Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кєсіпорын экономикасы учеб пос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

3 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары

Материалдық ресурстар өндірістің негізгі факторының бірі болып табылады. Олар шығарылатын өнімнің заттай құрамын қалыптастырады және өндіріс процесін қандай да бір дәрежеде қамтамасыз етеді. Ал шығарылған өнім қоғамның қажеттілігі мен тұтынысын қамтамасыз етеді. Сондықтан да қоғамның әл-ауқаты материалдық ресурстарды қалай пайдалануына, материалды тұтыну тұрғысынан өндіріс процесі қаншалықты тиімді әрекет етуіне байланысты. Шаруашылықтың экстенсивтіден интенсивті типіне ауысуы, кез келген мемлекеттің экономикасының алдына материалдық ресурстарды оңтайлы және тиімді пайдалану проблемасын қояды.

Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттарына мыналар жатады:

  • жылу және отын-энергетикалық баланстың құрылымын жақсарту;

  • шикізатты өнеркәсіптік кәсіпорындарда тікелей пайдалану үшін оларды анғұрлым мұқият және сапалы даярлау, өңдеу;

  • шикізат пен отынды сақтау мен тасымалдауды дұрыс ұйымдастыру, сапасын төмендетпеу және ысырапқа жол бермеу;

  • шикізатты кешенді пайдалану;

  • өндірісті химиялау;

  • өндіріс қалдығын пайдалану;

  • шикізатты екінші рет пайдалану.

Минералды және органикалық шикізаттың әр түрін өнеркәсіпте пайдалану, сәйкес дайындықты талап етеді. Өнеркәсіптің әр саласында шикізатты бірінші рет өңдеудің бірнеше түрі қолданылады.

Шикізатты бірінші рет өңдеудің негізгі түрлеріне мыналар жатады:

  • шикізатты байыту (қара және түсті металлургия рудалары, коксохимиялық өндірістегі көмір);

  • шикізатты алдын ала тазарту мен стандарттау (тоқыма өнеркәсібіндегі мақта, жүн);

  • консервілеу (тамақ өнеркәсібіндегі ет, балық, жеміс-жидек, көкеніс);

  • кептіру, ұстамдылығы (ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі тақтайлар).

Байыту дегеніміз – өнімнің болашақта техникалық мүмкін және өңдеуге немесе пайдалануға жарамдысын сараптайтын шикізатты алғашқы өңдеу түрі. Байыту мыналарға мүмкіндік береді:

  • табиғи қазбадағы пайдалылық компонентінің құрамын арттыру

  • оның құрамынан зиянды заттарды жою;

  • минералдарды бір-бірінен айыру.

Шикізатты байыту нәтижесінде екі негізгі өнім алынады: концентрат және қалдық. Қазіргі уақытта қазылып алынатын түсті және сирек металдардың, темір рудаларының үлкен бөлігі, барлық фосфориттер дерлік, асбестік және граниттік рудалардың 95%-дан астамы және көмірдің 40%-дан астамы байытуға жіберіледі.

Байытудың экономикалық маңыздылығы мынада:

  • өнеркәсіптің шикізаттық базасы кеңейтіледі;

  • дайын өнімге қажетті шикізатты келешектегі өңдеуі арзандайды;

  • шикізатты қазып алған жерден, оны өңдеу орындарына тасымалдайтын транспорттық шығындар қысқарады;

  • транспорт құралдарына деген қажеттілік төмендейді және оларды пайдалану тиімділігі артады.

Өнімнің материалды тұтыну тиімділігінің және материал сыйымдылығы деңгейінің серпіні оның сипатын анықтайтын көптеген факторлардың, қозғалыс күштерінің, қандай да бір процестің салдарынан қалыптасады.

Осыған байланысты бұларды сыртқы және ішкі (өндіріс ішіндегі) факторлар, сондай-ақ оларды техникалық, технологиялық, экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы факторлар деп бөлеміз.

Сыртқы факторларға мыналар жатады:

  1. Ресурстық қорды мемлекеттік реттеу – мемлекеттік бағдарламалар; салық жүйесі; баға құрылымы саясаты; амортизациялық саясат; қаржы-несиелік саясат; стандарттау. Мемлекеттің ресурстық қор саясатын жүзеге асыруда маңызды ролді өнідіріс пен салаларды техникалық дамыту, шағын және қалдықсыз технологияларды енгізу және т.б. бағдарламалар атқарады. Кәсіпорындар материалдық ресурстарды оңтайлы пайдалануын жүзеге асыру мен ынталандыру үшін мемлекет белгілі-бір қаржылық механизмді қолданады.

