Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прак.тапсыр отбасы психол дәрістер жинағы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
497.15 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары

  1. Педагогикалық мәдениеттілік дегеніміз не?

  2. Балаларды үйде тәрбиелеудің сәттілігі және нәтижелілігі неге тәуелді?

  3. Педагогикалық мәдениеттілік қандай компоненттері бар?

  4. Халықтың педагогикалық мәдениеттілігін жоғарлатуы неліктен?

  5. Халықтың психологиялық-педагогикалық ағарту ерекшелігін талдаңыз?

  6. Ата-ананы тәрбиелеуде ең сәтті моделді қандай деп есептейсіз?

Тапсырма

1. Қазіргі жанұяға оған жарнама дайындаңыз, практикалық сабақта қорғаңыз, қандайда бір журналдармен танысыңыз.

2. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеттілін жоғарлатудың моделін өңдеңіз және оған талдау жасаңыз.

3. Қандай да бір тәрбие сұрақтары бойынша (кітап, журналдағы мақалалардан) екі-үш жазба материалдарын таңдаңыз.

4. Неге көптеген мемлекеттерде ата-аналар балаларды тәрбиелеуде тек педагогикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік аспекте қарастырылатынын түсіндіріңіз.

5. Сіз практикада болған, мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналардың педагогикалық білім беру жоғарлату үшін өзіңіздің ұсынысыңызды айтыңыз.

6. Мектепке дейінгі жастағы балалары бар ата-аналармен педагогикалық білім беруге қатысуға өз мүмкіндіктеріңізді бағалаңыз.

Практикалық сабақ №11

Тақырыбы: Жанұяны зерттеу әдісі

Мақсаты: Қазіргі кездегі жанұяны зерттеу жолдарымен және тәрбие тәжірбиелерімен таныстыру.

Жоспары:

1. Қазіргі кездегі жанұяны зерттеу жолдары.

2. Жанұялық тәрбие тәжірбиелерін зерттеу

3. Жанұя бала көзімен

1. Соңғы жылдары педагогика, психология, әлеуметтану т.б. ғылымдар жағынан тәрбиелеу институты ретінде зерттеуге назар аудару күшейтілуде. Бірақ ғалымдардың зерттеудегі мүмкіндіктері шектеулі, өйткені жанұя дегеніміз қоғамның жеткілікті түрдегі жабық ұяшығы, ол өмір әрекетінің құпияларын, қарым-қатынастарын, құндылықтарын бөгде адамдарға айта бермейді. Адам жақсы жағынан көрсеткісі келеді, сол себепті жанұя ешқашан да толығымен ашылмайды, олар өз әлеміне басқаларды жанұя туралы қаншалықты жақсы ойлағанына байланысты қабылдайды. Әр жанұяның қайталанбас, керемет екенін ескеру керек. Қайталанбас жанұялық атмосфераны бір-біріне сүйене отырып – білімнің, жалпы мәдениет деңгейінің, идеалдардың, адамгершілік психологиялық ұстанымдардың, өмірлік тәжірбиенің, балалар әрекетінің ұйымдастыра білу, жанұяның басқа мүшелерінің типологиялық ерекшеліктерінің дамуын құрайды. Осылайша ғалымдар көптеген қиыншылықтармен кездеседі.

Жанұя туралы қызықтыратын мәдліметтерді жинау үшін зерттеуші жанұя қатынасына табанды бола алады ма? Жоқ, өйткені ол жанұяға «басып кірудің» шекараларын ұмытпауы керек. Бұл шекараның заңды критерилері бар: адам құндылығын сақтау, жанұяның жекелік өміріне қол сұқпау. Бұдан шығатын қортынды, зерттелінетін объект параметрі үйдегі тәрбие аспектісі, жұмысты жүзеге асыру әдістерімен анықталады.

