
- •Түркістан 2013
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның тарихи даму кезеңдері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •3. Педалогияға сын.
- •4. А.С.Макаренко және педагогикалық психология.
- •5. Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.
- •6. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі психологиялық теориялары.
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні, оның міндеттері мен зерттеу әдістері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясының зерттеу әдістері.
- •Іі бөлім. Психикалық даму және оқыту.
- •Балалар психикасы дамуының жалпы мәселелері.
- •Психикалық даму туралы ұғым.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •5. Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кез.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5 Лекция. Мектеп жасына дейінгі бала дамуының психикалық ерекшеліктері.
- •Мектепке дейінгі баланың жалпы сипаттамасы.
- •Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері.
- •Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму.
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және үлкендермен қарым-қатынасы.
- •6 Лекция. Баланы мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепке кіруге дайындық.
- •Мектеп жасындағы кезең.
- •7 Лекция Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Кіші оқушының психологиялық сипаты.
- •Кіші оқушының анатомия-физиологиялық дамуы.
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •Кіші оқушының таным процестері.
- •6. Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері.
- •8 Лекция. Жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты.
- •Жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуы.
- •Жеткіншектің «Мен« деген қасиетінің және үлкендермен байланысы.
- •Жеткіншектің құрбыларымен қатынасы.
- •5. Жеткіншектің оқуы және таным процестерінің дамуы.
- •9 Лекция. Ересек жастағылардың психикалық дамуы.
- •1. Ересек жасының жалпы сипаты.
- •2. Ересектің азаматтылығы және “Мен” дейтін қасиеті. Үнсіз айтыс.
- •3. Ұлдар мен қыздардың өзара қатынасы.
- •4. Ересектің оқу үстіндегі ақыл-ойы мен рефлексивтік процестерінің қалыптасуы.
- •5. Ересектің мамандықты таңдауы.
Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні, оның міндеттері мен зерттеу әдістері.
Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні.
Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясының зерттеу әдістері.
1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні.
Жас ерекшелігі психологиясы - психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні - адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, баланың жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, героптопсихология жас ерекшелігі психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас ерекшелігі психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т.б. зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланысты.
Педагогикалық психологияның пәні - оқу мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық психология оқыту процесін басқарудың психологиялық мәселелерін, танымдық процестерінің қалыптасуын зерттейді, ақыл-ой дамуының сенімді белгілерін іздеп тауып, оқыту процесіндегі ақыл-ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды, педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қарастырады. Бұлармен қоса, педагогикалық психология оқушыларға жеке-дара қатынас жасауға байланысты мәселелерді де зерттейді.
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының біртұтастығы зерттелу объектісі - бала, жеткіншек, жас өспірім - ортақтығымен түсіндіріледі; олар , егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, жас еркшелігі психологиясының зерттеу объектілері, ал егер пежагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер, жас өспірімдер психологиясы - жас ерекшелігі психологиясының бөлімдері. Оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалім психологиясы - педагогикалық психологияның бөлімдері. Оқыту мен даму проблемаларына арналған бөлім педагогикалық және жас еркшелігі психологиясына теңдей қатысты. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы ажырамастай біртұтас құрайды: баланы оқыту мен тәрбиелеу процесінде қарастырады, сонымен бірге оқыту мен тәрбиелеу де өзінен-өзі оқыту мен тәрбиелеудің объектісінен, яғни баладан тыс қаралуы мүмкін емес. Бұл жағдай педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы проблемаларды баяндау шекарасын шартты ете түседі.
2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясының зерттеу әдістері.
Психологияның осы салаларының зерттеу әдістерінің азды-көпті өзіндік ерекшеліктері бар. Негізінде мынадай екі жолы бар: біріншісі салыстыру жолы.Әр жастағы баланың психикасын, мысалы, 7,11,15,18 жастағылардың психикасын зерттеп, әр жас туралы табылған мағлуматтарды статистика амалын қолданып салыстырады. Салыстыру жолының мұндай түрін “кесіңді” тәсіл деп атайды. Солай дейтін себебі салыстыру кезінде бала психикасы үздіксіз зерттелінбейді, оның әр жастағы психикалық сапасын тиіп-қашып зерттейді. Жас психологиясындағы мағлуматтардың басым көпшілігі осындай әдістерді өолданып табылған.
Зерттеудің екінші жолы - генетикалық жол. Осыны қолданған баланың бір қасиетін алады да, соны ұзақ уақыттың (бір жыл, не үш жыл немесе одан да көп жылдарды) зерттейді. Осыны кейде “лоннгитюд” тәсіл деп атайды. Зерттеудің бұл жолы тым сирек кездеседі, себебі бір немесе топ бплпны ұзақ жылдардың ішінде (10,20,30) үздіксіз зерттеу қиын. Бірақ осыны қолданған жағдайда бұл тәсілді пайдалану үшін үлкен даярлық жасайды.
Осы зерттеулер, әсіресе ізденудің генетикалық жолы бойынша есею үстінде балада қалыптасқан қасиеттер бірінің үстіне бірі үйіліп жата ма немесе жаңа қасиеттерге (дамудың жаңа түріне) ие болғанда, осыған дейін болып келген қасиеттер жоқ болып кете ме, - осыған жауап іздестіруге көшелік.
Бұл мәселе былайша шешіледі. Бұрынғы қалыптасып келген қасиет бала бойында тіпті жоқ болып кетпейді, жаңа қасиет үстем алғандықтан, бұрынғылардың ролі күннен-күнге азая бастайды. Бұл жәйіттер тек жас психологиясының өзі үшін ғана емес, жалпы психологияның дәрежесін ұлғайтады.
