
- •Мазмұны
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары .......................................................... 68
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу ............................................................. 80
- •1 Тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Ұлттық экономика. Қр экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымы
- •2. Нарықтың мәні. Нарық тетігі
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы
- •4. Нарықтық экономикада шағын кәсіпкерліктің ролі
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Тарау. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
- •2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
- •3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
- •4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару
- •3 Тарау. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •1. Өндірістің және өндірістік құрылымның түсінігі
- •2. Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру тәсілдері
- •3. Өндіріс факторлары және олардың қатынасы.
- •4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі қорлардың тозуы
- •3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері
- •4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері
- •5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •1. Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
- •2. Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
- •3 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
- •4. Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тарау. Айналым қорлары және кәсіпорынның айналым қаражаттары
- •1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы
- •2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау
- •3. Кәсіпорынның айналым қаражаттары және олардың құрамы
- •4. Айналым қаражаттарын нормалау. Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары
- •1. Еңбек ресурстары және жұмыс бастылық мәселесі
- •2. Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері
- •3. Кәсіпорынның қызметкерлерін жоспарлау
- •4. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу
- •1. Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі
- •2. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері
- •3. Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі
- •4. Еңбекақы төлеу қорын жоспарлау
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тарау. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •1. Инвестиция түсінігі және оның экономикадағы ролі
- •2. Инвестиция түрлері мен нақты инвестиция құрамы
- •3. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялауды таңдау және бағыттарын дәйектеу
- •4. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
- •5. Инновация ұғымы және түрлері
- •6. Инновациялық процесс кезеңдерінің жалпы сипаттары
- •7. Инновациялық процессті стратегиялық басқару
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тарау. Өнім өткізу және Өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі
- •2. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі
- •3. Өнімнің өзіндік құнын анықтаудың шетел тәжірибесі
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тарау. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Маркетинг түсiнiгi
- •2. Маркетингтің негізгі функциясы мен қағидалары
- •3. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
- •4. Өндірістік бағдарлама дайындау
- •5. Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Тарау. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1. Өнімнің бәсекелестігі: түсінігі, қажеттілігі мен оны арттыру жолдары
- •2. Өнімнің бәсеке қабілеттілік факторы
- •1. Кәсіпорын пайдасы мен кірісі
- •2. Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері
- •3. Рентабельділік көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тарау. Кәсіпорынның қаржысы
- •1. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •2. Кәсіпорындардың қаржы қорлары
- •3. Кәсіпорындардың қаржы менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Автор түп нұсқаларынан басылған
4. Еңбекақы төлеу қорын жоспарлау
Еңбек ақы – бұл ашқалай төлем сомасы, яғни жалдамалы жұмыскерге келісім-шарт бойынша атқарған жұмысына натуралды төлем құны. «Еңбекақы» категориясы екі түрлі сипатта қолданылады: жалданған қызметкерге ол табыс, ал кәсіпорын үшін - өндірс шығынының бір бөлігі.
Жұмысшы күші шығындары еңбекақы төлемімен шектеліп қалмайды. Сондай-ақ, кәсіпорынның жұмысшы күшіне кеткен шығындарына жұмысшыларды әлеуметтік қорғау, оларды тұрғын үймен және әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, жұмысшы күшін пайдаланғаны үшін салық төлеу жатады. Кәсіпорын жұмысшы күшін пайдаланғаны үшін еңбекақы төлеу қорынан әлеуметтік салық төлейді. Кәсіпорын персоналы үшін еңбекақы оларды ынталандыру мен мотивациялаудың негізгі құралы болып табылады.
Еңбекақыны төлеу қоры – бұл жұмыскер мен қызметкердің келісім-шартқа байланысты нақты атқарған жұмысы үшін төленетін натуралды құн, барлық еңбекақы төлемдерінің жиыны. Ол құрылымы бойынша әртүрлі элементтерден тұрады (Сурет 1).
Еңбекақы төлеу шығынының жоспарлық көлемі немесе еңбекақы төлеу қоры (ЕТҚ) әртүрлі біріктірілген немесе сараланған тәсілдермен анықталады. Біріктірілген жоспарлық еңбекақы төлеу қоры (ЕТҚжос) үш тәсілмен есептеледі.
Өнімнің (жұмыстың) бірлігіне шаққандағы еңбекақы нормативі (Неңб) негізінде:
ЕТҚжос = Неңб.ақы * Qi
мұндағы, Qi – натуралды (құнды) көрсеткіштегі жоспарланған өнім көлемі
Өнім көлемінің өсімінің әрбір пайызына шаққандағы еңбекақы қорының өсімінің нормативі негізінде:
ЕТҚжос = ЕТҚбаз + ЕТҚбаз (Неңб * Ө) / 100%
мұндағы, Ө - өнім көлемінің өсімі;
Неңб - өнім көлемінің өсімінің әрбір пайызына шаққандағы еңбекақы өсімінің нормативі.
