
- •Мазмұны
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары .......................................................... 68
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу ............................................................. 80
- •1 Тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Ұлттық экономика. Қр экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымы
- •2. Нарықтың мәні. Нарық тетігі
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы
- •4. Нарықтық экономикада шағын кәсіпкерліктің ролі
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Тарау. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
- •2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
- •3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
- •4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару
- •3 Тарау. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •1. Өндірістің және өндірістік құрылымның түсінігі
- •2. Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру тәсілдері
- •3. Өндіріс факторлары және олардың қатынасы.
- •4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі қорлардың тозуы
- •3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері
- •4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері
- •5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •1. Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
- •2. Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
- •3 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
- •4. Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тарау. Айналым қорлары және кәсіпорынның айналым қаражаттары
- •1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы
- •2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау
- •3. Кәсіпорынның айналым қаражаттары және олардың құрамы
- •4. Айналым қаражаттарын нормалау. Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары
- •1. Еңбек ресурстары және жұмыс бастылық мәселесі
- •2. Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері
- •3. Кәсіпорынның қызметкерлерін жоспарлау
- •4. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу
- •1. Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі
- •2. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері
- •3. Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі
- •4. Еңбекақы төлеу қорын жоспарлау
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тарау. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •1. Инвестиция түсінігі және оның экономикадағы ролі
- •2. Инвестиция түрлері мен нақты инвестиция құрамы
- •3. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялауды таңдау және бағыттарын дәйектеу
- •4. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
- •5. Инновация ұғымы және түрлері
- •6. Инновациялық процесс кезеңдерінің жалпы сипаттары
- •7. Инновациялық процессті стратегиялық басқару
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тарау. Өнім өткізу және Өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі
- •2. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі
- •3. Өнімнің өзіндік құнын анықтаудың шетел тәжірибесі
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тарау. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Маркетинг түсiнiгi
- •2. Маркетингтің негізгі функциясы мен қағидалары
- •3. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
- •4. Өндірістік бағдарлама дайындау
- •5. Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Тарау. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1. Өнімнің бәсекелестігі: түсінігі, қажеттілігі мен оны арттыру жолдары
- •2. Өнімнің бәсеке қабілеттілік факторы
- •1. Кәсіпорын пайдасы мен кірісі
- •2. Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері
- •3. Рентабельділік көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тарау. Кәсіпорынның қаржысы
- •1. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •2. Кәсіпорындардың қаржы қорлары
- •3. Кәсіпорындардың қаржы менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Автор түп нұсқаларынан басылған
2. Инвестиция түрлері мен нақты инвестиция құрамы
Заттық құрамына байланысты инвестицияның келесі түрлері болады:
ақша қаражаттары (мақсатты банктік салымдар, акциялар және басқада бағалы қағаздар);
жылжымалы және қозғалмалы мүлік (ғимарат, құрылыс, құрылғы және басқада материалдық құндылықтар);
мүліктік құқық (авторлық құқық, «ноу-хау», тәжірбие және басқа да интеллектуалдық бағалықтар);
жерді және басқада табиғи ресурстарды қолдану құқығы;
басқада құндылықтар.
Инвестицияның әр-түрлі түрлерін жүзеге асыруға байланысты келесі түрлері болады:
нақты инвестициялар (құралдарды ұзақ мерзімге салу – капиталды салымдар);
қаржылық инвестициялар (бағалы қағаздарды сатып алу);
интеллектуалды инвестициялар (мамандарды курстарда дайындау, тәжірбие, лицензия, «ноу-хау» және т.б. беру).
Инвестициялық қызметтің субъектілеріне байланысты келесі түрлері болады:
азаматтар инвестициясы;
мемлекеттік емес меншіктегі кәсіпорындар инвестициялары;
мемлекеттік инвестициялар;
шет ел инвестициялары (тікелей және портфелді).
Инвестициялық қызмет объектісі бойынша инвестициялардың келесі түрлері болады:
негізгі капиталға (жаңа құрылған, қайта құрылған негізгі қорларға және т.б.);
айналым капиталына;
бағалы қағаздарға;
мақсатты ақшалай салымдар;
ғылыми-техникалық өнім;
интеллектуалды құндылықтар.
Отандық экономикада капиталдық салым деп аталатын нақты инвестициялар, келесі негізгі элементтерден тұрады:
Құрылыс-монтажды жұмыстарға шығындар – ғимараттар мен құрылыстар салу, құрылыс жерін жоспарлау және дайындау, игеру бойынша жұмыстар, технологиялық, оперативтік және құрылғылардың басқада түрлерін монтаждау;
Әр-түрлі машиналарды, механизмдерді, құрал саймандарды сатып алуға шығындар;
Капиталдық жұмыс және жобалық-іздестіру жұмыстарына, салынып жатқан кәсіпорынның дирекциясын ұстауға және техникалық бақылауға, кадрларды дайындауға және қайта дайындауға және т.б. шығындар.
