
Бақылау сұрақтары
Аттракция дегеніміз не?
Аттракцияның негізгі факторларына мінездеме?
Үш фильтер концепциясының мәні неде?
Романтикалық махаббаттың негізгі белгілері қандай?
Романтикалық махаббаттың даму кезеңдерін атап көрсетіңіз?
Дж.Ли махаббат қатынасының қандай типтерін көрсетеді?
Неке концепцияларын атаңыз?
Романтикалық махаббатта проекцияның ролі қандай?
Практикалық сабақ №7
Тақырыбы: Жанұяның тәрбиелік потенциялы.
Мақсаты:Жанұядағы бала орыны, оны тәрбиелеу туралы түсінік беру
Жоспары:
1.Баланың дамуындағы жанұяның маңыздылығы.
2.Жанұяның тәрбиелік патенциалы туралы ұғым.
а) балалар: бір немесе көп?
б) егіздер
3.Ата-анасы жоқ балалар
4.Жанұядағы асыранды балалар
1. Балаға әлеуметтік – тарихи тәжірибені тапсырудың қайнар көзі- жанұя болып келеді және ең алдымен эмоциялық және іскерлік, адамдар арасындағы, қатынас тәжірибесі. Осыны ескере отырып, толық құқықпен жанұя- ең маңызды тәрбие институты, бала әлеуметтендірушісі деп есептеуге болады.
Қазіргі заманғы ғылым зерттеулерінің көптеген нәтижелері бойынша, баланың дамуына зиян келтіретін жанұялық тәрбиеден бас тарту мүмкін емес, өйткені ол балаға әр түрлі сезімдерн, кең көлемде өмір туралы көрініс береді.
Өз кезінде Ж.Ж Руссо байқаған, әр келесі тәрбиелеуші, қарағанда балаға аз ықпал жасайды. Үй тәрбиесінің бірегейлі оның бала өміріндегі жақын адамдардың біріншілігімен және ерекше маңыздылығымен түсіндіріледі. Ғылымдар балалар өмірінің алғашқы жылдарына тән ерекшеліктерді айқындады. Бұндай ерекшеліктерге жоғарғы нерв және психикалық қызмет иланушылығы, ұқсастығы және эмоцияналдығы жатады. Баланың бірінші күнінен бастап оларды адамдар әлемі, табиғат, заттар қоршайды. Бірақ барлық үлкендерде және барлық жағдай да бала дамуына жақсы әсер ете бермейді. Әке-шешесінен айырылған балаларда, жалпы психикалық тонусы төмендеп, эмоциалалды – тану арақатынасы нашарлап, нәтижесінде, айдың даму шектеледі.
Пенхо – педагогикалық зерттеулер көрсеткендей, (А.Н.Леонтьев, С.А.Казлова) барлық қоршаған әлемнің алуандылығынан, балаға ерекше әсер ететіндігі, ол «интимдық шеңбер қарым-қатынасы» (А.Н.Леньтев). бұл шеңбердің ішіне ата-аналары, балалардың қорғаныштық, сүйіншілік қажеттіліктерін қанағаттандыратын басқа да жақын адамдар кіреді.
Бала өсе келе, өзінің өте жақын адамдарын түсіне және бағалай бастайды. Ал өмір табалдырығында жақын адамдар образына бірінші кірпіштен сезімдер және қобалжу тілінде образына салынады. Бұл белсенді бейнесі пайдалануға өте ерте дайын болады: әлі сөйлеу алдындағы кезеңде кішкене бала жақын адамдардың тәрбие әрекеттеріне өте сезімтал келеді және керісінше, өмірінің бірінші жылдарындағы балалар бөтен адамдардың сөздерін қабылдамайды. Ол кейін, жасөспірім кезеңінде, басқалардың ойы маңыздырақ болады. Ал бірінші жеті-сегіз жылда ең беделді әке-шеше болып келеді.
Міне осыдан, баланың өсіп дамуындағы ең бірінші және өте маңызды факторы, ғылымдардың айтуы бойынша, жанұя тәрбиесі болып саналады.
Бірақ бұл жанұя тәрбиесінің жалғыз факторы емес, Т.А.Маркованың зерттеулері бойынша тағы 2 фактор бар: тұрақтылық және әр түрлі өмір жағдайларындағы ананың, әкенің, басқа да жанұя мүшелерінің тәрбиелік әсерінің ұзақтығы; балаларды, жанұяның күнделікті, шаруашылық, тәрбиелік қызметіне қосудың обьективті мүмкіншіліктердің барлығы.
