- •Түркістан 2013
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның тарихи даму кезеңдері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •3. Педалогияға сын.
- •4. А.С.Макаренко және педагогикалық психология.
- •5. Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.
- •6. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі психологиялық теориялары.
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні, оның міндеттері мен зерттеу әдістері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясының зерттеу әдістері.
- •Іі бөлім. Психикалық даму және оқыту.
- •Балалар психикасы дамуының жалпы мәселелері.
- •Психикалық даму туралы ұғым.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •5. Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кез.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5 Лекция. Мектеп жасына дейінгі бала дамуының психикалық ерекшеліктері.
- •Мектепке дейінгі баланың жалпы сипаттамасы.
- •Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері.
- •Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму.
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және үлкендермен қарым-қатынасы.
- •6 Лекция. Баланы мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепке кіруге дайындық.
- •Мектеп жасындағы кезең.
- •7 Лекция Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Кіші оқушының психологиялық сипаты.
- •Кіші оқушының анатомия-физиологиялық дамуы.
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •Кіші оқушының таным процестері.
- •6. Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері.
- •8 Лекция. Жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты.
- •Жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуы.
- •Жеткіншектің «Мен« деген қасиетінің және үлкендермен байланысы.
- •Жеткіншектің құрбыларымен қатынасы.
- •5. Жеткіншектің оқуы және таным процестерінің дамуы.
- •9 Лекция. Ересек жастағылардың психикалық дамуы.
- •1. Ересек жасының жалпы сипаты.
- •2. Ересектің азаматтылығы және “Мен” дейтін қасиеті. Үнсіз айтыс.
- •3. Ұлдар мен қыздардың өзара қатынасы.
- •4. Ересектің оқу үстіндегі ақыл-ойы мен рефлексивтік процестерінің қалыптасуы.
- •5. Ересектің мамандықты таңдауы.
5. Жеткіншектің оқуы және таным процестерінің дамуы.
Жеткіншек кіші оқушыға қарағанда оқуға едәуір төселіп қалады. Бұлардың арасында сабақты жақсы игеретіні жиі кездеседі. Бірақ осылардың оқуы кейде ойдағыдай жүзеге аспайтыны болады. Осының бірнеше себептері бар: біріншіден, егер осы уақытқа дейін төменгі сыныптарда бір мұғалім оқытып келсе және олар үшін мұғалім беделді болса, орта сыныптарда жеткіншектерді ең кемінде 5-6 мұғалім оқытады. Бұл мұғалімдермен жеткіншектердің бұрын кездесіп көрмеген. Екіншіден, төменгі сыныптағылар үшін оқу көбінесе қызық болып келсе, орта сыныптарда барлық сабақтың тапсырмалары күрделеніп қиындай бастайды. Сондықтан бұларды игеру қиынға соғады. Үшіншіден, бұрын бастауыш сыныптағылар мұғалімнің сөзі мен ісіне сын көзімен қарамайтын болса, енді жеткіншектер сабақты мұғалім қалай түсіндіргеніне мән береді. Төртіншіден,жеткіншектің ілгеріде айтылғандай құрбыларымен достығы үстем орын алып, осының нәтижесінде оқу оның өміріне негізгі роль атқара алмауы мүмкін.
Жеткіншектің оқуға ықыласы (мотивтерін) алсақ осының өзі кейде мұғалімдерге де байланысты. Егер оқушы мұғалімді жек көрсе, оның сол жүргізетін пәніне онша даярланбайды. Бірақ алдағы (7-8) сыныптарға бала мұғалімді ұнатпаса да, өзінің келешегі туралы ойланып, жақсы баға алуы үшін сабақтың бәрін «жақсы«, «өте жақсы« деген бағаларға үлгергісі келетіні жиі кездеседі.
4-5 сыныптардағы жеткіншектер мұғалімнің бағаға сараң болмағандығын қалайды. Бірақ жоғары сыныптарда бұл қасиеттерді жеткіншек барлық жағдайда ұнатпайды. Оқу материалын қалай түсіндіргеніне, ұстазының әділеттілігіне, әр саладан хабардар болуына ерекше мән беріп, олар мұғалімдерді «уақытты бос өткізетіндерге«, «үнемді етіп өткізетіндерге« бөледі.
