- •Түркістан 2013
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның тарихи даму кезеңдері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •3. Педалогияға сын.
- •4. А.С.Макаренко және педагогикалық психология.
- •5. Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.
- •6. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі психологиялық теориялары.
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні, оның міндеттері мен зерттеу әдістері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясының зерттеу әдістері.
- •Іі бөлім. Психикалық даму және оқыту.
- •Балалар психикасы дамуының жалпы мәселелері.
- •Психикалық даму туралы ұғым.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •5. Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кез.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5 Лекция. Мектеп жасына дейінгі бала дамуының психикалық ерекшеліктері.
- •Мектепке дейінгі баланың жалпы сипаттамасы.
- •Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері.
- •Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму.
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және үлкендермен қарым-қатынасы.
- •6 Лекция. Баланы мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепке кіруге дайындық.
- •Мектеп жасындағы кезең.
- •7 Лекция Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Кіші оқушының психологиялық сипаты.
- •Кіші оқушының анатомия-физиологиялық дамуы.
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •Кіші оқушының таным процестері.
- •6. Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері.
- •8 Лекция. Жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты.
- •Жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуы.
- •Жеткіншектің «Мен« деген қасиетінің және үлкендермен байланысы.
- •Жеткіншектің құрбыларымен қатынасы.
- •5. Жеткіншектің оқуы және таным процестерінің дамуы.
- •9 Лекция. Ересек жастағылардың психикалық дамуы.
- •1. Ересек жасының жалпы сипаты.
- •2. Ересектің азаматтылығы және “Мен” дейтін қасиеті. Үнсіз айтыс.
- •3. Ұлдар мен қыздардың өзара қатынасы.
- •4. Ересектің оқу үстіндегі ақыл-ойы мен рефлексивтік процестерінің қалыптасуы.
- •5. Ересектің мамандықты таңдауы.
2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
Соңғы кездерде баланың психикалық дамуында биологиялық немесе әлеуметтік факторларының ықпалы басым келеме, - осы жөнінде айтыстар болып, бірақ зерттеушілер бір келісімге келе алмай жүр. Келісімге келе алмаушылықтың бірнеше себебтері бар: соның негізгі себебінің бірі - сұраұты қате қоюынан. Қате еккні мынадан: бұл жерде биологиялық, не әлеуметтік факторлардың қайсысы психиканың дамуын шешеді деу пайда бермейді. Себебі факторлардың әрқайсысы өзінше психиканың дамуында бөлек қызмет атқара алмайды: бірінің қызметі екіншісіне тәуелді.
Қоғамдық ортада әлеуметтік жағдай адамға тікелей әсер ете алмайды, тек психофизиологиялық (психобиологиялық) процестің негізінде ықпалын тигізе алады. Бірақ кейде зерттеушілер “биологиялық” деген сөзді “тұқым қуалаушылық” (“наследственность”) мағнасында қолднады. Осылай болғаның өзінде де тұқым арқылы берілетін қасиеттер баланың психикалық тұрғыдан қалай дамитынын толық түсіндіре алмайды. Өйкені тұқым қуалау қасиеттері өзінен-өзі қызмет атқармайды. Оларды қызмет еттіріп”оятып” жұмыс істеу үшін әлеумет ортасы түрткі болуы шарт.