Капиталдық салымдардың құрылымының белгілеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: салалық, территориялық, технологиялық, ұдайы өндірістік және меншік формасы бойынша.
Капиталдық салым жоспары кәсіпорынның даму жоспарының құрамдық бөлігі болып табылады және келесі бөлімдерден тұрады:
Өндірістік қуаттарды және объектілерді іске кіргізу бойынша жоспарлы міндеттер;
Капиталдық салымдар көлемі және олардың бағыттары, құрылымы;
Құрылыстардың және объектілердің титулдық тізімі;
Жобалық – іздестіру жұмыстарының жоспары;
Құрылыс өндірісінің және оның материалды-техникалық базасының даму жоспары;
Капиталдық салымның тиімділігінің техника – экономикалық дәйектелуі.
3. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялауды таңдау және бағыттарын дәйектеу
Экономикалық мағынада капитал салымның тікелей қорытындысы болып негізгі қорлардың жаңғырту немесе кіргізу табылады, ал соңғысы болып өндіріс көлемінің өсуі табылады.
Тиімділікті алу мен салу арасында нақты уақыт аралығы болуы мүмкін. Оны капитал салымының қатынасы бойынша кешігу алшақтығы деп атайды.
Қатаң бәсеклесте қызмет ететін кәсіпорындар үшін, бұндай кешігудің ұзақтылығы өте маңызды, және ол оның қысқаруына мүдделі. Бұл инвестициялық жобаны таңдауды дәйектеу кезеңінде шешілу керек.
Теорияда да, тәжірбиеде де инвестициялық жобаның дайындаудың нақты әдістемесі бар және оны келесі кезеңдер бойынша жүзеге асыру: инвестициялық ойдың құрылуы; инвестициялық жобаның жүзеге асыру жағдайын талдау; жобаның техника-экономикалық дәйектелуі; жерді сатып алу, жалға алу немесе бөлу; келісім шарт құжатын дайындау; құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүзеге асыру, іске қосу жұмыстарын қоса; объектіні пайдалану; экономикалық көрсеткіштердің мониторингі.
1. Инвестициялық ойдың құрылуы:
ойдың тууы және дәйектелуі;
техникалық шешімнің инновациялық, патенттік, экологиялық талдауы (техника, ресурс, қызмет объектісі);
қажет болса басқару органдарымен алдын-ала келісім жасау;
ақпараттық жабдықтауды дайындау.
2. Жобаны жүзеге асыру жағдайын талдау:
өндіруге жоспарланған өнімге сұранысты анықтау;
өнімге (қызметке) баға деңгейін анықтау (базалық, ағымдық, болжамдық);
ұсынылған инвестиция көлемін бағалау;
жобаның тиімділігін бағалау;
жобаны орындауға келісім шарт құжатын дайындау;
потенциалды инвесторға инвестициялық ұсынысты дайындау.
3. Жобаның техника-экономикалық дәйектелуі:
маркетингтік талдау жасау;
өнім шығару бағдарламасын дайындау;
шығу-рұқсат беру құжатын әзірлеу;
техникалық шешімдерді әзірлеу (бас жоспар, құрылым құрамы, қуаттарды тиеу, технологияларды сатып алу, материалдық ресурстарды қолдану);
инженерлік жабдықтау;
қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік бойынша шараларды жоспарлау;
кәсіпорында басқару жүйесінің сипаттамасы;
құрылысты ұйымдастыру сипаттамасы;
сметалық – қаржылық құжат (өндіріс шығындары, капиталдық шығындар, айналым қорларына қажеттілік, шет ел валютасына қажеттілік, клиенттерді таңдау);
жобаны жүзеге асырумен байланысты тәуекелдікті бағалау;
жобаны жүзеге асыру мерзімін бекіту;
жобаны жүзеге асыруды тоқтату шартын құру.
4. Келісім шарт құжатын құру – потенциалды инвестормен келіссөзді және жобаны жүзеге асыру бойынша тендерлік сауданы дайындау.
5. Құрлыс-монтажды жұмысты жүзеге асыру – құрылғыны іске қосу, жұмыскерлерді оқыту, өнімнің сынау партиясын шығару.
6. Объектіні пайдалану және экономикалық көрсеткіштердің мониторингі:
өнімді куәліктендіру;
сату тораптарын құру (делдалдар, диллерлер және т.б.);
сервистік қызмет көрсету орталықтарын құру;
экономикалық көрсеткіштердің ағымдағы мониторингінің жүйесі (өндіріс және сату көлемі, өндіріс және сату шығындары, өнім сапасы, пайда және т.б.).