
- •Мазмұны
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары .......................................................... 68
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу ............................................................. 80
- •1 Тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Ұлттық экономика. Қр экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымы
- •2. Нарықтың мәні. Нарық тетігі
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы
- •4. Нарықтық экономикада шағын кәсіпкерліктің ролі
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Тарау. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
- •2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
- •3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
- •4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару
- •3 Тарау. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •1. Өндірістің және өндірістік құрылымның түсінігі
- •2. Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру тәсілдері
- •3. Өндіріс факторлары және олардың қатынасы.
- •4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі қорлардың тозуы
- •3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері
- •4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері
- •5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •1. Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
- •2. Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
- •3 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
- •4. Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тарау. Айналым қорлары және кәсіпорынның айналым қаражаттары
- •1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы
- •2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау
- •3. Кәсіпорынның айналым қаражаттары және олардың құрамы
- •4. Айналым қаражаттарын нормалау. Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары
- •1. Еңбек ресурстары және жұмыс бастылық мәселесі
- •2. Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері
- •3. Кәсіпорынның қызметкерлерін жоспарлау
- •4. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу
- •1. Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі
- •2. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері
- •3. Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі
- •4. Еңбекақы төлеу қорын жоспарлау
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тарау. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •1. Инвестиция түсінігі және оның экономикадағы ролі
- •2. Инвестиция түрлері мен нақты инвестиция құрамы
- •3. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялауды таңдау және бағыттарын дәйектеу
- •4. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
- •5. Инновация ұғымы және түрлері
- •6. Инновациялық процесс кезеңдерінің жалпы сипаттары
- •7. Инновациялық процессті стратегиялық басқару
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тарау. Өнім өткізу және Өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі
- •2. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі
- •3. Өнімнің өзіндік құнын анықтаудың шетел тәжірибесі
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тарау. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Маркетинг түсiнiгi
- •2. Маркетингтің негізгі функциясы мен қағидалары
- •3. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
- •4. Өндірістік бағдарлама дайындау
- •5. Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Тарау. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1. Өнімнің бәсекелестігі: түсінігі, қажеттілігі мен оны арттыру жолдары
- •2. Өнімнің бәсеке қабілеттілік факторы
- •1. Кәсіпорын пайдасы мен кірісі
- •2. Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері
- •3. Рентабельділік көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тарау. Кәсіпорынның қаржысы
- •1. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •2. Кәсіпорындардың қаржы қорлары
- •3. Кәсіпорындардың қаржы менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Автор түп нұсқаларынан басылған
3. Кәсіпорынның қызметкерлерін жоспарлау
Қызметкерлерді жоспарлаудың басты міндеті болып жұмыс істеушілердің оңтайлы санын, құрамы мен құрылымын анықтау табылады. Қызметкерлерге қажеттілік жұмыс істеушілердің категориясы және топтары бойынша жоспарлану керек.
Еңбек ресурсының сандық сипаттамасына мынадай көрсеткіштер жатады:
жұмысшылардың тізімдік саны;
жұмысшылардың келу тізімі;
жұмысшылардың орташа тізімдік саны.
Жұмысшылардың тізімдік саны - белгілі бір датаға жұмысқа қабылданғандар мен шығарылғандар саны тізім бойынша анықталады.
Жұмысшылардың келу тізімі – белгілі бір күнге жұмысқа келген жұмысшылар саны. Келу және тізімдік құрам арасындағы айырмашылық күндік тұрып қалу санын (демалыс, ауыруы, іс сапары) сипаттайды.
Жұмысшылардың орташа тізімдік саны – белгілі бір кезең ішінде (ай, тоқсан, жыл) жұмысшылардың орташа тізімдік санын анықтау үшін қолданылады. Ол еңбек өнімділігін, орташа еңбек ақыны, айналым коэффициентін, кадрлар ағымдылығын және де басқа бірқатар көрсеткіштерді анықтау үшін қолданылады.
Кадрлардың сапалық көрсеткіші жұмысты кәсіби және білікті атқаруына байланысты.
