
- •Мазмұны
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары .......................................................... 68
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу ............................................................. 80
- •1 Тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Ұлттық экономика. Қр экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымы
- •2. Нарықтың мәні. Нарық тетігі
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы
- •4. Нарықтық экономикада шағын кәсіпкерліктің ролі
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Тарау. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
- •2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
- •3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
- •4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару
- •3 Тарау. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •1. Өндірістің және өндірістік құрылымның түсінігі
- •2. Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру тәсілдері
- •3. Өндіріс факторлары және олардың қатынасы.
- •4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі қорлардың тозуы
- •3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері
- •4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері
- •5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •1. Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
- •2. Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
- •3 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
- •4. Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тарау. Айналым қорлары және кәсіпорынның айналым қаражаттары
- •1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы
- •2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау
- •3. Кәсіпорынның айналым қаражаттары және олардың құрамы
- •4. Айналым қаражаттарын нормалау. Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары
- •1. Еңбек ресурстары және жұмыс бастылық мәселесі
- •2. Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері
- •3. Кәсіпорынның қызметкерлерін жоспарлау
- •4. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу
- •1. Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі
- •2. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері
- •3. Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі
- •4. Еңбекақы төлеу қорын жоспарлау
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тарау. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •1. Инвестиция түсінігі және оның экономикадағы ролі
- •2. Инвестиция түрлері мен нақты инвестиция құрамы
- •3. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялауды таңдау және бағыттарын дәйектеу
- •4. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
- •5. Инновация ұғымы және түрлері
- •6. Инновациялық процесс кезеңдерінің жалпы сипаттары
- •7. Инновациялық процессті стратегиялық басқару
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тарау. Өнім өткізу және Өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі
- •2. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі
- •3. Өнімнің өзіндік құнын анықтаудың шетел тәжірибесі
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тарау. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Маркетинг түсiнiгi
- •2. Маркетингтің негізгі функциясы мен қағидалары
- •3. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
- •4. Өндірістік бағдарлама дайындау
- •5. Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Тарау. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1. Өнімнің бәсекелестігі: түсінігі, қажеттілігі мен оны арттыру жолдары
- •2. Өнімнің бәсеке қабілеттілік факторы
- •1. Кәсіпорын пайдасы мен кірісі
- •2. Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері
- •3. Рентабельділік көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тарау. Кәсіпорынның қаржысы
- •1. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •2. Кәсіпорындардың қаржы қорлары
- •3. Кәсіпорындардың қаржы менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Автор түп нұсқаларынан басылған
4. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек өнімділігі
Еңбекті мөлшерлеу – нақты өндіріс жағдайларында нақты жұмысты не операцияны орындауға максималды жіберілетін уақыт саны немесе уақыт бірлігінде дайындалатын өнімнің минималды рұқсат етілетін саны.
Кәсіпорында еңбекті мөлшерлеу – еңбекті және еңбек ақыны дұрыс ұйымдастырудың негізі.
Мөлшерлеудің тәжірибелі-статистикалық және аналитикалық әдістері бар. Ең прогрессивтісі аналитикалық, өйткені ол мөлшерді құруға ғылыми тәсілдемені ұсынады, ал тәжірибелі-статистикалық әдіс өткен кезеңде кәсіпорында болған жағдайларды бекітеді немесе тәжірибені мөлшерлеуішке жауапкершілікті артады. Аналитикалық әдіс хрономерражды, жұмыс күнінің суретін, жұмыс уақытын жоғалтудың себептерін кеңінен қолданады.
Бұлардың барлығы жұмыстың мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді – бір жұмыскер немесе жұмыскерлер тобы шығаратын бір өнім бірлігіне немесе бір өнімге немесе операцияға жұмысалған уақыт шығынын анықтауға мүмкіндік береді. Уақыт мөлшері адам-сағат немесе адам-минутта бекітіледі.
Қолмен, машиналы қолмен және машиналы жұмыстың бір өнім бірлігінің уақыт мөлшерінің құрамына келесі шығындар элементтері кіреді:
tм = tн + tқ + tқе + tд.қ.+ tдем + tүу
мұндағы:
tн – негізгі уақыт,
tқ – қосалқы уақыт,
tқе – жұмыс орнына қызмет ету уақыты,
tд.қ. – дайындық-қорытынды жұмысының уақыты,
tдем – демалыс және жеке қажеттілік уақыты,
tүу – технологиямен және өндірісті ұйымдастырумен қарастырылған жойылмайтын үзілістер уақыты.
tоу = tн + tқ
мұндағы:
tоу – оперативті уақыт.