  2. Нарық конъюнктурасы – материалдық ресурсқа деген ұсыныс пен баға (кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасауда маңызды рол атқарады); кәсіпорын өнімінің сұранысы мен бағасы (шығарылатын өнімнің ассортиментін анықтайды); транспорттық-дайындау шығыдарының деңгейін анықтау (жабдықтаушыларды таңдауға әсер етеді); бәсеке (ассортимент, сапа баға саясаты және тағы да басқа жағдайларда шешім қабылдауға әсер етеді) жатады.

  3. Ғылыми-техникалық даму – жаңа материалдардың пайда болуымен (жаңа конструкциялық материалдар); жаңа технологиялармен (қалдықсыз, тұйық өндірістік цикл және т.б.); жаңа техникамен (материалдарды пайдалану коэффициентінің артуымен); жаңа энергия көздерімен; жаңа біліммен сипатталады.

  4. Жалпы экономикалық факторлар – жалпы кәсіпорын қызметінің, материалдық ресурстарды пайдалану процесінің стратегиясына әсер етеді. Бұл елдегі экономикалық жағдай; жалпы экономиканы мемлекеттік реттеу; халық шаруашылығының инфрақұрылымдық жағдайы және т.б.

  5. Басқа да факторлар – экологиялық (қоршаған ортаны ластау, пайдалы қазбалар қорын жою); табиғи-климаттық (ғимарат пен құрылғылар құрылысы кезінде материалдық ресурстың шығынына ылғалдықтың, температуралық режимнің әсері, жылу-энергетикалық ресурстардың шығыны; қоршаған ортаның қолайсыздық жағдайынан қорғау қажеттілігі); саяси және т.б жатады.

Ішкі факторлар сыртқы факторлардың әсеріне байланысты қозғалысы. Бірақта дәл осы ішкі факторлар кәсіпорынның материалдық ресурстарды пайдалану деңгейін анықтайды.

Техникалық факторлар жобалау кезеңінде пайда болады және олар өнімнің бір данасына кететін материалдық ресурстың жеке түрлерінің шығынын төмендетуге әсерін тигізеді, сондай-ақ бұйымның сапасы мен техникалық сипатын арттырады. Бұған жататындар:

  • бұйымның абсолютті және (немесе) үлес массасын төмендету, машинаның прогрессивті типін таңдау; өнімділіктің бірлік қуаттылығын арттыру; деталдың анағұрлым оңтайлы материалын таңдау; машинаның сенімділігі мен ұзақ қызмет етуі және т.б.;

  • тұтынатын материалдың сапасын арттыру;

  • қымбат бағалы және тапшы материалдарды ауыстыру.

Технологиялық факторлар өнімді дайындау кезеңінде әрекет етеді, материалдардың ысыраптылығы мен қалдығын төмендетуге әсерін тигізеді. Оған жататындар:

  • жақсартылған техникалық сипаттағы жаңа жабдықтарды енгізу, әрекет етуші жабдықтарды модернизациялау мен реконструкциялау, қалдықтар мен шығындарды қысқарту;

  • прогрессивті материалды үнемдейтін технологияны енгізу;

  • жеңілдетілген технологиялық тәсілдерді енгізу;

  • деталдарды өңдеу мен дайындау тәсілдерін жетілдіру;

  • өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру, компьютерлендіру деңгейін арттыру.

Көптеген ұйымдастырушылық және экономикалық факторлар материалдық ресурстарды тұтыну деңгейіне тікелей емес, конструктивті, технологиялық және инновациялық факторлар арқылы әсер етеді, яғни құрастыру немесе өнімді өндіру процесінде көрінуі мүмкін.

Ұйымдастыру факторлары материалды тұтыну тиімділігін арттыру мақсатында өндірісті ұйымдастыру мен құрылымын жетілдіруге бағытталған. Оған жататындар:

  • өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру;

  • материалдық ресурстар шығынын нормалау жүйесін жетілдіру;

  • материалдық ресурсты пайдаланудың есептеу жейесін жетілдіру;

  • материалдық ресурспен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;

  • ақау болдырмау мақсатында өнім мен дайындау сапасын бақылауды жетілдіру;

  • өнім шығарудағы құрылымдық қозғалыстар;

  • персонал құрылымы, қозғалысы мен біліктілігі.

Экономикалық факторлар кәсіпорында материалдық ресурстарды пайдалануды оңтайландыру процесіне жағдайлар туғызады. Экономикалық факторларға мыналар жатады:

  • жұмысшыларды экономикалық ынталандыру жүйесі;

  • материалдық ресурстарды оңтайлы пайдаланбағаны үшін экономикалық жауапкершілік жүйесі;

  • кәсіпорыннның экономикалық жағдайы.