Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жас ерекше.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
428.54 Кб
Скачать
  1. Кіші оқушының анатомия-физиологиялық дамуы.

Мектепке кіргенді бала дене жағынан алға қарай недәуір өріс алып, бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектері недәуір нығайып қалады. Қол бармағының нығаюы (сүйектенуі) 9-10 жаста қалыптасады да, табаны 10-11 жаста сүйектеніп бітеді. Осының нәтижесінде кіші оқушының 10-11 жасқа толғанша жазуға тез болдырып, қиналады. Сондықтан бастауыш мектеп жасындағыларды жазба жұмысымен көп уақытын жіберуге болмайды. 7-8 жастың арасында бала жылына 2,5 кг-дай қосады. Биіктігі жылына 5 см өседі. Бұл кезде әсіресе кеудесі көтеріліп, жүрегі мен тыныс алу органдары недәуір қалыптасып қалады. Бірақ жүрегінің соғуы 84-90-ға дейін барады (ересектердікі 70-72 жиілігімен соғады). Осының өзі баланы недәуір қиналдыратын болмаса да, қан айналыс системасының жұмысын онан әрі жақсатады. Мұның себебі қан айналыс түтіктері диаметрінің көлемі ересектерден 2 есе артық. Осының нәтижесінде бас миына түтіктер арқылы қан көп құйылады да, көп жұмыс істесе де шаршамайтын болады. Бас миының салмағы (7 жастан 11 жасқа дейін) 1000 гр-нан 1400 гр дейін өседі, әсіресе оның мұндай бөлігі недәуір қалыптасады. Маңдай бөлігі ой мен сөйлеудің орталығы болғандықтан осының қалыптасуы балада ақыл-ойдың кеңінен өріс алуына мүмкіндік береді.

Ал физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ми клеткаларындағы қозу мен тежелудің өзара мөлшерлері (оң және теріс индукцияларының өзара көлемі, иррадиация мен шоғырлану заңдылықтары) күрделі болып қызмет атқарады. Әсіресе балада теріс индукцияның негізінде болатын тежелу үстем алып, осының нәтижесінде кіші оқушы өзін-өзі меңгере алмауына, керек деген жерінде өзін-өзі тежелте алуына мүмкіндігі бар.

Баладағы анатомо-физиологиялық өзгерістер. Келелі кезде оқуға, еңбек етуге жағдай туғызуға, тиісті тапсырмаларды мүдірместен орындауға мүмкіндік береді.

3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.

Оқу әрекеті. Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әртүрлі.

Жеке пәндерден сабақтарды ойдағыдай үйрену үшін алдымен баланың осыған ықыласы болуы шарт. Оқу ойынға қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыласы болмайды. Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып одан шыққан нәтижені мадақтау керек. Орындалған тапсырма үшін қуану кейін алдағы тапсырманы орындауға түрткі болады. Әдетте, ықыластың тікелей және жанама түрі бар. Тікелей ықылас оқушының бір нәрсеге қызығуынан болады. Ал жанама ықылас сол нәрсе қызық болмаса да, жалпы сабақ үлгерімін жақсартқысы келгендіктен болады. Ықыластың жанама түрі қіші оқушылардың өмірінде негізгі рөл атқаруы тиіс.

Бастауыш мектепте тапсырма балаларға мынадай екі түрлі жолмен беріледі: 1) берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. 2) Тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін оның үлгісі беріледі. Мысалы, тақпақты жаттау үшін оның тексі беріледі. Осы текске өзгеріс еңгізуге рұқсат етілмейді. Сол текске сүйене отырып бала оны жаттап алады.

Әдетте, оқу өзінше бала үшін әрекеттену, яғни проблемалық мәселені шешу дегенде, осының мынадай үш сатыдан тұратынын айтады: 1) берілгентапсырманың шартымен танысудан, 2) оны орындаудан, 3) оның қалай (дұрыс не бұрыс) орындағанын тексеруінен. Пәндер неше түрлі болғандықтан осы сатыларды орындау түрліше кездеседі. В.В.Давыдовтың айтуынша, оқу әрекеті мынадай бөлшектерден құрастырылады: 1) тапсырмадан яғни оқу ситуациясынан; 2) тапсырманы орындаудан; 3) орындалған тапсырманы тексеру кезеңінен; 4) баға қоюдан.

Ал оқу әрекетінің ендігі бөлшегіне келсек, осының өзі тиісті мағлұматтарды пайдалана отырып, сол тапсырманы орындаудан тұрады. Мұны оқу әрекеті дейді. Тапсырманы қалай орындауда және пәндер сабағына тәуелділігі түрліше келеді. Айталық, кіші оқушылар сөздің құрамы және осындағы морфемалардың рөлін білу үшін мынадай бірнеше әрекет жасау қажет:

  1. берілген сөздің төркінін (этимологиясын) біліп, оны тап сондай, не ұқсас варианттармен салыстыру қажет;

  2. әуелгі сөздің мағынасын одан шыққан сөздің мағынасымен салыстыру керек;

  3. әуелгі сөздің формасын (жазылуын, не дыбысын) одан пайда болған сөзбен теңдестіру қажет;

  4. тапсырма ретінде берілген сөздегі морфемалардың қандай қызмет атқаратынын тексере білу керек.

Солардың бәрі жеке оқу әрекеті болып саналады.

Ойын әрекеті. Бала мектепке барғанша тек ойынмен айналысып жүреді. Енді оқу оның негізгі қызметіне айналса да, бала ойнауын бірден тоқтатпайды. Бала әлі де бұрынғысындай ойнағысы келеді. Ойын баланың өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады. Осыған орай кіші оқушының ойыны бұрынғысана өзгеріліп, көбінесе жаңа мазмұнда кездеседі. Ойынның бұрынғысынан өзгешелігі мынадай, сол рөлдердің азаматтық қасиетінің сапасына, айталық қайраткерлігіне, ептілігіне, батырлығына т.б. мән береді. Демек, кіші оқушы «мен бәленше боламын« демей, сол бейнелердің мінез-құлқын таңдап, солардың қайсысы әсем, қайсысы әсем емес екенін ажыратып, өзі соларға еліктеуге тырысады. 1 және 2,3 сыныптардың ойыны бірдей емес. 1 сыныпта бала: «мен ұшқыш боламын«, «маған сол рөл ұнайды« деп айтып, бірақ оны орындауға әрекет жасамайтын болса, 3 сыныптағылар рөл ойынына еліктеумен шектелмей, соларға орай тиісті қиыншылықтарды жеңуге тырысады. Демек, сөзден сөзден сол бейнелерді орындауға көшеді, өзі соларға еліктеп, іс жүзінде төзімді, шыдамды, қорықпайтын, епті, айлақор болу үшін әрекет жасайды. Осы өзін-өзі тәрбиелеудің бастапқы кезеңі - бұл ойын мақсатының мүлде өзгерілуі деп түсіну керек. Өйткені ойын бұрын ермек болып келсе, енді кіші оқушы үшін өзін-өзі тәрбиелеудің құралына айналып отыр.

Рөлдік ойындардан басқа неше түрлі тиісті ережелерге сүйенетін ойындармен де кіші оқушы 2-3 сыныптарда айналыса бастайды. Мысалы, шахмат не футбол ойнау. Егер шахмат баланың ақыл-ойын дамытуға әсерін тигізетін болса, футбол қайраткерлігін, дене мүшелерінің (қолының, аяғының) ептілігін дамытады. Сондықтан ойынның соңғы түрлері кіші оқушылардан психикалық дамуына ерекше орын алады.