Жанұяны зерттеу әдістері – жанұяны бейнелейтін мәліметтердің жалпылануы, талдануы, жанұялық тәрбиенің көптеген өзара қарым-қатынасы және заңдылықтары кездесетін құрал болып табылады. Жанұяны зерттеу басқа да әлеуметтік феномен секілді біріншіден, әдістердің жиынтығын талап етеді. Екіншіден, бұл әдістер нақты өнім, зерттеліп отырған және адекватты болуы керек, яғни мұны зерттеуші болжайды. Жанұялық тәрбие мен жанұяны зерттеуде педагогикалық эксперимент шектеулі түрде қолданылады. Эксперимент үшін қандай да бір жаңа педагогикалық құрылымның және оның тәрбие процесіне тиімділігін тексерудің өңдеуі сәйкес келеді. Эксперимент жанұя шеңберінде ұйымдастырылады деп елестетіңз. Бірнеше уақыттан кейін өмірлік әрекеттің шынайлығы бұзылады. Бұған қоса эксперимента-тордың әрқашан жүргізіліп жатқан жұмысты жанұя мүшелерінің әрекеттерін бақылауы өзін әркез бақылауда ұстауы, яғни осының зерттелінушінің өзін сезінуіне зиянын тигізеді. Сол себептен осы мәселеге арналған зерттеулерде ғалымдар ата-аналарды экспериментальды жұмысқа белсенді қатысуына қызықтырады. Осылайша, мысалы Е.А.Арнаутова, Г.М.Баринова, В.Н.Безлюдной, Г.Н.Гришинной, Н.А.Стародубова зерттеулері құрылған.Жанұя зерттеу әдістерінің арасындағы ең көп тарағаны әлеуметттік әдістер: сұхбат және сұрақнамалық әлеуметттік сауал. Сұхбат әдісі респоденттің шынайлыққа итермелейтін шарттардың болуын талап етеді. Егер сұхбат формальды емес жағдайда өткізілсе, ғалым мен зерттелінушінің қатынасы жекелік симпатиямен бейнеленсе, онда сұхбаттың өнімділігі дамиды.

Анкеталау әдісі ғалымды қызықтыратын мәліметтерді жинауға көмектеседі. Анкетаны өткізудің әртүрлі түрлері бар: ашық, жабық, аралас.

Зерттелінушінің алдында тұрған тапсырмаға және жанұяның ерекшеліктеріне байланысты анкетаның әртүрлі болуы мүмкін: ашық, жабық, аралас.

Әлеуметтанушылар жанұяны зерттеуде жабық типтегі сырттай анкетаны қолданады. Педагогтар ашық және аралас типтегі анкеталарды қолданады, үй тәрбиесін зерттеу тәжірбиесінде респонденттер жазған продуктивті әдістер қолданады, бірақ жауаптар дұрыс бола бермейді.

Қазіргі зерттеушілердің қарастыратын мәселелері зерттелушілердің әлеуметтік белсенділігінің мобилизациясына байланысты. Соның негізінде жанұя жағдайы, тәрбие тәсілдері, үй шарушалығына кіріспе технологиялары туралы позитивті ұғымдар қалыптасады.

Жанұяны зерттеудің объективті жолдарын іздестіру негізінде психологияның, педагогиканың, әлеуметтік әдістердің құрастыруна алып келеді. Олар қазіргі жанұя туралы түсінікті кеңейтеді, жақын туыстарымен қарым-қатынастың қажеттілігін сезіндіреді, баламен қарым-қатынастың жаңа әдістерін таңдауға көмектеседі. Мысалы: зерттеуші ата-аналарды балалармен бірге ортақ іс-әрекетке арнайы тартады. Ол ұлттық ойындар, театральды ойындар арқылы. өзара әрекеттің эмоционалды оптимизациялық әдісін көрсетеді.

Көптеген педагогикалық-психологиялық әдістердің көмегімен ата-аналар позициясы зерттелінеді, сонымен қатар түзету жасалады. Ата-аналар мен зерттеушілердің серіктестігінің негізінде қойылған мақсат орындалады, балалармен әрекеттесудің жаңа әдістері, тәсілдері қалыптасады. Сонымен жанұя мәселелерін зерттеуден ғылымның әдістері практикалық іс-әрекет әдістеріне айналады.

