
- •Мазмұны
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары .......................................................... 68
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу ............................................................. 80
- •1 Тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Ұлттық экономика. Қр экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымы
- •2. Нарықтың мәні. Нарық тетігі
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы
- •4. Нарықтық экономикада шағын кәсіпкерліктің ролі
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Тарау. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
- •2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
- •3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
- •4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару
- •3 Тарау. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •1. Өндірістің және өндірістік құрылымның түсінігі
- •2. Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру тәсілдері
- •3. Өндіріс факторлары және олардың қатынасы.
- •4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі қорлардың тозуы
- •3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері
- •4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері
- •5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •1. Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
- •2. Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
- •3 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
- •4. Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тарау. Айналым қорлары және кәсіпорынның айналым қаражаттары
- •1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы
- •2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау
- •3. Кәсіпорынның айналым қаражаттары және олардың құрамы
- •4. Айналым қаражаттарын нормалау. Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары
- •1. Еңбек ресурстары және жұмыс бастылық мәселесі
- •2. Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері
- •3. Кәсіпорынның қызметкерлерін жоспарлау
- •4. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу
- •1. Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі
- •2. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері
- •3. Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі
- •4. Еңбекақы төлеу қорын жоспарлау
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тарау. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •1. Инвестиция түсінігі және оның экономикадағы ролі
- •2. Инвестиция түрлері мен нақты инвестиция құрамы
- •3. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялауды таңдау және бағыттарын дәйектеу
- •4. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
- •5. Инновация ұғымы және түрлері
- •6. Инновациялық процесс кезеңдерінің жалпы сипаттары
- •7. Инновациялық процессті стратегиялық басқару
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тарау. Өнім өткізу және Өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі
- •2. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі
- •3. Өнімнің өзіндік құнын анықтаудың шетел тәжірибесі
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тарау. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Маркетинг түсiнiгi
- •2. Маркетингтің негізгі функциясы мен қағидалары
- •3. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
- •4. Өндірістік бағдарлама дайындау
- •5. Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Тарау. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1. Өнімнің бәсекелестігі: түсінігі, қажеттілігі мен оны арттыру жолдары
- •2. Өнімнің бәсеке қабілеттілік факторы
- •1. Кәсіпорын пайдасы мен кірісі
- •2. Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері
- •3. Рентабельділік көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тарау. Кәсіпорынның қаржысы
- •1. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •2. Кәсіпорындардың қаржы қорлары
- •3. Кәсіпорындардың қаржы менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Автор түп нұсқаларынан басылған
4. Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
Халықшаруашылығы саласы ретінде материалды-техникалық жабдықтау келесі функцияларды атқарады: тұтыну және өндіріс құралдарын бөлу және оларды нақты тұтынушыларына жеткізу. Бұл еңбек құралдары мен заттарын өндірушіден тұтынушыға шаруашылық байланыстарды оңтайландыру негізінде ауыстыру арқылы жүргізіледі.
Сонымен қатар материалды-техникалық жабдықтау тауарларды ораумен, сақтаумен, оларды тұтыну жеріне апарумен, тұтыну үдерісінде материалдарды өндірістік тұтынуға және қызмет етуге дайындауға байланысты өндірістік функцияларды да атқарады.
Басқада экономистердің айтуы бойынша материалды-техникалық жабдықтауды материалдық өндіріс саласына жатқызуға болады. Мысалы, өнімді нақты өндірістік тұтынушыға жеткізу бойынша жабдықтау саласының жұмыскерінің еңбегін өндірістік еңбекке жатқызуға негіз береді. Жабдықтау саласында еңбек мазмұны болып өндірістік қызметке жататын, өндіріс қызметі табылады.
Материалды-техникалық жабдықтауға сала ретінде келесі талаптар қойылады:
жабдықтау тұрақтылығы;
сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша жабдықтаудың тұрақтылығы;
келісім шарт шартын, тұтыну тапсырысын, жабдықтау тәртібін сақтауды орындау;
материалды-техникалық құралдар қорларын төмендету, тауарлардың айналымын тездету;
тұтынушыға қызмет түрлерін және көлемін ұлғайту;
материалды-техникалық жабдықтаудың жаңа прогрессивтік тәсілдерін іздестіру;
ресурстардың барлық түрлерін экономды және мөлшерлі қолдану;
материалды-техникалық жабдықтаудың шаруашылық айналымында қарастырылған, артық қалған ресурстарды бірнеше рет қолдануға ынталандыру;
есептен шығарылған машиналар мен құрылғылардың саймандарын және қалған бөлшектердің ресурстарын қолданудан, қалпына келтіруден кейін ресурстармен жабдықтау;
көтерме сауданы дамыту;
өндірістік негіздегі тауарлармен коммисиондық сауда;
материалды-техникалық ресурстарды алумен және жабдықтаумен байланысты қызмет көрсетуші кәсіпорындардан қысым болғызбау.
