
- •Түркістан 2013
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның тарихи даму кезеңдері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •3. Педалогияға сын.
- •4. А.С.Макаренко және педагогикалық психология.
- •5. Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.
- •6. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі психологиялық теориялары.
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні, оның міндеттері мен зерттеу әдістері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясының зерттеу әдістері.
- •Іі бөлім. Психикалық даму және оқыту.
- •Балалар психикасы дамуының жалпы мәселелері.
- •Психикалық даму туралы ұғым.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •5. Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кез.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5 Лекция. Мектеп жасына дейінгі бала дамуының психикалық ерекшеліктері.
- •Мектепке дейінгі баланың жалпы сипаттамасы.
- •Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері.
- •Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму.
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және үлкендермен қарым-қатынасы.
- •6 Лекция. Баланы мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепке кіруге дайындық.
- •Мектеп жасындағы кезең.
- •7 Лекция Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Кіші оқушының психологиялық сипаты.
- •Кіші оқушының анатомия-физиологиялық дамуы.
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •Кіші оқушының таным процестері.
- •6. Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері.
- •8 Лекция. Жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты.
- •Жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуы.
- •Жеткіншектің «Мен« деген қасиетінің және үлкендермен байланысы.
- •Жеткіншектің құрбыларымен қатынасы.
- •5. Жеткіншектің оқуы және таным процестерінің дамуы.
- •9 Лекция. Ересек жастағылардың психикалық дамуы.
- •1. Ересек жасының жалпы сипаты.
- •2. Ересектің азаматтылығы және “Мен” дейтін қасиеті. Үнсіз айтыс.
- •3. Ұлдар мен қыздардың өзара қатынасы.
- •4. Ересектің оқу үстіндегі ақыл-ойы мен рефлексивтік процестерінің қалыптасуы.
- •5. Ересектің мамандықты таңдауы.
Іі бөлім. Психикалық даму және оқыту.
3-лекция.
Балалар психикасы дамуының жалпы мәселелері.
Психикалық даму туралы ұғым.
Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
Психикалық даму және оқыту.
Балалар жасын кезеңдерге топтастыру:
а) Қазақ халқының балалар жасын топқа бөлу тарихынан;
ә) Ғылым тұрғысынан бала психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру.
Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кез.
Психикалық даму туралы ұғым.
Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін алдымен “даму” деген сөз не, соған тоқталайық. Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді.Бұл негізінде бөтен болғанымен, даму тек алға қарай өсу (прогрессивтік түрде өсу) ғана емес. Даму кейде регресшіл түрде (кері кету мағынада да) кездесуі ықтимал. Кейде осының солай болып кездесетінін Ф.Энгельс арнайы ескертіп былай деген болатын: “Бұл заманда прогресс аталынуының бәрі, сонымен бірге біршама регресс болатынын да көрсетеді” (Ф.Энгельс, (1,73 б.)).
Бұлай деу әбден дұрыс. Дегенмен, психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болғандықтан, оның кейде кері кетуге байланысты дамуын (психикалық аурулардың кейбір түрлерін) еске алғанда, әсіресе тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алатыны рас. Бірақ психиканың алға қарай дамуын дұрыс түсінген жөн.
Психика дамуы үшін жаңа мен қатар көне, ескіден қалған қалдықтар болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты біз инвариант (лат. іnvarіant - “өзгерілмейтін”) деп атадық та, осыған тіректелетін жаңаны “өзгерілгіш” деп атадық. Психиканың дамуын дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз. Егер біз бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуыда осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып тұратын өзгерістердің тіреніші болмаса, яғни ол өзгеріп жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.
Сонымен психика түгелдей өзгерістерге ұшырайды деу қате пікір. Бірақ сынға алынып отырған пікірдің кең таралғаны сондай, кейбір зерттеушілер психиканың құрамының бәрі түгі қалмай өзгеріледі дейді. Егер осылай деу дұрыс болса, осының салдарынан адам баласында бұрынғыдан ештеңе қалмай бәрі жаңа болып, бірнеше мың жылдан кейін адамда кездеспеген сезгіштіктің түрі пайда болуы, не мүйізі шығуы ықтимал. Бірақ бұл мүмкін емес. Себебі ұзақ филогенетикалық дамуда адамға (және жануарлардың жеке түрлеріне) тән инварианттық қасиеттер “пішілген”. Осының нәтижесінде өзгеруге арналған қасиеттер үнемі дамып отыратын болса, ұзақ ғасырлар бойы (соның ішінде жануарлар дүниесінде) пішілген инварианттық қасиеттер өзгеріліп жарымайды: осының салдарынан адам ұрпағынан тек бала пайда болады, хаюандардың тұқымынан тек хаюандардың балапандары дамып шығады.
Бұл жәйіттердің өзі ересек адам психологиясы (ойы,ақылы) қоғам дамуының әр дәуірлерінде қалайша дамиды, соны зерттеу мәліметтерінен алынған.
Біз сол жәйіттерді баланың әр жаста психикасы қалайша дамиды соған орай қарастырып көрейік. Бұл жөнінде мынадай бір-біріне қарама-қарсы екі пікір бар: солардың біріншісі бойынша, баланың бір кезеңінде ие болған психикалық қасиеттерді, екінші жас кезеңіне көшкенде, бір жолата жоқ болып кетпейді, бірі бірінің үстіне үйіліп қосылып жатады. Екінші пікір бұған қарама-қарсы: бала бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне көшкенде бұрын үйренген оның қасиеттері жоғалады да, осында орнына жаңа психикалық қасиет пайда болады. Бұл пікірлерді біз ілгеріде үстүрт атап кеткенбіз. Ал осы пікірдің біріншісінің сүйенетін деректері мыналар: ересек адамды, мысалы, кемпірді гипноз жасап “сен қазір 1-ші сыныпта оқисын” деп сендіргенде, ол 7-ті жастағы каллиграфиясынан айнытпай, сол бала кездегідей жаза алады.Бұл рас болғанымен, осы факті тек дағдыны, не білімді түсінуге қатысы бар. Ал психикалық даму білімнен (дағдыдан) өзгеше келеді. Психикалық дамуды тек баланың есеюімен (есінің кіруімен ,ақыл-ойының өріс алуымен) ұштастырады. Демек, психикалық даму мен білім психиканың әр саласына жатады, сондықтан осы пікірді түгелдей қоспау қиын. Ал екінші пікірге келсек осының дұрыс жағы мұны қостаушылардың айтуынша, бұрын болып келген қасиеттердің үстіне жаңа қасиет қонбайды, психикалық дамудың жаңа сапалары бұрынғыдан қалған “кесінділерді” өзіне тірек ретінде пайдаланбайды. Себебі жаңа сапа тұтас күйінде кездеседі, - дейді. Сонғы пікірді “қирау” теориясы деп атауға болады.
Біздіңше, бұл келтірілген пікірлердің екеуіде қате. Себебі осылардың екеуіде психикалық дамуды инварианттық және өзгергіштік факторларды еске алмайды.
Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді, оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеттері бар. Сонымен қатар аз өзгерілетін қасиеттері (“инвариант”) психикалық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептелінеді.