Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жас ерекше.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
428.54 Кб
Скачать

6. Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері.

Көбіне үш типті қиыншылық жиі байқалады.

Олардың біріншісі жаңа мектеп режимі ерекшеліктеріне байланысты (дер кезінде ояну және тұру керек, сабақты жіберуге болмайды, барлық сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және т.б.). Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдеттен тыс шаршау оқу жұмысын бұзу, режимдік сәттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психологиялық-физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын жеткізуі, олардың орындалуын әрдайым тексеріп балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.

Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың екінші типі мұғаліммен, сыныптағы жолдастарымен, жанұяда болатын қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай таныта және мейірман бола отырып, мұғалім қайткенмен беделді де қатал тәлімгер болып табылады, ол белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұсынып, одан ауытқудың қандайын болса да тоқтатып отырады. Ол үнемі балалардың еңбегіне баға береді.

Бірінші сынып оқушысы көбіне жаңа ортаға үйренісе, балалармен бірден таныса алмайды, өзін жалғыз сезінеді.

Тәжірибелі мұғалім барлық балаға бірдей талап қояды, бірақ әр баланың бұл талаптарды орындауының өзіндік жеке-дара ерекшеліктерін мұқият бақылайды. Бұл олардың мінез-құлықтарының «астарына« көз жүргізіп, олардың шын мәніндегі психологиялық қасиеттерін түсінуге көмектеседі.

Қиыншылықтардың үшінші типін бірінші сыныптағы көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашқы да олар сабақ басталардан көп бұрын мектепке қуана барды, кез келген жаттығуларға ықыласпен кірісіп, мұғалімнің берген бағасына мақтанысты: олардың білімді игеруге жалпы даярлықтары сезіліп тұрды. Бірақ 1 сыныпта оқу процесі әдетте балалар белгілі бір даяр білім мен анықтамалар алып, оларды есте сақтап, қажетті жағдайларда қолданатындай етіп жасаған. Әдетте, мұндай жағдайларда баланың ақыл-ой ізденісінің өрісі тар, таным дербестігі айтарлықтай шектеулі болады. Осыған ұқсас сабақтарда оқу материалдарының өзіне ықылас нашар қалыптасады. Мұғалімдер кейде материалға сырттай қызықты элемент енгізе отырып, оларды жеңуге тырысады. Бірақ бұл әдіс аз уақыт қана ықпал етеді.

Сонымен, бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарынмен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі сынып оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Сондықтан педагогикалық психология үшін осы іс-әрекетті құру және оның жекелеген бөліктерінің ерекшеліктері туралы мәселе ерекше маңызды болып табылады.