Зерттеу әдісінің тағы керемет түрі – психолого-педагогикалық тренинг. Оған бірнеше жанұя, бір-бірін ұнататындар, ұқсас мәселелері бар жанұялар қатысады. Қатысушыларға жеке тапсырмалар беріледі. Соның негізінде белгілі дағдылар қалыптасып, көзқарас позицияларына түзету жасалынады, рефлексивті әрекетті белсендіреді.

Психолого-педагогикалық тренингтің тақырыптары: «Өз баламды білемін бе?», «Агрессивті баламен өзімді қалай ұстаймын?», «Егер баланың дамуы артта қалса?», «Әкесіз баланы қалай тәрбиелеуге болады?» т.б. осы сияқты болуы мүмкін. Зерттеуші шебер болса, тренингке қатысушы топтан өзіндік көмек немесе өзара көмек топтарына айналады. Мұнда сын (критика) айтылмайды, олар бір-бірімен тәжірбие, білімдерімен, сезімдерімен алмасады.

Кездесулер жиілігі – аптасына бір реттен кем болмауы керек, өйткені ол құрылымның тұтамтық, жалпылық сезімін тудырады. Қазір ғылымдар жанұя әлеуметтік феномен ретінде зерттеуде түрлі әдістемелерді пайдаланады.

2. Ғылымда мектеп жасына дейінгі мекеменің педагогы да жанұялық тәрбие туралы объективті ақпаратты қажет етеді.Ақпараттың мақсаты – жанұя, тәрбиелік мүмкіндіктер туралы ұғым қалыптастыру. Мектеп дейінгі мекеменің зерттеу пәні – тәрбиенің жанұялық тәжірбиесі.

Жанұяны зерттеу жүйелі түрде болуы тиіс, сондықтан да жұмыстың бағыттарын, жоспарын құру міндетті. Мысал ретінде ғалымдардың ұсынған жоспарын ұсынамыз:

Баланы тәрбиелеуге қатысатын жанұя құрамы, ата-ананың мамандығы, ата-ананың білім деңгейі, жанұяның басқа да мүшелері,

Жалпы жанұялық атмосфера, жанұя мүшелерінің қатынас ерекшелігі, бір-біріне жылы, жағымды топ, өзгермелі мінез-құлық, жанұя мүшелерінің автономдылығы.

Балаға жанұялық тәрбие берудің мақсаты.

Ата-ананың мектепке дейінгі кезеңнің мәнін түсіне алу деңгейі.

Баланы тәрбиелеуде жанұя пориоритеті: денсаулығы, өнегелі сапалары, ақыл-ой, көрнекі қабілеттердің дамуы.

Ата-аналардың психолого-педагогикалық білімінің деңгейі.

Тәрбиелік ықпалдардың деңгейлері.

Жанұяда іс-әрекеттің ортақ формаларын ұйымдастыру.

Мектеп жасына дейінгі мекемеге деген көзқарас.

Жанұялық тәрбиенің тәжірбиелік зерттеу түрлі әдістер арқылы жүзеге асады.

Ең көп тарағаны әңгімелесу, бақылау. Әңгімелесу интервьюден еркіндікпен және ұйымдастыру ерекшелігімен ерекшеленеді. Әңгімелесу алдын-ала ұйымдастырылуы керек. Мақсатқа байланысты зерттеші жоспар құрастырып, негізгі сұрақтарды енгізеді.

