
- •Мазмұны
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары .......................................................... 68
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу ............................................................. 80
- •1 Тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Ұлттық экономика. Қр экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымы
- •2. Нарықтың мәні. Нарық тетігі
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы
- •4. Нарықтық экономикада шағын кәсіпкерліктің ролі
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Тарау. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
- •2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
- •3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
- •4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару
- •3 Тарау. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •1. Өндірістің және өндірістік құрылымның түсінігі
- •2. Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру тәсілдері
- •3. Өндіріс факторлары және олардың қатынасы.
- •4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі қорлардың тозуы
- •3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері
- •4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері
- •5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •1. Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
- •2. Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
- •3 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
- •4. Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тарау. Айналым қорлары және кәсіпорынның айналым қаражаттары
- •1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы
- •2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау
- •3. Кәсіпорынның айналым қаражаттары және олардың құрамы
- •4. Айналым қаражаттарын нормалау. Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары
- •1. Еңбек ресурстары және жұмыс бастылық мәселесі
- •2. Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері
- •3. Кәсіпорынның қызметкерлерін жоспарлау
- •4. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу
- •1. Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі
- •2. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері
- •3. Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі
- •4. Еңбекақы төлеу қорын жоспарлау
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тарау. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •1. Инвестиция түсінігі және оның экономикадағы ролі
- •2. Инвестиция түрлері мен нақты инвестиция құрамы
- •3. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялауды таңдау және бағыттарын дәйектеу
- •4. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
- •5. Инновация ұғымы және түрлері
- •6. Инновациялық процесс кезеңдерінің жалпы сипаттары
- •7. Инновациялық процессті стратегиялық басқару
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тарау. Өнім өткізу және Өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі
- •2. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі
- •3. Өнімнің өзіндік құнын анықтаудың шетел тәжірибесі
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тарау. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Маркетинг түсiнiгi
- •2. Маркетингтің негізгі функциясы мен қағидалары
- •3. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
- •4. Өндірістік бағдарлама дайындау
- •5. Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Тарау. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1. Өнімнің бәсекелестігі: түсінігі, қажеттілігі мен оны арттыру жолдары
- •2. Өнімнің бәсеке қабілеттілік факторы
- •1. Кәсіпорын пайдасы мен кірісі
- •2. Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері
- •3. Рентабельділік көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тарау. Кәсіпорынның қаржысы
- •1. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •2. Кәсіпорындардың қаржы қорлары
- •3. Кәсіпорындардың қаржы менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Автор түп нұсқаларынан басылған
4. Айналым қаражаттарын нормалау. Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері
Кәсіпорынның айналым қаражаттары шеңбер айналымен жасап, үнемі қозғалыста болады. Айналым саласынан олар өндіріс саласына, ал одан керісінше жылжиды. Айналым қаражаттары бір толық шеңбер айналымды жасауға кететін уақыт - айналым қаражаттарының айналу кезені деп аталады.
Бұл көрсеткіш кәсіпорындарда немесе саладағы қаражаттар қозғалысының орташа жылдамдығын сипаттайды.
Кәсіпорынның жөнді жұмыс істеуін ұйымдастыру үшін қажетті айналым қаражаттардын, экономикалық негізделген шамаларды өндеу процесі айналым қаражаттарды мөлшерлеу деп аталады.
Өндірістік босалқы қорларында, аяқталмаған өндірісте, кәсіпорын қоймаларындағы дайын өнім қалдықтарындағы айналым қаражаттары мөлшерленуі мүмкін. Басқа элементтер мөлшерленбейді.
Айналым қаржыларды мөлшерлеу процесінде айналым қаражаттардың нормасы мен нормативін анықтайды.
Айналым қаражаттардың нормасы кәсіпорындағы тауарлық материалдық қүндылықтардың ең төменгі босалқы қорларын сипаттайды және қорлану құн есебінде, деталдардың қорлану нормаларында, өнім бірлігіне келетін теңге түрінде есептеледі.
Айналым қаражаттардың нормативі. Айналым қаражаттарының нормасынын анықталған көрсеткішке көбейтіндісі арқылы анықталады. Ол теңге түрінде есептеледі.
Кәсіпорынның айналым қаражатын тиімді қолдану келесі көрсеткіштер арқылы есептеледі:
Айналым қаражаттарының айналымдылық коэффициенті (Ка):
Ка = СӨ / Қ
Мұндағы, СӨ - Сатылған өнім көлемі;
Қ – айналым қаражатының орташа қалдығы.
Айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның айналым қаражаттарының белгілі бір аралықта жасайтын айналымдар санын сипаттайды.
Формуладан көрініп тұрғандай, айналым санының артуы, не айналым құралының 1 теңгесіне шаққандағы өнімнің шығарылуын арттырады, не өнімнің осы көлеміне аз айналым құралының сомасын жұмсау керектігін көрсетеді.
Айналым қаражаттардың жүктеліну коэффиценті. Оның шамасы айналым коэффицентіне кері болып келеді. Ол сатылған өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы айналым құралының сомасын көрсетеді
Кж = Қ / Сө
Мұндағы, Кж - айналым қаражаттардың жүктеліну коэффиценті.
Айналым құралының ең негізгі функцияларының бірі оларды пайданың өндіріс активі ретінде пайдалану. Осы құралдың (капиталдың) аты айтып тұрғандай, айналымдағы олардың маңызы өте зор. Осы мақсатта айналым құралының көлемін белгілі кезең ішіндегі олардың айналымдылық санын бағалайды және кәсіпорынның қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ететін қор көлемі неше күнге жететіндігін анықтайды. Жалпы бір айналымның ұзақтығын күн есебінде мына формула бойынша анықтаймыз:
Т = К / Ка
Мұндағы, К - аралықтағы күндер саны
Айналым қаражаттарының айналым ұзақтығы неғұрлым төмен немесе олармен жасалатын айналымдар саны сатылған өнімнің сол көлемінде жоғары болса, айналым қаражаттарында қажеттілік соғұрлым аз болады, яғни олар соншама тиімді пайдаланады.
Айналым қаражаттарының айналымдығын жылдамдату эффектісі оларды қолдынудың жетілдірілуімен байланысты олардағы қажеттілікті төмендету, босатуында көрінеді. Айналым қаражаттарының босатылуының абсолютті және салыстырмалы түрі болады.
Аюсолютті босатылу айналым қаражаттарындығы қажеттіліктің тікелей төменделуін көрсетеді.
Салыстырмалы босатылу айналым қаражатының да, сатылған өнім көлемінің де өзгеруін бейнелейді. Оны анықтау үшін бұл аралықтағы сатылған өнім бойынша нақты айналымы мен өткен жылдағы күндерде айналымдығынан шығарып, есеп беру жылындағы айналым қаражаттарындағы қажеттілікті есептеу керек. Айырымы босатылған қаражаттардың сомасын береді.
Айналым қаражаттарын тиімді қолдану және олардың айналымдылығын тездету кәсіпорынның дұрыс жұмыс істеуіне және өндіріс рентабелділігін көтеруде үлкен роль ойнайды.
Қазіргі жағдайда кәсіпорынның алдыңғы қатарлы мәселелерінің бірі айналым құралының айналымдылығын жылдамдату болып табылады. Оған мынадай жолдар арқылы қол жеткізіледі:
өндірістік қордың қалыптасу кезеңінде – қордың экономикалық негізделген нормасын енгізу; шикізат, жартылай фабрикаттар, қосалқы бұйымдар және тағы да басқалардың жабдықтаушыларын тұтынушыға жақындату; жабдықтаушы мен тұтынушы арасындағы тікелей байланысты ұзақ, кеңінен пайдалану; материалдық-техникалық қамтамасыз етудің қоймалық жүйесін кеңейту, сондай-ақ көтерме сауданы материалдар мен жабдықпен қамтамасыз етуді жетілдіру; қоймадағы арту-түсіру жұмыстарын кешендік механикаландыру, автоматтандыру.
Аяқталмаған өндіріс кезеңінде – ғылыми-техникалық прогрессті жылдамдату (аз қалдықты және қалдықсыз прогрессивті техника мен технологияны енгізу); стандарттауды, унификациялауды, типизациялауды дамыту; өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру, анғұрлым арзан құрастырғыш материалды пайдалану; шикізат пен отын-энергетикалық ресурсты үнемді пайдалануды экономикалық ынталандыру жүйесін жетілдіру; жоғарғы сұранысқа ие өнімдердің үлес салмағын арттыру.
Айналыс кезеңінде - өнімді тұтынушыларды, оларды дайындаушыларға жақындату; есеп айырысу жүйесін жетілдіру; тікелей байланыс бойынша тапсырыстарды орындау, өнімді мезгілінен бұрын өндіру, үнемделген материалдан өнімді өндіру арқылы өнімді сату көлемін арттыру.