
- •Желілік технологиялар
- •ЖқТфЖ желілік технологиялардың даму тарихы. Технологиялардың топтастырылуы.
- •6.1 Сурет – жқТфЖ қолданылатын технологиялардың топтастырылуы Ақпараттар тарату технологиялары
- •6.2 Сурет – кбж жалпыланған құрылымдық сұлбасы
- •6.3 Сурет – кбж жабдықтауы
- •6.4 Сурет – Плезиохронды цифрлы беру жүйелерінің иерархиясы
- •6.5 Сурет – Ағындарды биттер кезектесу принципі бойынша біріктіру
- •6.5 Сурет – Цифрлы ағындағы «бос» интервалдар құрылуы
- •6.6 Сурет – Цифрлы ағындар жылдамдықтарын келістіру
- •6.7 Сурет - 140 Мбит/с жылдамдықпен ағыннан 2 Мбит/с ағынды
- •6.8 Сурет – Синхронды көліктік модуль stm-1 құрылымы
6.4 Сурет – Плезиохронды цифрлы беру жүйелерінің иерархиясы
Синхронизациялау
ИКМ-120, ИКМ-480, ИКМ-1920 және т.б. аппаратурасында ағындар біріктірілуі бит реттелу принципі бойынша орындалады (6.5 сурет). Әр 2,048 Мбит/с жылдамдығымен төрт ағындардан ақпарат кезек бойынша бір бит көлемінде мультиплексор кірістеріне беріледі.
6.5 Сурет – Ағындарды биттер кезектесу принципі бойынша біріктіру
Ағындарды біріктіру кезінде берілетін импульстар ұзақтылығын қысқартып беру циклына синхронизациялау сигналын қосады.
Тәжірибеде беру жүйесінің кірісіне келген биттер жады ұяшықтарына жазылып байланыс жолына жіберіледі. Жады құрылғыларының жазу және оқу шиналары бір біреуінен тәуелсіз болғандықтан, биттерді оқу жылдамдығы жоғарылау болу мүмкндік береді. Жады ұяшықтарының құрамын тезірек «оқығанда» уақытта синхроимпульс енгізу үшін «тесік» пайда болады (6.6 сурет). Егер оқу импульстары өз уақытымен берілсе әр ағында «бос» интервалдар пайда болады. ИКМ-120 жүйесінде осындай «бос» интервалы әр ағында 33-ші интервал болып табылады. «Бос» орындарға синхроимпульс немесе басқа қызметтік ақпарат енгізіледі.
Егер жергілікті генератор жұмысы тұрақты болмаса әр беру циклындағы «бос» интервалының пайда болу уақыты өзгереді. Бұл синхронизациялау жүйесі жұмысының бұзылуына әкеледі, яғни барлық аппаратурасының.
6.5 Сурет – Цифрлы ағындағы «бос» интервалдар құрылуы
Жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін цифрлы ағынадардағы оқу және жазу импульстар жылдамдықтарын келістіру қажет. Бұл арнайы микросұлбалар жиынтығы көмегімен іске асырылады.
6.6 Сурет – Цифрлы ағындар жылдамдықтарын келістіру
Техникалық әдебиеттерде жылдамдықтар келістіру процедурасы «staffing» деп аталады («вставка»). Жүйеге бос импульс енгізілсе немесе ақпараттық импульс жойылса, қабылдағышқа сәйкесінше ақпарат жіберіледі:
1) 111 111 - комбинациясы берілсе цифрлы беру жүйесінің қабылдағышы келістіру пайда болғаны және бос импульсті жою командасын орындайды
2) 111 000 - комбинациясы берілсе цифрлы беру жүйесінің қабылдағышы келістіру пайда болғаны және ақпараттық импульсті қайтадан қалпына келтіру функциясын орындайды
3) үшінші қызметік арнасының ақпараты бойынша қандай бит жоғалғанын анықтайды, егер 111 комбинациясы – 1, 000 комбинациясы - 0.
Осындай жылдамдықтар келістіруімен ағындар біріктіруі плезиохронды, ал ИКМ типті жүйелер - плезиохронды цифрлық иерархиясы (в англоязычном написании Plesiohronous Digital Hierarhy- PDH) деп аталады.
6.7 суретте 140 Мбит/с жылдамдықпен ағыннан 2 Мбит/с ағынды бөліп шығару процедурасы көрсетілген.
Бұл үшін 140 Мбит/с жылдамдықпен ағынды төрт 34 Мбит/с жылдамдықпен ағынға, одан кейін бір 34 Мбит/с ағынын - төрт 8 Мбит/с ағынға, ссоңында бір 8 Мбит/с төрт 2 Мбит/с ағынға бөлген.
6.7 Сурет - 140 Мбит/с жылдамдықпен ағыннан 2 Мбит/с ағынды
бөліп шығару процедурасы
PDH жүйелерінің кемшіліктері:
- жоғарыда көрсетілген жоғары жылдамдықты ағыннан төмен жылдамдықты ағынды бөліп шығару процедурасын қамту үшін көптеген мультиплексорлар мен демультиплексорлар қажет; (жүйенің орнату мен техникалық қызмет көрсету жоғары бағалануына алып келеді)
- біріншілік цифрлы ағындарының синхронизация көп сатылы жолмен іске асырылуы (көп уақыт қажет).
Синхронды цифрлы иерархия
Синхронды цифрлы модульдер. Бұл иерархияда 155,520 Мбит/с және одан жоғары жылдамдықтармен ағындар біріктіріледі. Ағындарды біріктіру әдісі синхронды болғандықтан иерархия синхронды цифрлы иерархия аталуына ие болды (Synchronous Digital Hierarchy - SDH).
155 Мбит/с жылдамдықпен ағынды синхронды көліктік модуль (Synchronous Transport Module) STM-1 көмегімен жібереді. Қарапайым сұлбасы 6.8 суретте көрсетілген. Модуль 9 • 270 = 2430 байт фрейм немесе рамканы ұсынады. Берілетін ақпаратпен қатар (әдебиетте пайдалы жүктеме деп аталатын), 4-ші жолында пайдалы жүктеменің басталуын көрсететін белгі (Pointer, PTR) орналасқан.