Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жас ерекше.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
428.54 Кб
Скачать
  1. Мектепке кіруге дайындық.

Мектепке дейін баланың негізгі әрекеті - ойын. Ойын олардың өз еркінде. Ықыласы түссе ойнайды, ойнағысы келмесе ойнамайды. Мектепке кіргеннен кейін оқу міндетті түрде жүзеге асады, тіпті оқығысы келмесе де оқуға міндетті. Ал баланың ойын әрекетінен оқу әрекетіне көшуі үшін біраз мезгіл дайындық жүргізіледі. Даярлық әр саладан жасалынады. Оқуға орай бақшада балаларды тиісті тәсіл (таяқшалар т.б.) арқылы санауға, не тиісті әрекет (оқу, өлең айту т.б.) үстінде түрлі ептіліктерге үйретеді. Ал тәрбие жағынан бақшада не үй ішінде баланы сыпайлыққа, силауға және үлкендердің тілін алдыруға үйретеді. Осы сияқты дайындықтар кейін мектепте ойдағыдай оқуға недәуір көмегін тигізеді. Мұнымен қатар баланың спихикалық дамуына да, мектепке бару үшін бірнеше мынау сияқты талаптар қояды: біріншіден, мектепке кірген баланың оқуға деген ықыласы болуы шарт. Кейде бала оқуға барам дегенмен, оған онша қызықпайды. Олар үшін мектепке тек пертаға отырып, не арқасына сумкасын салып жүруге мәз болады. Ықыласты осылайша түсіну дұрыс емес. Ықылас дегеніміз оқу процесінің өзіне қызығу. Екіншіден, оқу ойынға қарағанда өзінше жаңа әрекет болғандықтан, бала осыған төзе білуі қажет, мектепке келгеннен кейін белсенді түрде тапсырмаларды орындап, мұғалімнің сөзіне 45 минут шыдап, құлағын салып отыруы керек. Бұл бастапқыда балаға қиын болсада, осыған орай баланың ерік-жігерін дамытып, өзінің сондай ұзақ уақыт шыдамды болуына мектепке дейін даярлау қажет. Үшіншіден, сабақ үстінде мұғалімнің не өзге балалардың сөзіне зейінді болып соны қабылдай алуы шарт. Сабақ үстінде сын алуан сөздер не мазмұндар қамтылады. Солардың қайсысы ең негізгісі, қайсысы екінші дәрежедегі мазмұн, соны ажырата білу қажет. Төртіншіден, оқу материалын ұғынып, оны саналы түрде есінде қалдырып, қиын нәрселерді шешуге бала ойлана бастауы тиіс. Мектепке кірерде балалардың ойнауға қабілеті әртүрлі: біреуінікі күшті дамыған, екіншісінікі нашар дәрежеде кездеседі. Сонымен қатар бала өзінің айтайын деген ойын ана тілінде түсінікті етіп жеткізе алуға дағдылануы қажет.

Осы келтірілген психикалық дамуға байланысты факторлар баланың оқуға түсіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады. Ал бақшадағы балалардың “мектепте оқығың келеме?”- деп сұрағанда олар:- оқудың ойынға қарағанда ұтымды жағын тізіп айтып беріпті, бірақ оқу балалар үшін жаңа әрекеттің түрі болғандықтан, онда көптеген қиыншылықтар кездесетінін білмейді екен. Балалардың мектепке дайындығы үй-ішіне қарағанда бақшада жақсы өтіледі. Бұл, бәлкім, дұрыста шығар. Бірақ баланың иекпеике оқуға дайындығы онымен жүргізіліп келген тәрбие жұмысының түріне (әсіресе, дидактикалық ойындардың түрлеріне т.б.) байланысты.

Бірақ балалар бақшасында тәрбиеленудің ұтымды жағы баланың еркеленуіне мүмкіндік берілмейді. Осыған орай ескеретін мәселе, баланың мінез-құлық жағынан тәрбиеленуі оны өз ата-анасы емес, танымайтын басқа біреу тәрбиелесе жақсы болады деген пікір қазірде кеңінен тараған. Осылай деу, дұрыс-та болар.

Ал ата-аналар не бақша мекемелері баланы оқуға дайындау үшін не істеуі қажет деген мәселеге көшейік. Мектепке дейінгі баланы тексеруі оқуға не сандарды санауға үйрету қажет, себебі бұлар өз бетімен оқуға үйренсе, онда олар ой-өрісін молайта алады. Бірақ оларды жазуға үйретудің қажеті жоқ. Себебі ата-аналар мектептегі мұғалімдей баланы дұрыс каллиографиямен жазуға үйрете алмайды. Баланы оқытуға асғамын деп оның каллиографиясын бұзып алса, онда соны жөндеу кейін қиынға соғады.

Жалпы айтқанда, баланы кімдер тапқырлыққа бақылампаздыққа, тапсырмаларды бұлжытпай орындауға жұмсай алса, онда олардың баланы оқуға даярлауда үлкен жетістікке жете алғаны. Бұл мәселе тым, аса жауапты болғандықтан, осыған дер мерзімінде аса көңіл бөлуі керек.

ІV - БӨЛІМ