
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА» факультеті
«ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ» кафедрасы
«ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЭТИКА»
пәні бойынша
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
ТҮРКІСТАН 2013жыл
Практикалық сабақ №1
Тақырыбы: Жанұя психологиясының негізгі ұғымдары.
Мақсаты: Жанұя психологиясының негізгі ұғымдарымен таныстыру,жаңұядағы дағдарыстары мен қызметтері туралы түсінік қалыптастыру
Жоспары:
Жанұялық дағдарыстар психологиясы.
Жанұялық қызметтің психологиялық көп деңгейлі моделі.
1. Жанұялық дағдарыстар психологиясы. Жанұялық психология және пситерапия - ғылымның және практиканың салыстырмалы жас аумағы Жанұя психолгиясын ХХ ғ ортасынан бастап социология ғылымы бақылады. Әйел үшін дәстүрлі патрмархалды жанұя өз үстемдігін жүргізуге тиімді орта болудан қалды. 1960 жылдан басталған феминистік қозғалыс мынадай тұрмыстық жүйеде теңдік жағдайдың бұзылысын, жанұя институты сияқты ауыспалы болмысындағы дағдарысты шақтарды көрсетті. Осы кездері басталған дағдарыс, әлі күнге дейін жалғасуда. Ол қазіргі замандағы жас тұрмыс құрушылар арасындағы ізденістермен байланысты.
Жас жанұядағы дағдарыс демографтардың түсіндіруі бойынша, жанұялық кризис дегеніміз социалдық институт сияқты, бірінші жанұя өзінің «қауымдық ортасы» еместігін көрсетуден байқалады. Бұрынғы дәуірмен салыстырғанда жанұя қазіргі кезде динамикалы түрде қалыптасқан . Ақиқатқа қарар болсақ, жеке бастық мотивтер мен коммуникативті жұптардың бейімділіктерін, ендігі әрі әрі екі адамның бірге тұруларының қажеті жоқ . Дәлелдеулер бойынша барлық заңды некелердің тіркелуінің күрт төмендеуі және еркін бірлестіктердің санының өсуі, регламентті социалды нормалармен ержелердің әлсіздігін білдіреді. Тағы да бұл адамдардың адамдардың жанұяға деген түсінігін институт сияқты, сондағы тішіліктері көбінесе олардың жеке бастарының жауапкершілігіне байланысты.
Осы сияқты қазіргі заманның өмірлік спецификасының шарты бойынша трансформациялық ағымдар жанұяда қалыптасуға қажетті ерекше адамдар, өмірлік циклдерден өтуге және ерекше уайым нормативті және нормативті емес кризистер, дағдарысты кезеңдердегі жанұялық анализді бастамас бұрын бастапқы психологияның түсініктеріне және отбасы психотерапиясына тоқтала кету керек.
Берілген оқу құралында жанұя жүйе ретінде қарастырылады. Басқа да жүйелер сияқты, оны келесі мінездемелер білдіреді:
бір-біріне деген тәуелділік: бөлек элементтердің бір–біріне бұйыру жүйесі
холизм бөлек элемент жүйесі , бүтіндей қосылып жаңаша құрамдар ашу ;
ішкі жүйелік ағымдар (циркулярлы, спиралді, ауытқуларсыз) ;
гамеостаз диалектикасымен жетілуі ;
Жанұя анализінің қиындығы жүйе секілді факттерге қарай, кез келген жүйе басқалардың бөлшегі болып, одан да ірі жүйе және сонымен бірге біркелкілі қозғалыс болып табылады. Жжанұядағы бір адамның қалыптасқан анализінің симптомы көбінесе бір отбасының мінездемесін түгелдей білдіреді.
Жанұя қалпы – базалы түсініктердің бірі, жанұяға мінездеме беру кезінде қоданылады. Берілген термин жанұя қалпының теориялық бастамасы : С. Мухиннің : «...қалыпты жанұяның түсінігі, жанұя бәріненде басты, жеке бастың биопсиходинамикасына қарағанда. Жанұя мүшесі жауапты қатысы нақты кезеңдердегі, трансакциямен басқару. Бұл кезеңдер – түгелдей жанұя құрайды ».(Мухин С., Фишман.Ч., 1998 ж (Черников А.В. 2001 ж. цитатасынан))
Жанұя құрылымы қарым – қатынаспен ерекше элементтерімен ерекшеленеді. Жүйе ретінде құрылым элементтері жұбайы, ата – ана, жеке бастың жүйесі дифференциалды отбасы ролі, нақты функцияларды орындап, өмір сүруге жағдай жасау; (Минухин С., Фишман Ч., 1998 ж.) Жанұя мүшелерінің қарым – қатынасын бақылай отырып, гипотетикалық жүйеде қорытынды жасауға болады , топографиялық жанұя жағдайын білдіріп, жанұя жүйесінің квазиаумақты кесіндісі.
2. Жанұялық қызметтің психологиялық көп деңгейлі моделі. Жанұя жүйесіндегі құрылым элементтерінің қарым – қатынасы келесіөзге шиеленістерімен айқындалады: иерархия, ішкі және сыртқы шектесулер, біркелкілік, жанұя құрылымы (Черников, 2001жыл ). Көптеген авторлар құрылым шеңберінің салыстырмалылығы болып, біркелкілік пен иерархия есептелінеді.
Жанұяның қалыптасуының психологиялық көп деңгейінің моделі.
Жанұялық қалыптасу деңгейі
Индивидуалды
(жанұяның жеке мүшелері)
Микрожүйелі
(нуклеарлы жанұя)
Макрожүйе
(кең көлемді жанұя)
Мегожүйелі
(жанұя және әлеуметтік орта)
Жанұяның қалыптасу көрсеткіштері
Когнитивті жанұя
Жанұя мүшесі ретінде өзін теңестіру, тұлғалық шекара- лар, жанұялық жеке мифологияны қамтамасыз ету
Жанұя иерархиясы тура лы көзқарас, нуклеарлы жанұяның ішкі және сыртқы шекаралары, мета коммуникация, циркулярлы ақпарат
Жанұя иерархиясы туралы көзқарас, еркін жанұяның ішкі және сыртқы шекаралары, жанұя ережелері және нормалары, жанұялық құндылық, жанұялық көрініс, жанұя тарихы, жанұялық аңыздар
Жанұяға қойылатын талаптар және социум нормаларын үйлесімді қабылдау дәрежесі және жанұя мүшелерінің көзқарасы оның әлеуметтік статусы
Эмоционалдық аспект
Жанұялық қызметті қамтамас ыз ету, некеге және жанұялық қатынасқа қанағаттану
Эмоциалық қатынас стилі, бірлік
Эмоциалық қатынас стилі, бірлік
Қоғамдағы өзінің жанұя жағдайына қанағаттану
Мінез – құлықтық аспект
Тұлғаны жанұя мүшесі ретінде, жанұяға бейімделу
Нуклеарлы жанұя салт-дәстүрлері, әрекеттесті серіктестер, нуклеарлы жанұя мүшелерінің әрекеттесті рөлдері, нуклеарлы жанұя мүшелерінің әрекет иерархиясы
Еркін жанұяның салт- дәстүрлері, әрекеттесті серіктестер, еркін жанұя мүшелерінің әрекетесті рөлдері, еркін жанұя мүшелер інің әрекет иерархиясы
әлеуметтік стереотип әрекеттерін қамтамасыз ету, жанұялық әрекеттес тік, әлеуметтік бейімделу
Біркелкілік (байланыс, когезия, эмоционалды жақындастық) жанұядағы арақатынастарды психологиялық тұрғыдан байқауға болады. Жанұя құрылымына қарай бұл мағына интенсивті бейімін қолданып, мұндай тұрғыда жанұя мүшелері өздерін екі жақты да бүтіндей қабылдайды.
