Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кєсіпорын экономикасы учеб пос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары

  1. Тарифтік жүйе дегеніміз не? Ол қандай негізгі элементтерден тұрады?

  2. Еңбекақыны төлеуде тарифтік тор қандай рөл атқарады? Ол қалай құрылады?

  3. Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтама дегеніміз не? Ол еңбекақы жүйесінде қандай рөл атқарады?

  4. Еңбекақыны аймақтық реттеу өзіне нелерді қосады?

  5. Еңбекақыны төлеу формасының еңбекақыны төлеу жүйесінен айырмашылығы неде?

  6. Еңбекақы төлеудің кесімді формасының негізгі болып не табылады? ол қалай есептелінеді?

  7. Мерзімді еңбекақы төлеу формасының кесімдіден айырмашылығы неде?

  8. Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі бейтарифтік жүйеден қандай айырмашылығы бар?

  9. Еңбекақы төлеудегі бейтарифтік жүйеге қысқаша тоқталыңыз?

  10. Кәсіпорын жұмыскерінің орташа сағаттық, орташа күндік, орташа айлық еңбекақысы қалай есептелінеді?

9 Тарау. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты

        1. Инвестиция түсінігі және оның экономикадағы ролі

        2. Инвестиция түрлері. Нақты инвестициялар құрамы.

        3. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялауды таңдау және бағыттарын дәйектеу

        4. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау

        5. Инновация ұғымы және түрлері

        6. Инновациялық процесс кезеңдерінің жалпы сипаттары

        7. Инновациялық процессті стратегиялық басқару

1. Инвестиция түсінігі және оның экономикадағы ролі

«Инвестиция» термині to invest ағылшын етістігінен шығады және «салу» дегенді білдіреді. Инвестициялар – бұл капиталды оның кейін өсуі мақсатында салу. Инвестициялау нәтижесінде алынған капиталдың өсімі инвесторға ағымдағы кезеңде бар қаражаттардың тұтынуынан бас тартуын өтеу үшін, оған тәуекел үшін сыйақы беру және болашақ кезеңде инфляция салдарынан шығындарды толтыру үшін жеткілікті болу керек.

Инвестициялар – бұл табысты алу немесе өзге пайдалы эффектісіне жету мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтар.

Нарықтық экономикада «инвестициялар» түсінігі оған жалғыз және түбегейлі анықтама беру үшін тым кең болып табылады. Экономикалық теорияның негізгі бөлімдерінде және практикалық қызметтің түрлі облыстарында оның мазмұны өзінің ерекшеліктеріне ие болады.

Макроэкономикада инвестициялар өндірістің жаңа құралдарына (өндірістік, немесе тұрақты инвестициялар), жаңа тұрғын үйлерге инвестицияларына, және тауарлы қорлардың өсіміне шығындардан тұратын жиынтық шығындардың бөлігі болып табылады. Яғни, макроэкономикалық аспект инвестициялар – бұл ағымдағы кезеңде пайдаланылмаған, және экономикада капиталдың өсімін қамтамасыз ететін жалпы ішкі өнімнің бөлігі болуымен анықталады.

Өндіріс теориясында, және макроэкономикада толығымен, инвестициялар жаңа капиталды құрудың процесі болып табылады (өндіріс құралдарын, сонымен бірге адам капиталын қоса отырып).

Сонымен, қаржылық теорияда инвестицияны нақты немесе қаржылық активтерді алу деп түсініледі, яғни бұл, мақсаты болашақ пайдаларды алу болып табылатын бүгінгі шығындар. Аса нақтырақ айтсақ, инвестициялар – бұл белгілі бір бүгінгі құнның, мүмкін анықталмаған, болашақ құнға айрбасталуы.

Экономикалық категория ретінде инвестициялар келесілерді сипаттайды:

  • алғашқы авансталған құнның (табыс түрінде) өсімі мақасатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне салымдар;

  • инвестициялық жобаларды жүзеге асыру процесінде инвестициялық қызметтің қатысушылары арасында (құрылысшылар, мердігерлер, банктер, мемлекет және т.б.) пайда болатын ақшалай (қаржылық) қатынастар;

  • инвестициялық қызметтің процесінде пайда болатын ақшалай ағымдарын (ақша қаражаттарының келуін және кетуін) бақылау.

Инвестициялық қызмет – инвестицияларды салу және пайданы немесе өзге пайдалы эффектіні алу үшін практикалық әдістерді жүзеге асыру.

Инвестициялық цикл – нақты шаруашылық субъектінің (кәсіпорынның, шаруашылық серіктестіктің немесе қоғамдастықтың) шегінде авансталған капиталдың жылжуы, қайсысы оның инвестициялау процесінде (жобалы-сметалық құжаттылықтың дайындалуы, объектінің құрылысы және оның кейінгі эксплуатациясы) тікелей қатысуын болжайды.

Инвестициялық процесс – ішінде тапсырыс берушімен қатар басқа шаруашылық субъектілерімен (жобалаушылар, мердігерлер, банктер, құрылыс үшін материалды ресурстарды жабдықтаушылар және т.б.) бірге қатысатын ашық жүйе.

Инвестициялық портфель – бұл жүзеге асыруға жарамды инвестициялық жобалардың және түрлі қаржылық құралдырдың (бағалы қағаздардың) жиыны.