Біз ілгеріде жоғары сыныптарда жеткіншек сабақтан тыс мерзімде программада көрсетілмеген әдебиеттерді оқып, осы арқылы білімін молайтады дедік. Төменгі сыныптардағы оқушы балалар өздігінен талпынбайды. Мұның себебі, қазіргі өскелең дәуірде техника, не ғылым саласының жаңалықтары жеткіншекті қызықтырады. Бірақ осылар оқу программасына әлі енбеген. Техника мен ғылым жаңалықтары балаларға арналған фантастикалық, не ғылыми көпшілікке арнаған журналдар мен кітаптарда жеңіл тілмен беріледі. Осы жаңалықтарды білу бір жағынан жеткіншектің білім дәрежесін көтеру үшін жақсы келсе, екінші жағынан мектептегі сабақтарға баланың ықыласын тудыруға кедергі жасайды. Себебі жеткіншек үнемі қызық нәрселерді оқуға үйреніп, кейін сабақтағы «құрғақ« тілмен баяндалатын мазмұндарға терең көңіл бөлгісі келмейді. Ал осы техника мен ғылым жаңалықтарының көбі қазіргі ұстаздардың терең білмеуіде ықтимал. Сондықтан ілгерідегі жеткіншек ұстазынан қазіргі жаңалықты көп біледі деуінің себебі осыдан.
Күнделікте оқу материалын ұғыну қабылдаудың басталынады. Қабылдау тек бірдемеге қарау, не соны тыңдау ғана емес, баста бар бейнелермен объектілерді салыстырып түсіну. Сондықтан қабылдау оқу процесінде ойлануды талап етеді. Орта сыныптарда өтетін математика, физика, химия сабақтары тек тыңдауды ғана талап етпейді, сонымен қатар оқу материалының мазмұнының мәнісіне терең түсініп, берілген тапсырманы орындап отыруы тиіс.
Жеткіншектің зейініне келсек, бұлардың осы қасиеті бастауыш сыныптардікіндей тек қызық объектіге назар аударумен шектелінбейді. Бұлардың ой-өрісі қалыптасып қалғандықтан, қызық емес нәрсеге де зейін қойып, назарын сол объектіге арнайы түрде бөле алады. Бірақ жжжеткіншек сабаққа кейде бір нәрсені үйренейін деп келмейді, көбінесе достымен кездесуі үшін келетіні болады. Ондай оқушылар сабаққа зейінді келмей, сабақ үстінде әңгімелесіп отырады. Жеткіншек зейіні сабаққа қалыптасса, онда ол назарын бір объектіден екінші объектіге аударып отыруға толық мүмкіншілігі бар.
Кіші оқушыларға қарағанда жеткіншектің жаны мен есі едәуір дамыған. Жеткіншектің бұлардан айырмашылығы сол, кіші оқушы мазмұнды жадында сақтап алуды жақсы көреді, жеткіншек мұны тек көріп, мазмұнды мағынасына қарай есінде қалдыруды ұнатады. Сонымен қатар, ол есіткенін көпке дейін есінде сақтап, қажет деген мезгілде есіне жақсы түсіре алады.
Психологтардың бірқатары жеткіншек шындыққа сүйенуіне қарағанда қиялдануды көп ұнатады, өз-өзімен болып мұң не фантазияның сан алуан түрлеріне беріледі дейді. Осындай деу жеткіншектің жан-дүниесіне терең түсінбегендіктен айтылып отыр. Бірақ жеткіншек ересектерге қарағанда кейде қажеті жоқ істермен айналысып, осы соларға мұң болатыны кездеседі.
Жеткіншектің оқуында ойлану процесі негізгі роль атқарады. Ойлану арқылы жеткіншек тиісті мәселенің шындығын не қате екенін шешеді. Шындықты ажыратудық көптеген тәсілдері кездеседі. Солардың бірін формальдық операция деп атайды.
Жеткіншек жасында жеке заттарды ұғымға жатқызып, оларды топтастыру, нәрселердің себебі және одан шығатын нәтиже мен олардың өзара байланысын білу бұларда кеңінен өріс ала бастайды.
Кейбір психологтар (В.В.Давыдов т.б.) баланың абстрактық ойының дамуына ерекше мән береді. Абстрактық ой дегеніміз нақты заттарға мән бермей (ұмытып), солардың негізгі белгілерін біріктіріп, жалпылап бейнелеу. Жеткіншекте осы тәсіл кеңінен өріс алғанымен, оның бұрын болып келген нақты роль бірден жоқ болып кетпейді. Сонымен қатар жеткіншек жекеден жалпыға (индукция), жалпыдан жекеге (дедукция) ой үстінде көшіп отырады.
Қорыта келгенде, ой арқылы мәселені шешу қабілеті жеткіншектерге едәуір қалыптасып қалған. Осының өзі алдыңғы сыныптарда (9-10 сыныптарда) ой-өрісінің онан әрі дамуына мүмкіндік туғызады.