Тұтастық – (байланыс, эмоционалдық жақындық, эмоционалдық дистанция жанұя мүшелерінің психологиялық арақашықтығы деп анықтауға болады. Д. Олсон тұтастықтың 4 деңгейін бөлді:
жалпыланған
бөлектенген
байланысқан
шатасқан
Иерархия - мінездемесі болып жанұядағы доминантты тәлелділік есептелінеді. Бірақ «иерархия» термині қарапайым мінездемемен тоқтамайды, өйткені өзіне түрлі аспекті жанұя қарым – қатынас мінездемесі шешім қабылдау билігі жанұяның бір мүшесіне ғана тәнті болуы. «Иерархия» түсінігі өзгертпелі құрылым ролі және жанұя ішіндегі ережелер.(Черников А.В. 2001 ж)
Икемділік- жанұя құрылымының сыртқы және ішкі жанұчлық жағдайлардың өзгерісіне бейімделе алу қабілеті. Жанұяның тиімді іс-әрекеті үшін ішкі жанұялық өзгерістердің өздерінің мінездемелерін тұрақты сақтау қабілеттерімен ұтымды үйлесуі керек етеді. Икемділік параметрі бойынша тең емес жанұялық құрылымдар ретсіздік,тәртіпсіздік немесе ригидтілікпен сипатталады.
Жанұялық құрылым өмірлік айналым сатысының өтуімен байланысты алдында пайда болған, өмірлік тапсырмаларға жауап беруін тоқтататын жағдайда ригидті бала бастайды. Сонымен қатар жанұя өзіне жаңа жағдайларға бейімделу, өзгеру қабілетінен айырылады. Келіссөздерді шектеуге беталыс пайда болады, көптеген шешімдерді көшбасшы шешеді. Д.Олсон бойынша құрылым шектен тыс сатыланған да, жиі ригидті болады.
Жанұя мен әлеуметтік қоршаған ортамен өзара қатынасын сипаттағанда, сонымен қатар жанұя ішіндегі түрлі құрылымдардың өзара қарым-қатынасын сипаттағанда жанұя шекарасы параметрі қолданылады. Жанұялық терапевттер шекараның дамуын жанұяның құрылымын бағалауда маңызды параметр ретінде қарастырады. Жанұялық шекаралар кімнің осы құрылымға немесе құрылым астына, жататыны және осы керек жарақтың қандай екендігін анықтайтын ережелермен қалыптастырады.
Бойлау деңгейі бойынша қатты, бойлайтын шекаралар болып бөлінеді. Іс-әрекет жақсы жанұяларда құрылым астылардың шекаралары анық кескінделген. Жеткілікті анық емес шекаралар жанұяның дамуын қиындатады, ұрпақ аралық одақтың түрлі құрылым астылардың мүшелерінің бірігуінің пайда болуына алып келеді.
Сыртқы шекаралардың ерекшеліктері- жанұялық құрылымның сыртқы әлеммен өарым-қатынасының ашықтық деңгейін бейнелеуі. Шектен тыс ашық жанұялық құрылымдар сыртқы кез-келген минутта кіріп келетін, кез келген адам кіретін қораға ұқсас. Мұндай жанұя оның мүшелеріне қажетті деңгейде қауіпсіздікпен қолайлылықпен қамтамасыз етпейді. Бірақ та оның қатты сыртқы шекарасының салдары болатын жанұяның шектен тыс тұйықтығы да қауіпті. Қатты сыртқы шекарасы жанұяның мүшелері, сәйкесінше жоғарғы алаңдаулықпен ерекшеленеді. Ішкі шекаралар бір-біріне деген қарым-қатынаста жанұя мүшелерінің түрлі құрылым астыларының іс әрекет ерекшелігі арқылы көрінеді. Сонымен ұрпақ арасындағы шекараларының талдауы ұйымшылдықпен сатылықта, олардың арасындағы арнайы құрылымдық ерекшелікті бейнелеуі. Жанұялық ролдер- жанұялық құрылымның әрбір мүшелерінің бекітілген тұрақты қызметтер. Жанұяның ролдік құрылымы оның мүшелеріне нені, қашан,қалай және қандай ретпен бір-бірімен өзара әрекеттесіп жұмыс істеу қажеттігін белгілейді. өзекті іс-әрекетпен басқа «роль» түсінігіне сол немесе басқа жанұя мүшесінен күтілетін немесе күтіп жатылатын құндылықтар және іс-әрекет, әлеуметтік қондырғылар, сезімдер, нанымдар, сенімдер, мақсаттар, тілектер кіреді.
Жанұялық қызметтің ерекшеліктері өзара іс әрекеттің паттерндегі, ақпаратты директивалау, эмоционалдық қарым-қатынастың стилін метокомуникация сияқты ұғымдармен сипатталады.
Өзара іс-әрекет паттерні- жанұя мүшелерінің тұрақты іс әрекет тәсілдері, жанұя жанұя мүшелері мен нақты бір мағынадан тұратын немесе нақты бір хабарнамаларды қосатын, мысалы, бір-біріне деген үнемі наразылық,қолдау, қорғау, қорлық, реніш көрсету; үнемі қайталанатын қарым-қатынас жаптаурыны. өзара іс-әрекет паттернінің кезектік таптаурыны бірқатар жағдайда директивалық қалыпты иелікке алуы мүмкін.
Ақпаратты директивалық –жанұялық өзара іс-әрекеттің нақты паттерндерінде үнемі қайталаумен себептестірілген жанұя мүшелерінің арасында ақпаратпен алмасу сипатын бейнелейді.
Эмоционалдық қарым-қатынастың стилі- бір-біріне бағытталған мақтау және сын, жағымды ж/е жағымсыз эмоциялардың қатынасымен анықталады,сонымен қатар сезімін ашық көрсетуі тиымның болу болмауымен анықталады.
Жағымсыз эмоция, үнемі айтылатын сын, қорлық серіктесінің қабілетіне мүмкіндіктеріне сенбеу сияқты белгілердің жанұяда басым болуы. өзіндік сыйлау мен өзіндік бағалауды төмендетуге, ішкі кернеуліктің, агрессияның өсуіне, сонымен қатар жүйелік психосоматикалық бұзылысқа алып келеді.
Метакомуникация- жанұялық құрылымның өзінің жіне жеке мүшелерінің дамуындағы жанұялық қызметтің маңызды бір сипаттамасы. Аталған термин жанұя мүшелерінің арасында болып жатқан бірігіп талқылау мен ұғыну барысын сипаттайды. Яғни қарым-қатынас жайлы хабарлама немесе түсінік береді. Ол сөздік немесе сөздік емес болуы мүмкін, әдетте байланысты дұрыс түсіну үшін көмектесетін блгілерді береді. Байланыстың қарама-қайшылығы оның мазмұндық немесе мағыналық бөлігі деңгейі немесе оның сөздік немесе сөздік емес бөлігінің сәйкес келмеуін көрсетуі парадоксқа алып келеді. Мұндай парадоксальды қарым-қатынастың соңғы нұсқасы: «қос қабат қысым» болып табылады. Сонымен бірге оның алған байланысының бірде біреуіне адекватты әсер етуге мүмкіндігі жоқ, қарым-қатынастың маңыздыларының күшіне өзара іс-әрекетті үзуге шамасы жоқ болуы. Мұның бәрі жағдайды қиындатады.