1991 жылдың 10 маусымынан «Қазақ ССР-дің инвестициялық қызметі туралы» Қазақ ССР-дің заңында инвестициялардың аса толық анықтамасы бар. Берілген заңның 1 бабына сәйкес инвестициялар өзімен қаржылық және материалды-техникалық құралдардың барлық түрлерін, сонымен бірге әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және ғылыми-техникалық эффектісінің пайдасын алу мақсатында қызметтің кәсіпкерлік және басқа да түрлерінің объектілеріне салынатын мүліктік құқықтарды және интеллектуалды құндылықтарды көрсетеді.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 8 қаңтардың «Инвестициялар туралы» заңында инвестициялар «... лизинг келісім шартына отырғаннан бастап лизингтің заттарын, сонымен бірге оларға инвестормен заңды тұлғаның жарғылық капиталына салынатын құқықтарын немесе кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын бекітілген активтердің көбюін қоса отырып мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа)». Бұнда «инвестициялық қызмет – жарғылық капиталда коммерциялық ұйымдардың қатысуы бойынша немесе кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын бекілітген активтерін көбейту немесе құру бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметі».

Экономикалық категория ретінде инвестициялар маңызды функицялардың қатарын орындайды, қайсысысыз қандай да мелекеттің экономикасының дұрыс дамуы мәнсіз болады. Макродәрежедегі инвестициялардың негізі келесілер болып табылады:

  • кеңейтілген өндірістің саясатын жүзеге асыру үшін;

  • ҒТП-ң жылдамдатылуы, отандық өнімнің бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету және сапасын жақсарту үшін;

  • қоғамдық өндірістің құрылымдық қайта құрылуы және ұлттық шаруашылықтық барлық салаларының теңдестірілген дамуы үшін;

  • өнеркәсіптің қажетті шикізат базасын құру үшін;

  • табиғи ортаны қорғау және басқа көптеген мәселелерді шешу үшін.

Макроэкономикалық ауқымда қазіргі әл-ауқаттылық жеткілікті шамада кешегі инвестициялардың нәтижесі болып табылады, өз қатарына, еңбек өнімділігінің ертеңгі өсуінің және тым жоғары әл-ауқаттылығының негізін салады. Біз тұрақты түрде – бүгінгі және ертеңгі тұтынудың арасында тұрмыз. Неғұрлым біз бүгін өндірілгеннің үлкен бөлігін сақтасақ және инвестициялайтын болсақ, соғұрлым бізде ертеңгі күнде тұтынудың көбірек мүмкіншілігі болады. Керісінше, біз қаншалықты бүгінгі ресурстарды тұтынсақ, соншалықты бізде ертеңгі тұтынудың аса жоғары деңгейі төмен болады.

Инвестициялар микродәрежеде де маңызды роль ойнайды. Бұл дәрежеде олар, біріншіден, келесі мақсаттарға жету үшін қажет:

  • өндірістің кеңейтілуі және дамуы;

  • негізгі қорлардың тым моральді және физикалық тозуын жібермеу;

  • өндірістің техникалық деңгейін жоғарлату;

  • сапаның жоғарлауы және нақты кәпорын өнімінің бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету;

  • табиғи қорғаныс шаралардың жүзеге асырылуы;

  • бағалы қағаздарды сатып алу және басқа кәсіпорындардың активтеріне қаражаттарды салу.

Соңғы нәтижеде олар болашақта кәсіпорындардың нормальді қызмет етуін қамтамасыз ету, пайданың максимизациясы және тұрақты қаржылық жағдайы үшін қажет.

Сонымен, инвестициялар маңызды экономикалық категория болып табылады және макродәрежеде сияқты, микродәрежеде де, біріншіден, қарапайым және кеңейтілген қайта өндіріс, құрылымдық қайта пайда болулар, пайданы максимизациялау және осы негізде көптеген әлеуметтік мәселелерді шешу үшін маңызды роль атқарады.

Республикадағы инвестициялық қызметтің жағдайын келесі көрсеткіштердің өсу қарқыны сипаттайды:

  • инвестициялардың жалпы көлемі;

  • жалпы ішкі өнімде (ЖІӨ) инвестициялардың үлесі;

  • инвестициялардың жалпы көлемінде қаржылық емес активтерге инвестициялардың үлесі;

  • қаржылық емес активтерге инвестициялардың көлемі.

Инвестициялық қызметтің жағдайын жанама, бірақ жеткілікті объективті түрде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсу темптері сипаттайды:

  • ұлттық табыстың;

  • ЖІӨ және ЖҰӨ;

  • өнеркәсіптік өндіріс көлемінің;

  • өнеркәсіптік өнімнің бөлек маңызды түрлерін шығарудың;

  • ауылшаруашылық өндіріс көлемінің;

  • қоғамдық еңбек өнімділігінің;

  • және басқалардың.

Инвестициялық қызметті бағалауында бұл көрсеткіштердің объективтілігі олардың өсуі инвестициялардың салымынсыз мәнсіз болатынымен байланысқан. Егер бұл көрсеткіштердің өсу темпі инвестициялардың өсу темпінен асып кетсе, онда бұл инвестицияларды қолданудың тиімділігін жоғарлату себебі және керісінше.

Инвестициялар деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне маңызды әсер етеді; оның өсу қарқынынан ұлттық экономикада көптеген макропропорциялар тәуелді болады.

Инвестициялардың тиімділігін есепке алу, талдау және жоғарлату үшін макродәрежеде сияқты, микродәрежеде де олардың ғылыми негізделген классификациясы қажет. Инвестициялардың ойластырылған және ғылыми жоспарда негізделген классификациясы тек оларды сауапты есепке алу ғана емес, сонымен бірге олардың барлық жағынан қолданылу деңгейін талдауға және бұл негізде тиімді инвестициялық саясатты жасау және іске асыру үшін объективті ақпаратты алуға мүмкіндік береді.