Жұмыс орнына қызмет ету, демалыс және жеке қажеттілік уақыты оперативті уақытқа пайыз негізінде бекітіледі. Дайындық-қорытынды уақыты детальдар мен өнімдер партиясына беріледі және tн - есептеу үшін бұл уақытты партиядағы детальдар санына бөледі.
Кәсіпорында еңбек ресурстарын тиімді қолдану кәсіпорын жұмысының көрсеткішін қорытындылайтын еңбек өнімділігінің өзгеруімен мәнделеді.
Еңбек өнімділігі – еңбек өнімін өндіру жағынан адам қызметінің жемісінің нәтижесін көрсететін (материалдық және рухани игілік) экономикалық категория.
Еңбек өнімділігі бір уақыт бірлігінде шығарылатын өнім көлемімен немесе бір өнім бірлігіне кеткен еңбек шығындарымен анықталады.
ЕӨ = Q / Ш, ЕШ = Ш / Q
Мұндағы: ЕӨ – еңбек өнімділігі (уақыт бірлігіндегі өндірім),
ЕШ - өнім дайындаудың еңбек сыйымдылығы,
Q - өндіріс көлемі,
Ш – тірі еңбек шығыны.
Еңбек өнімділікті ең жақсы сипаттайтын өнімді заттай түрде өндіретін сатып алушы. Егер кәсіпорын өнімнің бірнеше түрін шығарса, онда өндірім шартты бірлікте анықталады. Ақшалай түрдегі өндірім әр-түрлі өнім шығарғанда қолданылады. Норма-сағаттағы өндірім кәсіпорын ішінде жұмыс орнында, бригадаларда, участкаларда, цехтарда анықталады.
Еңбек сыйымдылық құрамына кіретін еңбек шығындарының жауапкершілігіне байланысты ажыратылады:
технологиялық еңбек сыйымдылыққа негізгі, кесімді және уақытша жұмыскерлердің барлық еңбек шығындары кіреді (tтех.);
өндіріске қызмет көрсету еңбек сыйымдылығына барлық қосалқы жұмыскерлердің еңбек шығындары кіреді (tқе.);
өндірістік еңбек сыйымдылығына барлық жұмыскерлердің еңбек шығындары кіреді;
өндірісті басқару еңбек сыйымдылығына мамандардың, басқарушылардың және техникалық орындаушылардың еңбек шығындары кіреді (tбас);
толық еңбек сыйымдылығына жұмыскерлердің барлық категорияларының еңбек шығындары кіреді.
tп = tтех + tқе + tбас.
Еңбек өнімділігіне кәсіпорынға қатысты ішкі және сыртқы болып бөлінетін факторлар әсер етеді.
Сыртқы факторлар:
табиғи – табиғаттың қиын кездерінде (тұман, ыстық, суық, ылғал) еңбек өнімділі төмендейді;
саяси – мемлекеттің ыңғайына байланысты капитал жинағы жұмысшылар қолында, ал ол өз кезегінде еңбекке деген немқұрайлықты тудырады;
жалпы экономикалық – несиелік, салық саясаты, рұқсаттар (лицензия) мен квота жүйесі, кәсіпкерлік еркіндік және т.б.
Ішкі факторлар:
өнім, жұмыс және қызмет өндірісінің құрылымы мен көлемінің өзгеруі;
өндірісте ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану;
өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру;
жұмысшыларға әлеуметтік қызмет көрсету мен ынталандыру жүйесін жетілдіру.
Кәсіпорындағы статистикалық жұмыстың маңызды кезеңі болып еңбек өнімділігінің резервін іздеу табылады. Отандық тәжірибеде еңбек өнімділгін көтерудің резервтерінің келесі классификациялары көп тараған:
өндірістің техникалық деңгейін көтеру (өндірісті автоматтау және механикаландыру, құрылғының жаңа түрін, жаңа технологиялық үдерістерді енгізу, шикізаттың сапасын көтеру және т.б.).
өндірісті және еңбекті үйымдастыруды жақсарту (қызмет көрсету аумағын және нормасын жоғарлату, норманы орындамайтын жұмыскерлер санын қысқарту, басқару құрылымын қысқарту, есептеу жұмыстарын механикаландыру және т.б.).
сыртқы және табиғи жағдайларды өзгерту (тау-географиялық жағдайды, көмір, мұнай, кен алуды өзгерту, пайдалы заттардың құрамын өзгерту).
өндірістің құрылымдық өзгертуі (жеке өнім түрлерінің үлес салмағын өзгерту, өндірістік бағдарламаның еңбек сыйымдылығын өзгерту, сатып алынған жартылай фабрикаттардың және қосалқы өнімдердің үлесін өзгерту, жаңа өнімнің үлес салмағын өзгерту).