
- •Түркістан 2013
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның тарихи даму кезеңдері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •3. Педалогияға сын.
- •4. А.С.Макаренко және педагогикалық психология.
- •5. Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.
- •6. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі психологиялық теориялары.
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні, оның міндеттері мен зерттеу әдістері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясының зерттеу әдістері.
- •Іі бөлім. Психикалық даму және оқыту.
- •Балалар психикасы дамуының жалпы мәселелері.
- •Психикалық даму туралы ұғым.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •5. Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кез.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5 Лекция. Мектеп жасына дейінгі бала дамуының психикалық ерекшеліктері.
- •Мектепке дейінгі баланың жалпы сипаттамасы.
- •Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері.
- •Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму.
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және үлкендермен қарым-қатынасы.
- •6 Лекция. Баланы мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепке кіруге дайындық.
- •Мектеп жасындағы кезең.
- •7 Лекция Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Кіші оқушының психологиялық сипаты.
- •Кіші оқушының анатомия-физиологиялық дамуы.
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •Кіші оқушының таным процестері.
- •6. Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері.
- •8 Лекция. Жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты.
- •Жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуы.
- •Жеткіншектің «Мен« деген қасиетінің және үлкендермен байланысы.
- •Жеткіншектің құрбыларымен қатынасы.
- •5. Жеткіншектің оқуы және таным процестерінің дамуы.
- •9 Лекция. Ересек жастағылардың психикалық дамуы.
- •1. Ересек жасының жалпы сипаты.
- •2. Ересектің азаматтылығы және “Мен” дейтін қасиеті. Үнсіз айтыс.
- •3. Ұлдар мен қыздардың өзара қатынасы.
- •4. Ересектің оқу үстіндегі ақыл-ойы мен рефлексивтік процестерінің қалыптасуы.
- •5. Ересектің мамандықты таңдауы.
3. Ұлдар мен қыздардың өзара қатынасы.
Біз бұл мәселені осы уақытқа дейін көтермей, қазір ғана қарастырып отырған себебіміз, егер жеткіншек жасында ұлдар мен қыздардың арасында дос болу онша айқын білінбей, әрқайсысы өз жынысына жататындармен қатынасатын болса, енді мұнысын өзгертіп, бұлардың арасында достық қатынастар кездесе бастайды. Достық, яғни, өзара жақын сапалардың әртүрлі тереңдігі бар және бұлар сезімнің бір түріне жатады.
Дос не жақын болудың бірнеше түрі бар: төменгі сыныптарда ұл ұлмен, қыз қызбен дос болады. 9-10 сыныптарда ұл мен қыз дос болуы мүмкін. Дос дегеннің өзі бұл кезде принципиалдық түрде өтеді. Ұл көбінесе өз жағындағы қыздармен дос болып, хат жазып, не өлең шығарып, екі жағы өзінің бір-біріне деген сезімін білдіреді. Кейбір зерттеуге қарағанда, ересек жасындағы қыз өзімен дос болу үшін шамалы үлкенірек ересекті қалайды. Бұл кезде бұлардың жақындығы, бірін өзгесі ұнатуы махаббат сияқты болып көрінгенімен, осының өзі іс жүзінде аспайтын мұң ретінде (иллозорлық түрде) кездеседі. Осыны солай деп бағалаудың себебі бұлардың екі арасында осы жаста тілектерін жүзеге асыру үшін шамасы келмейді.
Біз ілгеріде жыныс қабілетінің пісуі ұл мен қызда бір мезгілде кездеспейді, қыздарда ертерек дамиды да ұлдерда кейінірек қалыптасады дедік. Бұлардың әрқайсысында жыныс қасиетіне даяр болып пісуі ісі мен қылығына әсер етпей қоймайды. Осының өзі тек бұған орай кездесетін қажеттікке (сексуолдық қажеттікке) ғана байланысты емес, бұларда өзара жақындасатын, этикалық және эстетикалық мөлшерге талпынып, соларға ие болғысы келуі. Осыған орай бұл жөнінде қандай жұмыс жүргізуді білгендіктен ересек жасындағылар кейде сәтсіздікке ұшырауы ықтимал. Осыны еске алып, жыныс тәрбиесін ересек жасында дұрыс жолға қоюға қазірде ерекше мән беріледі. Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда жыныс тәрбиесі сәтті болып, дұрыс жолға қойылу үшін осылармен түсінік жұмысын жүргізіп, достық, жақындық қасиеттер ұл мен қыздар арасында принципиалдық негізде болуын ескерту қажет. Сонда ғана ұл мен қыздың өзара жолдастық, достық қатынастарын дұрыс жолға қоюға болады.