Бақылау мақсаттылығымен ерекшеленеді. Педагог алдын-ала қандай мақсат- пен, қандай жағдайды бақылау керек екенін анықтап алу керек. Көбнесе, бұл бала азанда келгенде, кешке кеткенде жүргізіледі. Соның негізінде ата-ана мен бала арасындағы қатысты сезімді анықтайды. Мысалы: Аликтің тыңдамауы - әкесінің беделді позициясына жауап реакциясы Киелі ертегілерді және қылық нормаларының бұзылуы – апаның, әкенің және басқалардың тәрбие тактісінің нәтижесі. Формальды емес жағдайда үлкендерде, балаларда өзінің түрлі жақтарынан ашылады, сондықтан мекемелерге, саяхаттарға дайындалуға ата-аналарды және т.б. жанұя адамдарын қызықтыруға тура келеді. Әдетте ондай жағдайда барлық үлкендер балаларына, олардың әрекеттеріне, қауіпсіздіктеріне өздерін жауапты сезінеді, сол үшін белсендірек болуға тырысады.

Үйдегі тәрбиелеудің ерекшеліктері мынандай әдістерді ашуға көмектеседі. Олар: анасының жанында бала қалай жұмыс атқарады. Педагогжағдайды арнайы түрде құрастырады. Алияға анасы келгеннен кейін қуыршақ көйлегін жууға, Ермекке құрастырғыш заттарды құрастыруды ұсынады және т.б. Педагог анасының баласына және қызына деген қылығын талдайды және бақылайды. Бақылау анализінің нәтижесі баланың дамуына «+», «-» деп белгілейді. Бұл баланың жанұямен өзара әрекет сызығын анықтауға мүмкіндік береді. Осы бағытта топта өзінің білімдік жұмысын атқаруға көмектеседі. Анасы қызын шетке қойып қуыршақ көйлегін тез жуады. «Бұл жерде қызының жалқау болған себебі» туралы сөйлемді жазуға болады.

Баланы түснуіге көптеген фактілер бар. Жанұяның адамдармен баласының мінезі, қабілеті туралы әңгіме жүргізіп, осыны өз бақылауына қосымша етіп еткізіп педагог тәрбиешісіне мінездеме бере алады.Осылай педагог жанұя, жанұялық тәрбиенің тәжірбиесін зерттейді. Алынған материалдар негізінде жанұялыққа және үйдегі тәрбиеге өзара қосымша тапсырмаларды шешуге болады.

3. Балада жақындарына, ата-аналарына, үйіне деген эмоцияоналды қатынас ерте

пайда болады. Бұл көріністер көбіне олардың үйдегі тәрбиелері шарық бола алады. Мысалы: балаға жанұяға қандай адам ерекше жақын екенін қалай білуге болады және т.б. Сондықтан жанұяда баланың эмоционалды қолайлылық зерттелінетін арнайы әдістемелер болады.

Сурет әдістемесі. Баланы ойландырмай өз жанұясы суретін – саулды ұсынады. «Қалай саған ұнайды, солай сал». Суретті аяқтағаннан кейін кейбір бөліктер анықталады, бала кім-кім екенін атайды. Суретті талдай отырып, бөліктер қатарына назар аудару керек.

Егер суретте салушының өзі жоқ болса, онда бұл жанұямен оның арасындағы қақтығыс бар екен сигналын көрсетеді. Егер бала суретте тек өзін ғана салса, онда бұл – жалғыздықтың белгісі немесе жанұя мүшелерінің біреуін салмаса, бұл – дискомфорттың себебі, баланың қиналуы, әсерленуі. Кейде бала жанұядан басқа бөтен адамды салу мүмкін – ол жанұялық жағдайды жақсарту үшін салуы мүмкін. Жанұя мүшелерінің беделдігін фигура өлшемімен көрсетеді, сондықтан ең жақын туыстарына кейде парақ бетіне орын қалмайды: олар қандай биік! Балаға жанұяда жақсы және комфортты болса, онда ол өзінің анасы мен әкесінің бойындай етіп салады. Ол суретті тырысып салады, ал Лиза інісінің қоян мен сәбізді салғанын қызықпен қарап отырады. Ол байқаусыздан банкідегі балқытар суды төгіп қояды. Лиза інісіне қатты ашуланады., бірақ осы кезде анасы мұндай жағдайда: «Ештеңе етпейді!» Кімде мұндай болмайды дейсің, қазір барлығын орнына қоямыз! Ең бастысы Лиза інісіне жақсы қарады» деп жұбатып қойды. Ал басқа балаларда әңгіменің аяғы қайғылы аяқталды. Анасы Лизаны ұқыпсыз болғаны үшін жазалады.

