
- •Мазмұны
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары .......................................................... 68
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу ............................................................. 80
- •1 Тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Ұлттық экономика. Қр экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымы
- •2. Нарықтың мәні. Нарық тетігі
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы
- •4. Нарықтық экономикада шағын кәсіпкерліктің ролі
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Тарау. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
- •2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
- •3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
- •4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару
- •3 Тарау. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •1. Өндірістің және өндірістік құрылымның түсінігі
- •2. Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру тәсілдері
- •3. Өндіріс факторлары және олардың қатынасы.
- •4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі қорлардың тозуы
- •3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері
- •4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері
- •5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •1. Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
- •2. Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
- •3 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
- •4. Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тарау. Айналым қорлары және кәсіпорынның айналым қаражаттары
- •1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы
- •2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау
- •3. Кәсіпорынның айналым қаражаттары және олардың құрамы
- •4. Айналым қаражаттарын нормалау. Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары
- •1. Еңбек ресурстары және жұмыс бастылық мәселесі
- •2. Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері
- •3. Кәсіпорынның қызметкерлерін жоспарлау
- •4. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу
- •1. Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі
- •2. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері
- •3. Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі
- •4. Еңбекақы төлеу қорын жоспарлау
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тарау. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •1. Инвестиция түсінігі және оның экономикадағы ролі
- •2. Инвестиция түрлері мен нақты инвестиция құрамы
- •3. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялауды таңдау және бағыттарын дәйектеу
- •4. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
- •5. Инновация ұғымы және түрлері
- •6. Инновациялық процесс кезеңдерінің жалпы сипаттары
- •7. Инновациялық процессті стратегиялық басқару
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тарау. Өнім өткізу және Өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі
- •2. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі
- •3. Өнімнің өзіндік құнын анықтаудың шетел тәжірибесі
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тарау. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Маркетинг түсiнiгi
- •2. Маркетингтің негізгі функциясы мен қағидалары
- •3. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
- •4. Өндірістік бағдарлама дайындау
- •5. Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Тарау. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1. Өнімнің бәсекелестігі: түсінігі, қажеттілігі мен оны арттыру жолдары
- •2. Өнімнің бәсеке қабілеттілік факторы
- •1. Кәсіпорын пайдасы мен кірісі
- •2. Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері
- •3. Рентабельділік көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тарау. Кәсіпорынның қаржысы
- •1. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •2. Кәсіпорындардың қаржы қорлары
- •3. Кәсіпорындардың қаржы менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Автор түп нұсқаларынан басылған
2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау
Бұған материалдық ресурстардың шығындалу көрсеткіштерін және материалдық ресурстарды тиімді қолдану деңгейінің көрсеткіштері.
Материалдық ресурстардың шығындалуы—материалдық ресурстарды өндірістік тұтынуын көрсетеді.
Өндіріске шығындалу кәсіпорынның өнімді шығару бағдарламасын орындауға тікелей жұмсалған материалдық ресурстардың бүкіл санын қамтиды. Сонымен қатар материалдық ресурстар жөндеу қажеттіліктеріне, завод ішіндегі транспортқа қызмет көрсету үшін, көмекші шаруашылықты қамтамасыз етуіне, мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалады. Материалдық ресурстардын тұтыну екіге бөлінеді.
1. Материалдық ресурстарды жалпы шығындау - өндірістік бағдарламаны орындау үшін материалдық ресурстардың жалпы немесе жеке түрлерін тұтыну. Материалдық ресурстардың жалпы шығындалуы натуралды түрде есептеледі; материалдық ресурстардың әр түрлерінің жиынтық шығындалуы құндық түрде есептеледі.
Өндіріске жұмсалған материалдық ресурстардың жалпы сипаттамасын материал сыйымдылық (МС) көрсеткіші қарастырады:
МС = МШ / Q
мұндағы, МШ – жинақталған материал шығындары;
Q - өндіріс көлемі.
2. Материалдық ресурстардың нақты түрінің үлестік шығындалуы деп өндірілген жарамды өнімнің бірлігіне материалдық ресурстардың орташа шығындалуын айтады. Бұл үлестік материал сыйымдылық көрсеткіші: (МСүлес)
МСүлес = МШ / n
Мұндағы, МШ – осы нақты өнімге материал шығындары;
n – нақты өнімнің сан бірлігі.
Материал сыйымдылық көрсеткіші материалдық ресурстардың нақты түріне шығындардың көрсеткіштерімен байланысты – металл сыйымдылық, қуат сыйымдылық, отын сыйымдылық.
Материалдық ресурстардың пайдалы деңгейінің көрсеткіштері экономика салалары бойынша әр- түрлі.
3. Кәсіпорынның айналым қаражаттары және олардың құрамы
Айналым қаражаттарына кәсіпорынға қоймалар мен өндірісте өндірістік босалқы қорларды жасау үшін, жабдықтаушылар мен бюджетпен есеп айырысу үшін және жалақыны төлеу т.б. үшін қажетті ақша қаражаттарын жатқызады.
Айналым қаражаттарының құрамы деп айналым қаражаттарын құрайтын элементтердің жиынтығын айтады. Айналым қаражаттарын айналым өндірістік қорларға және айналу қорларына бөлу оларды өнім өндіру мен сату салаларында қолдану мен бөлу ерекшіліктері мен анықталады.
Өндірісте пайдаланатын айналым қаражаттарының шамасы техника және т.б. даму денгейімен айқындалады.
Айналым қаражаттарын сомасы өнімді сатып-өткізу жағдайларына байланысты болады.
Айналым қаражаттарын қалыптастыру көзі бойынша төмендегідей бөледі:
өзіндік;
қарызға алған;
Өзіндік - кәсіпорын қарамағында үнемі болатын және өзіндік ресурстар арқылы қалыптастырылатын қаражаттар.
Қарызға алған - коммерциялық банктердің кәсіпорынға несие беруі есебінен қалыптасқан құралдар..
Пайыздық түрдегі айналым құралының элементтерінің бөлек элементтері арасындағы қатынас айналым құралының құрылымы деп аталады. Олардың құрамындағы өзгешеліктер көптеген фактор көмегімен негізделеді:
кәсіпорынның мамандануы;
дайын өнімнің сапасы;
өндірістің концентрация, мамандану, көшіру және араластыру деңгейі;
ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату.
Айналым құралының құрылымына байланысты оларды пайдалануды жақсарту жолдары, әсіресе үлес салмағы анағұрлым көп элементтер бойынша қарастырылады.