Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методические 2 окон ЛМИПИ 2013..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
92.18 Mб
Скачать

3 Сурет – Жолақты бітімді тұтас колчедан-полиметалды кен.

Ақшыл жолақтар – пирит -халькопиритті, қаралары – галенит-сфалеритті. Ұлғңайтуы 1,5.

(Абыз кенорыны)

4 Сурет– Симметриялық-белдемді кварц-сульфидтік желішек – бай алтын кені (15 гор., 2-ші Онтүстік-Батыс жатыны). (Риддер-Соколды кенорыны)

5 Сурет- Брекчияланған микрокварциттағы крустификациялық кварц-карбонат-сульфидті желішектер (16/1 барлау штрекі, 15 гор., «Победа» жатыны).

(Риддер-Соколды кенорыны)

3. Сауысты (коллоидтық және метаколлоидтық) бітімдерді қосатын топ

Сауысты бітімдер беттiк керiлiстiң және ауырлық күштерiнің әсерiнен сфералық (шар, бүйректер, тасберіштер) және сауысты (фестондар, қабықтар, қабықшалар, тасберіштер, сталактиттер, сталагмиттер, шоқтар) пішіндерді иеленген минералды агрегаттарға тән. (6-8 суреттер). Сауысты агрегаттар бірқатар минералдарға белгілі, мысалы гидрогётитке және гетитке, псиломеланға, малахитке, арагонитқа, опалға, мельниковит-пиритке, марказитке, вюртцитке, настуранға және т.б. Олар нақты және коллоидтық ерітінділерден түзіледі. Сауысты және коллоидтық бітімдердің морфологиялық түрлері – оолиттік, бүйрек тәрізді, конкрециялық, колломорфтық, ұнтақты, жер тәрізді.

6 сурет- Малахит сферокристалы 7 сурет – Фосфорит тасберіші

8 Сурет – Пластинкалы, радиалды-сәулелі пирит тасберіші

4. Катаклаздық және кластық бітімдерді кіргізетін топ

Катаклаздық және кластық бітімдер кендер мен таужыныстар сынықтары барымен сипатталады. Динамометаморфизм және мору себепкерлерінің таужыныстар мен кендерді уатуынан сынықтар пайда болады (9- сурет). Бітісе өскен сынықтар бітімдерінің морфологиялық түрлері – брекчиялық, брекчия тәрізді, тәждік, конгломераттық.

9 Сурет – Микрокварциттер сынықтарын кварц-полиметалды кен керіштейді

(15 гор., Быструшин жатынының Онтүстік флангі). Брекчиялық бітім.

(Риддер-Соколды кенорыны)

5. Коррозиялық бітімдерді кіргізетін топ

Коррозиялық бітімдер жаралу уақыты әртүрлі екі минералды агрегаттардың бірігіп өсуімен сипатталады, олардың ішінен ертеректігісі жіктілік, уатылу, егіздік, тақтатастық, қабаттастық жарықшақтары, түйірлер мен агрегаттардың шекаралары (мысалы, пирит гётитпен және гидрогётитпен орны басылады, халькопирит — туынды сульфидтармен — борнит, халькозин және ковеллинмен; галенит — англезит және церусситпен; мәрмәрланған әктас магнетитпен және т.б.) бойынша коррозия құбылысы бар кешірегімен орны басылады (10 сурет). Коррозиялық бітімдердің морфологиялық түрлері – қаңқалық, белдемдік, жиектік, жіпше, ілгекше, торлық, шарбақша, графикалық, субграфикалық, эмульсия тәрізді, кемірілу.

10 Сурет - Галенит (ақшыл – сұр церусситпен ауыстырыладық

Орталық Балтемір)

6. Қаңқалық бітімдерді кіргізетін топ

Кенде немесе таужыныста қуыстар пайда болуымен сипатталады, олар минералдардың еру және шаймалану процесінде дамиды. Қуыстар әртүрлі пішінді және өлшемді болады. Жиі қуыстың пішіні шаймаланған минералдың түйірі немесе агрегатының пішініне сәйкес келеді. Ұсақ қуыстар (2 мм төмен), ірілері – каверна немесе үңгір деп аталады.

Әдебиет: [6] б.160-202; [7] б. 9-23; [8] б. 308-370

№ 8 Зертханалық жұмыс

Тақырып: Кендердің құрылымын зерттеу

Методы изучения и практического решения задач темы: по форме минерального зерна в аншлифах определить морфогенетические группы и по совокупности признаков (форма, размер, строение, пространственная ориентировка и способы срастания друг с другом минеральных зерен) установить морфологические виды структур.