Жанұялық құрылымның эволюциялық процестерін талдау үшін келесі ұғымдар қолданылады: жанұялық тарих, жанұяның өмірлік айналымы, жанұялық аңыз, жанұялық миф, жанұялық қойылым- өзара іс-әрекет паттернінің ұрпақтан-ұрпаққа қайталанатын, жанұялық тарихпен себептендірілуі. «Жанұялық қойылым» ұғымы М.Боуэннің трансмиссил туралы идеясынан бастау алады.
Жанұядағы эволюциялық процесті сипаттайтын келесі ұғым өз дамуныда кез келген жанұя өтетін кезектік кезеңді ұсынатын жанұяның өмірлік айналымы. Болып табылады. Жанұяның өмірлік айналымның ұсынысы жанұяның жұмыспен стратегиясын анықтауда үлкен маңызға ие.
Жанұя өмірінің мазмұндық негізі келесі ұғымдармен сипатталады: жанұялық ереже мен норма, жанұялық құндылықтар, дәстүрлер және нанымдар. Э.Г Эйдемиллер оларды жанұялық тұрақтандырғыштар деп атауы. Жанұялық ережелер мен нормалар- жанұяның өмірі қалыптасатын талаптар мен негіздердің жиынтығы. Олар күн тәртібіне де, сезімді ашық білдіру мүмкіндігіне де қатысты болуы мүмкін. Жанұяда ереже мен норманың болмауы жанұялық құрылым тәртіпсіздікке алыр келеді, сонымен қатар жанұя мүшелерінің психикалық денсаулығына қауіпті болуы мүмкін. Үнемі ереженің жетіспеуі қақтығыс пен реніштің негізгі көзі болып табылады.
Жанұяның құрылымы- жанұялық өзара іс-әрекетті сипаттауда қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі. Аталған термин С.Минухинаның жанұялық құрылымдық теориясындағы кілттік термин болып табылады. Жанұяға құрылымдық таяу оның мүшелерінің индивидуалды био- динамикасына қарағанда өте үлкен ұғымға негізделген. Жанұя мүшелері оның трансакциясын басқаратын нақты бір құрылғымен сәйкес қатынаста. Бұл құрылғылар бүтінуі- жанұя құрылымы қалыптастырады.
Жанұялық тарих- бірнеше жылға созылған уақытта жанұяның маңызды оқиғаларының хронологиясын сипаттайтын және жанұяның тарихи контекстіне қатысты ұғым. Э.Г Эйдемиллер жанұялық тарихпен жұмыс үшін тақырып терминін енгізуі.
Жагұялық миф- аталған жанұя мүшелерінің өзі туралы ұсыныстарының жиынтығы туралы ұсыныстарының жиынтығы түрінде микрожүйелі деңгейде көрінетін немесе макрожүйеде қылаптасатын көп қызметті жанұялық феномен. Бұл ұғымды анықтау үшін мынадай терминдер қолданылады: жанұяның бейнеі, сенім, біз бейнесі, наным, жанұялық кредо, үйлескен үміт. Жанұялық мифтің қызметі- жанұяның тұтастай және оның мүшелерінің санасына қабылдамаған ақпараттарын ашумен қорытындыланады. Сонымен жанұялық мифті қорғаныш қызметін атқаратын және жанұя құрылымының тұтастығынсақтауға әсер ететін жанұяның өзіндік психологиялық қорғау механизмі ретінде қабылдауға болады.
Сонымен жанұяның таптырмастық және таңдамалылық жайлы мифі- өткен мәселелеріне әсер етуші тірегін өрлендіргенде жетістіктедің күшті, бірақ шынайы мотивациясын өзекті ететін бірінші кезіндегі компенсаторлық стратегия ролін ойнай алады.
Бақылау сұрақтары.
Жанұя институтының тарихында дағдарыстық кезең немен байланысты, яғни немен шартталған?
Жанұя құрылымына не тән?
Жанұялық жүйе ретіндегі құрылымдық элементтерін атаңыз?
Жанұялық жүйенің элементтерін сипаттайтын параметрлер қандай?
Жанұялық қалыптасу көрсеткіштерін сипаттаңыз?
Тұтастықтың 4 деңгейіне талдау жасаңыз
Практикалық сабақ № 2
Тақырыбы: Жанұяның мінездемесі, оның даму тенденциялары.
Мақсаты: Жанұя және неке туралы түсінік беру, жаңұя институтының даму тарихымен танысу.
Жоспары:
1.Жанұя және неке
2.Жанұя институтының даму тарихы.
1. Жанұя және неке. Ғалымдар дәлелдеуінше жанұя – бұл адамның пайда болған кезінен бастап құрылған улы құндылықтардың бірі. Жанұяның ешқандай ұлт, ешқандай мәдени қоғам болуы мүмкін емес.
Жанұяны зерттеу осыдан бірнеше ғасыр бұрын – ақ басталған (Платон, Аристотель, Кант, Гегель т.б.) Жанұяның көптеген белгілері анықталды. Соңғы жылдары жанұяны шағын әлеуметтік – психологиялық топ деп атайды. Жанұяда заңдармен, нормалармен, дәстүрлермен басқарылатын өзара тұлғалық қарым – қатынас жүйесі бар.
Сонымен, жанұя – мүшелері некелік немесе туыстық қатынастағы шағын әлеуметтік – психологиялық топ. Міне бұдан отбасы типінде 2 негізгі қарым – қатынас түрін ажыратамыз:
Ерлі – зайыптылық (некеге тұрған әйел мен ер адамның қарым – қатынасы)
Туыстық (туысқандар мен балалар арасындағы қатынас) әдебиеттерде «отбасы» ұғымы «неке» ұғымымен бірге қарастырылады. Шын мәнінде бұл екі ұғымның жалпы ұқсастықтары болғанымен, синонимдер емес.
Неке - әр түрлі механизмдер тән тарихи бірлестік. Онда өмірді одан әрі жалғастыруға бағытталған ер мен әйелдің жыныстық қатынасы орындалады. Некенің мақсаты жанұя құру және өмірге бала әкелу. Сондықтан жанұяға ерлі – зайыптылық және ата – аналық құқық пен міндет тән.
Неке мен жанұя әр түрлі тарихи кезеңде қалыптасты.
Некеше қарағанда жанұяда қарым – қатынас жүйесі күрделі. Ол тек ерлі – зайыптыларды ғанае
емес, балаларды, оларға жақын адамдарды біріктіреді.
2. Жанұя институтының даму тарихы. Жанұяның пайда болу және даму мәселесі, жанұялық – некелік қарым – қатынас, әрбір адамның және қоғамның өмірінде жанұяның рөлі көптеген ғасырлар бойы адамзатты ойландырып келді. Дегенмен бұл мәселе әлі күнге дейін толық зерттеліп болған жоқ, әліде қарама – қайшы сұрақтар көп. Жанұя ұзақ өзгерістерге ұшырады, ол дамның дамуымен, адамдар арасындағы қатынастың қалыптасуымен байланысты. Ең алғаш жыныстық қатынас жануарлардағыдай сипатта болды. Әйел кез – келген еркекпен, еркек кез – келген әйелмен қатынасқа түсті. Бұл қатынас көптеген қақтығыстарға, негативті жағдайларға алып келді. Енді некелік қатынас пайда болды. Қатаң некелік қатынас формасы – экзогомия, яғни бір жынысты адамдардың ішкі жыныстық қатынасына тыйым салатын құбылыс пайда болды. Топтық неке енді 2 адамның некесіне айналды. Топтық неке полигамия формасына ие болды. Онда бір адам қарама – қарсы жыныстағы бірнеше адаммен некеге тура алады. Полигамияның 2 формасы болды.
