
- •Түркістан 2013
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның тарихи даму кезеңдері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •3. Педалогияға сын.
- •4. А.С.Макаренко және педагогикалық психология.
- •5. Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.
- •6. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі психологиялық теориялары.
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні, оның міндеттері мен зерттеу әдістері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясының зерттеу әдістері.
- •Іі бөлім. Психикалық даму және оқыту.
- •Балалар психикасы дамуының жалпы мәселелері.
- •Психикалық даму туралы ұғым.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •5. Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кез.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5 Лекция. Мектеп жасына дейінгі бала дамуының психикалық ерекшеліктері.
- •Мектепке дейінгі баланың жалпы сипаттамасы.
- •Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері.
- •Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму.
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және үлкендермен қарым-қатынасы.
- •6 Лекция. Баланы мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепке кіруге дайындық.
- •Мектеп жасындағы кезең.
- •7 Лекция Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Кіші оқушының психологиялық сипаты.
- •Кіші оқушының анатомия-физиологиялық дамуы.
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •Кіші оқушының таным процестері.
- •6. Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері.
- •8 Лекция. Жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты.
- •Жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуы.
- •Жеткіншектің «Мен« деген қасиетінің және үлкендермен байланысы.
- •Жеткіншектің құрбыларымен қатынасы.
- •5. Жеткіншектің оқуы және таным процестерінің дамуы.
- •9 Лекция. Ересек жастағылардың психикалық дамуы.
- •1. Ересек жасының жалпы сипаты.
- •2. Ересектің азаматтылығы және “Мен” дейтін қасиеті. Үнсіз айтыс.
- •3. Ұлдар мен қыздардың өзара қатынасы.
- •4. Ересектің оқу үстіндегі ақыл-ойы мен рефлексивтік процестерінің қалыптасуы.
- •5. Ересектің мамандықты таңдауы.
3. Педалогияға сын.
Педологияның мазмұнын бала дамуының психологиялық, физиологиялық, биологиялық концепцияларының жай жиынтығы құрастырды. Психологияға эволюциялық идеялардың енуіне байланысты ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған (Батыста - С.Холл, Э.Мейман, В.Прейер, Россияда - И.В.Бехтерев, А.П.Ничаев, Г.И.Россолимо) 20 жылдары және 30 жылдардың басындағы педология балалар туралы маркстік ғылымның жеке-дара ролін атқаруға талаптана бастайды. Ол балалық шақ педагогикасы мен физиологиясын ығыстырып, баланы зерттеу құқығын өзі иемденуге кірісті. Педология - даму үстіндегі адамды зерттейтін әртүрлі ғылыми пәндердің зерттеу нәтижелерін қамтитын комплексті ғылым ретінде жарыққа шықты. Сөз жоқ, баланы комплексті синтезді зерттеу, даму проблнмасын зерттеу жұмысының өзіне ұсыну сияқты, психологиялық және педагогикалық ойлардың құнды жетістігі болған болар еді. Бірақ ғылыми синтез алудың сәті түспеді. Педология психологияның, анатомияның, физиологияның және педагогиканың деректеріне алдын ала талдау жасай алмады. Өйткені ол синтездің негізіне даму процесін тікелей анықтамайды делінген “екі фактор” (орта және тұқым қуалаушылық) әсерін есептеу жатады деген механистік түсінікте болды. Даму үстіндегі адамның сапалық ерекшеліктерін биологиялық сипаттамамен араластырып, баланың жеке өзін зерттеуді ортаны зерттеумен алмастырып, педология антипсихологизм көрсетті. Педологтар диалектикалық-материалистік қайта құрылуына байланысты болып жатқан өзгерістерін түсінбей психологияны “субъект жөніндегі ғылым” деп есептеді. Педагогикаға да педология өшпенділікпен қарап, “эмпирика” деп кемсітті.
Алайда педологияның сыналуы педологияға қандай да болмасын бір қатысы болып, бірақ сонымен бірге педагогика мен психологияны творчестволықпен дамытып жүрген совет ғылымдарының жағымды істерін де көбіне теріске шығарды. Педагогтардың қатал да көп жағдайда әділ сыналуы жасқа қарай дамудың бүкіл проблемасына теріс көзқарас та туғызды.
