Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кєсіпорын экономикасы учеб пос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары

  1. Өндіріс және оның құрылымы дегеніміз не?

  2. Жұмыс орнының, участоктың, цехтың анықтамасын және олардың түрлері бойынша бөлінуін көрсетіңіз?

  3. Өндірістің қандай түрлерін білесіздер және олар қандай айырмашылықтары бар?

  4. Шикізаттың түрлері және құрылымы бойынша сыныптамасын беріңіздер?

  5. Материал сыйымдылығы қалай анықталады? Ол нені білдіреді?

  6. Капитал сыйымдылығы қалай анықталады? Ол нені сипаттайтын көрсеткіш?

  7. Қор сыйымдылығы қалай анықталады? Ол нені сипаттайтын көрсеткіш?

  8. Экономикалық тиімділік дегеніміз не?

  9. Экономикалық тиімділік көрсеткіштерін атаңыз

  10. Әлеуметтік тиімділік көрсеткіштеріне қандай көрсеткіштер жатады?

  11. Рентабельділік дегеніміз не? Ол нені сипаттайтын көрсеткіш?

4 Тарау. Кәсіпорынның негізгі капиталы

  1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.

  2. Негізгі қорлардың тозуы

  3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері

  4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері

  5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі

1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.

Негізгі өндірістік қорлар дегеніміз өндірістік процесске ұзақ уақыт қатыса, өз заттық түрін сақтап, ал өз құнын өндірілетін бұйымға бөліктермен, пайдалану шамасымен біртіндеп (по частям, постепенно) аударатын өндірістік қорлардың бөлігі. Олар күрделі қаражаттар арқылы орнын толтырады. Өндіріс процессіне қатысуына байланысты негізгі қорлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Негізгі өндірістік қорлардың жіктелуі:

  • ғимарат;

  • құрлыстар;

  • өткізгіш құрылғылары;

  • машиналар мен құрылғылар;

  • көлік құралдары;

  • өндірістік және шаруашылықтық құрал-сайман

Негізгі қорлар активті және пассивті бөлігінен тұрады. Активті бөлігі өндірістің маңызды бөліктеріне қызмет етеді және кәсіпорынның өнім өндіру бойынша өндірістік мүмкіндіктерін сипаттайды. Негізгі қорлардың активті элементтерінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ғимараттар, құрлыстар, құрал-саймандар пассивті бөлікке жатады.

Негізгі қорларды есепке алу және жоспарлау заттай және ақшалай түрде жүргізіледі. Заттай түрдегі есеп кәсіпорынның өндірісітік қуатын, өндірістік бағдарламаны жоспарлау үшін, құрылғының балансын құру үшін арналған. Осы мақсатпен құрылғының түгендеуі және құжаттауы, оның келіп түсуінің және шығуының есебі жүргізіледі.

Ақшалай бағалау негізгі қорлардың ұдайы өндірісін жоспарлау, тозуды және амортизациялық аударымдар мөлшерін анықтау үшін қажет.

Негізгі қорларды бағалаудың келесі түрлері бар:

Бастапқы құн – НҚ сатып алу немесе жасауға кеткен барлық шығындар.

Ағымдағы құн – нақты күнге нарықтық бағасы.

Баланстық құн – батапқы құннан жинақталған тозу сомасы шегерілген құн.

Жою құны – қызмет ету мерзімі аяқталғанда НҚ жойғандағы саймандардың, темір қалдықтарының бағасы.

Экономикалық көрсеткіштерді есептеуде негізгі қордың орташа жылдық құны анықталады. Бұл есептеу бастапқы құн негізінде оларды енгізу және шығару арқылы есептеледі және мына формуламен анықталады:

НҚор.жыл. = НҚб.қ. + (НҚен. * n1 ) / 12 – (НҚшек. * n2 ) / 12

мұндағы, НҚор.жыл. – негізгі қордың орташа жылдық құны;

НҚб.қ. - негізгі қордың жыл басындағы (баланстық) құны;

НҚен. – негізгі қордың енгізілген құны;

НҚшек. – қордың ликвидтік құны;

n1 – негізгі қорды енгізген бастап ай саны;

n2 – негізгі қордың шығуынан бастап ай саны.