полиандрия (көп күйеуге тиюшілік)
полиминия (көп әйел алушылық)
Көп әйел алу кейбір Шығыс елдерінде осы күнге дейін сақталған.
Кейінірек әлеуметтік қатынастардың туындауы шегінде некелік қатынас тұрақтана бастады: қос неке формасы пайда болды. Қос неке ер адам мен әйел, балалардан тұрады, негізгі асыраушысы ер кісі. Әйел мен балаланың күйеу мен әкесі болуы мүмкін емес. Бірте деп некеге деген тісінігі өзгере бастады: енді оның мақсаты жанұя құру, бала тәрбиелеу болып өзгертіледі. Жанұяда бала тәрбиелеуге деген міндет қалыптас
Бақылау сұрақтары.
«Жанұя» терминге анықтама беріңіз?
Жанұяда қандай қатынас түрлері ажыратылады?
«Жанұя» және «жанұя» ұғымдарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?
Полигамияның неше формасы бар?
Жанұялық – некелік қатынастардың дамуының негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз?
Бұрынғы отбасы типтерін атаңыз?
Тапсырма.
Жанұя қызметтері бірін-бірі толықтырады және өзара байланысты екендігін дәлелдеңіз.
Өзіңіздің туыстарыңызға қарым-қатынаста қандай функцияларды жүзеге асырасыз.
Әр кезеңнің негізгі белгілері ерекшелей отырып отбасының тарихи даму схемасын құрыңыз.
Өзіңіздің жанұяңыздың типін сипаттаңыз.
Жанұялық өмір ерекшелікңтерін көрсетіп әр түрлі халықтың мақалаларына талдау жасаңыз.
Сіз қазіргі кезде жанұя тәрбиесі әлсіз дегенге келісесіз бе? Өз пікіріңізді дәлелді білдіріңіз.
Практикалық сабақ №3
Тақырыбы: Жанұяны сипаттаудағы жүйелі тәсілі.
Мақсаты: Жанұяны сипаттаудағы жүйелі тәсілдермен танысу
Жоспары:
1.В. Сатирдің жүйелі тәсілі.
2.С. Минухиннің жүйелі тәсілі.
3.М. Боуэның жүйелі тәсілі.
1. Белгілі американдық жанұя психотерапевті Вирджиния Сатир жанұяны сипаттауда бірнеше маңызды ұғымдарды қолданды: жанұя энергетикасы, жанұя құрылымы, жанұя шекарасы, мінездемелері. Биологиалық объектіні сипатау үшін автор техниқалық метологианы қолғанданым куәландырыды. Осындай жақын келу, әсіресе ХХ ғ. әйгілі болған және өз алдына прогрессивті құбылысты көрсетеді. Шындығында, ол түсынуде жана мүмкіндіктерді және жанұяныжалғандығы туралы ашты.
Жанұя энергетикасы-көлемді ұғым, оған барлық компонентер кіреді және жанұяның биологиялық және психикалық икемділігіне тәуелді, экологиялық қисынды параметрлердің өмір сүру орталары, сапаның қоректену көлемі көлімнің, жанұя мүшелерінің суиінді және тіршілікті құруда энергетикалық психологиялық құрастырушысы жанұяны (эмоционалды қазан( деген.Бұл эстафора комектейді,эмоционалды және өмірлік тонуспен жанұя мүшелерінің өмірге деген икемділігін анықтайды. Эмоционалды «резервуар» балалардың жанұядағы міну-құлығын туралы, олар осы периодта тәуелді және әлсіз болады.
Жанұя құрылымы-бұл тек қана 1 төбеде өмір сүретін жанұя мүшелерінің ролдік позициялары ғана емес. Мысалы,егер күйеуі өзінің анасына қатты бауыр басуын жалғастырады, онда ол жанұяның мүшесі бола алмайды, бірақ ол ерлі-зайыптылардың әрекеттетігіне өз септігін тигізе алады. Басқа сөзбен айтқанда жанұя картасы көрінбейтін және айқынсыз коммуникацияны көруге,оларды зерттеуге рұқсат етеді, сонымен қатар нақты жанұяда интенсивті коммуникацияны қайтарады.
Жанұяның функционалды мінездемелері-бұл оның мүшелері арасында қатынас сапасының мінездемелері:
а)қатынас стильдері,
б)жанұя өмір сүретін ереже
в)қатынас тосқауылдарының бары (жоқ болуы)
Айыптаушы стиль-басқаға ұмтылуда үйрету,оны сынауға және бақылауға, тек қанашарт жанында сондай адам үрейі аласарады. Жағынушы және айыптаушы стильдер өзара толықтырушылар болып келеді.
Жағынушы стиль-ұмтылуға жағу және бәрінде басқалармен, оларға өзіне меншікті өте түйсігі жасырынады.
Санасқан стиль-бұл стильде адам өзін сыпайы, дұрыс болуға тырысады, идеалды серіктес болып көрінгісі келеді.
Жылжытып қойылған стиль-бір-біріне және басқаларға деген психологиялық дистанцияны үлкейтуде ұмтылады.
Жанұя шекарасы-сөз тіркесі, жанұя мүшелерінің қарым-қатынасының сапасын анықтайды.
2. Сальвадор Минухин – американдық жанұя терапевті, жанұяның көмегімен өзіне меншікті психотерапиялық тәжірибе негізінде оны түсінуге жақын келуді жасады. Минухин бойынша жанұя- бұл жеке адамдар төтенше өз кезегінде жанұя құрылымының ішінде құрастырады.
Жанұялық құрылым. Жеке бөлек адам, жанұя мүшесі осы жанұялық құрылымның бірінші түрі ретінде қарастыруға болады, яғни ол өзінің адамдық бірлігінде өзінің қажеттіліктерін, мотивацияларын және өмірлік мақсаттарымен бола алады. Кейбіреулері-жанұя ішінде болады, ал кейбіреулері белсенді өмірді қосу арқылы өмір сүреді.
Ерлі-зайыптылар подструктурасы міндетті түрде күйеуден тұрады. Екі адамның арасындағы қатынас жанұядағы ата- аналар сияқты қымбаттылықты, құндылықты, сенімдерін бір жерден шығаруға. Олардың алдына қойылған мәселе, күйеулерін басқа жанұя мүшелерінен қорғау. Ерлі-зайыптылар арасында көбінесе интимді қарым-қатынас жүреді. Егер олар біреуінің ісіне қанағаттанбаса, онда ол өзінің қажетті қанағатын басқа біреуден табуға болады. Сонда ерлі-зайыптылар арасында ауытқулар пайда болуы мүмкін.
Ата-аналық подструктура бұл ерлі – зайыптыларға жатпайды. Себебі оның құрамында апасы, әпкесі,әсіресе үлкен ұлы да болуы мүмкін.Ата-аналар балаға өмиірдің жарқын жақтарын ашып көрсету керек. Ата- ананың міндеттерінде мыналар бар : бала өмірінде ең маңызды мәселені шешуде құқылы.