Жұмыскердің саны (Жтізім) және қосымша мен төлемдерді қоса есептегендегі орташа жылдық еңбекақы (ЕТжыл) негізінде:
ЕТҚтөл = ЕТжыл * Сое
Сурет 1 - Қызметкердің еңбекақы қорының құрамы:
1 – тікелей еңбекақы қоры: 2 – қосымша еңбекақы қоры.
Еңбекақы қорын есептеу кезінде жоғарыда келтірілген ЕТҚ әдістері жалпы кәсіпорын немесе жұмыскердің жекелеген топтары мен категориясы бойынша қолданылады. Сараланған (деталданған) ЕТҚ-ның жоспарын есептеу цех бойынша өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың категориясы мен жалпы кәсіпорын бойынша жүргізіледі және ЕТҚ тарифтік, сағаттық, күндік және айлық есептері енгізіледі.
Тарифтік ЕТҚ кесімді-жұмыскер мен мерзімді-жұмыскердің еңбекақысынан тұрады. Кесімді бағалама бойынша жоспарланған жұмыс көлемі үшін кесімді-жұмыскердің ЕТҚ келесі формуламен есептеледі:
ЕТҚкес = Р * N * K
мұндағы, Р - өнім бірлігіне шаққандағы кесімді бағалама;
N – бағдарлама бойынша өндірілген өнім саны (көлемі);
К – жоспарлық тапсырманы орындау коэффициенті.
Тарифтік ставка бойынша атқарылған жұмыс мерзіміне шаққандағы мерзімді-жұмыскердің ЕТҚ келесі формуламен анықталады:
ЕТҚмер = Н * Тст * К
мұндағы, Н – жұмыс көлемі, норма – сағат;
Тст – атқарған жұмысы үшін орташа сағаттық тарифтік ставка;
К – жоспарлық тапсырманы орындау коэффициенті.
Жоспарлық ЕТҚ алу үшін тарифтік қорға сағаттық, күндік, айлық (жылдық) ЕТҚ-на кіретін қосымша төлемдер қосылады.
Сағаттық ЕТҚ тарифтік ЕТҚ мен нақты жұмыс істеген уақыты үшін қосымша төлемдерден тұрады, атап айтсақ, түнгі уақыт, зияндылық, еңбекақы төлеудің үдемелі жүйесі бойынша төленетін төлемдерден және сыйақылық мадақтаулардан құралады.
Күндік ЕТҚ сағаттық ЕТҚ мен ішкі ауысымдық үзілістермен байланысты қарастырылған төлемдерден тұрады. Мысалы, жасөспірімдерге (18 жасқа дейін) қысқартылған жұмыс күні үшін төлемдер.
Айлық (жылдық) ЕТҚ күндік ЕТҚ мен жұмыс емес күндері үшін төлемдерден (кезекті және қосымша демалыстық, мемлекеттік міндеттемелерді орындағыны үшін төлемдерден) тұрады. ЕТҚ-ның тарифтік сомасы мен оған қосымша төлемдер негізгі еңбекақы деп аталады.
Еңбекақы төлеу шығысының құрамына (немесе еңбекақы төлеу қорына) кәсіпорынның қаржыландыру көзіне тәуелсіз барлық шығыстары (заңға сәйкес жұмыс істемеген уақыты үшін еңбекақысы сақталған ақша сомасы; ынталандырулар мен орнын толтыру сомалары) жатады.
Кәсіпорының көптеген шығыстары не еңбекақы төлеу қорына, не әлеуметтік сипаттағы төлемдерге жатқызылмайды: іс-сапарлық шығыстар, кәсіби оқуға және жұмыскерге мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалған шығыстар, мемлекеттік әлеуметтік қорға міндетті аударымдар және т.б. кеткен шығыстар.
Еңбекақы төлеу қоры айға, тоқсанға және жылға анықталады. Жеке кәсіпорында еңбекақы төлеу қоры персоналдың жеке категориясы бойынша есептеледі. Өнеркәсіп пен материалдық өндірістің басқа да салаларында еңбекақы төлеу қорын категорияларға байланысты талдау кезінде жұмыскердің сағаттық, күндік және айлық еңбекақысын ерекшелеп көрсетеді. Осыған байланысты еңбекақы төлеудің орташа деңгейі уақыт бірлігіне сәйкес есептелуі мүмкін – орташа сағаттық, орташа күндік және орташа айлық еңбекақы.
Орташа сағаттық еңбекақы (ОСЕТж) жұмыскермен атқарылған адам-сағаттың (Тас), еңбекақы төлеудің сағаттық қорына (ЕТҚс) қатынасымен анықталады.