Кадрлардың айналымы, тұрақтылығы және ағымдылығы сәйкес коэффициенттермен сипатталады:
Карлардың жалпы айналым коэффициенті (Кж) – белгілі кезең ішіндегі жұмысшылардың орташа тізімдік санының сол кезеңдегі жұмысқа қабылданған және шыққан жұмысшылар санының қатынасына тең.
Кж = (Жқ + Жш) / Ж
Мұндағы, Жқ – белгілі кезеңдегі жұмысқа қабылданған жұмысшылар;
Жш – сол кезеңдегі жұмыстан шыққан жұмысшылар саны;
Ж – сол кезеңдегі жұмысшылардың орташа тізімдік саны.
- кадрлардың жұмыстан шығу коэффициенті (Кш) – белгілі кезең ішіндегі жұмысшылардың орташа тізімдік санының сол кезең аралығында әртүрлі себептер бойынша жалпы жұмыстан шыққан жұмысшылар санына қатынасына тең.
Кш = Жш / Ж
- жұмысқа қабылдау коэффициенті (Кқ) - белгілі кезең ішіндегі жұмысшылардың орташа тізімдік санының сол кезең аралығында жұмысқа қабылданған жұмысшылар санына қатынасымен анықталады.
Кқ = Жқ / Ж
- кадрлардың тұрақтылық коэффициенті (Кт) – есептегі кезеңдегі жұмысшылардың орташа тізімдік санының сол кезең ішінде толық жұмыс істеген жұмысшылар санына қатынасымен анықталады.
Кт = 1- (Жш / Ж)
Кадрлардың ағымдылық коэффициенті (Ка) - есептегі кезеңдегі жұмысшылардың орташа тізімдік санының сол кезең ішінде жоспардан тыс белгілері бойынша жұмыстан шыққан немесе қуылған (өз еркімен немесе еңбек тәртібін бұзғаны үшін) жұмысшылар санына қатынасымен анықталады.
Ка = Жқуыл / Ж
Негізгі жұмысшылар санының коэффициенті (Кнег) мына формуламен анықталады:
Кнег = 1- (Жкөм / Ж)
Мұндағы, Жкөм – кәсіпорынның, цехтың, учаскенің көмекші жұмысшыларының орташа тізімдік саны.
Жұмыскерлер санын анықтау негізгі жұмыскерлерге қажеттілікті анықтаудан басталады (НЖС).
НЖС = ӨБЖЕС / F *НОК
Мұндағы: НЖС - негізгі жұмыскер саны;
ӨБЖЕС - өндірістік бағдарламаның жоспарлы еңбек сыйымдылығы, (норма-сағат);
F – 1 жұмыс сағатының тиімді уақыт қоры;
НОК – жоспарланған норманы орындау коэффициенті.
Пештерге, агрегаттарға, құрылғыларға қызмет көрсететін және т.б. технологиялық үдерістерді бақылайтын негізгі жұмыскерлер саны:
НЖС = n * Снор * c * Ужосп / Ун
Мұндағы: n – жұмыс істейтін агрегаттар саны;
Снор – сменада бір агрегатқа қызмет етуге қажетті жұмыскерлер саны;
с – бір тәулікте смена саны;
Ужосп, Ун – агрегаттың бір тәуліктегі нақты, жоспарлы жұмыс уақыты.
Қосалқы жұмыскерлер санын (ҚЖС) жұмысының еңбек сыйымдылығы бойынша есептеуге болады (негізгі жұмыскерлердің формуласы сияқты) немесе
а) қызмет көрсету нормасы бойынша есептеуге болады.
ҚЖС = n * c * Ктқ / Нқ
Мұндағы: n – қызмет көрсету объектісінің саны;
Ксс – тізімдік құрамның коэффициенті
Нқ – бір жұмыскердің қызмет ету нормасы
б) жұмыс орны бойынша:
ҚЖС = Nжо * C * Ктқ
Мұндағы: Nжо – жұмыс орнының саны.
Мамандар мен техникалық орындаушылар саны ортасалалық деректер немесе кәсіпорын дайындаған норматив бойынша анықталады. Олар жұмыс түрлері және лауазымы бойынша ерекшеленуі керек.
Бастықтар саны кәсіпорынның мөлшері, оның салалық ерекшеліктерімен, басқарушылық нормаларымен анықталады.