Ағалы- қарындасты подструктура- адамдардың бірінші тобы, бірдей балаларға арналған. Ол әрекеттестік тәжірибесіне ие болады.
Минухин жанұядағы қарым- қатынас кезіндегі бірнеше мәселелр туралы айтады :
Жанұя па –де-де фран.сөзінен pas de deux – 2 адамдық би, яғни балет сияқты музыкалық би түрі. Мұндай жанұя баласыз немесе жоғалған баладан түзеле алады,егде жұптар,яғни олардыңбалаларыесейіп, жан-жаққа тарап кеткен, егде ата-ана және оның есейгенбаласы,жалғыз ата- ана және оның баласы.
Жанұя «кебіс» үлгісі ретінде- көп балалы жанұя, үлкен бала әке-шешенің подструктурасынан
«ығыстырылған» және өзінен кіші інілеріне және сіңілеріне әке-шешелік қызметіне көңіл бөледі. Ол өз атына байланысты, графикалық бейнелеуде өзінің құрылымы кебіс формасы ретінде болғандықтан осы атқа ие.
Флуктуациялық (мақсатта тұрақты) жанұя- тұрақты емес құрамнан және үнемі орнын ауыстырып жүретін жанұя. Біріншісіне- жанұяның құрылысына, ал екіншісінде әлеуметтік ортаға байланысты. Егер жанұя орнын бір жерден екінші жерге ауыстырса, әсіресе бұл әскерилердің, мигранттардың және қашқындарға байланысты, онда әлеуметтік ортаның тұрақсыздығын айтуға болады.
Жанұя елеспен. Бұл жанұя, ол мүшелерінен біреуін жоғалтқан, бірақ психологиялық түрде олар жаңа жағдайды қабылдағысы келмейді және жоғалтқан адаммен өздерінің байланысын сезінуін жалғастыруда.
3. Мюррей Боуэн (1913-1990) – АҚШ-та жанұя қозғалыстарының негізін салушылардың бірі, оның мақсаты жанұяны психикалық ауру адамдардың көмегімен жанұя қорларын пайдалану және адамның денсаулығына психикалық әсер етуші фактор ретінде зерттеуі. Жанұяның дифференцияларының аласа деңгейімен эмоционалды қатынаста 3 түрде айтуға болады:
1. Ерлі зайыптылардың көп уақыт бойы бір- біріне бейімделе алмауы және өзара қатынасын ұйымдастыру. Олар эмоционалды үшбұрышқа кіреді және өзінің энергияларын ішкі қақтығысқа жұмсайды, осындай кезде ата- ананың дифференциалды емес практикасы балаға онша әсер етуі мүмкін емес, ол аман- есен дамиды.
2. Қайсы бір жұбайлары адаптация кезінде аяқталады, яғни 1-біреуіне тәуелді болады. Нәтижесінде «псевдо-мен» деген қатынас пайда болады. Боуэннің айтуы бойынша осындай неке өте басымырақ болып келеді.
3. Жұбайлар тыныш қарым- қатынаста болатын жанұя, ол төмен дифференциалды ата- анасы баламен тығыз эмоционалды қарым- қатынаста болады. Ол өзіне меншікті әлсіздіктің көмегімен қорғанады және баланың төмен дифференциалды мінездерін жаза отырып, оны түзетеді. Әсіресе , кейбір баланың мінездемесі көбінесе баланы объект проекциясы ретінде: ол 1-ші және жалғыз бала, бала тумысынан дамуындағы ауытқуы бар, онда психосоматикалық және психотрикалық , әлеуметтік және мінез- құлықтық симптомдары болады. Міне осындай бала ата- аналық эмоционалды үшбұрышқа енуі керек, белсенді позицияда механизм позициясын сақтаушы болып келеді. Сайып келгенде, қайталанбас гинеологиялық ұрпақта «трансмиссия» атты механизм пайда болады. Процесс проекциясына кірмеген жанұядағы басқа балалардың дені сау болады.
Бақылау сұрақтары.
Жанұяны бейнелеуде В. Сатир қандай түсініктерді қолданды?
2. Сатир бойынша жанұялық қарым-қатынас стильдеріне сипаттама бер?
3. С. Минухиннің құрылымдық подходының мәні неде?
4. Қандай жүйеде мінез-құлықтың қоршаған ортамен моделі қалыптасады?
5. М. Боуэн концепциясының негізігі бір түсінігін атаңыз?
6. Эмоционалдық жүйе дегеніміз не?
Практикалық сабақ №4.
Тақырыбы: Серіктестік және ерлі – зайыптылық қарым – қатынас психологиясы
Мақсаты: Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру
Жоспары:
1. Неке моделі
2. Ата-аналы жанұяда бала тәжірбиесі және оның жанұяға әсері
3. Әлеуметтік және жанұя ішілік стресстар және оның ерлі-зайыптыларға әсері.
4. Ерлі-зайыптылар статусы денсаулық факторы ретінде
5. Ажырасу және оның балаларға және бұрынғы ерлі-зайыптыларға әсері
1. Жанұя мамандарының тәжірибелік жұмысы З.Фрейд пен А.Адлердің идеяларын дұрыс деп есептейді, яғни олардың ойынша жаңа жанұя құрған ерлі-зайыптылар өзінің жанұясына өзінің өсіп шыққан моделін дәл суреттейді.
Ата-ана моделі З.Фрейдтің психоаналитикалық теориясына сәйкес келеді. Идентификация механизмі жұмысының арқасында бала өз жынысындағы ата-анасымен теңеседі, оның өмір бойы сақталатын сенімдерін, қасиетін және мінез-құлық реакциясын алып пайдаланады. Қарама-қарсы жыныстағы ата-ананың бейнесін ерлі-зайыптылардың таңдауы анықтайды. Ағалы-қарындасты жүйе бойынша ағасы мен қарындастың моделі өзара қарым-қатынас тәжірибесіне негізделген модел тұрақты ерлі-зайыптылық үшін ағалы-інілі және қарындасымен өзара қарым қатынас тәжірибесін осы жұпқа суреттеу керек деген А.Адлердің идеясына құрылған. Комплементарлы неке деп – ерлі-зайыптылардың сиблингтивті позициясы өзара толықтырушы болып табылатын неке. Жартылай комплементарлы неке – ағалы-қарындасты жүйе бойынша түрлі тәжірибе игерген ер мен әйелдің арасындағы неке. Комплементарлы емес неке – сиблингтивті позиция туылу тәртібіне сәйкес келетін неке: мысалы, інілердің үлкен ағасы, сіңілілердің үлкен әпкесібірдей тәжірибе алады, бірақ қарама-қарсы жыныстағы құрдастарымен тығыз өзара әрекет тәжірибе ала алмайды.
2. Ата-ананың жанұядағы бала тәжірибесі міндетті түрде болашақ ерлі-зайыптылық қарым-қатынастың құрылуына, баланы тәрбиелеуде, өзінің жанұядағы туысқандармен қатынасына әсерін тигізеді. Бұл әсердің өте толық анализі позитивті психотерапия авторы Н.Пезешкиянға тиесілі. Ол мұндай әсер болатын 3 психикалық сфераны ұсынады: стреске әсер ету тәсілі; эмоционалды және тәрбиелік норма; әлеуметтік және отбасылық қатынас.