ОСЕТж = ЕТҚс / Тас
Орташа күндік еңбекақы (ОКЕТж) жұмыскердің адам-күн есебіндегі атқарылған уақыттың (Тжк), еңбекақы төлеудің күндік қорына қатынасы арқылы анықталады.
ОКЕТж = ЕТҚкүн / Т а. күн
Орташа күндік және орташа айлық еңбекақы арасындағы өзара байланысы келесі формуламен есептеледі:
ОКЕТж = ОСЕТж * t c * K 1
мұндағы, t c - жұмыс күнінің орташа ұзақтылығы, сағат;
K 1 – еңбекақының күндізгі қорын қосымша төлемдер есебінен арттыру коэффициенті. Демек
K 1 = ЕТҚкүн / ЕТҚсағ
Орташа айлық еңбекақы (ОАЕТж) жұмыскерлердің орташа тізімдік санының (Сот) еңбекақының айлық қорына (ЕТҚай) қатынасы арқылы анықталады:
ОАЕТж = ЕТҚай / Сот
Орташа айлық және орташа күндік еңбекақы төлеу арасындағы өзара байланыс келесі формуламен анықталады:
ОАЕТж = ОКЕТж * t күн * K2 ,
Мұндағы, t күн - жұмыс кезеңінің орташа ұзақтығы, күн есебінде;
K2 - еңбекақының айлық қорын қосымша төлемдер есебінен арттыру коэффициенті. Демек
K 2 = ЕТҚай / ЕТҚкүн
Еңбекақы деңгейі арасындағы қатынасты зерттеу арқылы осы өнеркәсіптің еңбекті ұйымдастыруы мен жұмыс уақытын пайдалану дәрежесімен танысуға мүмкіндік береді. Мысалы, егерде орташа сағаттық еңбекақының өсу қарқыны, орташа күндік еңбекақының өсу қарқынымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болса, онда ол жұмыс күнін тиімді пайдаланғанын, яғни еңбекақының өсуі өнімді шығарумен тікелей байланысты төлемдер есебінен жүзеге асырылып жатқанын дәлелдейді.
Басқа категориядағы жұмыскерлердің орташа айлық (орташа жылдық) еңбекақысы олардың орташа тізімдік санының еңбекақының айлық (жылдық) қорына қатынасы арқылы анықталады. Кәсіпорында жұмыс істейтін бір жұмыскердің орташа еңбекақысы осы кезеңдегі кәсіпорын қызметкерінің орташа тізімдік санының жалпы еңбекақы қорына қатынасы арқылы анықталады.
Сондай-ақ, еңбекақының орташа деңгейі (ЕОД), жұмыскерлер саны (С) және еңбекақы төлеу қоры (ЕТҚ) арасында тәуелділік бар:
ЕТҚ = ЕОД * С
Төмендегілер арқылы еңбекақы қорына әсер ететін әр факторды талдауға болады:
еңбекақы төлеу деңгейінің өзгеруі;
өндіріс көлемінің немесе еңбек өнімділігінің өзгеруіне байланысты жұмысшылар санының өзгеруі. Еңбекақының өсуімен салыстырғанда еңбек өнімділігінің өсуінің озып кетуі өндірілген өнім құнындағы еңбекақы төлеуге кеткен шығын үлесінің төмендегенін дәлелдейді және керісінше.
Қазіргі кезде кәсіпорынның таза пайдасы мен еңбекақының бір бөлігі есебінен тұтыну қоры құрылады. Ол кәсіпорын жұмыскерінің негізгі табысы болып табылады және келесілерден тұрады:
еңбекақы төлеу қоры – барлық жұмыскердің еңбекақысын төлеу үшін есептелген қор;
табыс (дивидендтер, пайыздар) – кәсіпорын мүлкі мен еңбек ұжымы мүшелерінің салымы мен акциялары бойынша алуы;
ақшалай төлемдер мен марапаттаулар.
Жұмысшылардың орташа табысы мен орташа еңбекақысын ажыратады. Жалпы кәсіпорын бойынша жұмысшының орташа табысы тұтынуға бағытталған (еңбекақыға кеткен шығын, ақшалай төлемдер, табыстар – дивиденд, пайыз) қор сомасынан есптеледі. Жалпы кәсіпорын бойынша жұмысшының орташа еңбекақысы жұмыскерлерге төленетін еңбекақы қорынан, тізімдік құрамынан, бір жылдық еңбек қорытындысы бойынша және бір уақыттық мараппаулардан тұрады.
Сонымен қатар еңбекақылар номиналды және нақты болып бөлінеді. Номиналды – ақшалай түрдегі төленген еңбекақы. Нақты деп атқарған еңбегі үшін алған ақшаның сатып алу күші, яғни жұмысшы өзінің номиналды еңбекақысына сатып ала алатын әртүрлі тауарлар мен қызметтер саны.