Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кєсіпорын экономикасы учеб пос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары

  1. Кәсіпорынның айналым қорлары дегеніміз не, олардың құрамы мен құрылымы қандай?

  2. Қазіргі заман жағдайында айналым қорларды үнемдеудің экономикалық мәні неде?

  3. Өндірісте айналым қорларды қолдануды бағалау қалай жүргізіледі?

  4. Материалды ресурстарды үнемдеудің негізгі көздері қандай?

  5. Материалды ресурстарды үнемдеудің резервтерін жүзеге асыру бойынша өндірістік-техникалық және ұйымдастыру-экономикалық шаралары қандай?

  6. Айналым құралдары, экономика салалары бойынша олардың құрамы мен құрылымы дегеніміз не?

  7. Құрылу көздері бойынша айналым құралдары қалай бөлінеді?

  8. Айналым құралдарының тиімді қолданудың қандай көрсеткіштерін білесіздер?

  9. Кәсіпорынның дұрыс жұмысын ұйымдастыру үшін кәсіпорынның айналым құралдарға деген қажеттілігі қалай анықталады?

  10. Айналым құралдарының айналымдылығын тездетудің қандай жолдарын білесіздер?

7 Тарау. Еңбек ресурстары

    1. Еңбек ресурстары және жұмысбастылық мәселелері

    2. Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері

    3. Кәсіпорын қызметкерлерін жоспарлау

    4. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек өнімділігі

1. Еңбек ресурстары және жұмыс бастылық мәселесі

Еңбек ресурстары дегеніміз – экономикады жұмыс істеу үшін білімі, тәжірибесі және қажетті физикалық күші бар республика халқының бір бөлігі.

Қазіргі уақытта еңбек заңдылығына сәйкес Қазақстанда еңбекке қабілетті жастың төменгі шегі болып 16 жас, ал жоғарғысы зейнетақы алу құқығына сәйкес - 63 жас ер азаматтары үшін және 58 жас - әйел азаматтары үшін белгіленген. Кейбір адам организмінің жоғарғы психофизиологиялық жүктемесіне байланысты кәсіби қызметтің түрі үшін зейнетақылық жас 5-10 жылға дейін төмендетіледі. Бұл көп жағдайда еңбектің жағымсыз, ауыр және денсаулыққа зиян шарттарымен (мәселен, көмірді қазып алу, металды балқыту) байланысты. Көптеген дамыған мемлекеттерде жұмысқа қабілетті жастың жоғарғы шегі 64 жасты құрайды. Ал біздің Қазақстанда жоғарғы шекарасын арттыру ер азаматтардың орташа өмір сүру деңгейімен - 63 жаспен шектелген. Бірақ та еліміздегі көптеген «жеңілдетілген зейнеткерлер» бұрынғы жұмыс орнында немесе басқа жерде еңбек етуін жалғастыратын болғандықтан, еңбек ресурсының құрамында қалып отыр. Жұмыс істемейтін зейнеткер оның құрамынан алып тасталынады.

Еңбек ресурсын жұмысбастылар мен жұмыссыздардан тұратын эко-номикалық белсенді және экономикалық енжар халық деп бөлеміз. Экономикалық белсенді халық – тауар мен қызмет өндірісі үшін жұмысшы күшінің ұсынысын қамтамасыз ететін халықтың бөлігі.

Жұмысбасты адамдар екі топқа бөлінеді:

I топқа – жалданып жұмыс істейтіндер (жалдамалы жұмысшылар) жатады. Осы топқа еңбек туралы келісімнің шартына сәйкес еңбек ақы төлеуді қамтамасыз ететін;

II топқа – жалданып жұмыс жасамайтындардың барлығы жатады. Бұл топқа: жұмыс берушілер, жеке негізде жұмыс жасайтын тұлғалар жатады. Осы топ жұмыскерлерінің еңбек ақысы тауар мен қызмет өндірісінен алынатын пайдаға байланысты болады.

Экономикалық енжар (әрекетсіз) халық - экономикалық тұрғыдан белсенді халықты өлшеу үшін белгіленген жастағы жұмыспен қамтылған немесе жұмыссыз болып табылмайтын адамдар.

Еңбек ресурсының құрылымы еңбек ресурсының әртүрлі компоненттері мен сипаттамасынан тұрады:

Жынысы бойынша еңбек ресурсының көрсеткіштері кәсіби-салалық және аумақтық кескіндерде жұмысты ұсыну аясы бойынша жұмысбастылық құрылымын тиімді қалыптастыру үшін маңызы зор. Бұл көрсеткіш қоғамдық өндірістегі, үй және жеке шаруашылықтағы, оқудағы және т.б. салалардағы ерлер мен әйелдердің қатынасын анықтайды. Жынысы бойынша еңбек ресурсының құрылымы мемлекеттің аумағы мен жұмысбастылық аясы бойынша анықталады.

Жасы – жалпы халықтың ішінен еңбек ресурсын бөліп алу үшін қолданылатын көрсеткіш. Адамның физикалық және интеллектуалдық қабілеті осы критерий арқылы анықталады: адам өмірінің бастапқы кезеңі мен орта жасында олар қалыптасады және толықтырылады, ал қартаюына қарай азаяды.