3. Әртүрлі түрдегі стрессорлардың жұбайылық қатынасқа әсері туралы сұрақ екі көзқараста қаралуы мүмкін – бұл стрессордың қатынасқа әсері, көзқарасы және жұбайылық қатынастың жеткіліксіздік тұжырымы нәтижесінде стресске ұшырағандық көзқарас болып табылады. Бұл ұсынылған талдауда біз априорлы позициядан шығамыз, яғни зайыптылық қатынас позитивті және алғашында жұбайыларды қанағаттандырушы болып табылады деп санаймыз. Американдық зерттеушілер, стрессорлардың мәліметі бойынша жұбайылық қатынастың бұзылу факторына қатысты болатын жұмыс күштері, жұмысқа ынтаның болмауы, қаржылық мәселе және кедейлік. Ерлі-зайыптылыққа негативті әсер ететін жұбайылардың түрлі этикалық топқа жатуы; мәдени құрылымының ерекшелігі; ата-ананың, өзінің тәртібінің, өмірлік мақсатының, қазынасы мен стилінің стереотипі, сондықтан этника аралық союздар өте тұрақты. Баланың туылуы жұбайылық қатынастың бұзылу себебі болуы мүмкін, сондықтан бала екі жұптың қатынасын сақтайды деген атақты пікір қисынды емес. Баланың өмірге келуі өзара қатынасты бұзады, яғни жаңа өте маңызды ана-бала қатынасы пайда болады. Сонымен қатар, жұбайының жалғаспалы ауруы қатынастың бұзылу бұзылу қатерімен байланысты, санымен қатар физикалық ауру психикалыққа қарағанда аз стресс-фактор болып табылады. Жұбайының психикалық ауруы ажырасумен анық байланысты (қосымша «жұбайыма менің хатым»). Ұрықсыздық соңғы мәлімет бойынша жұптардың 3%-да кездеседі, ол ер мен әйелге қатты әсер тигізеді, депрессияны дабылды шақырады, өзіндік бағаны төмендетеді, күнә мен ұятты көтереді (көбінесе әйелдерде), жұбайылық қатынасқа негативті әсер етеді, әсіресе сексуалдыққа. Ұрықсыздық өмірлік жоспарды және әлеуметтік рөлді қайта ойлнуға алып келеді (15 кесте).
4. Зерттеудегі денсаулық пен жұбайылық деңгей байланысы барлық денсаулық көрсеткішімен байланысты, сонымен қатар өмір жалғасымен байланысты. Жалпы заңдылық келесі жолмен жүреді: үйленген ерлер мен әйелдердің денсаулық проллемасы аз болады; олардың артынан некеге тұрмаған адамдар және жесір адамдар жүреді; ал ажырасқын адамдарда денсаулық проблемалары көп болады. Зерттеулердің көп бөлігінде жалғыз адамдарбөлек топқа бөлінеді. Алынған мәліметтерде олардың денсаулық проблемасы ажырасқандардан асып түседі. Шын некеде тұрып жатқан жұпты зерттеу кезінде денсаулық көрсеткіші үйленгендер тобына жақын немесе сәл төмендеу. Жұмыстың мұндай жағдайын түсіндіре отырып, екі негізгі теорияға алып келуге болады: сұрыптау теориясы және әлеуметтік себептілік теориясы. Сұрыптау теориясына сәйкес денсаулық неке міндетіне сәйкес адам секілді таңдайды, бұл міндетке сәйкес келмей, аурулар адамдар некелесіп жатады. Әлеуметтік себептілік теориясына сәйкес неке денсаулық сақтау немесе денсаулық қорғау эффектісін иеленеді. Мұндай жағдайда сұрыптау теориясында денсаулық фактор секілді некенің алдында болады, әлеуметтік себептілік теориясында неке денсаулықтың алдында тұрады. Неке кезінде денсаулығы бұзылған өмір жағдайының басқа түрлерімен алкогольді, темекені қолдануға байланысты мінез-құлықтың пайда болуы төмендейі.
5. Жұптардың ажырасуы – өте жиі кездеседі. Осыған байланысты С. Голод (1998 ж.) 51% көрсетеді. Ажырасудың себебі әлеуметтік және психологиялық шындықпен байланысты. Оған әртүрлі жағдайлар әсер етуі мүмкін. Мысалы, қаржылық жағдай, жұмыссыздық, кедейлік, характерлік сәйкессіздік, некенің құрылған уақыты (өте ерте нне өте кеш) т.с.с. тағы да бірнеше себептерді атауға болады. Мысалы, ішкілік, бедеулік, түсінбеушілік т.б. Айрылысу – жұбайлар арасындағы жүйенің бұзылуы. Кейбір жұптарда қатынас айрылысудан кейін де сақталуы мүмкін. Мысалы 2-3 жыл. Эмоциялық қатынастың бұзылуы, бірінші ішкі өзіндік дәрежеде болады. Мұндай жұптардың біреуі қатынаспен қанағаттанбай, іштей шешім қабылдап, қатынасты сақтаудың керекгі жоқ екенін түсінеді. Кейінгі екінші процесс диадикалық дәреже. Мұнда жұп арасында сөйлесу болады, яғни бір-бірінің шешімімен келіспеушілік болады. Кейінгі дәреже – топтық. Яғни бұл хабар барлық туыстарына тарайды, сонымен бірге – балаларына. Ең соңғы зерттеулерге қарағанда, бұл жағдайға екі жыл кетеді екен. Г. Фигдор зерттеуі бойынша, ажырасудан кейін бұрынғы жұбайларда қиындықтар туындай бастайды, яғни қаржыны жұмсаудың көбеюі, жұмыс істеп, ақша табудың қиындығы және соған байланысты уақыттың жоқтығы т.с.с. Осы кезде назарды талап ететін балаларға аз уақыт бөлінуі.
Ата-ана ажырасуының балаларға әсері
Фигдордың зерттеуі бойынша 5-7 жастағы балаларға әсері. Реакция баланың ажырасу туралы өзі түсінген кезден басталады. Бұл процесс айлап созылуы мүмкін. Ол әкесін немесе шешесін күтеді. Осындай реакциядағы Фигдордың психосомаптикалық белгілер жатады: депрессиялық жағдай, күтпеген ынта, әдепті болып болып қалу жағдайы т.б. Бала қайғыда болады. Фигдор айрылысу ата-ана арасында болса да, ең көп эмоциялық жағдайды бала тартады деп айтады. Ол әкенің немесе шешенің кетуі өз кінәсіндей түсінеді. Ол 30-50% балалар осындай жағдайда болады деп айтқан және бала екінші ата-анасынан айрылып қалудан қорқады. Осылай жалғаса берсе, бала қиын жағдайға түсіп қалады. Осындай жағдайда балаға ата-анасының көмегі өте қажет болады.
Бақылау сұрақтар
1. Неке моделінің жіктелу негізінде қай ғалымның ой-пікірлері жатыр?
2. Неке моделінің мәнін сипатаңыз.
3. Ерлі-зайыптыларға әсер ететін жанұя ішілік және әлеуметтік стерессорларды атаңыз.
4. Әлеуметтік себептілік теориясы және таңдап алу теориясының мәні неде?
5. Ажырасудың негізгі себептерін атаңыз?
6. Ажырасудың ата-аналарға және балаларға әсері қандай?
Практикалық сабақ №5.
Тақырыбы: Жанұялық тәрбиенің психологиялық-педагогикалық негіздері
Мақсаты: Жанұялық тәрбиенің психологиялық-педагогикалық негіздерін игеру.
