Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жас ерекше.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
428.54 Кб
Скачать
  1. Жеткіншектің «Мен« деген қасиетінің және үлкендермен байланысы.

«Мен« дегеннің мәнісі ол енді кішкентай емес, есейді, енді үлкен адамдар оны азамат деп санауы тиіс. Егер бірде жеткіншекке «Сен баласын« десе, ол жәбірленіп, жылап жібере жаздауы мүмкін. Себебі ол бала болғысы келмейді. «Бала« деген сөздің мағынасы оның түсінігінше, ешқандай өзбеттілігі жоқ, тек үлкендердің қамқорлығымен күн көтеретін дегенді білдіреді.

Балалық әр жас кезіне көшкен сайын оның «Мен« деген қасиеті өзгеріп, үнемі жаңа мазмұнға ие болып отырады.

Біз жеткіншектің «Мен« деген қасиетін жете түсіну үшін оның үлкендермен қарым-қатынастарына, әсіресе екі ортадағы кездесетін қайшылықтарына тоқталайық. Қайшылық жеткіншектің есейіп қалуы мен үлкендердің оған әлі бала деп қарауының келіспеушілігінен болғандықтан, біз осыны ілгеріде әдейі ескерттік. Ал қайшылықтың нәтижесінде сол жағдайдан қалай құтылуды білмеуді дағдарыс деп атадық. Дағдарыс («кризис«) дегеннің мағынасы қиын жағдайда тап болған кезде одан қалай шығуын білмеуді білдіреді. Дағдарыс кезі жеткіншектің жасына орай келмейді, онымен үлкендер арасындағы қатынастың бұзылуынан пайда болды дейді.

Жеткіншек үлкендердің өзінің есейгенімен санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киюде, не өзін күтуде, ұл бала тиісті міндеттерді өз еркімен, орындағысы келеді. Осыған әуелгі кезде туған-туысқандары қарсы шығады. Бұлардың қарсы шығатын себебі, баласына сенім білдіргісі келмегенінен емес, оны «бала« деп бәлендей істі не тапсырманы бүлдіріп алады ғой деуінен. Бірақ жеткіншек осыған түсінбей «мені бала деп сенбей отыр«,- дейді. Егер осындай қатынас көп созылса, жеткіншек мен үлкен адамдар арасында түсінбеушілік туып, бала ызаланып, ерегісуге, не негативтік халде болып, үлкендер не айтса да, соны орындамауға тырысады.

Екі арадағы қайшылық кім жеңеді дегенде, жеткіншектің талабы жаңа болғандықтан, сол жеңеді деуге болады (себебі диалектикалық заңы бойынша, жаңа нәрсе көнені жеңеді). Ал осы қалай іске асады? Бұл әуелі жеткіншек үлкен адаммен қарсыласып, оның сөзін тыңдамайды. Үлкендер әуелі жеткіншектерді тәртіпке шақыруға тырысады: тіпті жазалауы да ықтимал. Бірақ осыған жеткіншектің кейбіреулері көнбей, түбінде үлкендер шаршап «енді сенің айтқаның бол қойсын« деуі мүмкін деген ойда болады. Осындай екі арадағы түсінбеушілікті неміс психологы К.Левин «ойлық бөгет« деп атаған. Мұны солай деуінің себебі жеткіншек пен үлкендер арасында түсінбеушілік болып, бөгет салынған соң, енді үлкендердің сөзіне құлақ аспайды. Сондықтан жеткіншекке тіл алдыру үшін алдымен сол бөгетті жою керек, ал бөгетті жою оңай емес.

Сонымен қатар өзін-өзі бағалап, мүмкіндігін сезе алу, жеткіншектің өзі меңгере алуына көмегін тигізеді. Жеткіншек азамат қатарына көшуді талап еткендікпен, осы мақсатқа жету үшін, мінезінің, не ісінің қолайсыз жақтарымен күресіп, қолайлы жақтарын онан әрі дамытып, сөйтіп, өзгелердің алдында жақсы көрінгісі келеді.

Ал жеткіншектің өзін қаншалықты дұрыс бағалай алуын алсақ, бұл түрліше келеді. Өзінің мүмкіндігін объективті түрде бағалай алмайтындар мақтаншақ келеді. Бірақ бұл қасиет бірте-бірте жойылып, жеткіншек өзін объективті түрде бағалауға үйренеді. Осыған негізгі түрткінің бірі - құрбыларымен әңгімелескен мінез-құлықтың қандай түрі жақсы, нендейі қолайсыз екені туралы пікір алысуы. Кейін осыған қатысушылар өзінің мүмкіндігін дұрыс бағалауға үйренеді.