Еңбек ресурсының білім көрсеткіші оқыту жылының орташа санымен, оқушылар мен студенттердің санымен, жоғарғы білімді мамандардың үлес салмағымен және т.б. анықталады. Білім деңгейі сауаттылық дәрежесін, оқу жылының орташа санымен, халықтың алған біліміне байланысты топтарға бөлумен сипатталады.

Қоғамдық топтар әртүрлі: кәсіби одақтар, жастар ұйымы, спорттық ұйымдар, мәдени, техникалық және ғылыми қоғамдар.

Кәсіпорын жұмысшыларының кәсіби құрылымы - өндіріс құралы мен жұмысшы күшінің тікелей біріккен жердегі кәсібі мен біліктілігінің қатынасы.

Қазақстан Республикасының жұмыспен қамтылған халықты экономикалық саладағы қызмет түрлері бойынша бөлінуі, мысалы: ауыл, аңшылық, орман шаруашылығы; балық аулау мен өсіру; кен өндіру және өңдеу, электр қуатын, газ бен су өндіру және бөлу; құрылыс; сауда, автомобиль, тұрмыс бұйымдарын және жеке пайдалану заттарын жөндеу; қонақ үйлер мен мейрамханалар; көлік және байланыс; білім беру және т.б.

Нарықтық экономиканың дамуына байланысты республикада жұмысбастылық мәселесі түйсіктенеді. Индустриалды-дамыған шет елдерде жұмыссыздық еңбек кезеңінде жұмысқа жарамды халықтың 5-8% құрайды.

Жұмыссыздарға ҚР-ның «Халықты еңбекпен қамту туралы» заңына сәйкес халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы, қаралып отырған кезең ішінде бір мезгілде үш негізгі критерийге жауап беретін адамдар жатады:

а) жұмыссыз болды (табысты жұмысы болмады);

ә) оны іздеумен белсенді айналысты;

б) белгілі бір кезең ішінде жұмысқа кірісуге әзір болды.

Осы аталған үш белгі «жұмыссыздық» ұғымын қалыптастырады және осы белгілердің біреуі жоқ болған жағдайда азаматты жұмыссыздарға жатқызуға болмайды.

Жұмыссыздық өндірістік қызметтің нарықтық нысаны үшін әдеттегі әлеуметтік-экономикалық құбылыс болып табылады.

Бұл үрдіс әлемдегі барлық мемлекеттерге белгілі бір дәрежеде тән. Ал, жұмыссыздықтың динамикасы, деңгейі мен құрылымы әр түрлі елдерде белгілі бір мерзім аралығында әр түрлі болады. Жұмыссыздықты талдау барысында келесі көрсеткіштерді ескеру керек:

  • толығымен жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардың ресми деңгейін (еңбек ресурстарына);

  • жұмыссыздықтың ұзақтығын.

Жұмыссыз деп – белгілі бір табысты жоқ, жұмыс іздеу мақсатында жұмысбастылық қызметіне тіркелген, сонымен бірге жұмыс іздеп жүрген және оған кірісуге дайын еңбек жасындағы азаматтар саналады.

Жұмыссыздық түрлері:

  • Технологиялық - техника мен технологияның жаңа буындарына өтуге, қол еңбегінің механизациялануы мен автоматтандырылуына байланысты.

  • Құрылымдық - көне кәсіпорындардың жабылуына, бірқатар салаларда өнім шығарудың азаюына байланысты.

  • Конверсиялық - армияның, әскери-өндірістік кешен салаларындағы қысқартыруларға байланысты.

  • Экономикалық – нарық конъюнктурасының ауытқуына, тауар өндірушілердің бәсекелестік күресте жеңілуіне байланысты. Тұрақты сипатта болады.

  • Жастар арасындағы – мектеп бітіргеннен кейін оқуға түсе алмай қалса, кәсіптік мектептерді бітіргеннен кейін.

  • Жасырын - өнім шығару үшін технологияға қажетті жұмыскерден көп жұмысшылары бар салада болады. Ол еңбек өнімділігін қысқартады және өндіріс шығындарын өсіреді.

  • Тоқырау – жұмыс істегісі келмейтіндерге және де уақытша жұмыс істей алмайтындарға байланысты. Өсу қарқыны бар.

Көптеген елдерде еңбеккерлердің және кәсіпкерлердің жарналарынан(еңбек ақыға 1-6%) құрылған жұмыспен қамту қорлары бар. Жапонияда қор жартылай бюджеттен қаржыландарылады. Жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы төленеді, минималды түрі 26 апта (Халықаралық еңбек ұйымдастыруының конвенциясы бойынша)

Жұмыста жоқ тұрғындарға көмектесу жүйесі:

  • Жұмыссыздық бойынша сақтандыру еңбек ақыға 50-60% мөлшерінде жәрдем ақы (Швецияда-80%);

  • Еңбек қызметіне байланысы жоқ көмек көрсету (мысалы жастарға мамандық алу үшін білім беру);

  • Кәсіби дайындықта өндірістік жұмыспен үйлестіретін «альтернативті білім беруге» ынталандыру (Европада кең тараған).