
- •Желілік технологиялар
- •ЖқТфЖ желілік технологиялардың даму тарихы. Технологиялардың топтастырылуы.
- •6.1 Сурет – жқТфЖ қолданылатын технологиялардың топтастырылуы Ақпараттар тарату технологиялары
- •6.2 Сурет – кбж жалпыланған құрылымдық сұлбасы
- •6.3 Сурет – кбж жабдықтауы
- •6.4 Сурет – Плезиохронды цифрлы беру жүйелерінің иерархиясы
- •6.5 Сурет – Ағындарды биттер кезектесу принципі бойынша біріктіру
- •6.5 Сурет – Цифрлы ағындағы «бос» интервалдар құрылуы
- •6.6 Сурет – Цифрлы ағындар жылдамдықтарын келістіру
- •6.7 Сурет - 140 Мбит/с жылдамдықпен ағыннан 2 Мбит/с ағынды
- •6.8 Сурет – Синхронды көліктік модуль stm-1 құрылымы
6 ДӘРІС
Желілік технологиялар
Мазмұны:
1. ЖҚТфЖ желілік технологиялардың даму тарихы. Технологиялардың топтастырылуы.
2. Ақпараттар тарату технологиялары.
3. Синхронизация.
4. Арналар коммутациясының технологиялары.
ЖқТфЖ желілік технологиялардың даму тарихы. Технологиялардың топтастырылуы.
«Технология» термині, жалпы айтқанда ЖҚТфЖ бірқатар жұмыс істеу процестерін, және де оның өзінде пайдаланылатын техникалық құралдардың көпшілігін сипаттау үшін қолданылатын. Телекоммуникациялық технологиялардың топтастырылу әдістерінің неше түрі бар. Қарастырылатын топтастырылуда негізгі акцент тарату және коммутациялау технологияларына жасалған. Тарату технологияларын көліктік желі үшін қарастыру өте маңызды. Тәжірибелік көз қараспен (әсіресе, ЖҚТфЖ жобалау кезінде), тарату және коммутациялау мәселелерін бөлу оңай емес. Желілік технологияларға тікелей қатысы жоқ тағы бір технология класын ескере кету керек. Сондай-ақ, бұл технология класы іс жүзінде ЖҚТфЖ жаңаландыру принциптеріне әсер етпейді. Әйтседе, бұл технология класы ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ЖҚТфЖ жаңаландыруда шешуші рөл атқарды. Бағдарламалық басқаруды пайдалану ЖҚТфЖ функционалды мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейте түсті, сонымен қатар тарату және коммутациялау жабдықтарындағы техникалық пайдалану жүйелерінінің тиімділігін арттырды (6.1 сурет).
6.1 Сурет – жқТфЖ қолданылатын технологиялардың топтастырылуы Ақпараттар тарату технологиялары
ЖҚТфЖ дамуына дейін тарату жүйелері болған емес. Сөз сигналдарын тарату үшін, әуе және кабельді байланыс жолдары арқылы ұйымдастырылған физикалық тізбектер қолданылған. Алдымен бірсымды жолдар қолданылды. Бұндай шешім «сым - жер» сұлбасы ретінде белгілі. Содан кейін, абоненттік учаскеде екісымды тізбектерге ауысу басталды, ал станция аралық байланыс үшін үшсымды жолдар қолданылды.
Тарату жүйелерінің пайда болуы, телефон байланысын алыс ара-қашықтықтарға ұйымдастыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етті. Біртіндеп физикалық тізбектер қол жеткізу желілерінің деңгейіне «ығыстырылды». Олар қалалық көліктік желілер қатарында әлі де қолданылуда.
Телефон терминалы акустикалық тербелістерді айнымалы тоқ сигналдарына түрлендіреді. Олар болса физикалық тізбектермен беріледі. Айнымалы тоқ сигналдарын қосымша түрлендіру қажет етілмейді. Телефон сигналының спектрі шектелмейді. Қажет жағдайда - сигнал деңгейінің өзгеруі іске асырылады, ол қолданыстағы физикалық тізбек сипаттамалары арқылы анықталады. Бұндай тәсіл «As is» (как есть) принципіне ұқсас.
ХХ ғасырдың басында пайда болған аналогты тарату жүйелері (бірінші нұсқа 1915 жылы құрылған) телефон байланысына арналған. Олар тональді жиілік арналарын (ТЖ) құратын болған. Осы мақсатпен, телефон сигналының спектрі фильтрдің көмегімен 300 - 3400 Гц ауқымымен шектеледі. Модуляциялау және топтық сигналдарды қалыптастыру процедуралары ақпараттармен алмасу жолын тығыздауға рұқсат береді. Байланыс жолдарында орналастырылған күшейткіштер, топтық сигналдарды алыс ара-қашықтықтарға таратуды қамтамасыз етеді.
Аналогты көпарналы тарату жүйелерін қолдану, қалааралық және халықаралық байланыс желілерінің белсенді түрде дамуына ықпал етті. Қазақстан үшін, территория көлемін ескере отырып, тарату жүйелері пайдалану ауылдық байланыс желілерін құру үшін де өте қажет болды. Аналогты тарату жүйелерін өндіру және пайдаланымға беру процессінде бірқатар маңызды жетіспеушіліктер анықталды. Енді цифрлы тарату жүйелеріне ауысу басталды. Әзірше, қазақстандық ЖҚТфЖ алғашқыда орнатылған аналогты тарату жүйелерін пайдалану жалғасуда.
Көпарналы беру жүйесі (ары қарай беру жүйесі) N таратушылардан N қабылдаушыларға әртүрлі ақпаратты бір уақытта бір байланыс жолымен (электробайланыс сигналдарының таратылуының физикалық ортасы) жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық құралдар жиынтығы.