Материалды-техникалық жабдықтаудың тиімділігі халық шаруашылық және сала ішіндегі тиімділік көрсеткіштерімен анықталады.
Өндірістік жабдықтау саласының халықшаруашылық тиімділігі кәсіпорындардың өндіріс құралдарына деген сұранысты өз уақытында және кешенді қанағаттандырумен, оларды өндіріске жеткізіп беру бойынша шығындар деңгейін төмендетумен, өндірісті ұлғайтатын жабдықтаудың прогрессивтік тәсілдерін енгізумен байланысты көрсетілген.
Жоспарларды құру үшін және оларды бақылау үшін қызметкерлер штаты жұмыс істеді. «Жоспардың орындалуы» деген көрсеткіш халық шаруашылықта, сондай ақ салалықта басты тиімді көрсеткіш болып табылды.
Енді салалық тиімділікке толығырақ тоқтай кетейік. Жабдықтаудың салалық тиімділігі бұл салада қолданылатын материалдық және еңбектік ресурстардың қолдану деңгейінде көрсетіледі.
Салалық тиімділіктің көрсеткіші болып келесілер табылады: жабдықтаудың бір жұмыскерін есепке қою, негізгі қордың бір құнына тұтынушылардың қызмет және жабдықтау көлемі, қоймадағы тауарлы материалдық құндылықтардың айналымы, айналым шығындарының деңгейі, жабдықтау қызметінің пайдалығы және т.б.
Жабдықтау бөлімінің табысты қызметін көрсететін басты фактор болып негізгі қорлар және еңбек ресурстары табылады. Бұлармен қамтамасыз етілгендік кәсіпорынның өндіріске тағайындалған керекті тауарламен жабдықталған деңгейін көрсетеді.
Дамыған нарықтық экономика үшін және жеке меншіктің түрлері көп жағдайда материалды-техникалық жабдықтау жеке салаға бөлінбейді, өйткені өндіріс құралдарын жабдықтайтын кәсіпорындар нақты бір ведомства қарамағына бағынбайды. Материалды-техникалық жабдықтау өндіріс құралдарының нарығының бір функциясы болып табылады. Жабдықтау үдерісі қатардағы сатып-алу актісі болып табылады, ал нақты баға, сапа, көлемі туралы сұрақтар, алдын-ала номенклатураны жоспарлау және анықтауға қарамай нарықтың ережесі және механизмі бойынша шешіледі.
Нарықтық экономикада өндірістік үдерістердің материалды-техникалық жабдықтау үдерісі жас ғылым – логистикамен оқылады. Француз тілінен логистика тасымалдау, жабдықтау, орнату өнері деп аударылады.
Экономикада бұл термин өндірісті материалдармен қамтамасыз ететін, оларды бөлетін әр түрлі мекемелер қызметтерін құрамалай білуді білдіреді. Біздің ойымызша ғылым туралы толық ойды оның анықтамасынан алуға болады: «Логистика - бұл шикізатты сатып алу орнынан соңғы тұтыну орнына дейін материалды және сонымен байланысты ақпараттық ағымдардың қозғалысын қамтамасыз ететін, тасымалдау және қоймалау бойынша барлық қызметтерді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау». Логистика шаруашылық қызметі ретінде келесі анықтамада көрсетіледі: «Логистика – жабдықтаушыға ақша төлеген кезден бастап тұтынушыға дайын өнімді жеткізгені үшін ақша алу мезетіне дейінгі шаруашылық айналымындағы шикізаттың, бөлшектердің және дайын өнімдердің қозғалысын және сақталуын басқару үдерісі». Логистика түсінігін осындай пайымдау көбінесе шетел әдебиеттерінде кездеседі.
