Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кєсіпорын экономикасы учеб пос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі

Негізгі қорды қолдануды жақсарту - еңбек өндірісінің өсуіне және өндіретін өнім санының артуына; сонымен қатар өндірістік циклдің кемітілуіне байланысты айналыс құралдарының айналымдылығын жеделдетуіне; капитал салымының тиімділігіне (өндіріс көлемінің артуы қосымша негізгі құралдардың эксплуатацияға кірістіруінсіз жүзеге асуы); өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне және өндіріс рентабельділігінің өсуіне алып келеді.

Кәсіпорында негізгі қорды тиімді пайдалануды арттыру мына жолдармен жүзеге асады:

  • техникалық жетілдіру және құралдардың модернизациясы;

  • өндіріс біркелкілігін арттыру;

  • құрал – жабдықты жөндеу ұйымын жетілдіру;

  • әртүрлі себептерге байланысты жабдықтардың бос тұрып қалуларын кемтіу;

  • қызмет ету персоналының біліктілік деңгейін арттыру;

  • жоғары сапалы және жоғары өнімділікті негізгі қорды пайдалануға енгізу.

Негізгі қорды тиімді пайдалану жолын таңдау көрсеткіштерге талдау жасаумен байланысты және кәсіпорын жұмысының нақты шарттарына тәуелді болады.

Негізгі қорды тиімді пайдаланудың ұлттық экономика үшін маңызы зор. Осы мәселені шешу қоғамға керекті өндірістің артуына, мемлекеттің жабдықтық балансының өсуіне, өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, өндіріс рентабельділігінің өсуіне алып келеді.

Негізгі қордың табысты қызметі оларды қолданудың экстенсивті және интенсивті жақсару факторларының қаншалықты өндірілгеніне байланысты. Негізгі қорды қолданудың экстенсивті жақсаруы, бір жағынан, күнтізбелік мерзімінде жабдықтардың жұмыс уақытының артуын, ал екінші жағынан, кәсіпорындағы барлық жабдықтардың үлес салмағының артуын көрсетеді.

Жабдықтардың жұмыс уақытын арттырудың негізгі бағыттары:

  • жабдықтар сапасының артуы, негізгі өндірісті жұмыс күшімен, шикізатпен, отынмен, жартылай фабрикаттармен қамтамасыз ете алмау арқасында жабдықтардың ауысым ішіндегі бос тұрып қалуын қысқарту және жою.

  • жабдықтардың бір күндік бос тұрып қалуларын кеміту, оның жұмысының ауысымдық коэффициентін арттыру.

Негізгі қорды тиімді қолдануын арттырудың басты жолы жабдықтар қалдық санының төмендеуі және өндіріске тұрақталмаған жабдықтардың жедел еңгізілуі болып табылады. Негізгі қорды қолданудың интенсивті жаңаруы бірлік уақытындағы жабдықтардың жүктелу деңгейінің артуын білдіреді. Жабдықтың интенсивті жүктелуінің артуы машиналар мен механизмдердің жаңғыртуына, олардың жұмысының оптималды режимінің орнатылуына байланысты жүзеге асады. Технологиялық процестің тиімді режиміндегі жұмысы негізгі қор құрамының өзгеруінсіз және жұмыскерлер санының өсуінсіз шығарылған өнімнің артуын қамтамасыз етеді.

Негізгі қорды интенсивті қолдану мына жолдармен жүзеге асырылады: еңбек құралдарын техникалық жетілдіру және өндіріс технологиясын жетілдіру; техниканың жобалық өндірісінің жетілу мерзімін кеміту; өндірістік, басқару және еңбек ұжымын ғылыми жетілдіру; жеделдету тәсілдерін қолдану; жұмыскерлердің мамандықтарын арттыру.

Негізгі қорды тиімді қолдану жолдарының ішіндегі негізгісі – экономикалық механизмді дұрыс қолдану болып табылады. Сонымен қатар оперативтік жоспарлауды жетілдіру және еңбек құралдарын қолдануды талдау негізгі қорды тиімді қолдану жолдарының негізгісі болып табылады.

Бір күндік бос тұрып қалуды қысқарту бір жыл ішіндегі бірліктің әрқайсысындағы жұмыс істелген күндердің орташа санының артуына алып келеді.