Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
53.42 Кб
Скачать

Қазақстан-Ресей Медицина Университеті

Тақырыбы:

Орындаған: Тексерген:

Топ:

Кафедра:

Алматы 2013

жоспары:

  1. "Тін" ұғымының анықтамасы

  2. Тіндік элементтер

  3. Тіндердің жіктелуі

  4. Тіндердің эволюция барысында дамуы

  5. Тіндердің дің және дифференцияланған жасушалары туралы ұғым

  6. Тіндердің даму көзі

  7. Камбиальды және камбиалды емес (тұрақты) тіндер және олардың гистогенезінің механизмдері туралы ұғым

  8. Регенерация

1. «Тін» ұғымының анықтамасы

Тіндердің дамуын, құрылысын, қызметін зерттейтін гистологияның бөлімі жалпы гистология деп аталады.

«Тін» ұғымының анықтамасы. Микроскоптың қолданылуына дейінгі мезгілдің өзінде анатомдар адамның және жануарлардың организмдерінде біркелкі құрылымдарды анықтаған, олар әртүрлі мүшелердің құрамына кіріп олардың құрылысын қалыптастыруға қатысатыны анықталған. Басында оларды сыртқы сыйпатына қарап ажыратқан: жұмсақ, сұйық, талшықты, жасушалық деп бөлген. «Тін» ұғымын бірінші рет 1671 жылы ағылшын ғалымы Н.Грю. «Начала анатомии растений» кітәбінде қолданды. Өсімдіктерді зерттеу барысында ол олардың құрылысы тоқыма матаға ұқсайтынына көңіл аударды. Кейде бұл құрылыс жануарларды препарациялау кезінде де байқалды. Гистологияның қалыптасу кезеңінде бұл ұғым организмнің қарапайым жүйесі ретінде қолданылды. Осы мезгілден бастап гистологияда микроскопиялық зерттеудің тіндік кезеңі басталды.

Тіндерді зерттеу жүргізіліп жатқан 200 жылдан астам уақытта «Тін» немесе «ұлпа» ұғымдарының бірнеше анықтамасы берілді. Алғашқы ғылыми анықтаманы 1852 жылы А.Келликер берген болатын: «Тін —морфологиялық және физиологиялық біртұтас құрылымға біріктірілген элементарлық құрамдық бөліктер кешені». «Бөліктер» ұғымына ол жасушаларды, синцитияларды, симпластыларды жатқызған.

Өз уақытына оңтайлы анықтаманы орыс кеңес гистологы А. А. Заварзин (1938) берді: «Тін дегеніміз қызметі, құрылымы және даму көздерінің бәріне жалпы болуына байланысты біріккен гистологиялық элементтердің филогенетикалық негізде қалыптасқан жүйесі».

Кейінгі уақытта тіндердің құралуы дифферондық принципі белсенді зерттелуде. Осыған байланысты дифферондар туралы түсінікке негізделген жаңа тін ұғымының анықтамалары бар.

Жасушалық дифферон — дің (бағаналық) жасушадан бастап терминальдық дифференцияланған жасушаға дейінгі жасушалардың әртүрлі қатарының жиынтығы.

Жасуша дифферонының бастапқы жасушасы дің жасушасы. Гистологиялық қатардың келесі жасушасын тек бір бағытта ғана дифференциялана алатын жартылый дің немесе коммитияланған жасушалар құрайды. Дифферонның ең үлкен үшінші тобын дифференцияланған белсенді қызмет атқарушы жасушалар құрайды. Ақырғы төртінші топты қартайған, қызметтік белсенділігі өте төмен немесе жоқ болатын және жасушадан кейінгі құрылымдар құрайды. Мысал ретінде эпидермистің эпителиоциттерінің — кератиноциттердің дифферонын қарастыруға болады. Оның құрамына эпидермистің әртүрлі қабаттарында орналасқан дәйекті даму барысындағы келесі жасушалар кіреді:

базальды кератиноцит (дің және жартылай дің жасушалар) —> тікенекті кератиноцит —> түйіршікті кератиноцит —> жарқырауық кератиноцит —> мүйізденген қабыршақ (корнеоцит – жасушадан кейінгі құрылым болып табылады).

Қазіргі заманда беріліп жүрген тін анықтамалары ұлпалардың дифферондық құралу принципін еске ала берілген. Осындай анықтамалардың бірін А.А. Клишов (1981) берді: «Тін дегеніміз дамуы, бағыты және дифференцировкасы әртүрлі бір-бірімен арақатынастары бар жасушалар дифферондарының мозаикалы морфофункциональды жүйесі».

Тіндердің монодифферонды (бір ғана диффероннан тұратын) және полидифферонды түрлерін ажыратады. Біріншісіне, мысалы, жүректің бұлшық еті жатады (тек кардиомиоциттердің диффероны болады), жазық бұлшық ет тіні (тек жазық миоциттің диффероны бар), ал екінші түрлі ұлпаға борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тін жатады (БТПДҰ), оның құрамында фибробласттылардың, макрофагтардың, тіндік базофилдердің, плазмоциттердің, май жасушаларының т.б. дифферондары болады.

Полидифферонды тіндерде негізгі дифферонды (БТПДҰ фибробласт диффероны) және қосымша (екінші орындағы) дифферондарды ажыратады.

Тіндер жасушалар мен жасушалық емес құрылымдардың қарапайым жиынтығы емес, құрамдық элементтері бір-бірімен тығыз байланысты күрделі ұлпалық жүйе.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]