Жобалық әдістемесі проекция принципіне негізделген –басқа адамның өзінің өзіндік қажеттілігін, қатынас, сапаны басынан өткізу. Балаға әртүрлі тапсырмалар беріледі, әртүрлі еңгейде орындалатын, оның өмірлік тәжірбиесіне тәуелді, қоршаған орта туралы түсінік, қажеттілік және тілек.

Жанұялық тәрбие ерекшеліктерін зерттеу үшін тапсырмалы ойын, комментариялы сурет әдістемесі, әңгімені аяқтау әдістемесі, аяқталмаған сөлем әдістемелерін қолдануға болады.

Тапсырмалы ойын. Эмоционалды климат мақсатында педагог баланы әртүрлі «Мен анамды (әкемді, апамды, атамды) қалай қуантамын, қалай ренжітуім мүмкін» ойындарына еліктіруі қажет. Адамның екі контурлы түрі (қабағы ашылмайтын және күлімсіреген) және сюжетті сурет жинағы, өмірдегі түрлі оқиғаны бейнелейтін (бала кесені сындырып қойды, шалшыққа құлады, кішкентай баланы ұрды, өз бәтенкесін тазалады, қолына раушан гүл ұстап тұр, мысықтың құйрығын тартты, қыз шаң тазалады, өсімдіктерді суғарды, төсек жинады, анасының сумкесін көтеуге көмектесті, қолында мысық пәтердің алдында тұр және т.б.). Балаға суретті қарап, өзін оның кейіпкері ретінде елестетуді ұсынады, содан кейін келесідегідей орналастырады. Егер анасы (әкесіне, апасына) мұндай қылық ұнаса, онда суретті адамның күлімсіреген түріне, ал егер ренжітсе – қабағы ашылмайтын түріне қояды. Тапсырманы орындау анализі үлкендердің балаға қатынасы туралы жорамалды (жанұяның кейбір мүшелерін баланың мінез-құлқы қуанта бермейтіні де болады), үй тәрбиесініңкелісушілігі туралы (жанұяның мүшелерінің түрлі қылықтары ,реакция белгілеріне байланысты кездеспейді), жанұя құндылығы туралы (үлкендерді қуантатын және ренжітетін).

Комметариялы сурет әдістемесі. Балаға күнделікті жанұядағы көрініс, бейнеленген сурет кезекпен көрсетіледі (азан, бала оянды, бөлмеге анасы кірді; кеш, бала теледидар алдында отыр, есікте әкесі тұр, бала анасының ыдыс жууында көмектесті, әкесі кірді және с.с). Суретттің сипаттауын ұсынады (Не салынған?) және «үндендіру» Қалай ойлайсың қызы ұйқыдан тұрған соң, анасы не деді?, Теледидар көріп отырған балаға, әкесі не деді?, Балаға сурет туралы өз ой-пікірін айтады, өзінің жеке тәжірибиесіне шығатын, өзіндік қамқорлығын, қайғыру кейіпінде кіреді. Ауызша жауапта жанұяның үлкен мүшелеріне ол ата-анасынан естіген сөздерін қолданады. Мысалы, баланы ыдыс жууға мәжбірлеуде, әкесінің сөзі: «Жылдам аяқта да, шашка ойнауға кел», «Қызықты ештеңе ойлап таппадың ба!», «Сен қызсың ба? Ас бөлмеден шық бол!». Барлық жанұяларда балаларына таңертен балаға қайырлы таң тілеп, жылы сөздер айтпайды. Көп жағдайда балалар: «Тез тұр, сен үшін жұмыстан тағы кешігетін болдым».

