Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кєсіпорын экономикасы учеб пос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

2. Негізгі қорлардың тозуы

Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатынаса отырып, біртіндеп тоза бастайды. Тозу - бұл негізгі құралдардың заттай және моральдық сипатын және құндарын жоғалту процесі. Тозудың екі түрі бар моральдық тозу және табиғи тозу. Негізгі құралдардың табиғи тозуы оларды пайдаланудың және сыртқы факторлар әсерінің нәтижесі болып табылады, Моральдық тозу активтердің ғылым мен техниканың дамуының нәтижесінде, оның жаңа талаптарына сәйкес келмеу процесін білдіреді.

Негізгі құралдардың бастапқы құны пайдалы қызмет мерзімі ішінде, яғни объект табыс әкелетін қызметін орындауға қабілетті уақыт кезеңінде, заңды түрде тағайындалған мөлшерге байланысты ай сайын амортизациялық төлемдер түрінде үлестіріледі. Амортизация дегеніміз негізгі құралдардың тозуының құндық көрсеткіші. Амортизацияланатын құн амортизациялық төлемдер түрінде субъект шығындарына пайдалы немесе нормативті қызмет мерзімі бойында жүйелі түрде үлестіріліп тұрады. Бухгалтерлік есеп стандарттарына байланысты амортизация әртүрлі әдістерді қолдана отырып есептелінеді:

  • құнды біркелкі (түзу сызықты) есептен шығару әдісі;

  • құнды орындалған жұмыс көлеміне пропорционалды түрде есептен шығару (өндірістік әдіс);

  • жеделдетілген есептен шырару әдістері:

а) қалдықты азайту әдісі;

б) құнды сандар сомасы бойынша есептен шырару (куммулятивтік әдіс).

Амортизацияны есептеу әдісі кәсіпорынның есептік саясатында анықталады. Негізгі құралдардың әрбір түріне амортазацияны есептеудің әр түрін қолдануға рұқсат етіледі, бірақ та негізгі құралдың бір түріне бір әдістен басқасын қолдануға болмайды.

Тозуды біркелкі есептеу әдісі объектінің тозған құнын оның қызмет мерзімі кезінде өндіріс шығындарына біркелкі үлестіріп бөлуді қарастырады.

Мысалы. Объектінің құны 100000 теңге, қызмет мерзімі- 10 жыл. Есептік жою құны — 2000 теңге. Тозуға жыл сайынғы резерв 9800 теңгеге тең болады: (100000-2000)/10. Ал ай сайынғы тозу сомасы (9800/12) =817 теңге болады.

Өндірістік әдіс. Бұл әдісте әрбір өнім бірлігі өзін өндірген активтің бірдей мөлшерде амортизациясын (тозуын) болдырады деп қарастырады. Активтердің тозуы олардың қолданылу жиілігіне тікелей байланысты жерлерде осы әдіс қолданылады.

Мысалға, жабдықта техникалық құжаттарына сәйкес 50 000 өнім бірлігін шығаруға болады. Объектінің құны — 27000 теңге, жою құны- 3000 теңге. Онда бір өнім бірлігіне амортизация мөлшері: (27000-3000)75000 = 5,34 теңгеге тең болады. Егер бір айда 400 өнім бірлігі шығарылса, онда амортизация сомасы 2136 теңгені құрайды (5,34 * 400).

Негізгі құралдардың кейбір түрлері жұмыста пайдаланудың бастапқы кезінде мейлінше тиімді жұмыс атқарады. Және де технологияны жетілдіру жағдайларында жабдықтар моральдық тұрғыда тез ескіреді. Сондықтан кәсіпорындар өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізуді жеделдету үшін қаржылық жағдай жасау және негізгі құралдарды жаңартуға қызығушылықты арттыру мақсатында амортизацияны жеделдетіп есептеу әдістерін: құнды сандар сомасы бойынша есептен шығару - куммулятивтік әдісті, немесе қалдықты азайту әдісін қолдана алады.

Куммулятивтік әдіс кезінде объектінің қызмет мерзімінің сомасы анықталады, ол (куммулятивтік сан) коэфициентте бөлімі болып табылады.

Мысалы. Объектінің қызмет мерзімі 5 жыл. Сандар сомасы (1+2 + 3 + 4 + 5) = 15-ке тең болады. Бірінші жылы объектінщ құнының 5/15 бөлігі есептеледі, екінші жылы - 4/15-і және осылай әрі қарай. Және бұл жағдайда жою құны объектінің құнынан шегеріледі. Егер объектінің құны 56000 теңге, жою құны - 15000 теңге болса, онда қызмет мерзімі 5 жыл болған жағдайда, әр жылдағы тозу сомасы төмендегідей болады:

1 жыл: (56000-15000) *5/15 =13667

2 жыл: (56000-15000) *4/15 = 10933

3 жыл: (56000-15000) *3/15 = 8200

4 жыл: (56000-15000) *2/15 =5467

5 жыл: (56000-15000) *1/15 = 2733

Барлығы 41000

Яғни, объектінің қызмет мерзімі кезінде барлық аморти-зацияланатын құны (56000-15000 = 41000) кәсіпорынның шығындарына ауысады.

Куммулятивтік санды жылдам анықтау үшін келесі формуланы қолданады:

Мұндағы, КС - куммулятивтік сан;

N - болжамды қызмет мерзімі.

Біздің мысал бойынша ол былай болады: 5*(5 +1)/2= 15.

Қалдықты азайту әдісі кезінде, түзу сызықты тәсілде қолданылатын амортизация мөлшері екі еселенеді және әрқашанда қалдық құнға қолданылады. Бұл кезде амортизация сомасы жылдан жылға азая береді, алғашқы жылдары ол едөуір жоғары болады. Болжамды жою құны амортизация есептеуде есепке алынбайды, амортизация сомасы қалдық құнды жою құнына дейін азайтуға қажетті шамамен шектелген соңғы жылды қоспағанда.

Мысалы. Объектінің қызмет мерзімі 5 жыл. Түзу сызықты тәсіл кезінде қолданылатын көдімгі амортиза-ция нормасы - 20% (100/5) тең болады. Онда жеделде-тілген амортизация үшін 2 коэфициентін ескере отырып бұл норма 40% болады және қалдық құнга тарайындалған ставкі болып табылады. Бұл жағдайда бастапқы құны 10000 теңге, ал жою құны 1000 теңге болатын объекті бойынша жыл сайынғы амортизациялық аударымдар былай анықталады:

Бастапқы құныАмортизация сомасы Қалдық құны

1 жыл 10000 4000 = (40%* 10000) 6000

2 жыл 10000 2400 = (40%* 6000) 3600

З жыл 10000 1440 = (40%* 3600) 2160

4 жыл 10000 864 = (40%* 2160) 1296

5 жыл 10000 296 =(1296-1000) 1000