Жанұя – кішкентай топ бола тұра, баланың әлеуметтік өмірге дайындалуына және көз-қарасы мен тәжірибесінің кеңеюінде толық талапқа сай келеді. Бірақ жанұя бір текті емес, дифференциалды әлеуметтік топ. Мұнда жасы, жынысы, мамандығы бойынша әртүрлі система асты орналасқан. Бұл балаға өз мүмкіншіліктерін кең қолдануға, өз қажеттіліктерін тез және толық қанағаттандыруға рұқсат береді (Ю.А.Азаров, И.В.Гребеников, А.Г.Хорчев). Жанұя – адам өміріндегі, ең бірінші және маңызды тәрбиелік институты.
2. Жанұяның тәрбиелік патенциалы туралы ұғым. Жанұяның әр түрлі функцияларының арасындағы, ең маңыздысы болып, жаңа ұрпақты тәрбиелеу функциясы саналады.
Бірақ жанұяның тәрбиелік пролстикасы көрсеткендей, ол әрқашанда саналыьола бермейді, оған себеп көп: бір әке-шеше өз баласының өсіп, дамуына жағдай жасай алмайды, екіншісі жағдай жасағысы келмейді, үшіншісі өмірдің қандай да бір жағдайларына байланысты, жағдайлары жетпейді, ең төртіншісі оған немқұрайлы қарайды.
Әрбір жанұя үлкен немесе кіші тәрбиелік мүмкіншіліктерге ие немесе тәрбиелік потенциалға. Бұл мүмкіншіліктерден, яғни ата-ананың оны мақсатты жұмсауынан, үй тәрбиесінің нәтижесі тәуелді болады. «Жанұяның тәрбиелік потенциалы» - ұғымы, ғылыми әдебиетте шыққанына көп болған жоқ және көп мағыналы түсіндірулері бар. Ғылымдар оған көптеген мінездемелер, қосады. Назарға жанұяның мынандай ерекшеліктері қабылдалады: оның үлгісі, құрылымы, заттық қамбамасыздық, тұрған жері, психологиялық микроклимат, дәстүрлер мен әдеттер, ата-ананың мәдени және білім деңгейі және т.б.
Шартты түрде бұл факторларды әлеуметтік мәдени, әлеуметтік-экономикалық, техника-гигиеналық және демографиялық (А.В.Мудрик) деп бөлуге болады. Оларды толығырақ қарап шығайық.
Әлеуметтік мәдени фактор.Үй тәрбиесі көпте ата-ананың бұл қызметіне қалай қарайтынынан тәуелді болады, немқұрайлы, жауапты,жеңіл. Баланың тәрбиесі көпте ата-ананың азаматтық позициясымен байланысады: қаншалықты олар өз баласының тәрбиесіне жауаптылығын сезінеді.
А.С.Макаренко «Ата-аналарға кітап» атты шығармасында, жанұядағы баланың тәрбиесі – ол тек ата-ананың жеке ісі емес, бұл процесс: жаман тәрбиеленген балалар – ол тек ата-анаға қайғы қасірет емес, сонымен қатар мемлекетке де деген ойды дамытты.
Жанұя – жұбайлар, ата-аналар, балалар және басқа да туысқандар арасындағы қиын қарым-қатынас жүйесі. Барлығы бірге бұлар жанұяның микроклиматын құрайды. Бала, үлкендер онымен өзін қалай ұстайды, жақын адамдар жағынан қандай сезімдер және қарым-қатынастар көрсетуіне тәуелді, әлемді тартымды немесе итеретіндей, жақсы және жаман қабылдайды, нәтижесінде онда әлемге деген сенімдік немесе сенімсіздік пайда болады (Э.Эриксон).
Жанұядағы жақсы қарым қатынас, бір-біріне бағытталған сезім, мінез-құлық, әрекетті оятады. Керісінше, жанұядағы дау-жанжалды жағдай, баланың дамуына кері әсер етеді.Ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша, үй тәрбиесінің сапасы, ата-ананың білім деңгейінен тікелей тәуелді. Ата-ананың білімі жоғары болған сайын, оларға мамандық қызметте маңыздырақ болып келеді.
Өзінің қызықты жұмысы үшін ата-аналар, мамандығы бойынша білім деңгейін көтеруге, өз ой-өрісін кеңейтуге физикалық шынықтыруға, уақытында, энергиясын да аямайды.