Жоспары:
1. Тәрбиелеу механизмдері
2. Ата-аналық үй
3. Әке және ана тәрбиеші ретінде
4. Жанұядағы махаббат адамгершілік құндылығы ретінде
5. Тәрбиеге талап
6. Жанұяда тәрбиелеудің дәстүрлері
1. Ата-ананың балаға деген жалпы ықпалы, сондай-ақ бұл ықпалдың мазмұны мен сипаты жанұлық тәрбиеде нәтижелік пен белсендірілетін баланың әлеуметтену механизмдерімен түсіндірілді. Осы механизмдердің көмегімен бала әлеуметтік шынайылыққа кіреді, оның жеке бір бөлігі ретінде қалыптасады,психологтар үш анықтаманы анықтады: күшейту, адентификация,түсінік. Жанұлық тәрбиенің шарттарында осы механизмдерді баланың меңгеру жолдарын қарастырайық. Көмек не «жақсы» не «жаман» деген жанұядағы құнды түсініктерге жауап беретін баладағы мінез-құлық типін қалптастыруды болжайды. Сөз бен іспен ата-аналар өздерінің ойларындағы «жақсы» адам түсінігімен сәйкес келетін баланың мінез-құлқын ынталандырады, кешіреді, қош көреді. Ал егер бала осы түсініктерге қайшы келетін болса, онда оны жазалайды, ұялтады,ұрысады. Осылайша күннен күнге баланың санасына нормалар жүйесін, ережелерді, нені болады,нені болмайтынын ендіреді.
Грантификация дегеніміз- бұл баланың өзінің ата-анасын жақсы көре және сыйлай отырып, оларға еліктейді, олардың мінез-құлықтарына бейімделеді, айнадағылармен қарым-қатынас, іс-әрекеттер жасайды т.б.
Түсіну- баланың өзіндік санасына ж/е оның толығымен жеке тұлға болып қалыптасуға бағытталған. Ата-анадан басқа мұны ешкім жақсылап жасай алмайды, өйткені олар баланың ішкі жан дүниесін біледі, оның көңіл-күйін сезеді, оның мәселесіне бірден әсер етеді, оның индивидуалдығын алу үшін шарттарды құрады.
2. «Ата-ана үйі» түсінігін педагогика ж/е психология тұрғысынан қарастырайық. Кішкентай бала үшін «менің үйім» сөзінің астында не жатыр? Ең алдымен бұл айнала қоршаған өмірдің қауіптері мен түсініксіз жайттарына қорғалған оның өмір сүру ортасы болып табылады. Қорғаныс сезімі баланың дұрыс дамуы үшін өте қажет. Үй туралы көбіне «очаг» деп айтады, оның негізі адамның жүрегін жылыту болып табылады. Жанұяда бала басқаларға қуаныш сыйлауды үйренеді: дастархан жасауға мамасына көмектеседі, апасы үшін сурет салып берді, әкесі үшін жақсы тілек ойластырды. Егер үдкендрдің мінез-құлқында басқаға деген бағыттылық анық көрінетін болса, яғни оларды түсіне алуы, оларға жақсы қатынас жасайтын болса, үй нағыз жанұялық ошақ болады. Бала үшін эмоционалдық тыныштық ата-анасына қуанышты және жағымды қарым-қатынас, олармен тұрақты және сенімді контакт қажет. Қарым-қатынас нәтижесінде алынған қуаныш өсіп келе жатқан бала үшін негізгі құндылық болып қалады. Жанұяда балада өзінің «мені » қалыптасады. Бірақ бала өзінің туған үйінде уайымдайды және алғаш рет ұялуды , ауруды сезінеді, егер ол жанұлық ережені бұзатын болса, оны жақсы көретіндерді өкпелетеді. Бала үлкендерге сөз қайтару, досын ренжіту, қызғану, сұрайсыз біреудің затын алу, бұзу, сындыру, демалып жатқанда шулау, әдейілеп істеу басқа адамның қайғысына немқұрайлы қарау дұрыс еместігін түсіне бастайды.
Ата-ана үйі- бұл айналаның тұрақтылығы: адамдар,заттар,табиғат. Ата-ана үйінде өзінің өзгермейтін тәртіптері,салт-дәстүрлері болады.
3. Табиғат жаратылысы бойынша әкесі мен анаға өздерінің балаларын тәрбиелеу жүктелген құқық органына сәйкес әке мен ана балаға қатысты құқықтары мен міндеттері . бірақ мәдени дәстүрлер әке мен ананың рөлдерін түрліше бөледі. Ана балаға қарайды, тамақтандырады және тәрбиелейді, ал әке жалпы басшылықты орындайды, жанұяны қаржылай қамтамасыз етеді, жаулардан қорғайды. Көбісі үшін мұндай бөлінген рөлдер жанұялық қарым-қатынастың идеалы болып табылады, оның негізінде әйел мен ер адамның табиғи сапалары жатады-сезімталдық, нәзіктік, ананың жұмсақтығы, оның балаға ерекше бауыр басуы, энергия мен күш әкенікі.
Өз уақытында И.Вордевор деген ағылшын психологы былай дген бала-еркек әкесі. Алғашында бұл көзқарас түсініксіз болуы мүмкін, бірақ шынына келсек балалар еркектердің әлеуметтік қызметін өзгертіп оларды әке қылады. Ата-ананың екеуіне де бірдей талаптар қойылады: олар баланы өмірдің қиындықтарынан қорғау керек, қауіпсіздік сезімін қамтамасыз ету керек. Бұл талаптар баланың жасына байланысты әр түрлі формада орындалады. Әлеуметтік зертеулер соңғы 10 жылда әкелердің қызметінің күрделі өзгергенін көрсетті. Бұрын әкелер тек ақша тауып сыртқы қауіптерден жанұяны қорғаса, ал қазіргі таңда ауқатты екеуіде табады. Қазіргі заманғы әкелер балалармен көп уақытын өткізеді, бұл олардың дамуына жағымды ықпал етеді. Баланың интеллектісін дамыту үшін, оның айналасында ойлаудың екі типі де болу керек- ер адамдікі және әйелдікі. Ғалымдардың ойынша әйелдер мен еркектің ойлау структурасы әр түрлілеу. Еркектерде математикаға қабілеттілігі жақсы дамыған ,ал әйелдерде интуиция, ситуацияны толығымен меңгеру жылдамды жақсы дамыған. Бір ғана ата-анасының қолында тәрбиеленетін балаларда интелектісінің дамуы кейде әйелдердікіне жақын: тілдік қабілеттері байқалады, бірақ көбіне оларда математикаға қабілеттері болмайды. Осылайша баланың тұлға ретінде дамуы үшін ата-ананың екеуіменде бала өзара қатынасты игеру қажет.
Сонымен, ана мен әке алғашқылар және өздерінің балаларын тәрбиелеуде ең жақсылары болып табылады. Олар балаладың өмірін қорғап сақтайды, толық дамуы үшін шарттар құрады.
4. Қазіргі заманғы жанұяда этико-психологиялық аспект маңызды орын алады, ерлі-зайыптылардың балаларының бір-біріне деген талаптары жоғарылайды, жанұя-интимді топ болып табылады, оның мүшелерінің бір-біріне бауыр басуы- оның міндетті мінез-құлқы болып табылады. Жанұядағы махаббат пен оның мүшелерінің бәрі байланысты. Оның алғашқы формасы болып ерлі-зайыптылардың махаббаты табылады.
