Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
53.42 Кб
Скачать

3. Тіндердің жіктелуі

Микроскопиялық деңгейде құрылысын және даму көздерін анықтауға негізделген тіндердің жіктеуі XIX ғасырдың ортасында ұсынылды (А. Гассаль, А. Келликер, Ф. Лейдиг). Бұл жіктеуге орай тіндердің 4 түрін ажыратты: эпителийлер; дәнекер тіндер мен қан; жүйке тіні; бұлшық ет тіндері.

Совет гистологы А.А. Заварзин жіктеудің негізіне көпжасушалы организмдердің пайда болуы барысында құрылған фундаментальды қызметтеріне негізделген эволюциондық принципті қолданды. (жоғарыдан қара). Ол тіндерді келесі түрлерге бөлді:

1. Жалпы тіндер:

1.1. Шекаралық тіндер.

1.2. Ішкі орта тіндері.

2. Маманданған тіндер:

2.1. Бұлшық ет жүйесінің тіндері.

2.2. Жүйке жүйесінің тіндері.

Екінші совет ғалымы Н.Г. Хлопин тіндердің генетикалық жіктеуін ұсынды, бұл жіктеудің негізінде тіндердің даму көзі алынған. Н.Г. Хлопиннің жіктеуі қызметі және құрылысы жағынан бір-бірінен көп ажырайтын ұлпалардың гистогенетикалық байланыстарын айқындайды. Гистогенетикалық жіктеу көбінесе эпителий және бұлшық ет ұлпаларында көрініс табады.

4. Эволюция барысында тіндердің дамуы

Эволюция барысында әр түрлі ұлпалардың пайда болуы, дамуы, құрылысының күрделенуі жүрді. Эволюцияның сатыларын келесі теориялар толығырақ түсіндіреді.

Параллельді қатарлар теориясы. А.А. Заварзин параллелизм теориясы немесе ұлпа эволюциясының параллельді қатарлары деп аталған теориясын қалыптастырды. Бұл теорияның мағынасы эволюция барысында филогенетикалық тармақтардың әртүрлі бұтақтарында бір-бірінен тәуелсіз түрде ұқсас қызмет атқаратын, құрылысы бірдей болып қалыптасқан тіндердің түзелуі болып табылады. Мысалы, ланцетниктің және сүтқоректілердің дәнекер тіні бірдей қызметтерді атқарады, сондықтан құрылымы да бірдей. Параллельді қатарлар теориясы тіндердің эволюциясының себебін, олардың бейімделу қабілеттерін жақсы айқындайды.

Тіндердің дивергентті даму теориясы. Н.Г. Хлопин тіндердің дамуы туралы өзінің ұлпалардың дивергентті даму теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша тіндер эволюция және онтогенез барысында дивергентті дамиды, яғни бұрыннан бар тіндерден белгілі қасиеттерінің өзгеріп бастапқы ұлпадан ажырауы арқылы қалыптасады, ал бұл ұлпалардың көптеген жаңа түрлерінің түзелуіне жол ашады. Бұл теория дивергенция барысында барған сайын бір-біріне ұқсамайтын, құрылысы мен қызметі әртүрлі тіндердің бір эмбриональдық бастамадан қалай пайда болатынын көрсетеді. Мысалы, терілік эктодермадан дамитын эпидермис және көпқабатты жазық эпителий арасында айырмашылықтан көрі ұқсастық көп, ал олармен даму негізі бір аденогипофиздің эпителиі, тістің эмалі құрылысы жағынан мүлдем басқа.

Тіндердің эволюциондық дамуының бірыңғай концепциясы. А.А. Заварзин мен Н.Г. Хлопиннің теориялары бір-бірін толықтырып тұрады. Сондықтан совет гистологтары А.А. Браун, В.П. Михайловтар оларды бірегей ұлпа эволюциясы теориясына біріктірді. Бұл теория бір-біріне ұқсас тіндік құрылымдар филогенетикалық бұтақтардың әртүрлі аймақтарында дивергентті даму барысында бір-бірінен тәуелсіз түрде пайда болды деген тұжырым жасайды.

Ұлпалар туралы ілімнің қалыптасуына үлкен үлес қосқан ғалым-гистологтар қатарында Максимов А.А. (қанның, қанжасаудың, дәнекер тіннің, қанжасаудың унитарлық теориясының, қанның дің жасушасын зерттеулері), совет гистологтары Б.И. Лаврентьев және А.С. Догель (жүйке тінін, оның реактивтік қасиетін зерттеу) болды. Кейінгілер нейрондық теорияның негізін қалаушылар болды. Г.К. Хрущев өзінің зерттеулерінде қанның реактивтік қасиеттерін зерттеді, ал В.Г. Елисеев және оның оқушылары (Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина, А.Ф. Суханов, А.И. Радостина, Е.Ф. Котовский т.б.) — дәнекер тін мен қанның гистофизиологиясын және реактивтік қасиеттерін зерттеді. Қаңқалық бұлшық етті зерттеудің нәтижелері А.Н. Студицкий мен А.А. Клишовтың еңбектерінде, жүректің бұлшық етінің қасиеттерін П.П. Румянцевтің еңбектерінде көруге болады. Испан гистологы Нобель жүлдесінің лауреаты С.Рамон-и-Кахал жүйке ұлпасын, оның реактивтік қасиеттерін зерттеуге көп көңіл бөлді. Ол нейрондық теорияның негізін қалаушылардың бірі. Жүйке тінін зерттеуге көп үлес қосқандардың бірі Нобель жүлдесінің лауреаты итальян гистологы К.Гольджи еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]