Білімнің жоғарлығы және ата-ананың мамандық белсенділігі, олардың өз бос уақытын, рухани әлемін байытуға жұмсайды, яғни творчествалық қызметпен.Бұл өз кезегінде, жанұяның біріктіруіне жағдай жасайды, баланы мәденгиетке үйретугемүмкіндік жасайды.
Жанұя мәдениеті- баланың тәрбиесіндегі, маңызды шарттарының бірі болып табылады. Жанұялық тәрбиенің сапасы көпте жанұя ұстанатын мәдени құндылықтардан тәуелді болады. Мысалға, ән: ол тек өнер сияқты қабылданса ғана, тәрбиелік әсер қалдырады.Бір жанұяда, бала әнге тек күнделікті шуыл сияқты үйренеді,азаннан кешке дейін магнитафоннан, радиодан, телевизордан шығатын музыканы тыңдап отырып бала оны түсінуі екіталай. Ал басқа жанұяда зиялы жанұяның дәстүрлері сақталған: концерттерге бару, опералық спектакльдерге қатысу, бос уақытта хор әніне қатысады. Сөзсіз, бұл балалар дамуда тек ұтады.
Ата-аналар, өз баласына балалар бағы, мектеп, қосалқы білім беру мекемелерін таңдауға маңызды келеді. Баланы тәрбиелеуді қоғамдық институтпен бөле отырып, ата-аналар кәсіпшіл педагогпен қарым-қатынасқа жолдар іздейді. Мұндай ата-аналар, баласы тәрбиеленіп жатқан мекемелердің өмірі мен қызметінде белсенді орын алады.
Әлеуметтік экономикалық фактор жұмыста жанұя мүлік мінездемелерімен және ата-ананың жұмыс бастылығымен анықталады.Қазіргі заманғы балаларды тәрбиелеу көптеген маңызды шығындарды талап етеді. Баланы материалды жағынан асырау мүмкіншіліктері көптеген мемлекетте орнаған қоғамдық-саясаттық, әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты болады.Солңғы жылдары жанұяның экономикалық жағдайына, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық сферасындағы тұрақсыздық, нашар әсер етті. Жұмыссыздық, әсіресе жасырулы түрде, төлем төлеулердің кейінгі қандырулы – осының барлығы жанұядағы өмір деңгейінің төмендеуіне әкелді.
Соған қарамастан мамандар есептейді, қызметкерлер тек өзінің материалды және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін ғана емес, сонымен қатар баланың қажеттіліктерін қанағаттандыратындай жалақы алу керек. Қазіргі өмір, жанұя тәрбиесін қиындатып жіберген өйткені еңбек нарығына көптеген әйелдердің келуі. Бұл көптеген себептермен түсіндіріледі. Олапрдың арасында - әйел еңбек үлес дәстүрлі басым болатын – денсаулық қорғау, қызмет ету, білім сфераларының дамуы.Көптеген мемлекеттерде сонымен қатар біздің мемлекетте әйелдердіңғ жұмыс белсенділігі, олардың жоғары біліммен байланысты. Бұл үй сыртында өзін іске асыру қажеттілігін, корьера жасауға ынталандырады.
Әйелдің үй сыртындағы жұмысы, бала тәрбиесіне біркелкі әсер етпейді. Бір жағынан, баламен қатынас уақыты қысқарады, басқа жағынан қатынас сапасы өзгереді. Жұмыс істейтін ана-өзінің жұмысы, міндеттері жұмыскерлері туралы айтып береді,ол баланың қызығушылығын туғызады.
Мектепке дейінгі жас балаларда, өз анасының жұмыс істейтінің мақтаныш тұтады.Үй уақытынын жоқтығына байланысты, ана баланы дербестікке үйретеді.Үйді жинастыруға, тамақ істеуге үйретеді,тапсырмалар береді, мұның жақсы жақтары даусыз.
Бірақ мұның жаман жағы да бар. Баланың тәртібіне бақылау төмендейді, оған күште, уақытта қалмайды. Балада, әйелдер мен еркектердің әлеуметтік ролі туралы бұрмаланған түсініктер қалыптасады: қыздар, балалардың ойынымен ойнап, балалардың спорт түрлерімен айналысып, өктемшілік көрсетеді және т.б нәтижесінде қыздар арасында құқық бұзушылық өсіп, бұзақылықтар мен қарақшылық пайда болады.
