- •Желілік технологиялар
- •ЖқТфЖ желілік технологиялардың даму тарихы. Технологиялардың топтастырылуы.
- •6.1 Сурет – жқТфЖ қолданылатын технологиялардың топтастырылуы Ақпараттар тарату технологиялары
- •6.2 Сурет – кбж жалпыланған құрылымдық сұлбасы
- •6.3 Сурет – кбж жабдықтауы
- •6.7 Сурет - 140 Мбит/с жылдамдықпен ағыннан 2 Мбит/с ағынды
- •6.4 Сурет – Плезиохронды цифрлы беру жүйелерінің иерархиясы
- •6.5 Сурет – Ағындарды биттер кезектесу принципі бойынша біріктіру
- •6.5 Сурет – Цифрлы ағындағы «бос» интервалдар құрылуы
- •6.6 Сурет – Цифрлы ағындар жылдамдықтарын келістіру
- •6.8 Сурет – Синхронды көліктік модуль stm-1 құрылымы
6.2 Сурет – кбж жалпыланған құрылымдық сұлбасы
Қазіргі заманға сай көпарналы беру жүйелер құрамына келесі желілік түйіндер кіреді (6.3 сурет): каналообразующее оборудование - арнақұрушы жабдықтауы (КОО), оборудования сопряжения – үлестіру жабдықтауы (ОС), оборудования линейного тракта – желілік тракт жабдықтауы (ОЛТ), унифицированного генераторного оборудования – генераторлық жабдықтау (УГО) және сервисного оборудования – сервис жабдықтауы (СО). Нақты беру жүйелері үшін арнақұрушы жабдықтауы унифицирленген (стандартталған) болып табылады және берілген нормаларға сәйкес сипаттамаларымен типтік арналар құруға арналған.
6.3 Сурет – кбж жабдықтауы
Желілік тракт жабдықтауында барлық арналардың сигналдары топтық немесе көпарналы сигнал түріне біріктірілген. Ол сигнал желілік деп аталады және параметрлері таратылу ортаның параметрлерімен үлестірілген.
Желілік тракт жабдықтауына шеткі станцияларда орнатылатын құрылғылар, байланыс жолдары мен аралық станцияларының жабдықтауы (күшейткіш немесе регенераторлық пункттер) жатады.
Үлестіру жабдықтауы әр беру жүйесі үшін арнайы болып табылады., арнақұрушы жабдықтауы мен желілік тракт жабдықтауы арасындағы үлестіруін қамтамасыз етеді.
Генераторлық жабдықтауы арналық сигналдарды құру үшін пайдаланатын электрлік сигналдарды және барлық беру жүйесінің сапалы жұмысын қамтамасыз ететін қосымша сигналдарды өңдеп шығарады.
Сервис жабдықтауы арналар мен беру жүйесінің жолдарына техникалық қызмет көрсету процесстерін автоматтандыруын қамтиды.
Беру жүйесінің ең қымбат және күрделі бөлігі арналық сигналдарын бөлудің әр түрлі әдістерін қамтамасыз ететін арнақұрушы жабдықтау болып табылады.
Беру жүйлеріндегі «бірлік» жылдамдығы – цифрлық сөйлесудің берілу жылдамдығы 64 кбит/с тең, негізгі цифрлық арна деп аталады. Кез келген цифрлы беру жүйесінің техникалық мүмкіндіктері осы стандартталған арна көмегімен ұйымдастырылған арналар санымен анықталады.
Бірінші цифрлы тарату жүйесінің (ЦТЖ) пайда болған күнін 1870 жыл деп есептеуге болады, яғни телеграфты хабарлармен алмасуға арналған аппараттың коммерциялық пайдаланымға берілген күні. Оның құрамына электромеханикалық регенераторлар кірген. Регенераторлаудың электромеханикалық принциптерінің телефонияда қолданылмағаны анық. Цифрлы тарату жүйелері телефонды байланыс үшін аналогты сигналдардың цифрлы сигналдарға түрлену жағдайының теориялық негізінде өңделген. Тәжірибеде импулсьті-кодалық модуляцияны (ИКМ) пайдаланушы ЦТЖ (ЦСП) қолданысқа ие болды. Бірінші ЦТЖ плезиохронды иерархияға жатады. Осы топтағы цифрлы тарату жүйелері ЖҚТфЖ барлық иерархияларында кеңінен қолданыла бастады. Отандық ҚТЖ басқаларынан да көбірек ортақ атаумен біріктірілген ИКМ-30 және ИКМ-120 жүйелері пайдаланылды. Қалааралық деңгейде әдетте, үлкен өткізу қабілеттілігі бар - ИКМ-480 ЦТЖ қолданылды. Ауылдық телефон желілерінде аз сыйымдылықты шоғырлар қолданылды. Сондықтан да, ИКМ-30 және ИКМ-120 типті стандартты ЦТЖ басқа, он бес негізгі цифрлы арналарды (НЦА-ОЦК) құрушы ЦТЖ орнатыла бастады. Бұл цифрлы тарату жүйелері ИКМ-15 деген атқа ие болды.
Цифрлы беру жүйелер иерархиясының ең төмен деңгейінде ИКМ-30 аппаратураы орналасқан. Оларды цифрлы ағын жылдамдығы жоғары емес (2 Мбит/с), АТС арасындағы қалалық және ауылдық байланыс кабельдер арқылы байланысты ұйымдаструға арналған.
Қалааралық симметриялық байланыс кабельдер бойымен берілетін ағын жылдамдығы 8 Мбит/с тең болған жағдайда әр жұбы бойынша төрт ИКМ-30 жүйесін орнатуға болады. Бұл жүйелердің бір уақыттағы жұмысын қамтамасыз ету үшін олардың шығыс ағындарын біріктіру қажет. Бұл аппаратура - ИКМ-120 деп аталады (шығысындағы жылдамдығы 8,448 Мбит/с).
Одан да жоғарыжылдамдықты ағындарды талшықты-оптикалық, спутниктік және радиорелелік байланыс жолдары арқылы жібереді. Жоғарыжылдамды ағындарды құру үшін төрт ИКМ-120 жүйелерінің цифрлы ағындарын біріктіреді (беру жылдамдығы 34,368 Мбит/с). Бұл жүйе ИКМ-480 деп аталады. ИКМ-480 төрт ағынын біріктіргенде 139,264 Мбит/с жылдамдығымен ИКМ-1920 аппаратурасы құрылады.
Сонымен, беру жүйелер көмегімен бір коаксиалды жұбы немесе оптикалық талшығы арқылы бір қалалық телефон желісіндегі 2000 астам абоненттерді екінші қалалық телефон желісіндегі абоненттермен байланыстыруға болады
