
- •Мазмұны
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары .......................................................... 68
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу ............................................................. 80
- •1 Тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Ұлттық экономика. Қр экономикасының қазіргі заманғы салалық құрылымы
- •2. Нарықтың мәні. Нарық тетігі
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тұтқасы
- •4. Нарықтық экономикада шағын кәсіпкерліктің ролі
- •Бақылау сұрақтары
- •2 Тарау. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •1. Кәсіпорын экономикасы сабағының пәні және міндеттері
- •2. Кәсіпорын шаруашылық субъект ретінде
- •3. Кәсіпорындардың бірігуінің жаңа ұйымдасу формалары
- •4. Кәсіпорындарда антикризистік (дағдарысқа қарсы) басқару
- •3 Тарау. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •1. Өндірістің және өндірістік құрылымның түсінігі
- •2. Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру тәсілдері
- •3. Өндіріс факторлары және олардың қатынасы.
- •4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі қорлардың тозуы
- •3. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері
- •4. Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері
- •5. Негізгі қорды қолдану тиімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •5 Тарау. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •1. Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
- •2. Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
- •3 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
- •4. Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
- •Бақылау сұрақтары
- •6 Тарау. Айналым қорлары және кәсіпорынның айналым қаражаттары
- •1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы
- •2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау
- •3. Кәсіпорынның айналым қаражаттары және олардың құрамы
- •4. Айналым қаражаттарын нормалау. Айналым қаражаттарының айналымдылығының көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •7 Тарау. Еңбек ресурстары
- •1. Еңбек ресурстары және жұмыс бастылық мәселесі
- •2. Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері
- •3. Кәсіпорынның қызметкерлерін жоспарлау
- •4. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек өнімділігі
- •Бақылау сұрақтары
- •8 Тарау. Еңбек ақы төлеу
- •1. Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі
- •2. Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері
- •3. Еңбекақы төлеудің тарифтік емес жүйесі
- •4. Еңбекақы төлеу қорын жоспарлау
- •Бақылау сұрақтары
- •9 Тарау. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •1. Инвестиция түсінігі және оның экономикадағы ролі
- •2. Инвестиция түрлері мен нақты инвестиция құрамы
- •3. Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялауды таңдау және бағыттарын дәйектеу
- •4. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау
- •5. Инновация ұғымы және түрлері
- •6. Инновациялық процесс кезеңдерінің жалпы сипаттары
- •7. Инновациялық процессті стратегиялық басқару
- •Бақылау сұрақтары
- •10 Тарау. Өнім өткізу және Өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі
- •2. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жіктелуі
- •3. Өнімнің өзіндік құнын анықтаудың шетел тәжірибесі
- •Бақылау сұрақтары
- •11 Тарау. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Маркетинг түсiнiгi
- •2. Маркетингтің негізгі функциясы мен қағидалары
- •3. Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
- •4. Өндірістік бағдарлама дайындау
- •5. Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •12 Тарау. Өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •1. Өнімнің бәсекелестігі: түсінігі, қажеттілігі мен оны арттыру жолдары
- •2. Өнімнің бәсеке қабілеттілік факторы
- •1. Кәсіпорын пайдасы мен кірісі
- •2. Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері
- •3. Рентабельділік көрсеткіштері
- •Бақылау сұрақтары
- •14 Тарау. Кәсіпорынның қаржысы
- •1. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- •2. Кәсіпорындардың қаржы қорлары
- •3. Кәсіпорындардың қаржы менеджменті
- •Бақылау сұрақтары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Автор түп нұсқаларынан басылған
4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
Нарық жағдайында экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыру - өндіріс тиімділігін арттыру бағытын, олардың өсу факторы мен тиімділікті анықтаудың әдістерін таңдау маңызды міндет болып табылады.
Экономикалық тиімділік - бұл өндіріске жұмсаған шығындар мен одан шыққан нәтижелер арасындағы байланыс, яғни шығын мен табыстың ара қатынасы. Ол біз өз қажеттілігімізді қанағаттандыру үшін шығынды қаншалықты тиімді пайдаланып, нәтиже ала алатынымызды көрсетеді.
Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийлеріне қоғамдық еңбектің өнімділігі жатады. Ол ұлттық табысты материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін адамдардың орташа санына бөлу арқылы анықтайды. Сонымен қатар, экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіші ретінде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы және қор сыйымдылығы алынады.
Өнімнің еңбек сыйымдылығы- материалдық өндіріс саласында жұмсалған еңбек санын шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Материал сыйымдылығы - шикізат, материал, отын, энергия және т.б. шығындардың көлемін өндірілген өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Капитал сыйымдылығы – нарық шаруашылығы капитал салымының көлемін шығарған өнімнің жалпы көлемінің өсіміне бөлу арқылы анықталады.
Өнімнің қор сыйымдылығы - негізгі қордың орташа жылдық кұнын шығарылған өнімнің жалпы кұнына бөлу арқылы анықталады.
Тиімділік жалпы және салыстырмалы болып бөлінеді.
Жалпы тиімділік - шығынды жұмсау арқылы пайда әкелетін әсердің жалпы көлемін көрсетеді және оны инвестицияның әрбір объектісіне қатысты есептеуге болады. Ол тиімділіктің капитал салымына қатынасымен анықталады.
Салыстырмалы тиімділік – белгілі бір өндірістік және шаруашылық есептерді шешуде екі немесе бірнеше шешім нұсқаларының ішінен біреуін таңдап алуда есептелінеді. Ол бір нұсқаны екінші нұсқамен салыстырғанда, оның экономикалық қолайлысын көрсетеді.
Жалпы тиімділік көрсеткіштері мына категориялар бойынша топтастырылады:
Өндірістік іс әрекеттің тиімділігін көрсететін көрсеткіш. Оған кәсіпорының пайдалылығын және оның активтерінің қолдану мөлшерін анықтайтын көрсеткіштер жатады.
Өтімділік көрсеткіші. Оған кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттерді орындау мүмкіндіктері және айналым қорын басқаруды сипаттайтын көрсеткіші жатады.
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіші. Кәсіпорынның активтерін қаржыландыруда қолданатын капитал құрылымын құру әдістеріне байланысты болатын тәуелділік деңгейін анықтайтын көрсеткіш.
Шаруашылық іс-әрекеттің тиімділігін көптеген абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы есептеуге болады. Солардың ішінде ең маңыздысы пайда көрсеткіші. Осы пайда көрсеткішке қатысты тиімділікті сипаттайтын ең негізгі көрсеткіш рентабельділік болып табылады. Оның келесі түрлері болады:
Сату рентабельділігі = есеп беру негізінде пайда /өнім өткізуден түсетін түсімі * 100%.
Актив рентабельділігі = есеп беру кезіндегі таза пайда / есеп беру кезеңінін сонындағы активтер * 100 %.
Негізгі капиталдың рентабельдігі = есеп беру кезендегі таза пайда / есеп беру кезінің соңындағы қорлар - амортизация * 100 %.
Меншік капиталының рентабелдігі = есеп беру уақытының соңындағы меншікті капитал * 100 %.
Тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіштері:
Активтердің айналымдылығы = сату көлемі / активтердің орташа жылдық құны * 100 %.
Негізгі капиталдың айналымдылығы = сату көлемі / айналым капиталы * 100%.
Материалдық өндірістік қордың айналым коэффициенті = сату көлемі / материалдық өндірістік қорлар * 100 %.
Айналым қаражаттарының айналым коэффициенті = сату көлемі / айналым капиталы.
Өтімділік көрсеткіштері:
Меншіктік айналым қаражаттарының көлемі немесе таза айналым капиталы (ағымдағы активтер /ағымды міндеттемелер). Кәсіпорынның меншік капиталының қай бөлігі ағымды активтерді жабу көзі болып табылатының сипаттайды.
Қолданылып жүрген немесе таза айналым капиталының оңтайлануы (ақша қаражаттары / таза айналым капиталы). Меншіктік айналым каражаттарының ақша түріндегі нысанын, яғни абсолютті өтімділігі бар қаражаттарды сипаттайды;
Жабу коэффициенті (ағымдағы активтер / ағымдағы міндеттемелер). Активтердің өтімділігінің жалпы бағасын береді.