Бала психикасының дамуын, біріншіден, тұқым қуалаумен байланыстырып, бірақ осының не екенін дәлелдей алмауынан. Екіншіден, әлеуметке байланысты факторларды (тәрбие, оқыту) биологиялық факторлардан бөліп алып түсінуінен. Осы кемшіліктер қазір де еске алынып, биологиялық және әлеумет факторларын бір-біріне қарсы қоюға болмайтыны мойындалды. Осының болмайтынын дәлелдеуге үлес қосқан психолог А.В.Брушлинский болатын. Брушлинский еңбектерінде биологиялық фактор мен әлеумет факторлары логикадағы дизьюнктиптік (“не мынау”, “не анау”) процестері емес екенін дәлелдеп берді. Осыған сүйене отырып, шынында, биологиялық не әлеуметтік факторлардың бірі не шешеді деу қате. Бұлардың әрқайсысы өзінің орнында қажет. Егер біз биологиялық факторды баланың туылғаннан (тұқымынан) берілген дене бөлшектері десек, осылар ешқандай роль атқармайды деуге болады. Керісінше, адамнан тек адам тууы биологиялық кодтар (“пішу” т.б.) арқылы берілген. Сондықтан кейбір пікірлер бойынша, биологиялық фактор баланың өзі, оның іштен туа берілген несібесі (шартсыз рефлекстері т.б.). Ал әлеумет ортасын алсақ, бұл тек түрткі, сол білінбей “ұйықтап” жатқан несібілерді оятып, соларды дамытуда негізгі роль атқарады.
Әлеумет ортаның күшті екенін мойындай отырып, балада туа берілетін қасиеттерді мүлде жоққа шығаруға болмайды.
Әлеумет ортасының атқаратын роліне келсек, мұнын да бала психикасының дамуына тигізетін әсері тым үлкен.
Сонымен біз биологиялық және әлеумет факторларының , балада психиканың дамуына тигізетін әсеріне тоқтадық. Егер биологиялық фактордың ықпалы баланың жас кезінде (нәресте кезінде) үлкен роль атқаратын болса, бала есейген сайын оның ролі кемиді де, енді әлеумет факторының ролі күннен-күнге өріс ала бастайды.
3. Психикалық даму және оқыту.
Ж.Пиажэ 1921-1922 жж. Француз тілінде аударылған еңбектерінде баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психиканың дамуына, ақыл-ойдың өріс алуына ықпалын тигізбейді деді. Пікір сол кездегі психологтардың көбіне жаңалық болатын. Сондықтан Ж.Пиажэні сынға алушылар әр елде көбейе бастады, соның бірі - біздің елдегі Л.С.Выготский Ж.Пиажэнің пікіріне қарсы шығып, бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады. Осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек,- деді. Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді, яғни оны алға қарай сүйрейді. Егер баланы ақылды етеміз десеңіздер,- Выготский,- оқыту тәсілдерін оның қолына жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдамай, шамалы алға қарай бадырып жүргізу керек. Сонда ғана оқу баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады,- деді. Бұл пікірді сол кездегі психологтардың бірқатары қостады. Себебі оқыту бала психикасын сүйрейді дейтін қағида аса орынды көрінді.
М.Коул, Д.Шерп,Ч.Лейвтің пікіріне келейік. Бұл ғалымдар Дкатан деген Мексиканың бір ауданында сауаты жоқ және сауатты адамдардың ой-өрісі қаншалықты дамығанын тексеру үшін зерттеу жұмысын жүргізіп мынадай қорытындыға келеді: егер ақыл-ой дегенді адам бір үйренген тәсілін өзгерген жағдайда қолдана білу десек, сауатты және сауатсыздар арасында ақыл-ой жағынан ешқандай айырмашылық жоқ.
Бұл жерде В.В.Давыдов ақыл-ой деп оқушылардың тиісті мәселелерді шешуде жалпы амал қолдана білуін айтатын болса, М.Коул т.б. мұны бала бір үйренген тәсілін өзге, бұған қатысы жоқ жағдайға қолдана білуі деп түсінеді. Бірақ осының екеуі де баланың ой-өрісіне жатады. Бұл жерде осы зерттеулердің екеуінде де (В.В.Давыдов пен М.Коулдың т.б. зерттеуінде) оқытудың адам психикасының (ақыл-ойының т.б.) дамуына қатысы бар екеніне күмәнданады. Демек, екеуінің пікірі Ж.Пиажэнің осы жөніндегі көзқарасына жақын.
Психикалық даму мен оқытудың өзара көлемін түсінуде келтірілген осы жөніндегі әр түрлі пікірлердің бар екенін білу өте қажет. Себебі осылардың ішінен қажет дегенін басшылыққа алуға мүмкіндік туады.
