Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жас ерекше.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
428.54 Кб
Скачать

Мектеп жасындағы кезең.

7 Лекция Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.

  1. Кіші оқушының психологиялық сипаты.

  2. Кіші оқушының анатомия-физиологиялық дамуы.

  3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.

  4. Кіші оқушының таным процестері.

  5. Кіші оқушының жеке басының дамуы.

  6. 1 сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері.

  1. Кіші оқушының психологиялық сипаты.

“Бастауыш мектеп жасындағы оқушы” деген термин ұзақ болғандықтан біз оның орнына “Кіші оқушы” деген сөзді қолданамыз. Бұл жастың (7-11 жас) бөлек жас кезеңіне бөлінуі оқудың көп елдерде жаппай үстем алып дамып келуінен. Осы жас кезеңді бөліп алып алып қараудың себебі - бұларда өтілетін оқу материалдары ұқсас келуінен.

Егер осы жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе, мектепке келгеннен кейін оқу шешуші рөл атқарады. Оқу негізгі қызметке ауысып, баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай баланың психикалық даму ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерістерге ұшырауының себебі ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында.

Әуелгә уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстінде мына сияқты қиыншылықтар кездеседі: Біріншіден, бала мектептің жағдайына бейімделе алмай (мысалы, белгілі уақытта тұрып, мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ кезінде үнсіз тыныш отыруға үйрене алмағандықтан) қиналады. Осының нәтижесінде тез болдырып шаршауы да ықтимал. Екіншіден, мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым-қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады, сыныптың мұғалімі қанша жақсы болғанымен, бала оған бата алмай, бірдеңені сұрау үшін сескенеді. Сол сияқты қасындағы партада отырған кім, оған сыр айтуға бола ма, кіммен ойнауға болады, кіммен болмайды, осыны білмейді. Бірақ көп ұзамай бала үйреніп жатырқауын тоқтатады. Сонымен қатар бала оқуға кіргеніне мәз болып, әке-шешелеріне еркелеп, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше көңіл болуді талап етеді. Осы кезде әке-шешелері оны көп еркелетпесе, осының өзі қиыншылықтардан бас тартпауға, қиыншылықтарды жеңуге пайдасын тигізеді. Үшіншіден, 1 сыныпта оқушыларға қойылатын талаптар тым жеңіл келеді. Тапсырмалардың жеңіл болуы баланы қиыншылықпен күресуге жетелейді, дегенмен бала оқиды. Оқығысы келуі мектептегі жағдайдың оған қызық көрінуінен. Мектепке келу қызық болып көрінгенімен, оқуға арналған баланың қажеттілігін жөнді дамыта алмайды. Осының нәтижесінде мектептің жағдайына қызығу балада бірте-бірте сенеді де, оқуға немқұрайлы қарамайтын болады. Немқұрайлықпен күресу үшін баланың оқуға ықыласын тудырып, тапсырмаларды бірте-бірте қиындату қажет. Әдетте, осы материалы жеңіл келсе, баланың іші пысып, жалқаулыққа салынады. Ал тым қиын келсе, әлі жете алмағандықтан үлгерем деуден күдер үзіп, одан бас тартатын болады. Осы екі жағдайдың екеуі де қолайсыз, сондықтан тапсырманың қиындығы оқушы үшін қолайлы дәрежеде құрылуы тиіс.

Осы үш түрлі қиыншылықтардың кездесетінін 1 сыныптың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы (2-3) сыныптарға келсек, мұндағы оқушылардың жағдайы бірінші сыныпта қалай оқығанына байланысты. Жалпы алғанда 2-3 сыныптағы балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Мұның себебі, біріншіден, кіші оқушының ниеті таза, ішіндегісі тілінің ұшында болып тұрады. Екіншіден, бұлар үшін мұғалім үлкен абырой және бедел. Сондықтан оның сөзін мүдіртпей орындайтын болады.