Егер өндіріс құралының нарығының құрылу жағдайында өндірістік қамтамасыз ету үдерісін қарастыратын болсақ онда үш мәселе туады: біріншісі, коммерциялық қызмет барлық көрсеткіштерімен; екіншіден, тауар нарығының құқықтық және экономика-ұйымдастырылған реттеуі; үшіншіден, өндіріс құралдарының айналым саласындағы тауар қозғалысын жүзеге асыру және басқару; төртіншіден, шаруашылық аймақтық байланыстарды құру, өнімдерді қоймалау орындарында сатуды ұйымдастыру, өнім қорын реттеу және құру, қоймалық шаруашылықты ұйымдастыру және дамыту.
Тауар қозғалысын басқару біріншіден экономиканы ресурстардың барлық түрлерімен қамтамасыз етумен, әр түрлі салалардың нақты және қоғамдық еңбегін қысқартумен тығыз байланысты. Сәйкес функциялар осы механизмді тиімді және кешенді дамуына көмектесе отырып, нарықты реттейтін механизмдермен байланысады. Логистикалық басқару жүйесіндегі объектілер мен субъектілер көбінесе өндіріс құралдарының нарығының құрылуына байланысты. Логистиканың анықтамасының көпжақтылығына қарамай олар бұрын шет ел мамандарына жататын өнімді физикалық таратуды басқару сұрақтарын қосады (дайын өнімнің сатып алушыға және шикізатты жабдықтау көзінен өндіріс үдерісінің басталуына жеткізілуі және қоймаландыру). Бұл ғылыми-практикалық бағыт әсіресе 60-70-ші жылдары кең тараған. Және де өнімді физикалық тарату – бұл үдерістің бір бөлігі барлық (шаруашылық ішіндегі саланы қоса) материалдық және ақпараттық ағымдарды басқаруда көрсетілген жоқ. Сонымен қатар оның маркетингтен айырмашылығы да көрсетілді: маркетинг – бұл нарық жағдаятын, жарнама, сауданы, материалдардың сатып алушыларға қозғалысын оқыса, ал тауарды физикалық тарату – бұл үдерістің өнім қозғалысына және қоймалауға байланысты бір бөлігі.
Бір айта кететін жай кейбір авторлар логистикалық басқару механизміне маркетингтік жүйені қосады. Кейбіреулері логистиканы тұтынушыларды әр түрлі тәсілдермен қамтамасыз етуді ұйымдастырумен байланыстырады. Осылардың салдарынан логистиканың контурлары өзгереді, түсініксіз кішірейеді немесе керісінше ұлғаяды.
Біздің ойымызша, логистика айналым саласында тауар қозғалысын қамтамасыз етуді және ұйымдастыруды көрсетеді.
Логистиканың негізгі функциялары болып келесілер табылады:
шаруашылық байланыстарды құру;
тауар тасымалдаудың сұранысын, олардың көлемін және қоймалау орны арқылы өнімнің қозғалым кезеңдігін және тізбектілік бағыттарын анықтау;
жабдықтаумен және тасымалдаумен оперативті басқаруды координациялау;
өнім қорларын реттеу және құру: қоймалық шаруашылықты ұйымдастыру, дамыту;
өнімді тасымалдауды тоқтататын операциялардың орындалуы.
Көрсетілген функцияларға келесі ерекшеліктер бейім: біріншіден, тауарайналым үдерісінде материалдық ағымды жүзеге асыруды реттеу, ұйымдастыру бойынша өзара байланысқан функциялар кешенін ұсынады; екіншіден, бұндай функциялардың тасымалдаушысы болып, бұл үдерісте қатысатын барлық субъектілер табылады: кәсіпорынның жабдықтау-өткізу және көліктік қызметтері, шаруашылық ассоциациялардың, концерндердің бірлестіктері және аймақ аралық, аймақтық коммерциялық-делдалдық және саудалық мекемелер мен кәсіпорындар. Онда тауар қозғалысын ұйымдастырудың координациялық ролін көлікті, сауданы, материалдық және энергетикалық ресурстарды басқаратын мемлекеттік құрылымдар жүзеге асырады; үшіншіден, осы функциялардың тиімді жүзеге асыруының өлшеуіші болып өнімді тасымалдаудағы салмақтық жиынтық шығын табылады, өйткені бұл шығындардың әр элементтеріне жалпы сомадан үлес салмағы жатады.