Тез өтімділік коэффициенті жабу коэффициенті сияқты есептеледі, бірақ ағымдағы активтерден өндірістің сақтаулы қоры алынып тасталады:
Абсолютті өтімділік коэффициенті (ақша қаражаттары / ағымдағы міндеттемелер). Кәсіпорын өтімділігінің ең тұрақты критерийі, қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қай бөлігі тез арада өтеле алатынын көрсетеді.
Сақтаулы қорды жабуда мешіктік айналым қаражаттарының үлесі (меншіктік айналым қаражаттары / сақтаулы қор мен шығындар).
Тиімділік түсінігі экономикалық іс-әрекетке қатысты өндіріс нәтижесінің оны жүзеге асыруға кеткен шығындарға катысы ретінде қарастырады. |
||
Қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпылама критерии ретінде қоғамдық еңбек өнімділігінің деңгейі анықталады (Еөд) |
Еөд = ЖІӨ * Жсм
ЖІӨ - жалпы ішкі өнім, Жмс - материалды өндіріс саласындағы жұмыскерлер саны |
|
Экономикалық тиімділіктің басты көрсеткіштері |
||
Еңбек сыйымдылығы |
Се = Т / Ө, Т - жұмсалған еңбек саны, Ө - өндірілген өнімнің жалпы көлемі |
|
Материал сыйымдылығы |
См = М / Ө, М - материал шығыны |
|
Қор сыйымдылығы |
Сқ = Ф / Ө, Ф - негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны |
|
Жалпы экономикалық тиімділік |
||
Халық шаруашылығының деңгейінде Тх.ш = ∆ЖІӨ / К. К - капитал салымы |
Халық шаруашылық кешендерінде, салаларында, кәсіпорындарында Тк = ∆П /К |
|
Жаңадан салынған объект бойынша тиімділік көрсеткіші: Тк = П / К= (Бк - Өқ) В / К, П - жылдық пайда көлемі. Бк - өнім бірлігінің көтерме бағасы, Өқ - өнім бірлігінің өзіндік құны, В – натуралды өлшемдегі өнім өндірудің жылдық көлемі. |
||
Салыстырмалы тиімділіктің негізгі көрсеткіші – кеткен шығындар Ші = Сі + ЕКі, Ші – і-ші нұсқа бойынша өнім бірлігіне кеткен шығындар; Сі – і-ші нұсқа бойынша өнім бірлігінің өзіндік құны; Е - нормативті коэффициент; Кі – і-ші нұсқа бойынша үлестік капитал салымдары. |
Әлеуметтік тиімділік бойынша, инвестиция нұсқаларын таңдауда және талдау процесінде, жұмыс жағдайын жақсарту және жеңілдету, оның қауіпсіздігін арттыру, кәсіпорын қызметкерлерінің мәдени-техникалық деңгейін өсіру сияқты факторларға көңіл аударады. Кейбір жағдайда, осы факторлар арқылы нұсқаларды таңдау мүмкіндігі туады.
Өндіріс тиімділігін әлеуметтік талдау жасаудың мақсаты қолданушылар үшін жоспар нұсқаларының жарамдылығын анықтау.
Әлеуметтік тиімділікті талдау объектілері:
Жоба бойынша тұрғындардың мәдени-әлеуметтік және демографиялық сипаттамасын беру;
Жобаны іске асыру ауданында халықты ұйымдастыру, жұмыс күшінің саны, ресурстарды бақылауды қадағалау;
Жобаның жергілікті мәдениетке сай қолданылуы;
Жобаның нәтижелерін қолданатын тұрғындар тобы мен ұйымдарды қажетті міндеттемелермен қамтамасыз ету стратегиясы.
Тиімділікті есептеудегі өндірістің әлеумеітік нәтижелсрінің негізгі түрлері:
аймақтағы жұмыс орындары санының өзгеруі;
жұмысшылардың мәдени-тұрмыстық жағдайларының өзгеруі;
жұмысшылардың жұмыс жағдайының өзгеруі;
өндірістік персоналдың құрылымының өзгеруі;
халықты тауардың жеке түрімен қамтамасыз етудің сенімділігінің өзгеруі;
жұмысшылар мен жалпы халықтың денсаулық деңгейінің өзгеруі;
халықтың бос уақытын үнемдеу