Техника-гигиеналық фактор дегеніміз-жанұяның тәрбиелік потенциялы тұру
орны мен өмір сүру шарттарына тәуелді болады.Орта мекеннің әдемі және ыңғайлы болуы баланың тәрбиесіне көп әсер етеді.
Тәрбиелік мүмкіндіктеріне қарай ауылдық және қалалық жанұялар болып бөлінеді.Қалада балаға әр түрлі білім мекемелерінде оқуға, әртүрлі мәдениет орталықөтарын аралауға және спортпен айналысуға мүмкіндіктер бар. Бірақ ауыл тәрбиенің өз арттықшылықтары бар. Олар қоршаған адамдардың әсеріне ашық, физикалық мықты, табиғатқа жақын болып өседі.
Баланы тәрбиелеу үшін үй максималды ыңғайлы,таза,жайлы болу қажет.
Демографиялық фактор – бала тәрбиесіне жанұяның құрылымы мен құрамы да әсер ететінін көрсетеді. Ғасырдан ғасырға әкесі мен шешесі бар толық жанұя баланы табысты тәрбиелеудің кепілі деп есептелген. Керісінше толық емес жанұяда баланы тәрбиелеу қиын деген.Бірақ қазіргі кезде бәрі ауысуда.Әлеуметтеаушылар жанұяны, үйлесімді, ыдыраушы, ыдыраған толық емес және т.б деп бөледі.Үйлесімді жанұяда ата-ана мен балалар бір бірімен тығыз байланыста.Олар терең түсінік, сенім, махаббат қарым қатынаста болады.Сөзсіз, мұндай жанұяда бала тәрбиелеуге жақсы шарттар:
Бірақ толық жанұялар, бірақ деструтивтік, яғни үйлесімі жоқ, себепті де себепсіз,ұрыстар орын алатын жанұялар кездеседі.Кейбір жанұялар тек форьмалді болады, бірақ әр кім өз өзімен өмір сүреді.Мұндай жанұяларда бала ерекше жапа шегеді.Соңғы кездері біздің мемлекетте көптеген ата-аналар тек өзінің жұмысын ойлап қалай көп ақша табамын деп, балаларын екінші орынға ысырған.
Айқын ақаулары бар жанұяларды жаман халдегі деп атайды.(М.И.Дуянов).Ақаулар әр түрлі болуы мүмкін:қызу күшпен алудан,гипонема,гипорпека.
Толық емес жанұя – жанұяның ыдырау нәтижесінде пайда болады: ата-ананың біреуінің қайтыс болуы ,ажырасу.Көбінде толық емес жанұя анасымен баладан тұрады.
Ажырасудан, жанұяның барлық мүшелері жапа шегеді, бірақ әсіресе балаларға қиын соғады.Ата-ана арасындағы суық қарым қатынас жағдайды қиындатады.Әсіресе қиын жағдай ата-ананың арасындағы ұрыс керіске баланы тартуда, яғни әр жағы баланы бір біріне қарама қарсы қояды.
Жанұяның ыдырау нәтижесінде оның дағдылы тәртібәі өзгереді, бұл тәрбие барысын қиындатады.Толық емес жанұяның материалдық жағдайы нашарлайды.Баланың барлық қажеттіліктерін қанағаттандаруға ананың қалтасы көтермейді.
Ыдыраған жанұяның әлеуметтік байланысы да өзгереді.Жанұяда күйеуінің достары мен туысқандары аз келед, бұл өз кезегінде баланың қарым қатынас жасайтын адамдардың щеңберіне кеңейтеді.
Психологтар (З.Матейчик,Х.Фигдар) ажырасу, әсіресе әйел психикасына әсер ететіндігін белгілейді.Ол ең алдымен өзіне және өз балаларына әлеуметтік дискриминацияны сезеді.Кәсіпшіл ұстаздардың «ол толық емес жанұядан» деген сөзі «одан не күтуге болады» деген сөзбен бірдей болады.Кейде бұл мәселе ұстаздармен бала көзінше талқыланады, бұл өз кезегінде баланы терең жаралайды.
Әкесінен айырылған бала оны ақсы көретін, қорғайтын немесе түсінетін сеніммен айырылады.Кейде әкесін соғылған бала, анасын әкесін ұрысқан үшін түртпектейді.Анда санда бала,әкесінің үйден кеткеніне өзін кінәлі сезінеді.
