірілген арнайы кесте кеңінен қолданылады.

Таза келтірілген құн әдісі жобадан күтілетін ақшалай түсімді барлық келіп түсетін ақшалай мен төлемдерді осы уақытқа қажетті табыстылық ставкасын қодана отырып дисконттау арқылы анықтайды.

Таза келтірілген құн әдісі келесі сатылардан тұрады: 1) жобамен байланысты барлық релевантты ақшалай ағындардың ағымдағы құндарын есептеу; 2) жекелеген ағымдағы ағындарды жинап қосу; 3) 2 - де табылған соманы бастапқы инвестициялармен салыстыру.

Егер ағымдағы құн оң болса, онда жобаны қабылдауға болады.

Таза келтірілген құн мына формуламен анықталады:

мұндағы: NPV – таза келтірілген құн;

I0 – алғашқы инвестиция;

FV – 1 ден n дейінгі жылдарда алынатын таза ақша ағындары.

Табыстылықтың ішкі ставкасы әдісі дисконттау ставкасын анықтайды мұнда таза ақша ағындарының келтірілген құны алғашқы инвестицияларға тең, яғни жобаның таза келтірілген құны нолге тең.

Бірдей таза ақша ағындары кезінде келесілерді орындау қажет: 1) дисконттау ставкасын алғашқы инвестиция сомасын жыл сайынғы таза ақша ағынына бөлу арқылы анықтау; 2) 1-де анықталған шаманы қолдана отырып аннуитеттің ағымдағы құны кестесінен пайыздыанықтау; 3) егер табыстылықтың ішкі ставкасы табыстылықтың қажетті ставкасынен артық болса жоба қабылданады.

Бірдей емес таза ақша ағындарында табыстылықтың ішкі ставкасын (IRR) табу үшінкелесі формула қолданылады:

мұндағы: А – табыстылықтың төменгі ставкасы;

В – табыстылықтың жоғарғы ставкасы;

N – табыстылықтың төменгі және жоғарғы ставкілеріндегі таза келтірілген ақша ағындары.