
- •Түркістан 2013
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның тарихи даму кезеңдері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •3. Педалогияға сын.
- •4. А.С.Макаренко және педагогикалық психология.
- •5. Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.
- •6. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі психологиялық теориялары.
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні, оның міндеттері мен зерттеу әдістері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясының зерттеу әдістері.
- •Іі бөлім. Психикалық даму және оқыту.
- •Балалар психикасы дамуының жалпы мәселелері.
- •Психикалық даму туралы ұғым.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •5. Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кез.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5 Лекция. Мектеп жасына дейінгі бала дамуының психикалық ерекшеліктері.
- •Мектепке дейінгі баланың жалпы сипаттамасы.
- •Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері.
- •Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму.
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және үлкендермен қарым-қатынасы.
- •6 Лекция. Баланы мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепке кіруге дайындық.
- •Мектеп жасындағы кезең.
- •7 Лекция Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Кіші оқушының психологиялық сипаты.
- •Кіші оқушының анатомия-физиологиялық дамуы.
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •Кіші оқушының таным процестері.
- •6. Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері.
- •8 Лекция. Жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты.
- •Жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуы.
- •Жеткіншектің «Мен« деген қасиетінің және үлкендермен байланысы.
- •Жеткіншектің құрбыларымен қатынасы.
- •5. Жеткіншектің оқуы және таным процестерінің дамуы.
- •9 Лекция. Ересек жастағылардың психикалық дамуы.
- •1. Ересек жасының жалпы сипаты.
- •2. Ересектің азаматтылығы және “Мен” дейтін қасиеті. Үнсіз айтыс.
- •3. Ұлдар мен қыздардың өзара қатынасы.
- •4. Ересектің оқу үстіндегі ақыл-ойы мен рефлексивтік процестерінің қалыптасуы.
- •5. Ересектің мамандықты таңдауы.
5. Ересектің мамандықты таңдауы.
Мамандықтардың сан-алуан түрлері бар болғандықтан соларды ересектің өзінің қабілетіне не тілегіне қарай таңдауы оңай мәселе емес. Ересектер қандай мамандық жақсы екенін, құрбыларының не үлкендердің айтуына қарай шамалайды. Олар кейде мамандықты жақсы дегенде, оның несі жақсы және оған өзінің шамасы келе ала ма, осыны жөнді білмейді. Бір зерттеуші 100 мамандықтың атын тізіп беріп, ересектерге соларды өзіңізге ұнағанына қарай бірінен соң бірін жазып беріңдер дегенде, олар бірінші орындарға: космонавт, ұшқыш, радиотехник, конструктор, физик мамандықтарын қойыпты. Слесарь не жұмысшы болуды біреулері 47-ші орынға, өзгелері 81-ші орынға қойыпты. Ал есепші, бухгалтер, дүкенші және шаштаразшыны тізімнің аяғына қойған. Осы зерттеуге сүйене отырып, осыны тексерген автор ересектердің талғамы қазіргі қоғам талабына қарама-қарсы деп қорытындығыға келеді. Себебі ерсектердің көбі жұмысшы болуды не қарапайым мамандықтарға ие болуды қаламаған. Ал мектеп бітірерде ересектердің бәрі кім болғысы келетінін тексеріп қарағанда, осылардың ішінен жартысынан шамалы көбірегі өзінің мамандықтың қандай түріне ие болғысы келудегі ниетін айтып, қалғандары тіпті осы туралы ойлаған жоқпыз депті. Бұл жастағылардың бірқатары жоғары оқу орындарына түскенде осылардан болашақ мамандықтарыңыз өздеріңізге ұнай ма, әлде өзгерткіңіз келе ме деп сұрағанда, солардың 1/4 бөлігі “ұнайды, өзгерткіміз келеді” деп жауап берген. Мұның себебі, ересектердің бірқатары түскен факультеті туралы мағлұматты туысқандарынан, не танысынан естіп, бірақ осында даярлайтын мамандықтың ерекшеліктігін білмегендіктен деп қорытындыға келеді.
Қазіргі кезде мамандықты қалауда мектеп бітірушілерге көмек көрсету үшін комиссиялар құрылып, бұл мәселе қолға алынғанымен, мамандықты таңдау мәселесі осы уақытқа дейін шешілді деуге болмайды. Еңбек психологиясында мамандыққа тиісті адамның қабілетінің бар не жоқ екенін тексеретін амалдар өте көп. Бұл тәсілдер көбінесе кейбір аса қадірлі мамандыққа, мысалы, космонавт болуға қолданылып жүр, ал оқу орындарына қабылдау кезінде талапкерлердің тиісті мамандыққа қабілеті тексерілмейді.
Сонымен біз балалар психикасының қалай дамитынына өткен бірнеше лекцияларда шолу бердік. Лекцияларда қамтылған әр жас кезеңіндегі психикалық даму туралы жәйіттер мектептегі оқыту және тәрбие жұмысында есте алынуы қажет. Осы мақсатты көздеп, біз енді мектепте оқыту және тәрбие жұмысының психологиялық жақтарына көшелік.