Аса көрнекті педагогы Н.К.Крупская бұл кезеңде педагогтар түсіндіруде айтарлықтай қателіктер жіберген жас ерекшелігі психологиясының проблемасы және жасқа қарай даму проблемасының педагогика мен педагогикалық психология үшін өз маңызын жойып алмауына қамқорлық жасап отырды.
20-30 жылдарыда педагогикалық психология саласына қазіргі психологияның табиғи құрамына енген сол зерттеушілік мағлуматы бар орасан көп ғылыми жұмыстар жасалды. Дәл осы кезде бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоймаған көптеген психологиялық-педагогикалық концепциялар қалыптасады.Олардың ғылыми құндылығы қазіргі кезде, қай кездегіден де, айқынырақ және нақтырақ ұғынылып отыр. Осыған байланысты баланың жеке басы және балалар коллективі жөнінде А.С.Макаренко тұжырымдаған көзқарастар жүйесі (кейін ол жүйе жеке адм мен коллективтің даму проблемаларына арналған бірқатар психологиялық зерттеулердің қанат жаюына негіз болды) және Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы аталуы тиіс.
4. А.С.Макаренко және педагогикалық психология.
Бала және оның дамуы жөнінде 20 жылдарда және 30 жылдардың бірінші жартысында қалыптасқан А.С.Макаренконың баланың жеке басы және оның дамуы туралы психологиялық көзқарастары жеке адамды коллективте қалыптастыру жөніндегі кемелденген ілім болып есептеледі. А.С.Макаренконың ілімі оның орасан бай педагогикалық тәжірибесін жинақтап қорытты және өскелең ұрпаққа коммунистік тәрбие беру саласындағы одан кейінгі жұмыстарға негіз болды.
Жеке адам психологиясының түйінді проблемаларын Макаренко жеке адам мен коллективтің қарым-қатынасын биогенетикалық және социогенетика тұрғысынан түсіндірушілермен өткір айтыс үстінде шешті. Социогенетиктердің коллективті қайсыбір тітіркендіргіштерге біркелкі жауап беретін индивидтер жиынтығы деп дәлелдеуі Макаренконың қарсылығы туғызды, ол коллективті ұйымдасқан жеке адамдардың мақсатқа бағытталған комплексі деп қарады.
Макаренко жеке адам қасиеттерін зерттеуге үлкен мән берді. Бұл, алдымен тербие мақсаты әрбір жеке адамның қасиеттерін, мінез-құлық көріністерін және олардың даму жолдарын жобалап құрудан туындады, ол әрбір жеке-жеке адам үшін айқын белгіленді.
А.С.Макаренко жеке адамның мотивтік сферасын оның қоғамдық сапаларының қалыптасу заңдылықтарын терең зерттеді. Оның ішінде қажеттіліктерді дамыту мен қалыптастыру проблемасы өзекті дерлік орын алады. “Тәрбие жұмысының аса терең мәні - адам қажеттіліктерін таңдап алу мен тәрбиелеуде, оларды тек тапсыз қоғамда ғана болуы мүмкін және адамды оның әрі қарай жетіле беруі үшін күреске итермелейтін адамгершілік биіктікке әкелуде болып табылады”. Макаренко шығармаларында ұжымшыл болу қажеттілігін тәрбиелеуге басты роль беріле отырып, жеке адамның қозғаушы күштерін зерттеудің кең де батыл программасы жасалынған.
Еңбек пен қоғамдық іс-әрекет процесінде қалыптасқан жеке адамды тұтас талдау мүмкіндігі психологтардың алдында алғашқы рет Макаренко еңбектерінде ашылып көрсетілді. Макаренко психолог ретінде мейлінше құнды ерекшелігі - жеке адамды психологиялық зерттеудегі енжар пайымдаушылықты жеңе білуінде болды. “Тәрбиеленушіні білу тәрбиешіге оны қалай болса солай зерттеу процесінде келмей, онымен бірлесіп жұмыс жасау және оған белсенді көмек беру процесінде келуі тиіс. Тәрбиеші тәрбиеленушіге зерттеу объектісі ретінде емес, тәрбие объектісі ретінде қарауы керек”.