Зерттеулер көрсеткендей (Е.А.Арнаутова, А:И.Захаров және т.б) кейде баланың дамуы, ананың екінші рет үйленген кездеде күрделі өтеді. Өгей әке (немесе шеше) пайда болған жанұяда, балада эмоцияналдық сферада ақулар байқалады, анасымен (әкесімен) қарым-қатынас нашарлайды.
Сөйтіп келгенде толық емес жанұяда тәрбиелік жағдай көптеген жағымсыз фактолроларға толы.Жалғыз аналар баланы тәрбиелеуде әр түрлі тактикаға жүгінеді.Көптеген аналар баланың емес,өз тағдырымен көп беймаздалады.Олардың назары жаңа өмірлік серік іздеуге, шоғырланған.Мұндай аналарда, бала ережеге сай өзіне өзі берілген.
Бұл туралы баланың сырт пішімі мен мінез-құлқы айтады.Басқа толық емес жанұяда басқа жағдай талқыланады.Аналар жауаптылықты,міндеттерді сезінеді
Өзінің белсенді тәрбиелік іс-қимылымен,ана өзіне және басқаларға баласына тәрбие бере алатынын дәлелдейді.Бірақ мұндай жағдайларда да қиындықтар кездеседі.Ең алдымен жанұяның баланы тәрбиелеу мен ақша табудың нәтижесінде басқа жанұялардан бөлектендігі.
Кейде, әкесі тәрбиелейтін, толық емес жанұялар кездеседі.Бірақ жанұяның басында кім тұрсада әйел немесе еркек, есте сақтау керек, баланың үйлесімді дамуы үшін, оның әкесімен де анасыменде жақсы қарым қатынаста болуы тиіс.
а) Балалар: бір немесе көп? 60 жылдай бұрын А.С.Макаренко көп балалы жанұяны қолдады.Бірақ қазір бұл мәселеге бірыңғайлы шешім жоқ.Бір баланың да,көп баланың да минустары мен плюстары бар.Сөзсіз, баланың дамуына оның бірге ойнайтын жұмыспен айналысатын серіктері болған жақсы.Бірақ кейбір жанұяларда бір бала әке шешеніңшамданушылықтары, яғни баланың барлық уақыты минуттармен жазылып қойған: музыка, сурет салу, француз тілі, теннис және т.б.Қазіргі уақытта жанұядағы жалғыз бала, көбінесе, дала балаларына қосылып, тәртіпсіздік көрсетеді.
Бірақ кей жағдайда жалғыз балаларға ата-ананың барлық материалды және рухани игіліктерді бағытталады. Жалғыз бала әр қашанда үлкендердің көз алдында, егер оған бірдене сәтті болмай жатса, үлкендер көмекке келеді.Үлкен жанұяда, бала әрқашан бәрін өзі істейді. Жалғыз бала үлкендердің қорғанышына сеніп,өз күшін жоғалта бастайды. Кейде жанұядағы жалғыз бала деспоттар болып өседі, барлық үлкендерді өзіне ғана жұмыс істететін. Психологиялық қарым қатынаста баланың үлкендерге емес,өздері сияқты балаға жақын болатыны белгілі.Жалғыз баланың ағасы, әпкесі болмайды, нәтижесінде, біреуді бақылау, жан ашу, өзін бағалау дұрыс қалыптаспайды, көбінесе көтерінкі болады.
Қазіргі психологтардың зерттеулерінің нәтижесінде жалғыз баланың дамуындағы жақсы жақтары бар екені де дәлелдейді.Мысалы, олар көбірек рухани өскен, бай ой-өрісі болады.Бірақ қазіргі балаларда эгоистик мінездемелер көбірек көрінеді.
Ойланыңыздар, неге жалғыз балалардың арасында жүйке ауруымен ауыратындар көп.Бірнеше балалы жанұяда басқа жағдай.Балалар ата-ананың махаббатымен,назарымен,қорғалышығымен басқа баламен бөліседі.Үлкен немесе кіші балалар бір біріне үйретуші және үйренуші болып келеді.
Барлығы бірге олар «балалық қоғам» құрайды.(А.П.Усова). Енді қоғам болғаннан кейін, онда қоғамдық қарым қатынастар дамиды: көмектесу, жан ашу, беру және т.б.