Ата-ананың махаббаты өмір бойы адамды жетелеп жүреді. Алғашқы жылдары ол баланың қауіпсіздігі мен өмірін қамтамасыз етеді. Ата-аналық махаббатқа мұқтаждық- кішкентай бала үшін өмірлік қажеттілік. Бірақ үлкейген сайын ата-аналық махаббат көбіне баланың психологиялық және эмоционалдық ішкі әлемін сақтаумен көмектесу қызметін орындайды. Деструктивті жанұяларда бала «коза отпущения» жағдайында болуы мүмкін, яғни барлығы ашуын,агрессияларын соған көрсетеді. Бала әр қылығы мен сөзі үшін жазалайды деп қорқынышта өмір сүреді.
Кішкентайынан барлығы «Золушка» ертегісін біледі, сондықтан баланың жағдайын түсіну қиын емес, яғни оны ешкім жақсы көрмейді, төмендетеді, шектетеді.
Баланың дамуы үшін оптималды шарт болып, жақсы көретін жанұя табылады. Жақсы көретін жанұя- бұл балалармен өзара түсіністікке бейімделуге қол жеткізген жанұяны айтамыз. Саналы махаббат өзара әрекеттегі кооперациямен саналы талаптармен оған жағымды эмоционалды қарым-қатынаспен сәйкесте отырып баланы қабылдаумен сипатталады. Жақсы психологиялық жағдайда балаға ешқандай ролдер белгіленіп дайындалмаған. Оны жақсы көреді. Кешкісін ол «әкесінің қазынасы», ал күндіз ата-анасы жұмыста болғанда «апасының қазынасы». Барлық ролдерді бала қуана орындайды, ешқайсысында тұрып қалмайды, себебі оны оған ешкім міндеттемейді. Жақсы көретін жанұяда «козлам отпущения», «Золушка» да болмайды.
Бақытты жанұя- баланың эмоционалдығының дамуы негіз болып табылады. Бірақ тәрбиелеу сезімі өзімен -өзі келмейді, көбінесе кез келген тәрбие секілді ол да күш жігерді талап етеді.
Жанұялық махаббат- бұл тек сезім ғана емес, сондай-ақ ерлі-зайыптардың, баланың белгілі бір мінез-құлық іс-әрекетіне байланысты негізгі жанұяның бақыты болып табылады. Бір-бірін жақсы көруге болады, бірақ түртпектеп жан дүниесін жаралап, керек сөзді айта алмай мазалауы мүмкін. Ата-ана баланың өмірінде не болып жатқанына қызығушылық білдірсе, бұл ата-ананың балаға деген махаббатының көрінуі болып табылады. Махаббаттың негізінде ұнамды мінез-құлықты тәрбиелеуге болады: тек қана махаббат жақсы көруге үйрете алады.
5. Әр халықта өзінің тәрбиелеу талаптарының жүйесі қалыптасады. Ата-аналардың алдында әр қашан шек қоймау мәселесі тұрады. Қазіргі педагогикада «талап» түсінігі кең мағынада қолданылады. Жанұяда бала өмірінің ұйымдастырылуы режим болып табылады. Режимнің орындалуы- ең алдымен мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесін сақтап, қатайту болып табылады. Режим балаларды тәртіпке тәрбиелейді. Балалар өз-өзін ұстауға, өздерінің міндеттерін, үлкендердің талаптарын орындауға үйренеді.
Педагогикалық талаптардың екі жағы бар: мазмұны, яғни мінез-құлық нормалары мен моральдарының көрінуі және жүзеге асырылу әдісі- талаптың белгілі бір формасының көрінуі.
Талап қоюшылық баланың дамуына және жеткізілген деңгейге сәйкес болуы керек. Мұнда баланың мүмкіндіктеріне және күшіне деген сыйластық көрінеді. Ата-аналар балаларының үйреніп қойған нәрселерін жасамау керек, бірақ оны келесі жетістіктерге «демеп» отыру керек. Мысалы, 3 жастағы Настя кофтасын өзі кие алады, содықтан анасы оған мынадай ұсыныс жасайды: «кофтаңды өзің ки, ал түймелерін бірігіп салып көрейік».
Ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы дәстүрлер қазіргі заманғы шарттарға бейімделеді, яғни дәстүр өмір бақи бір орында тұрып қалмайды. Адамзаттық қоғамда олардың белгілері өзгеріссіз қалады. Олар жанұялық, туыстық байланыс пен қатынаста қызмет етуге және адамның бойында махаббат, мейірімділік, өзара түсіну, жақын адамыңа көмекке келу сияқты әлеуметтік құнды сапаларды қалыптастырады.
Арнайы әдебиетте тәрбиелеудегі сияқты «дәстүр» мен «салт» түсініктері синонимдер ретінде қолданылады. Салт пен дәстүр өзара тығыз байланысты, әсіресе олардың жалпы әлеуметтік қызметі. әрбір салттың өзінің мәні бар, бірақ олар идеал формасында көрінбейді. Салттар негізгі жағдайда нені істеу ккеректігін анықтап береді және қандай болу керек екеніне бағыттамайды.
Талаптардың дұрыстығын есте сақтап жүру керек. Бұл дегеніміз яғни бала не және не үшін жасап жатқанын түсіну керек. Сонымен қатар талаптарды орындау үшін шынайы шарттарды құру қажет. Мысалы, егер балаға үлкендердің ас құралын пышақ немесе вилканы ұсынатын болсақ, ол бірден үйренбейді. Кейде балалар үлкендердің талаптарын дағдылары мен іскерлігі жетіспегендіктен орындай алмайды. Сондықтан ата-аналар балаларда әр түрлі дағдылар мен іскерлікті қалыптастыру керек.
А.В.Петровский жанұялық қарым-қатынастың келесі типтерін және соған байланысты тәрбиедегі тактикалық жолдарды бөліп диктант, қамқорлық, серіктестік көрсетеді.
6. Қазіргі заманғы ғалымдар үйдегі тәрбиенің ерекшеліктеріне ықпал ететін маңызды субьективті шарттар қатарына жанұялық дәстүрді жатқызады.
«Традиция» сөзі латын тілінен алғанда tratitio –беру деген мағынаны білдіреді. Жанұяда басқа әлеуметтік инстинктер сияқты дәстүрлі қайта жаңғырту арқылы жүзеге асады. Дәстүрдің негізінде әрқашан жанұяның құндылығы жатады, олар дәстүрлі мінез-құлық мағынасын анықтайды. Қонақжайлылық дәстүрі әр түрлі болады: біреуге асты керемет етіп дайындап күтеді, ал біреулері үшін әңгімелескен маңызды. Дастархан принцип үшін жайылады «бай болған сайын қуанышты». Жоғарыда көрсетілген әртүрлілік дәстүрлер мен салттың бар, ғалымдар жанұяда баланы тәрбиелеуде олар бірдей болмайды.
Осылайша дәстүр мен салттар баланың әлеуметтенуінің екі жолы болып табылады. Жанұялық дәстүрлер көпқызметті, спецификалық эмоционалды қамтылған, сондықтан олардың фонында баланың әлеуметтік дамуы нәтижесі өтеді.
Сонымен жанұялық дәстүрлер оның өмірлік іс-әрекетінің сферасына қосылған, обьектілермен оның байланысын орнатудың, жанұя нормаларының, әлеуметтік мәдени құндылықтар трансляциясының негізгі құралы болып табылады.