Әңгіменің аяқталуы әдістемесі. Педагог балаға бірге бала (қыз) туралы әңгімені жазуды ұсынады: «Мен сөйлемді бастаймын, ал сен сол сөйлемді аяқтауың тиіс» Анасы дүкенге кеткенде, Әлия кішкентай інісімен үйде қалды. Кішкентай інісі мазасыздана бастады және Әлия оған сурет салып беруді шешті. Ол майлы бояуды, қағаз, жанына банкамен су алады. Ол бар ынтамен, ал інісі қызығушылықпен Әлияның қоян сәбізбен тұрғанын салды. Інісі байқамастан, банкадағы суды стол үстіне төгіп қойды. Әлия ашуланды, бірақ осы уақытта анасы да келіп қалды. Әңгіменің соңын бала ойлап табады, мұндай жағдайда анасының өзіндік сезіміне тәуелді. Кейбір балаларда анасыбалаларды жұбандырады: «Ештеңе етпейді! Мұндай кімде болмайды! Қазір барлығын орнына қоямыз! Бастысы, Әлия інісіне қамқорлықпен қарады». Кейбір балаларда әңгіменің соңы қайғылы аяқталды: «Анасы Әлия ұқыпсыз болғандықтан жазалады!». Мәселен: «Әкеме балмұздақ алып бер десем, ал............», «Мен құлап немесе жараланып қалсам, онда анам.........», «Егер мен қолымды шала жусам, онда анам.........», «Егер анамның басы уаырса, біз әкем екеуміз..........», «Анам мені мақтайды, егер мен.......», «Апам ренжіп, ашуланады, егер мен.........» !

Балалар ойнағанды жақсы көреді, сондықтан жанұялық тематикалық жанұя ұсыныстары туралы ойындар қолданылады.

«Үлкен – бала» қарым-қатынас еркшеліктері. А.Д.Кошелева мынандай әдісті ұсынады. Педагог бала ролін ойнайды, ал бала анасы болады. Ойын барысында «бала» «анасына» бір жұмысты орындауын, кітап оқып беруін, онымен ойнауын сұрайды. Яғни бала өмірінде күнделікті болатын жағдайды ұсынады. Осы жағдайға сәйкес мысал келтірек. «Бала», «Анашым», менімен ойнашы ! – «Анасы», «Менің уақтым жоқ, өзің ойна».

Жобалы әдістемес және ойын әдістемесі педагогқа жанұяны «бала көзімен» әдетті әрекеттерді, қарауды, бағалауды, күнделікті қарым-қатынас стереотиптерін көруге көмектеседі. Педагогқа мұндай білім не үшін қажет? Әр балаға қатынаста өзіндік позицияны түзету үшін. Бала сырт көзбен қарағанда сәтті, бірақ ол жанұяда жалғыздықты сезінеді. Сондықтан, педагог жылулықтың жетіспеушілігін, әсіресе оған назар аудару қажеттілігін олықтыру керек. Мұндай қатынаспен балаға ата-анасының позициясы ретінде болуы мүмкін, егер болмаса бала мен оның ата-анасы арасындағы сарапшы бола алады. Олардың оған қатынасты өзгерту қажеттілігін көруге, баланы түсінуге көмектеседі.

Жанұяны «бала көзімен» зерттеу кезінде педагог этникалық нормаларды бұзбауы ды талап етеді. Талқылауда алынған мәліметтер баланың қатысумен ата-анаға айтуға болмайды. Педагог, ғылыми әдістер арқылы баланың жан дүниесіне еніп, әдетте басқа көзден қорғайтын жанұя өміріне енгенін есте сақтау керек. Мұндай жанұяның жеке өмірінек, баланың ішкі әлеміне ену қаншалықты болса, соншалықты баланың қызығушылығын қоланады. Ал егер педагог мұны істей алмаса, істегісі келмесе, жанұяны «бала көзімен» зерттеуден бас тарту керек.