4. Ересектің оқу үстіндегі ақыл-ойы мен рефлексивтік процестерінің қалыптасуы.
Ересектің едәуір есі кіргендіктен оның оқуға деген ықыласы өзгеріп, көп уақытын сабаққа дайындалуға жұмсайды. Мысалы, 10 сыныпта ұлдардың көпшілігі оқуға 4-5 сағатын, ал қыздар тапсырмаларды орындауға күніне 5-6 сағатын жібереді және демалыс күндері де оқиды. Соның өзі ересектің оқуға ықыласы мүлде өзгеретініне дәлел бола алады.
Ересектің ақыл-ойына келсек, мұның өзі жеткіншек жасына қарағанда сапа жағынан да, көлем жағынан да біршама қалыптасып қалған. Қалыптасуда мынадай екі тетік бар: біріншіден, бұлар өзін қоршаған әлеумет ортасынан, соның ішінде жеке адамдар арасында кездесетін неше түрлі қатынастың мәнісіне түсініп, әр нәрсенің себебіне және одан шығатын нәтиженің мәнісіне түсініп, дүниеде себепсіз нәтиже болмайтынын ұғына бастайды. Екіншіден, егер жеткіншек жасында ересек уақытының көбін мұң, фантазия сияқты нәтижесі аз объектілерге жіберетін болса, енді сол фантазиядан нәтиже шықпайтынын біліп, күші мен жігерін шындық нәрсені меңгеруге жұмсайды. Осының өзі ақыл-ойдың дамудағы үлкен жетістіктің бірі.
Біз енді ересектің рефлексивтік қабілетін талдауға көшейік. Бұл ұғымның мағынасын алдыңғы лекцияда ескерткенбіз. Осы ұғымның мәнісі әркімнің бұрынғы қолданған шешімдері мен атқарған істеріне сын көзімен қарай алатынын білдіреді. Рефлексияның не екенін түсіну үшін С.А.Рубинштейннің мынадай сөзін келтірейік: “адамның өмір сүру тәсілінің екі жолы бар: біріншісі - әр адамның өз ортасымен тікелей байланыстылығы. Бұл жағдайда өмір тым бір сарынды болып өтеді. Өмірде айтарлықтай өзгеріс кездеспейді. Екінші тәсіл - бұл үздіксіз болып келе жатқан өмірге сын көзбен қарап, бұрынғы әдісті тоқтату болып саналады. Бір сарынды үзіліссіз болып келе жатқан өмірге әркімнің бейімделуі оның ақылының алға қарай өріс алуына әсер етпейді. Себебі ол өзінің көрген күніне риза. Сондықтан осы жағдайынан айрылғысы келмейді. Бірақ күтпеген жағдайда сол адам үлкен бір оқиғаға ұшыраса), оның ойының бұрынғы үйреншікті тәсілін бұзып, енді жағдайдың өзгерілуіне сай қиыншылықты жеңудің өзге амалын іздеуге итермелейді.
Рефлексивтік принциптер көпшілігінде кездескенімен, осының күрделі түрі ересектің оқу қызметінде жай кездесіп отырады. Қазіргі кезде оқушылардың оқу тапсырмасын қалай орындағанына сын көзімен қарап, соның қалай орындағанын ересектердің үнемі тексеріп отыруына ылғи да мән беріледі және осының өзі тапсырманы ойдағыдай орындаудың шарты болып есептелінеді. Осындай талаптың нәтижесінде оқу үстінде ересектің рефлексивтік қабілетіне дамиды.