Бірақ мұның да жағымсыз жақтары бар.Ең онай мәселелер ол, кіші балалардың қалған киімді, ойыншықты ойнағаны келмеу және т.б. немесе үлкендердің кішіге қарағысы келмей, ол әр балалар бір бірімен бәсекелестікке түссе. Мұндай жағдай болса өзін ағасы мен әпкесінен де жарқынырақ түссем деген де пайда болады.Бұл жағдайда үлкендердің міндеті, әр баланың сәттілікке қол жеткізуге көмектесу.
Көп балалы жанұяда педагогикалық жағдай қарапайым емес, яғни ол ата-аналардан сезімталдықты, балаларының ішкі әлемін түсінуін және балалармен жұмысты талап етеді.
б) Егіздер. Егіздер тәрбиелеу әр түрлі жастағы көп балалы жанұяның баласын тәрбиелеуден басқа тәсілдердің талап етеді.Ең алдымен егіздерді тәрбиелеу бірнеше қиындау.Туу қиыншылықтарына байланысты, егіздер әлсіз, тынымсыз,көп жылайды,нашар ұйықтайды,көбірек ауруларға душар болады.Осыдан келе, баланы мұқият қарау, тамағына арнайы назар аудару және физикалық дамуына қарау туады.
«Егіздер» сөзі бір бірімен тығыз,жақын деген сөз, ол кейде шағын ерекше ұжым ретінде саналады». Егіздік жағдай бір біріне ешқашан жалғыз санамайды,ата-аналардың үй жұмысымен бос еместігіне де салмақты түрде қарайды. Бұл ата-ана қателігі оларға әсер етпейді және олар бір бірімен байланыста болады. Бұл егістер (үшеуі жалқы балаға қарағанда екі есе қата ананың қарым қатынасын қажет етеді. Егіздерді ерекше) бір біріне деген ерекше уайым байқалады, олар бір бірінің көңіл күйін сезеді, біреуінің күлгені,жылағаны,қайғы қуанышы, екіншісіне эмоционалды әсер етеді. Олар 4-5 жасқа дейін бір бірімен өздеріне түсінікті тілде қарым қатынаста болады.
Балаларда «мен» процессі қиын түрде болады, жеке тұлға ретінде ажыратуда қиын.Алғашқы 3-4 жаста олар «мен» сөзін «біз» деп қолданады, мысалы, «асел-асем».Олар өздерін айнадан ажырата алмайды. Бұл бір бірін толықтыру оларды өте жақын қылады.Әрбір егіз бір біріне бағынышты екенін соңғы қорытынды қызметі дәлелдейді, олар бөлек болып жаралмайды. Мектепте, мамандық таңдау, отбасын құру және сол сияқты өмір этаптарынынан өтуде бірге дұрыс шешім қабылдау керек. Егіздердің дамуына олардың туылу уақытыда әсер етеді: кім қашан өмірге келді. Әдетте екінші туылған әлсіздеу болады, ол жиі ауырады. Егер ата-аналар әлсіздеуіне көбірек көңіл бөлсе, дене шынықтырумен айналыстырса, онда дамуына жақсы әсер етемін. Егіздер, әрбір ұжымдағыдай, лидер болып бөлінеді лидер жанұяджағы жұптардың қарым-қатынасын,бала-бақшадағын анықтайды.Мысалы «біз» қыдырғымыз келеді, ойнағымыз келеді» Екінші көзге түсетіні жанұяда ерекше.Егер ол қыз болса да,ағаларының алдында жауапкершілік алады. Кең тараған егіздерді тәрбиелеу әдісі бір біріне жақындығында. Мысалы, олдардың ұқсастықтары және арттықшылықтары бірзиготталы, (ол бір жұмыртқадан дамыған) екізиготталы (екі жұмыртқадан дамыған) болып бөлінеді.Ата-аналары бірдей болып жүргенін қалайды, киімдері де,ойыншықтары да.
Басқаша педагогикалық тәрбие жанұяда егіздермен жиналады, егер ата-ана біреуіне ерекше көңіл бөлсе,ол басқасына кері әсер етеді. Егер ата-аналар егіздің біреуін ерекше тәрбиеге алса, ол оның әлсіздігі. Егіздерге тәрбиелеуде аяусыз және менмендікпен қажет етпейді, әрбір егіз толық тәрбиені қажететеді. Кейбір жанұядан (әкесі біреу) айырылса, анасы біреуін, әкесі екіншісін бөліп алсан тәрбиеге әсер етеді. Біреуіне әкенің қаталдық, ақкөңілдігі жетпесе, екіншісіне ана қамқоры жетпейді.