Ал педагогикалық психологияның зерттеу әдістері оның Гаденетін объектісінің ерекшелігіне қарай келеді. Педагогикалық психологияның шұғылданатын объектісі - мектепте өтетін оқу материалдарды балалар қайткенде ұғынып, соларды көкейіне қондыра алуы. Сол сияқты бала үлкендердің тілін қайткенде алады, мұна да зерттейді. Ескерте кететін мәселе, зерттеушілердің арманы тек белгілі нәрсемен шұғылдану емес, сол шұғылданатын объектіден нәтиже табу. Нәтижеге жету үшін педагогикалық психология жас психологияның жетістігіне сүйенеді. Бала психологиясын зерттеуде мынадай әдістер қолданылады:
Бала психологиясы тарапынан жасалынатын эксперименттер мектепке дейінгі және мектеп жасындағылармен түрліше жүргізіледі.
Бала бақшасындағыларға бір зерттеуде рычагты пайдалана білуге арналған мынадай үш тапсырма берді: бір топқа рычагты пайдаланып, ілулі тұрған затты түсіруді талап етеді, есепті текст ретінде береді; екінші тобына нақты рычагты (сымды) қолына беріп, ілулі тұрған затты түсіруді талап етеді. Соңғы тапсырманы 3-4 жастағы балалар, біріншісін 6-7 жастағы балалар тобы шеше алатыны анықталыпты.
Осыған қарап соңғы топқа нақты бейне ойы, біріншісінде сөз арқылы ойлау қалыптасқан деген қорытындыға келеді. Мектеп жасындағы балаларға жасалған эксперименттін көбі солардың оқу үлгеріміне қарай жүргізіледі. Жеткіншек жасындағылардың жанында мазмұнның қалуы үшін жауапкершіліктің үлкен маңызы бар.
Бала психологиясында эксперименттің көбі констатациялау және оқыту (“қалыптастыру”) эксперименттеріне бөлінеді. Констатациялау экспериментінің алдына қойылатын мақсаты тесерілетін мәселенің бағытын алдынала білу. Мұнын мәнісі мынада: Дәрігер ауырған адамды емдеу үшін алдымен оның ауруына диагноз қойып, аурудың атын және себебтерін анықтайды. Бұдан соң емдеуге кіріседі. Сол сияқты педагогикалық психология әуелі сабақты үлгермеудің себебін біліп “диагноз” қояды. Сосын барып диагноздың түріне қарай оқытуға кіріседі.
Бақылау - жас және педагогикалық психологияда жүргізілетін зерттеулерде кеңінен қолданылады. Бақылау зерттеудің тек тиісті объектілерге қарауы емес, әдейі мақсат қойып, баланың тиісті мінез-құлқын (сөзін, ісін) тексеру. Бақылау бір жағдайда “кесінді” ретінде жүргізіледі. Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді, керек деген мезгілде (аз уақыттың ішінде) жүргізіледі.
Балалар ісінің қортындысына талдау жасау өзінше зерттеу әдісі болып саналады. Баланың іс-қорытындысына, мысалы, қыздардың тіккен кестелеріне, ұлдардың жасаған мүліктеріне т.б. негізделеді. Балалардың осы іс-қорытындыларына қарап, оның сол кездегі психикалық ерекшелігін дәл байқауға болады.
Әңгімелесу бала психикасының сырын білудегі әдістің бір түрі. Бірақ кез-келген әңгіме сырды білуге мүмкіндік бермейді. Мұндай дәрежеге жету үшін әңгіменің алдына қоятын мақсатқа қарай даярланып, сөйлесетін кісіден жауап алу үшін сұрақтар қандай болып келуі жөнінде ойлануы қажет. Әңгімеде көлденең сұрақ тәсілі деген әдіс кездеседі. Мұның мәні мынада: егер бала тәрбиешіге шынын айтқысы келмесе, не шынын айтқаны үшін біреуден қорқатын болса, ұстаз оның ойламаған кезінде сұрақтар қояды. Бұл көптеген сұрақ болғандықтан, бала аңдамай шынын айтып қоюы ықтимал.
Қазіргі кезде әлеумет психологиясының тәсілдері жас және педагогикалық психологияға еніп келеді, сол амалдардың бірі - Австрияның психиаторы Я.Морено ұсынған социометрия тәсілі. Бұл тәсіл топ адамдардың татулығын не наразылығын зерттеуге арналған. Социометрия тәсілі бастауыш мектеп жасындағыларға былайша жүргізіледі: егер сыныптағы оқушылар саны 40 бала болса, жаңа жыл алдында солардың әрқайсысына открытка алып, кейін оларды сыныптан шығарып, аудиторияға бір-бірлеп жібереді. Әр оқушының қолына 39 открытка беріп, сыныптағы әр оқушының қажет десеңіздер бір-бір открыткадан, мейраммен құттықтау ретінде, қойыңыздар дейді. Мұны әр бала орындаған соң зерттеуші сол бала кімдердің орнына открытка қойды, кімдерге қойған жоқ, осыларды есептейді. Кейін екінші бала осындай тапсырмамен сыныпқа жіберіледі т.с.с. 40 бала осындай тапсырманы орындап өткен соң, солардың кімге открытка қойғанын не қоймағанын математикалық статистиканы қолданып есептеп, кім кіммен тату, кіммен наразы екенін біледі. Осы есептің қорытындысын кейін зерттеуші социограмма ретінде көрсетіп, белгілі тәртіпке келтіреді. Мұндай тәсілді студенттер педпрактика кезеңде оқушылар арасында жүргізіп, социометрия арқылы балалардың достығын не дос еместігін біліп, солардың себебіне талдау жасайды.