3. Ата-анасыз балалар. Ата-анасы жоқ балаларға толыққанды тәрбие берілмесе, ол балалардың дамып жетілуі нашар болады. Бұл жерде жетім балалар туралы әңгіме болып отыр.Бүгінде «жетім» сөзі әртүрлі мағынаға ие. Ертеректе сонымен қоса дана халық жетімдерге ерекше қамқорлық жасаған. Жетімдерді ренжіту үлкен кінә болып саналған халықтар әке-шеше өлімі балалар үшін үлкен қайғы.Дана халық»жетім көрсең,жебей жүр».1996 жылдың басында Ресейде 600000 бала жетім, оның 95%ті әлеуметтік жетімдер. Әлеуметтік жетімдердің көбеюі некесіз туылған балалардың көбеюі, әлеуметтік дұрыс ұйымдастырылған жанұя, ата-аналардың материалдық және тұрмыстық қиындықтар, қарым-қатынастың әлсіздігі,негативтік әсерлер, түрлі зиян заттардың әсері (алькоголизм,нашақорлық). Балалар үйіндегі жетімдер психопотологиялдық тұқымқуалаушылықпен және шизофрениямен рухани жетілмеумен зардап шегеді және соған бейімделеді.
Көптеген жетім балалар жанұяның дұрыс тәрбиелеуінен зардап шегеді.Көптеген ата-ананың қамқорлығынан айырылған балалар да зардап шегеді. Материалдық жағдайдың төменді, жеткіліксіз тамақтану, жақын адамдардың араққа құмарлығы.
Ата анасынан айырған балаларда психикалық құлдырау, өзін өзі басқару байқалады және мінезі де құлдырау байқалады және көңіл күйі төмендейді. Көптеген балаларда өзіне деген сенімі нашарлап,жемге деген көзқарасы жоғалады. Өзін басқару, басқалармен байланысты нашарлап, интеллектуалдық дамуы төмендейді, тежеледі.
Жеткіншектік шақта жетім балалар үшін түрлі психикалық ауытқулар және өзгерістер болады: біреулерінде бұл индекция белсенділігінің төмендеуіне алып кен соғады, адамдармен байланыстан көрі киімдерге деген қызығушылығы басым болады,басқаларында қылмысқа жақын келеді, кейбіреулері үлкендердің назарын өздеріне қаратуға тырысады.
Жетім балалардың әлеуметтік-психологиялық басты мәселесі жетімдер үйіне жасы толып шыққан жастар жеке өмірге дайын болмай шықты. Олардың баспанамен,жұмыспен, түрлі тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз ету қиынға соғуда. Көптеген жетімдер үйлердің түлектері нашақор болып,қылмысқа барып, өзін өзі өлтірулер де болып жатады. Сондықтан аналық махаббат сәбиге өмір бойы қажет. Соңғы жылдары жетімдер үйлерінің жағдайы төмендейді,бірақ медицина мен педагогтардың жетімдерге деген көмегі өте көп.олар өзін өзі өлтірудің тиюға өзіндік себептерін тигізуде.
4. Жанұядағы асыранды балалар. Бала асырау- баланы тәрбиелеудіңбасты формасы, балалардың ата-ананың қамқорымсыз қалауы. Ежелгі Римзаманымен белгілі.»жүз жылдың ішінде адамдар ата-анасынан айырылған балаларды басқа жанұяда қабылдап, оны аштықтан және суықтан сақтау керектігін түсінді. Психологиялық ізденістер нәтижесінде, әке-шешенің қажеттілігі өте жоғары.Сондықтан өзіндік жанұядан басқа жаңа жанұяға ауысады; асырап алудың ең жақсы формасы-баланы асырап алу. Ресей Федерацияның жанұя туралы кодексі бойынша. Бірақ бұл балаға үй сыйлайды, асырап алған ата-ана балаға қамқорлық жасайды, балан қажеттіліктермен қамтамасыз етеді. Қазіргі заманда көптеген жас жанұялар бала асырап алғысы келеді. Бұған не итермелейді? Көптеген себептер көрсетілген медициналық көрсеткіштермен балаға иә болмау,әлеуметтік көрсеткіштердің себемімен балаға ие болмау, ата ана құқығы нан айыру. Шет елдер азаматтары,1991 жылдан бастап жанұяға асырап алуға рұқсат береді, басым көпшілігі денсаулығы балалар.
Қазіргі мамандардың айтуы бойынша баланы асырап алуға дейін ерекше психологиялық жұмыс істеу керек. Ол кезде жанұяда материалдық қиындықпен қоса психолиялық қиындық туады. Бәрінен бұрын асырап алушы ата-аналар шые ата-аналық қамқорлықта баламен жақсы қарым қатынаста болу керек. Балалар келешекте қандай қиындықтар мен қуаныш алып келетінін. Әрбір жанұяны толғандырады. Келешек ата-аналарды баланың болашағы ойландырады. Мысалы, оның қандай жоғары білім алуы, шығармашылық қабілеттің дамуы. Асырап алушы ата-аналарда ең басты сұрақ мынада. Балаға шыққан тегі туралы айту. Кейбір ата-аналар ол балаға асырап алғандығы туралы айтады, ал кейбіреулеріне оны айту қиынға соғады. Бірақ ол құпияны айтпағаннан ата-аналар үрейде жүреді. Осындай жағдайларда ол жеке тұрғылықты жерін ауыстырады, өйткені ол білетін таныстар құпияны балаға айтып қояды деп қорқынышта болады. Дегенмен де, бұл құпияны сақтау ұзаққа бармайды. Кей кезде баланың шыққан тегі туралы өз еркімен айтатын адамдар кездеседі. Қоршаған ортада, бала-бақшада баланың асырап алған ата-анасына сыртқы келбеті ұқсамайтындығы туралы әңгіме жүргендіктен балада ата-анаға деген күдік пайда болады. Мамандардың айтуы бойынша балаға ата-анасы оны асырап алғандығы туралы мектепкі дейінгі кезеңде айтуы керек. Оған кішкентай кезде анасының болмағандығы, ал қазіргі кезде оларды қатты жақсы көретін ата-анасы бар екендігі білдіру керек.
Шет елдерде асырап алған ата-аналары шындықты жасырмайды. Халықта «жетілдіріп өсірген нағыз ата-ана» деген нақыл сөз бар. Асырап алған ата-анасының тұрмыстық жағдайы балаға әсер етеді. Баланың мінезі, жасы және ерекше қабілеттілігі жанұя атмосферасынан сіңіп кетуге ықпал жасайды. Денісау бала үшін де жаңа жанұяға бейімделу де (адаптациясы) уақыт талап етеді. Алғашқы кезде нервтік және қылықтық өзгерістер болады. Белгілі бір этапта оның теріс қылықтары, мінезі, есте сақтау қабілеті, елестету, ойлау қабілетінің төмендеуі байқалады. Бейімделмес бұрын балаларда өзімен-өзі болу, тежелу, жағымсыз қылықтарға (ұрлық, темекі шегу, қаңғыру) бой береді.
Әрине, балалардың мінез құлқы олардың психикалық және қылықтық бейімделуге байланысты. Сонымен қоса оның денсаулығына және психологиялық жағдайына байланысты. Бала асырап алғандар да белгілі ұсыныстар болады, балаға қандай болады, онымен қарым –қатынас туралы. Сол сияқты асырап алған ата-аналар балаларына тәрбие мен біліміне жоғары дейгейде көңіл бөледі. Кейбір ата-аналар балаларына қамқорлық көрсетуде қабілетті емес. Кейбір мінез құлықтар нашар әдеттері балаларды өтірік айтуға, жасырын темекі шегуге итермелейді.
Асырап алаған ата-аналар күрделі психологиялық мәселелерге душар болса олар балаларды жетімдер үйіне қайтаруы аз кездеседі. Бұл балаларға қиынға соғады. Соның нәтижесінде түрлі бақытсыз жағдайлар кездесіп жара салады. Балалар ойыншық емес, асырап алу кезінде ата-анада күш қуат, денсаулық құмары болуы керек.
Асырап алудың сәтсіз болуының себебі: олардың бір-біріне, яғни ата-ана мен баланың бір-біріне сәйкес келмеуі. Жасы үлкен балаларды асырап алмастан бұрын, олар мен жиі кездесіп қыдырып және бір-біріне жақындап үйренісуі керек. Содан кейін асырап алушы кандидаттар да баланы асырап алу, алмау сұрағы шешіледі. Кейбір ата-аналар баланы асырап алуға дайын болмайды. Себебі олар ата-аналық тәрбиеге беруге дайын болмай шығады. Асырап алушылар алғашқы қадам жасағаннан бастап өз өзін мықты дайындап, келешек бала жанұялық атмосферада қолайлы болуын алдын-ала ойластыру керек.